- •«Әлеуметтік – педагогикалық жұмыс технологиялары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық технология ұғымына анықтама беріңіз.
- •Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
- •Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
- •Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік – педагогикалық іс-әрекеттің нормативті-құқықтық негіздеріне талдау жасаңыз.
- •Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •«Тәуекелділік топтағы» балалармен әлеуметтік жұмыс жасау технологиясының кезеңдерін көрсетіңіз.
- •Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Шетелдегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс теориясы мен тәжірибелеріне сипаттама беріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушы балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жасау технологияларын ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Агрессия
- •Батыс Еуропада тәртібінде ауытқушылықтары бар балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Шығармашылық мекемелердегі балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстардың ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Психотропты заттарды қолданатын балалармен әлеуметтік жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықты алдын-алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •Балалардың жазғы демалыс орындарындағы әлеуметтік педагогтың жұмыс ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.
- •Әлеуметтік педагог жұмысындағы сенім телефонының мәнін ашыңыз.
- •Жасөспірімдер арасындағы сектантық іс-әрекеттің алдын–алуда әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясын түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жетім балармен жұмыс жасау бағыттарының мәнін ашыңыз.
- •Қиын балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясының кезеңдерін түсіндіріңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың девиантты мінез-құлықты балалармен түзету жұмыс технологиясының ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушы тұлғасын зерттеуде қолданатын әдістерін сипаттаңыз.
- •Қиын балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік педагогтың жұмыс жасау әдістеріне сипаттама беріңіз.
- •Девиантты мінез-құлыққа анықтама беріңіз.
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс технологияларының мәнін ашыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасының негізгі белгілері және олармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс жүргізу ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •Жасөпірімдер арасында психотропты заттарды қолданудың алдын-алу шараларын көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың қоныс аударушы азаматтардың балаларымен балалармен жұмыс технологиясын ерекшеліктерін анықтаңыз.
- •Жетім балалармен әлеуметтік педагогтың жұмыс технологиясына талдау жасаңыз.
- •Ғаламторға тәуелді балалармен жұмыс технологиясының үлгісін құрастырыңыз.
- •Жағдайы төмен отбасыға қолдау көрсетуде әлеуметтік–педагогикалық технологиялар тұрғысынан мысал келтіріңіз.
- •Қиын өмір жағдайында қалған балалармен жұмыс жасаудағы негізі талаптарды көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі қызметінің жоспарын құрастырыңыз. (жыл, ай, тоқсанға).
- •Әлеуметтік-педагогикалық жобалаудың деңгейлерін атап, талдау жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың мектеп ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын-алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың лауазымды міндеттерін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Нашар отбасындағы оқушының мектепте сабақ үлгерімі жағынан көмектесуге әлеуметтік педагогтың тоқсандық жұмысында қандай көрсеткіштер сипат алу керектігін көрсетіңіз.
- •Шағын аудандағы жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуде қайырымдылық іс-шарасын өткізудің жобасын жасаңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Қатігездікке ұшыраған балалармен жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Асырап алушысы бар баланың тұрғын-тұрмыстық жағдайын қарастыруда актінің үлгісін құрастырыңыз.
- •Баланың әлеуметтік бейімделуі ерекшеліктерін талдап, сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың ата-аналармен «Болашаққа деген құқық» бағдарламасын жетілдіру кестесін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың кәсіби іс-әрекетінің жүйесін сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік педагогтың жағдайы төмен отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог ретінде тәрбиеленушінің өзіндік бағалауына әсер ететін факторларды сурет түрінде көрсетіңіз.
- •Әлеуметтік-педагогикалық жұмыста әлеуметтік педагогтың клиентпен қарым-қатынас типтері: серіктестік, келісім жасау, конфликтілік қарым-қатынастарға талдау жасаңыз.
- •Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.
- •Білім беру мекемесінің әлеуметтік паспортын құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат-міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
- •«Менің отбасым» атты орта мектеп жасындағы оқушыларға сауалнаманың үлгісін құрастырыңыз.
- •Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты бір тәрбие іс-шарасына жоспар құрастырыңыз.
- •Әлеуметтік педагог антын құрыңыз.
- •«Мен әлеуметтік педагогпын» мини-шығарма жазыңыз.
- •Әлеуметтік педагогтың оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз (бір тоқсанға).
- •Мүгедек балалар және олардың отбасыларымен әлеуметтік педагогогикалық жұмыс жасау бағдарламасын құрастырыңыз.
- •Тәртібі қиын баланың ата-анасымен танысуда әңгімелесу жоспарын құрастырып, талдау жасаңыз.
- •«Әлеуметтік педагог – ххі ғасыр кәсібі» атты мини-шығарма жазыңыз.
- •1. Аналитикалық диагностикалық:
- •2. Жобалау:
- •3. Ұйымдастырушы – қатынастық:
- •4. Коррекциялы :
Адам іс-әрекеті жүйесіндегі технология, әдістеме, әдіс, тәсіл ұғымдарының анықтамасын беріңіз.
«Әдістеме» -бұл қандай да бір жұмысты орынауға мақсатты бағытталған ідістер мен тәсілдердің және құралдардың жиынтығы.
«Әдістер»-бұл баланың әлеуметтенуіне әсер әлеуметтік тәжірибелердің жинақталуына мүмкінік туғызатын бала мен әлеуметтік педагогтың өзара байланысты қызметінің тәсілі.
Әдісті таңдап алу әлеуметтік педагогикалық жағдаятқа, баланың мінез-құлқына және т.б. мәселелерге байланысты анықталады.
«Әдіс» ұғымы басқа әлеуметтік педагогикалық қызметте «тәсіл» және «құрал» деген үғымдармен де жиі байланыста қолданылады. Шын мәнісінде әрбір «әдіс» жекелеген тәсілдердің жиынтығынан пайда болады. Олар арнайы мамандардың тарапынан таратылып, жария етіледі.
«Технология» сөзі «техно»-өнер, шеберлік, «логос»-ғылым деген сөздерден құралған. Әсңресе, XX ғ 2 жартысында «Әлеуметтік технология» ұғымы қарқынды қолданылып келеді. Әлеуметтік технологияны рационалды мақсатты бағытталған әлеуметтік әрекеттердің әдістері мен әдістемесін жасау деп түсіну керек деп келтіреді Е.И. Холостова өзінің «Әлеуметтік жұмыстың теориясы» атты кітабында.
Әлеуметтік педагогикалық технология, біріншіден, өскелең ұрпақты әлеуметтендіру процесін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік педагогтар мен тәрбиеленушілерге өзара ықпал етуде жекелеген мекемелерде, әлеуметтік қызметте әлеуметтік педагогтар қолданатын әдістер мен әдістемелер жиынтығы; екіншіден, нақтылы әлеуметтікпедагогтың қызметін рационалды бөлу негізінде әлеуметтік-педагогикалық іс әрекетті жүзеге асырудың тәсілдері және әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудағы тиімді әдістер мен құралдарды таңдау мақсатында операцияларды реттеу.
Әмбебап әлеуметтік технологиялар: әлеуметтік алдын-алудың мәнін ашыңыз.
Отбасын нығайту және әлеуеметтік жетімдіктің алдын алу бойынша жобалар. SOS өз миссиясы шеңберінде тек ата-анасынан айрылған балалармен жұмыс істеп қоймай, әлеуметтік, материалдық және өзге де проблемаларға байланысты айырылу шегіндегі немесе әлеуметтік жетімдікті тәуекел тобына кірген отбасыларын қолдауға бағытталған әлеуметтік сипаттағы алдын алу іс-шараларын жүргізеді. Осындай отбасыларын анықтағаннан кейін жобаның әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары отбасының жай-күйін және нығайтудағы оның қажеттіліктерін бағалайды, содан кейін отбасы әлеуетін күшейтуге бағытталған қызметтер спектрін ұсыну бойынша жұмысты жүргізеді. Даму жоспарына сәйкес қызметтердің тұтас кешенін ұсыну нәтижесінде отбасы аяғынан тұруы тиіс және өз балаларының күтімін дербес қамтамасыз етуі тиіс.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу шаралары Суицидтік әрекетті болдырмау
психологиялық қозу күшін бәсеңдету;
суицидтік әрекетке итермелеген себепке психологиялық байлану дәрежесін азайту;
әрекетті алмастыру механизмдерін қалыптастыру;
өмір мен өлім туралы нақты, шынайы қатынас қалыптастыру
Әлеуметтік педагог және оның құзыреттіліктеріне сипаттама беріңіз.
Әлеуметтік педагог- жеке тұлға, отбасы және қоршаған орта арасындағы, осы ортаның педагогикалық тұрғыдан мақсатқа сай қайта құрылуына ықпал ететін байланстырушы буын.
Әлеуметтік педагогтің қызметінің объектісі-әлеуметтендіруге мұқтаж болып табылатын балалар мен жастар болады. Ә.п. қызметінің жұмыс ерекшелігі мен мамандану бағытына байланысты ол мынадай жүйені қамтиды:
Білім мекемелеріндегі әлеуметтік-педагогикалық қызмет;
Әлеуметтік қызметке мамандандырылған мекемелер
Муниципалды органдар қызметі(әлеуметтік-педагогикалық, мәдени-спорттық кешендер. Әлеуметтік педагогикалық және әлеуметтік жұмыс орталықтары, халықты әлеуметтік қорғау орталықтары, отбасыларына әлеуметік көмек көрсету бөлімдері)
Мәдени анимациялық қызмет
Валеологиялық қызмет
Әлеуметтік педагогикалық іс әрекеттің негізгі бағыттары: балаларды әлеуметтік ортада дамыту мақсатындағы кәсіби әлеуметтік іс-әрекет, олармен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылады; әлеуметтік дамыту мақсатындағы іс-әркет балалардың қалыптан ауытқуы кезінде жүзеге асырылады; әлеуметтік тәрбие мен қорғаныс жүйесіндегі білім беру мен басқа да мекемелерінде жайлы әлеуметтік-педагогтық жағдай жасауға бағытталған жинақты көмек көрсету; «қауіпті» топтағы отбасыларға және балаларға әлеуметтік педагогтік мәселелерде сараптама, түзету, кеңес беру ісін қамтамасыз ету; мүгедек балалармен жұмыс; дарынды балалармен жұмыс; кәсіптік бағыт-бағдарын анықтауда кеңес беру мен арнайы көмек көрсету; психологиялық түзету сыныптарындағы жұмыс; барлық жастағы балалардың әлеуметтік және жеке проблемаларын табу мақсатында әлеуметтік-педагогтық зерттеу ісін жүргізу;
Әлеуметтік педагог тұлғаның ерекшеліктерін айқындап, ішкі жан дүниесін іске қоса білуі тиіс. Әсіресе, әлеуметтік педагог баланың әлеуметтік ортада алар орнын айқындай білуі керек.
Әлеуметтік педагогтың құзыреттілігі(компетенттілігі) ұғымы оның әлеуметтік педагогикалық қызметті іске асырудағы теориялық және практикалық дайындығының бірлігін, оның кәсіби жарамдылыын көрсетеді. Ал, кез келген маманның біліктілік деңгейі қажетті нормативтік-құқықтық құжатпен, яғни маманға қойылатын талаптар көрсетілген квалификациялық сипаттамада анықталады.
