- •1. Қоғамдық денсаулық сақтау
- •275 Сурақ
- •|Ретроспективті
- •3. Коммуналды гигиена
- •«Гигиена-2» кафедрасы
- •«Коммуналды гигиена» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •Мамандықтың атауы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •260 Сурақ
- •«Гигиена-2» кафедрасы
- •«Тағам гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •Мамандықтың атауы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •260 Сурақ
- •4. Тағам гигиенасы
- •5. Балалар және жасөспірімдер гигиенасы
- •«Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасы
- •«Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •Мамандықтың атауы: «Қоғамдық денсаулық сақтау» 5 курс
- •260 Сурақ
- •6. Еңбек гигиенасы
- •«Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасы
- •«Еңбек гигенасы» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •Мамандықтың атауы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»
- •258 Сурақ
3. Коммуналды гигиена
«Гигиена-2» кафедрасы
«Коммуналды гигиена» пәні бойынша тест тапсырмалары
Мамандықтың атауы: «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Құрастырушы: м.ғ.к., доцент м.а. Ескерова С.У.
Кафедра меңгерушісі: м.ғ.к., доцент м.а. Ескерова С.У.
Кафедра мәжілісінің хаттамасы №10 29.03. 2017ж.
260 Сурақ
~Аудан орталығының тұрғындары көлден орталықтындырылған суды пайдаланады. Су көзі дебиті ауыз су мен тағамдық өндіріске және сумен байланысты қала инфрақұрылымы жұмыстары үшін де жеткілікті мөлшерде.
Осындай мақсатта суды пайдаланудың түрі қалай аталады?
|Коммуналдық-шаруашылық
|Кешенді-мақсатты
|Өндірістік-тұрмыстық
|Коммуналдық-сулы
|Көліктік
~Улы химикаттарды сақтауға арналған қойма құрылысы аяқталғаннан кейінгі 3 жылда қала тұрғындары жаз айларында судан батпақ иісінің пайда болатынын байқады. Суға шомылатын адамдарда тері аллергиясы реакциясының дамитындығы байқалған.
Берілген жағдайда тері аллергиялық реакциялары дамуына не себеп болды?
|Химиялық ластануы
|Биологиялық ластануы
|Судың физикалық ластануы
|Судың жылулық ластануы
|Судың механикалық ластануы
~Гигиенист дәрігер заманауи ауылдық елді мекендердің жоспарлануы мен көркейтілуін бағалауы қажет.
Бірінші кезекте қандай ерекшеліктер ескерілуі қажет?
|Өндірістік базаның спецификасы
|Өндірістік базаның көлемі
|Қолданылатын шикізат түрі
|Тұрғындар саны
|Ауыл шаруашылық қызметі
~Елді-мекенде ересек тұрғындар арасында соңғы 2 жылда жұқпалы аурудың артқаны байқалды. Елді-мекенде ірі қара мал өсірумен айналысатын шаруашылық фермасы бар. Фермада дезинфекциялық өңдеу жұмысы соңғы рет бір жыл бұрын жүргізілген.
Берілген жағдайда қандай жұқпалы патологияның дамуы мүмкін?
|Токсоплазмоз
|Қызамық
|Туберкулез
|Іш сүзегі
|Қантышқақ
~Ірі өндірістік қаладан өзен ағысымен төмен орналасқан елді-мекеннің тұрғындары арасында жыл бойы айтарлықтай көбейді. Бүйрек патологиясы ауруы тенденциясының артуы 2 жыл бұрын байқалды.
Берілген жағдайда тұрғындар аурушаңдығының жоғарылау себебі неде?
|Ауыз суының химиялық құрамы
|Өзен суының бактериалды ластануы
|Судың минералды тыңайтқыштармен ластануы
|Суды газ тәрізді хлормен өңдеу
|Су стансасындағы тазалау қондырғыларының жағдайы
~Елді-мекенде толық сатылы суды дайындайтын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі бар: тұндыру, коагуляциялау, сүзу және газтәрізді хлормен зарарсыздандыру. Суқұбыр стансасының тазарту қондырғыларынан шыққан су келесі органолептикалық қасиеттерге ие: сутектік көрсеткіші (pH) - 6, құрғақ қалдықтар - 1000 мг/л, жалпы қаттылығы – 15 мг-экв/л, иісі-2 балл, дәмі-2 балл, түстілігі - 2,5 градус, мөлдірлігі - 10 ФЛБ (ЕФМ).
Берілген жағдайда ауыз суының сапасын жақсарту үшін қандай әдіс қолдану қажет?
|Жұмсарту
|Дегазация
|Дезактивация
|Денитрификация
|Тұщыландыру
~Санитарлық - гигиеналық талаптар бойынша ауылшаруашылық өндірістері үшін санитарлық қорғау аймағы 1000 метрден кем болмауы қажет.
Жоғарыда сипатталған гигиеналық талап ауылшаруашылығы өндірісінің қай класына қойылады?
|1
|2
|3
|4
|5
~Елді-мекенде құс фермасының құрылысын салу жоспарлануда. Нысанды сумен қамтамасыз ету үшін көл пайдаланылады. Көл мен құс фермасының ара қашықтығы 67 км және жер бедері 2,50 құрайды.
Санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша берілген тұрғын жердің гигиеналық сипаттамысы қандай?
|Шектелген
|Жеткілікті
|Жеткіліксіз
|Оңтайлы
|Ыңғайлы
~Қала типті елді-мекенде су көзі дебиті жеткілікті, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі. Тұрғын аймақ пен өзеннің арақашықтығы 90 км және жер бедері 1,80 құрайды.
Санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша берілген тұрғын жердің гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Жеткіліксіз
|Жеткілікті
|Шектелген
|Оңтайлы
|Ыңғайлы
~Елді мекенде ірі қара мал өсіретін ферма бар. Санитарлық-гигиеналық талаптар боынша ферманың санитарлық қорғау аймағының көлемі 650 метрді құрайды.
Жоғарыда сипатталған нысан ауылшаруашылық өндірісінің қай класына жатады?
|2
|1
|3
|4
|5
~Қала сыртында орналасқан жылыжайларға арналған қоймалардың санитарлық-қорғау аймағының көлемі 180 метрді құрайды.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес қоймалардың санитарлық-қорғау аймағының көлемі қанша болуы тиіс?
|300 метрден кем емес
|500 метрден кем емес
|150 метрден кем емес
|100 метрден кем емес
|50 метрден кем емес
~Елді-мекеннен 500 метр қашықтықта орналасқан қоймаларға 62 тонна улы химикаттар алып келінді. Мал жайылымы қойманың маңында орналасқан.
Берілген нысан санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес нысан ауылшаруашылық өндірісінің қай класына жатады?
|2 класс
|1 класс
|3 класс
|4 класс
|5 класс
~Гигиеналық тұрғыда «Санитарлық тапсырмада» - қала территориясын аудандық жоспарлау сызбасына құжат ретінде қандай ұсыныстар болуы тиіс?
|Қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру бойынша
|Атмосфералық ауа жағдайын жақсарту бойынша
|Елді мекен территориясын қорғау бойынша
|Су қорлары жағдайын жақсарту бойынша
|Тұрғындар денсаулығын қорғау және сауықтыру бойынша
~Өндірістік қаланың шетінде аудандық жоспар бойынша бөлінген жер телімдеріне тұрғын үйлер мен басқа да инфрақұрылым бөлімдерін салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Территорияны функционалды аймақ бойынша игерудің қандай түрі жайында айтылып жатыр?
|Қарқынды
|Шектелген
|Жеткілікті
|Аймақтық
|Белсенді
~Жұмысшылар елді мекенін сумен қамтамасыз ету үшін темір жолдан 40 метр қашықтықта орналасқан шахталық құдықтың суын пайдалану ұсынылды. Құдықтың айналасы бетондалған, саз балшықты қорғанның ақаулары бар, қақпағы мен көпшілікке арналған шелегі жоқ.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік байқалады?
|Санитарлық-гигиеналық
|Әлеуметтік-экономикалық
|Климаттық-экологиялық
|Санитарлық-технологиялық
|Өндірістік-тұрмыстық
~Техникалық жоғары оқу орнында оқытудың гигиеналық жағдайларын зерттеу кезінде, оның ішінде 9.00-ден-15.00-ге дейін оқитын студенттердің көз көру режимі бағаланды .
Берілген жағдайда табиғи жарықтанудың қандай көрсеткіші ақпаратты және толыққанды болып табылады?
|Табиғи жарықтану коэффициенті
|Біріктірілген жарықтану деңгейі
|Жарық коэффициенті
|Оқу бөлмесінің тереңдігі
|Бөлменің инсоляциялану уақыты
~Терапиялық бөлімше палаталарындағы табиғи жарықтану көрсеткішінің санитарлық-гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Жарық коэффициенті-1/6; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 1%
|Жарық коэффициенті-1/5; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 2,5 %
|Жарық коэффициенті-1/7; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 0,5 %
|Жарық коэффициенті-1/10; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 3%
|Жарық коэффициенті-1/3; табиғи жарықтанудың коэффициенті - 2%
~Ауруханадағы палаталардың микроклиматын зерттеу кезінде анықталды: ауданы – 6 м2, ауаның орташа температурасы - 16°С, салыстырмалы ылғалдылығы - 72%, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,35 м/с, табиғи жарықтану коэффициенті- 0,88%, жарық коэффициенті - 1:5.
Аурухана палаталарының микроклиматы қандай?
|Қолайсыз, салқындатқыш типті
|Қолайлы, негізгі көрсеткіштерге сәйкес
|Қолайсыз, жоғары ауа ылғалдылығы
|Қолайсыз, қыздырғыш типті
|Қолайсыз, негізгі көрсеткіштердің айтарлықтай ауытқуларымен
~Адам ағзасына микроклиматтың әсерін етуін зерттеу мақсатында, медициналық жоғары оқу орын студенттері 3 тәулік бойы оқу бөлмесіндегі ауа температурасын жүйелі түрде бақылау ұйымдастырылды. Бақылау нәтижесі бойынша орташа тәуліктік температура 19°С.
Төменде көрсетілген аспаптардың қайсысы температураның ауытқуын нақты тіркеуге мүмкіндік береді?
|Термограф
|Гигрограф
|Термометр
|Психрометр
|Барограф
~Дәрігер кабинетіндегі микроклимат көрсеткіштерін тексергенде анықталды: ауа температурасы 20°С, салыстырмалы ылғалдылық 71%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с, ауа температурасының тігінен ауытқуы 2,5°С, көлденеңнен ауытқуы - 2°С.
Микроклимат көрсеткіштерінің қайсысы гигиеналық нормативке сәйкес келмейді?
|Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
|Ауа қозғалысының жылдамдығы
|Ауа температурасы
|Ауа температурасының тігінен ауытқуы
|Ауа температурасының көлденеңнен ауытқуы
~Жоғары оқу орнының оқу бөлмелерінің жалпы жасанды жарықталуын біркелкі таралатын типті жарықтандырғыш арматуралы жарықшамдармен және қыздыру шамдарымен қамтамасыз ету жоспарланған.
Берілген типтегі бөлмелердің жасанды жарықталуының гигиеналық талаптарына жауап беретін жарықталудың люкстегі (ЛК) төмен мәні қандай?
|150 ЛК
|200 ЛК
|250 ЛК
|300 ЛК
|350 ЛК
~Медициналық оқу орнының кафедрасы бөлмелерін жоспарлы тексерудің қорытындысы бойынша анықталды: білім алушылар сыртқы киімде отырады, тыныс алу жүйесі мен бүйректің қабыну ауруларымен жиі ауырады. Оқу бөлмесінің микроклиматын зерттеу нәтижесі келесідей: ауаның орташа температурасы - 16°С, ауа қозғалысының жылдамдығы - 0,1 м/с, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 50%, жарық коэффициенті – 1/8, жасанды жарықтанудың деңгейі – 300 лк.
~Берілген бөлмеде қолайлы жағдайға қандай шараларды қолдану арқылы жетуге болады?
|Бөлмені жылыту
|Керекті киім мен аяқ киімді таңдау
|Ағзаны шынықтыру шараларын жүргізу
|Кестенің ұтымды тәртібі
|Дене шынықтыру минутын ұйымдастыру
~Операциялық бөлменің гигиеналық жағдайын тексеру барысында микроклиматтың келесі көрсеткіштері алынды: температурасы – 22 °С, ауа қозғалысының жылдамдығы - 0,1 м/с, ылғалдылығы - 58 %, СО2 мөлшері - 0,1 %, ауа алмасудың жиілігі - 8.
Берілген жағдайда микроклиматтың қандай көрсеткіші гигиеналық талаптарға сай келмейді?
|Ауа алмасу
|Температура
|Ылғалдылық
|Ауа қозғалысының жылдамдығы
|СО2 мөлшері
~Оқу аудиториясында сабақ өтіп жатқан студенттерде мынадай шағымдар пайда болған: әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, назар салу мен есте сақтаудың төмендеуі, ентігу, жүректің жиі соғуы.
Ағзада мұндай өзгерістерді тудыруы мүмкін қандай фактор?
|Көміртегі қос тотығы
|Көміртегі оксиді
|Азот оксиді
|Азот қос тотығы
|3, 4-бензапирен
~Балалар жұқпалы аурулар ауруханасында ішкі ЖРА (ОРЗ) оқиғалры тіркелді. Палаталарда үрмелі-сорып шығару вентиляциясы орнатылмаған. Бокстар мен жартылай бокстар жоспарлық шешіммен қарастырылмаған. Ауруханалық палаталарда көмірқышқыл газының мөлшері: №1палатада — 1,15%, №2 — 0,25%, №3— 0,07%, №4 — 1,5%, №5 — 1,25%.
Қай палатада көмірқышқыл газының мөлшері гигиеналық талаптарға сай келеді?
|№3 палатада
|№2 палатада
|№4 палатада
|№5 палатада
|№1 палатада
~Операциялық бөлмедегі ауа жағдайын СО2 мөлшерімен, 1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококктар саны - 10 және стафилококктар саны - 5, жалпы микробтар саны - 23 бойынша бағаланды.
Бөлмедегі ауа тазалығының ең негізгі критериі не?
|СО2 мөлшері
|1м3 ауадағы гемолитикалық стафилококктардың саны
|Жалпы микробтар саны
|1 м3 ауадағы гемолитикалық кокктардың саны
|1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококктардың саны
~Студенттер медициналық жоғары оқу орнының аудиторияларындағы микроклиматтың ағзаның функционалдық жағдайына тигізетін әсерін анықтады. Осы мақсатта жылу алмасу үдерісіне қатысатын мүшелер мен жүйелердің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеді: тамыр соғуы, қан қысымы, 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, 1 минуттағы тердің шығуы, маңдай мен алақан температурасы, көру және есту реакциясының жылдамдығы.
Ағзаның күштену үдерістерін объективті түрде көрсете алатын қай көрсеткіш?
|Маңдай мен алақан температурасы
|Тамыр соғуының жиілігі мен қан қысымы
|1 минутта тыныс алу жиілігі
|1 минутта тердің шығуы
|Қолтық асты температурасы
~Қалалық сараптау орталығының бактериологиялық зертханасына қалалық балалар ауруханасының жер телімінен топырақ сынамалары жеткізілді. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша Хлебниковтың санитарлық саны 0,73-ке тең.
Таза топырақ үшін Хлебниковтың санитарлық саны қанша болуы керек?
|0,98-1,00
|0,70-0,85
|0,86-0,97
|0,60-0,69
|0,50-0,59
~Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі бар қалалық типті елді мекенде апаттық жағдай орын алды, нәтижесінде қалалық су құбыры тұтынушыларында жаппай энтериттің дамуына алып келген. Аурудың қоздырғышын анықтау мүмкін болмады. Елді-мекеннің сумен қамтамасыз етілуі беткейлік судан жүргізіледі. Су өткізгіш станциясында суды тазарту құрылғыларының толық жиынтығына бар. Залалсыздандыру 1% хлор әгімен іске асырылады. Су өткізгіш станциядан шығарда су органолептикалық қасиеті бойынша гигиеналық талаптарға сай. Жалпы колиформды бактериялар - 3, жалпы микроб саны - 74. Залалсыздандырудан кейінгі белсенді қалдық хлордың мөлшері 0,1 мг/л құрайды.
Берілген жағдайда су сапасын жақсартудың қай әдісін қолдану керек?
|Суперхлорлау
|Дехлорлау
|Электродиализ
|Гиперфильтрация
|Денитрофикация
~Ауылшаруашылығында қарқынды жер пайдалану аймағында сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін тоғанды пайдалану болжамдалған, тоғанның суды шығару аймағы радиусы 100 км болатын, дихлорфеноксисірке қышқылымен (2,4-Д препараты) өңделетін ауылшаруашылық алқаптары орналасқан территория болып табылады.
МСЭҚБ мәліметтері бойынша тоғандағы су сапасы келесідей: иісі мен дәмі 3 балл, ылайлығы - 30 мг/л, түстілігі-150 градус, сульфаттар-500 мг/л, қаттылығы-4 ммоль/л, фтор-1,0 мг/л, құрғақ қалдықтар-1200 мг, беткейлі белсенді заттар-0,3 мг/л, 2,4 Д препараты-0,003 мг/л, мырыш-5,0 мг/л, тотығуы-10 мг/л, мұнай өнімдері-0,1 мг/л, жалпы микробтық саны-65.
Берілген жағдайда су сапасын жақсарту үшін қандай әдістер қолданылады?
|Тұндыру, коагуляциялау, сүзгілеу, залалсыздандыру
|Гиперфильтрация, темірсіздендіру, дезактивация, дегазация
|Денитрификация, дистилляция, сүзгілеу, залалсыздандыру
|Мұздату, коагуляциялау, фторлау
|Түссіздендіру, электродиализ, жұмсарту, тұщыландыру
~Аурухананы салуға бөлінген жер телімінен алынған топырақ сынамасын зертханалық зерттеу кезінде анықталды: коли-титр -1, анаэробтар титрі – 0,1, Хлебниковтың санитарлық саны – 0,99, 1 кг топырақта гельминттер жұмыртқалары анықталмаған, 0,25 м2 жерде шыбындардың жұмыртқасы анықталмады.
Берілген аймақ топырағының эпидемиялық қауіпсіздік дәрежесі қандай?
|Қауіпсіз
|Аса қауіпті
|Қауіпті
|Қауіптілігі орташа
|Салыстырмалы қауіпсіз
~Балалар мекемесінің құрылысын салуға бөлінген жер телімінің топырағын зертханалық зерттеу кезінде анықталды: коли-титр - 1, анаэробты титр - 0,1, Хлебниковтың санитарлық саны - 0,99, 1 кг топырақта гельминттер жұмыртқасы - 25, 0,25м2 аймақта шыбындар жұмыртқасы анықталмаған.
Берілген жағдайда топырақ сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану қажет?
|Дегельминтизация
|Мелиорация
|Денитрификация
|Рекультивация
|Суғару
~Ағзада заттар мөлшерінің уақыт бойынша көбею үдерісі қалай аталады?
|Биоаккумуляция
|Транслокация
|Адаптация
|Анаболизм
|Катобализм
~Аурухана аймағында топырақтың санитарлық жағдайын зертханалық тексеру мәліметтері бойынша Хлебниковтың санитарлық саны – әлсіз ластанған - 0,91, ішек таяқшасының титрі – әлсіз ластанған – 0,01, анаэробты титрі (Cl. perfringens) бойынша – аз ластанған - 0,08.
Берілген топырақ сынамасының гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Нәжіспен жаңадан ластанған
|Қарашірік жеткіліксіз
|Нәжіспен бұрыннан ластанған
|Ақуыздармен тұрақты ластанған
|Инсоляция жеткіліксіз
~Елді-мекен тұрғындары муниципальді сотқа шағымданған. Елді-мекен тұрғындарының айтуы бойынша, балалар арасында флюороз ауруы елді-мекенді орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуінде қолданылатын өзеннің фторидтермен ластануынан көбейіп отыр. Фторидтер алюминий комбинатының іркінді суларының құрамында және атмосфералық ауа шығарыстарында бар. Суды екі жыл бұрын зерттеу кезінде фторидтердің мөлшері 2,1 мг/л құраған. Бір жыл бұрын зауыт тазарту қондырғыларының реконструкциясын жүргізді және қазіргі кезде өзенде фторидтердің мөлшері гигиеналық нормативтерден аспайды, бірақ балалар арасында аурушаңдық әлі де пайда болып отыр.
Берілген жағдайда аурудың жаңа жағдайларының алдын алу үшін қандай шаралар кешені қолдану қажет?
|Санитарлық-гигиеналық
|Санитарлық-техникалық
|Санитарлық-эпидемиялық
|Санитарлық-экологияллық
|Санитарлық-технологиялық
~Қалада шығу көздері беткейлік су қорлары болып табылатын орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесі қызмет көрсетеді. Судың сапасын ағымды зертханалық қадағалау үшін жергілікті СЭС «ішкі тарату» жүйесіне түсер нүктесінде суды зерттегенде, суда эпидемиялық қауіпсіздік көрсеткішінің ауытқуларын анықтады.
Берілген жағдайда судың эпидемиялық көрсеткішінің нашарлауының себебі неде?
|Су құбыры тазарту қондырғыларының қанағаттанарлықсыз жұмысы
|Зерттелетін су сынамасын алу тәртібінің бұзылуы
|Су сынамасын зертханаға кешіктіріп тасымалдау
|Ашық су көзінің санитарлық-эпидемиялық жағдайының нашарлауы
|Таратылатын жүйелерде судың ұзақ уақыт сақталуы
~Шахталық құдық суын пайдаланатын тұрғындар судың лайлана бастағанына, жағымсыз дәмінің болуына, шәйдің дәмін бұзатынына, кір жуғанда заттарды сарғыш түске бояйтындығына және тот басқан дақтар қалдыратындығына шағымдана бастаған.
Жоғарыда сипатталған жағдайдың себебі неде ?
|Суда темір мөлшерінің жоғарлауы
|Суда темір мөлшерінің төмендеуі
|Суда сульфаттар мөлшерінің жоғарлауы
|Суда сульфаттар мөлшерінің төмендеуі
|Суда хлорид мөлшерінің жоғарлауы
~Шахталық құдықтың суын пайдаланатын тұрғындар судың лайлығының, түстілігінің жоғарлағанына, дәмі жағымсыздығына, шәйдің дәмін бұзатынына, кірлерді жуғанда сарғыш түске бояйтындығына және тот басқан дақтар қалдыратындығына шағымданған.
Берілген жағдайда қандай әдісті қолдану судың сапасын қалпына алып келеді?
|Темірсіздендіру
|Фторсыздандыру
|Мөлдірлендіру
|Тұщыландыру
|Түссіздендіру
~Ауылдың артезианды бұрғы ұңғымасынан ауыз судың зертханалық талдау кезінде анықталды: мөлдірлігі - 50 см, түсі – 20°, лайлығы - 0,5мг/л, иісі мен дәмі – 1 балл, жалпы кермектілігі – 12,5 мг-экв/л, фтордың мөлшері - 1,5 мг/л, тотығуы - 0,7 , жалпы микроб саны – 10.
Төмендегі аталған жақсарту әдістерінің қайсысын қолданғанда ауыз су сапасын қалпына келтіруге болады?
|Жұмсарту
|Дезодарациялау
|Дефторлау
|Залалсыздандыру
|Түссіздендіру
~Ауылдық жерден оттегі жетіспеушілік белгілерімен аудандық ауруханаға 6 емізулі бала түсті. Ата-аналардан сұрастыру барысында, тексерілген балалардың барлығы қолданар алдында қайнатылған сумен араластырып, берілетін жасанды сүт қоспаларымен тамақтанатдырылатындығы анықталды. Су көзі шахталық құдық болып табылады. МСЭҚБ мәліметі бойынша құдықтың санитарлық жағдайы талапқа сай келеді.
Құдықтағы судың сапасын талдау көрсеткіштері келесідей: иісі мен дәмі - 2 балл, түстілігі - 150, құрғақ қалдық - 510 мг/л, хлоридтер - 20 мг/л, сульфаттар – 450 мг/л, тотығуы – 4 мг/л, нитраттар - 95мг/л, жалпы микроб саны - 40.
Су сапасының қандай сипаттамасы балалардың патологиялық жағдайының дамуына алып келді?
|Нитраттардың жоғары мөлшері
|Сульфаттардың жоғары мөлшері
|Хлоридтердің төмен мөлшері
|Нитраттардың төмен мөлшері
|Сульфаттардың төмен мөлшері
~Сәбилер үйінде бір мезгілде 9 айлық 40 бала ауырды. Оларға тәнбелгілер: жалпы әлсіздік, терісінің және көрінетін шырышты қабаттардың көгеруі. Балалар шахталық құдықтың суымен араластырылатын жасанды тағам қоспалармен тамақтанған. Балардың қанынан метгемоглобиннің айтарлықтай көлемі анықталды.
Берілген жағдайда суда қандай химиялық ластаушының болуы балалар патологиясының дамуына себепкер болып отыр?
|Нитраттар
|Кадмий
|Хлоридтер
|Алюминий
|Сульфаттар
~Ауылдық бала-бақша тәрбиешілері көптеген балалардан асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарымен сипатталатын жиі іш өтулерін байқаған. Ауыз судың химиялық талдауда анықталды (мг/л): аммоний азотының іздері, нитриттер - 0,002, нитраттар - 10, сульфаттар - 900, темір- 0,3, хлоридтер - 240.
Берілген жағдайда балалардың денсаулығына ауыз судың әсерінің болу мүмкіндігін не көрсетеді?
|Сульфаттардың болуы
|Нитриттердің болуы
|Аммоний азотының болуы
|Хлоридтердің болуы
|Нитраттардың болуы
~Қала тұрғындарының тіс жегісімен ауыру көрсеткіші 92% құрады. Ауыз су сынамасын зертханалық тексеру барысында фтордың құрамы 0,1 мг/л мөлшерді құрады.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай профилактикалық іс-шаралар жүргізілуі керек?
|Ауыз суын фторлау
|Ауыз қуысының гигиенасын сақтау
|Фтормен ингаляция жасау
|Санитарлық - ағарту жұмысын жүргізу
|Құрамында фторы бар азық-түліктерді қолдану
~Кен-металлургиялық комбинаттың іркінді суларынан төгетін жерден төмен орналасқан қала тұрғындары коммуналдық - ауыз су мақсатында өзен суын пайдаланады. Су алатын орында зертханалық талдау нәтижесінде кадмийдің мөлшері – 0,01.
Берілген елді мекеннің тұрғындары арасында қандай патологияның даму қаупі бар?
|Итай-Итай ауруы
|Юшо ауруы
|Минамат ауруы
|Гафф ауруы
|Уров ауруы
~Ірі қаланың өндіріс аймағында 3 өндірістік кәсіпорын, жеміс-жидектер базасы, әмбебап базар, депо, қоймалар, жұмысшыларға арналған жатақхана, 2 балалар мекемесі орналасқан.
Санитарлық нормаларға сай қандай сәйкессіздік орын алып отыр?
|Балалар мекемелері мен жатақхананың орналасуы
|Әмбебап базар мен қоймалардың орналасуы
|Депо мен жеміс-жидектер базасының орналасуы
|Өндірістік кәсіпорындардың орналасуы
|Автомагистральдің орналасуы
~Қалада қыс мезгілінде екі ЖЭЦ-да мазут пен көмір жағылады. Атмосфералық ауада жер бетіне түсетін түтін шлейфі мен күл байқалады. Қала үстінде қатты тұман, температуралық инверсия байқалады. Атмосферада қалқыма шаңның (күл) жоғары мөлшері - 1,5 мг/м3 (ШРЕМ - 0,05), көмір тотығы - 5,4 мг/м3 (ШРЕМ - 3,0), күкірт қос тотығы - 0,5 мг/м3 (ШРЕМ - 0,05), күкірт қышқылы - 0,15 (ШРЕК - 0,1) анықталды. Қауіптілік класы: шаң - 3, СО - 4, SO2 - 3, H2SO4 - 2.
Берілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Атмосфералық ауа сапасының мониторингі
|Санитарлық-қорғау аймағын қолдану
|Нысанды санитарлық тексеру
|Заманауи технологиялар қолдану
|Сүзгілер мен скрубберлер орнату
~Қалада шілде айында күнді, ыстық және желсіз ауа-райы болды. Ауа массаларымен алмасуы бірден төмендеген, қала атмосферасының инверсиялық қабатында зиянды заттар жиналуда. Көзбен көру төмендеген, тұрғындарда мыналар байқалады: тамақтың жыбырлауы, көз бен мұрын шырыш қабаттарының тітіркенуі, бас ауыру, әлсіздік. Атмосфераның жерге жақын қабатында СО – 6,0 мг/м3 (ШРЕМ – 3,0), NO2 – 0,4 мг/м3 (ШРЕМ – 0,04) жоғары мөлшерлері анықталған.
Ауа ластануының қандай түрі туралы сөз болып отыр?
|Фотохимиялық смог
|Қышқыл жаңбырлар
|Парниктік эффект
|Озонның тесілуі
|Трансаймақтық ластану
~Қалада шілде айында күнді, ыстық және желсіз ауа-райы болды. Ауа массаларымен алмасу төмендеген және қала атмосферасының инверсиялық қабатында зиянды заттар жиналуда. Көзбен көру төмендеген, тұрғындарда байқалады: тамақтың жыбырлауы, көз бен мұрын шырышының тітіркенуі, бас ауыру, әлсіздік. Жер бетіндегі атмосфера қабатында СО – 6,0мг/м3 (ШРЕК – 3,0), NO2 – 0,4 мг/м3 (ШРЕК – 0,04) жоғары концентрациялары анықталған.
Берілген жағдайда тұрғындарды қорғау шараларының қайсысы тиімді?
|Адамдардың көшеге шығуын шектеу
|Ұжымдық қорғаныс заттарын қолдану
|Жеке қорғаныс заттарын қолдану
|Бұқаралық ақпарат арқылы хабарлау
|Медициналық тексерулер жүргізу
~Мұнай өндіру мен мұнай өңдеу өнеркәсібінің аймағынан 1-3 км радиуста атмосфералық ауада анықталған: күкірт сутегі - 0,08 мг/м3 (ШРЕМ - 0,008), күкіртті газ – 0,1 мг/м3 (ШРЕМ - 0,05), көміртегі тотығы – 1,0 мг/м3 (ШРЕМ - 3,0), азоттың қос тотығы – 0,02 мг/м3 (ШРЕМ - 0,04). Апаттық дүркін шығарыстарда тұрғындар «шіріген жұмыртқа» иісіне, бас айналуға, әлсіздікке, көздің шырышты қабатының тітіркенуіне шағымданады. Қауіптілік кластары: H2S – 2, SO2 – 3, CO – 4, NO2 – 2.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай санитарлық-техникалық шаралар қолдану қажет?
|Сүзгілер орнату
|Санитарлық - қорғау аймағын қолдану
|Нысанды санитарлық тексеру
|Заманауи технологияларды қолдану
|Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу
~Кәріз жүйесіндегі апат салдарынан оның құрамындағы заттар қалалық типті елді-мекеннің сумен қамтамасыз ету жүйесіне түсті.
Бірінші кезекте қандай жұқпалы патологияның артуын күтуге болады?
|Іш сүзегінің
|Сальмонеллездың
|Лептоспироздың
|Туляремияның
|Вирустық В гепатитінің
~Өндірістік қаланың іркінді сулары жинағыш-тоғанға және өзенге түседі. Іркінді суларды тастау нүктесінен төмен өзен суында анықталды: сынап – 0,0006 мг/л, (қауіптіліктің 1 класы); қорғасын– 0,06 мг/л, кадмий – 0,003 мг/л, цианидтер – 0,5 мг/л (2 класс); мырыш – 2,0 мг/л, мыс – 1,5 мг/л (3 класс); жалпы микроб саны - 255, иісі – 4 балл, ОБҚ (БПК) – 10 мг/л, еріген оттегі – 0,5-1,0 мг/л.
Берілген жағдайда топырақты қорғау мақсатында қандай санитарлық-техникалық шаралар қолдану қажет?
|Іркінді суларды тазарту және залалсыздандыру
|Санитарлық қорғау аймақтарын бекіту
|Өндірістік нысандарды санитарлық тексеру
|Заманауи технологияларды қолдану
|Іркінді су құрамына мониторинг жүргізу
~Қорғасын-мырыш комбинатынан 1 км қашықтықта орналасқан өндірістік қаланың ық жағында (құбырдан шығатын түтінді факел астында) жеке тұрғын үйлер орналасқан. Зауыт аумағындағы топырақ сынамасында анықталды: жоғары мөлшерде қорғасын - 800 мг/кг (ШРЕМ - 32), мырыш - 1500 мг/кг (ШРЕМ – 23), мыс - 50 мг/кг (ШРЕМ- 3), кадмий - 6 мг/кг (ШРЕМ - 1), топырақ рН - 4,6.
Берілген жағдайда санитарлық талаптар бойынша қандай сәйкессіздік орын алып отыр?
|«Жел раушаны» қағидасын сақтамау
|Қала территориясын аймақтарға дұрыс бөлмеу
|Өндірістік аймақты дұрыс орналастырмау
|Топырақ сынамасын алу тәртібін сақтамау
|Санитарлық-қорғау аймағының көлемін сақтамау
~Қорғасын-мырыш комбинатынан 1 км қашықтықта орналасқан өндірістік қаланың ық жағында (құбырдан шығатын түтінді факел астында), тұрғын үйлер орналасқан. Зауыт аймағындағы топырақ сынамасында анықталды: жоғары мөлшерде қорғасын– зауыттан 1 км қашықтықта (тұрғын үйлер) – 600 мг/кг (ШРЕМ - 32), мырыш - 1 км - 450 мг/кг (ШРЕМ - 23), мыс -1 км - 27 мг/кг (ШРЕМ - 3), кадмий - 1 км - 4 мг/кг (ШРЕМ - 1), никель - 1 км - 10 мг/кг (ШРЕМ - 4), кобальт -1 км - 9 мг/кг (ШРЕМ - 5), мышьяк - 1 км - 5 мг/кг (ШРЕМ - 2), топырақ рН– 4,6.
Берілген жағдайда газ тазалаудың қандай химиялық әдістерді қолданған жөн?
|Абсорбциялық, адсорбциялық, каталитикалық
|Аналитикалық, тондық, инфузиондық
|Каталитикалық, импульстік, шаңұстағыштық
|Конвективті, адсорбциялық, фотохимиялық
|Суммативтік, спецификалық, корреляциялық
~Өндірістік қалада хром қосылыстарының және ЖЭО санитарлық қорғау аймағында тұрғын үйлер, мектеп, бала-бақша орналасқан (зауыттан 1,5 – 2 км). Мұржалардың түтінді факелы тұрғын үйлерге қарай бағытталған. Санитарлық қорғау аймағының, зауыттың, селитебті аймақтың топырағының сынамасын зерттегенде металдардың келесідей мөлшерлері анықталды: хром - 25/15 мг/кг (ШРЕМ - 0,5), марганец - 2000/1000 мг/кг (ШРЕМ - 1500), кобальт - 30/10 мг/кг (ШРЕМ - 5), мырыш - 54/30 мг/кг (ШРЕМ - 23), мыс – 10/5 (ШРЕМ - 3).
Берілген жағдайда атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған қандай шаралар кешені қажет?
|Технологиялық, техникалық, жоспарлы
|Әкімшілік, құқықтық, экономикалық
|Экологиялық, эргономикалық, эпидемиологиялық
|Гигиеналық, әлеуметтік, қоғамдық
|Алдын алу, мемлекеттік, эстетикалық
~Ауылдық елді-мекенде малшаруашылық кешені бар, қалдықтарды жою ретсіз жүргізіледі. Кешенде түйіршікті және сұйық минералды тыңайтқыштар қолданылады. Зертханалық талдау мәліметтері бойынша: коли-титр – 0,01, анаэробтар титрі – 0,001, гельминт жұмыртқалары – 1 кг топыраққа 36.
Топырақтың қандай санитарлық-гигиеналық сипаттамасы туралы сөз болып отыр?
|Қауіпті, ластанған
|Салыстырмалы қауіпсіз, әлсіз ластанған
|Қауіпсіз, таза
|Жоғары қауіпті, ластанған
|Аса қауіпті, қатты ластанған
~Облыстық аурухананың хирургия бөлімшесі палаталарын қыс мезгілінде тексеру кезінде, науқастарын палаталардағы ауаның температурасы - 19°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,25 м/сек екендігі анықталды. Науқастардың табан терісінің температурасы 30-31°С, маңдайдың температурасы - 32-32,5°С. Ауадағы СО2 мөлшері - 0,1%, ауаның тотығуы - 4-5 мг/м3. Палаталар терезелерінің 80% оңтүстік-шығысқа бағытталған. 6 кереуеттік палатаның ауданы 38 м2, биіктігі - 3 м. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/5, ТЖК - 1%. Операциялық блоктағы ауаны санациялау үшін бактерицидтік шам орнатылған.
Берілген бөлімше палаталарындағы микроклимат қандай?
|Қолайсыз
|Қолайлы
|Оңтайлы
|Минималды
|Критикалық
~Онкологиялық аурухананың терезелері оңтүстік-батысқа бағытталған. Палата ауданы 26м2, биіктігі 3,5 м. Палатадағы жарық коэффициенті - 1/4, ТЖК - 1,1%. Жасанды жарықтану үшін 2 люминесценттік жарықшамдар қолданылады. Жаз мезгілінде палатадағы ауа температурасы 24 - 25°С, температураның вертикальді және горизонтальді төмен түсуі 20С аспайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 80%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/сек. Палата ауасындағы СО2 мөлшері - 0,08% құрады.
Берілген палатаның микроклиматтық жағдайын жақсарту үшін қандай гигиеналық шара жүргізу қажет?
|Жиі желдету
|Ылғалды жинастыру
|Қосымша жарықтандыру
|Озондау
|Кондиционирлеу
~30 кереуетке арналған хирургиялық бөлімше көпсалалы аурухананың 5-ші қабатында орналасқан. Таза жаралардың іріңдеу пайызы жоғары болуына байланысты қала ауруханасына тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде мыналар анықталды: 6 кереутке арналған 5 палатада 42 науқас жатқызылған. Палаталардың ауданы 42 кв.м., биіктігі 3 м. Палата терезелері оңтүстік - шығысқа бағытталған. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, ТЖК= 1%. Ауа алмасу жиілігі - 3.
Берілген шартта микроклиматтық жағдайды қандай гигиеналық шара айтарлықтай жақсарта алады?
|Желдету жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру
|Күнделікті ылғалды жинастыру жүргізу
|Бөлмені жиі желдету
|Жаңа желдету жүйесін орнату
|Кондиционерлер орнату
~Терапевтік бөлімше палаталарында ауа температурасы термометр көрсеткіші бойынша 23°С, температураның көлденең және тігінен өзгеруі 2°С құрады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80%, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,08 м/сек. Палаталар панельді жылыту жүйесімен жабдықталған. Микроағзалар саны - 1 м3-та 850 колония. Науқастар көктемгі мезгілде палатадағы қолайсыз жағдайға шағымданады. Шағым ауаның қапырық болуына, көп терлеуге айтылды.
Берілген жағдайда микроклиматты жақсарту үшін бірінші кезекте қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Жиі желдету
|Ылғалды жинастыру жүргізу
|Ауа тазартқыш қондырғылар орнату
|Бактерицидті шамдар орнату
|Кондиционер орнату
~Балалар ревматологиясы палаталарының терезелері солтүстік-батысқа қарай бағытталған. 4 кереуттік палата ауданы 28 м2, биіктігі 3,3 м. Жарық коэффициенті 1/6, ТЖК = 1,0%, ауа температурасы 18°С. Палатадағы салыстырмалы ылғалдылық 50%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,4 м/сек. Балаларда маңдай мен табан температурасының айырмашылығы 5°С. Ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері - 0,06%. Қысқы мезгілде микроағзалар саны 1 м3-та 900 құрады.
Берілген жағдайда микроклиматты жақсарту үшін бірінші кезекте қандай гигиеналық шара қолданған жөн?
|Жылыту жүйесінің жұмысын жақсарту
|Күнделікті ылғалды жинастыру жүргізу
|Қосымша жарық орнату
|Ауа иісінін жақсартқыш қондырғыларды орнату
|Қосымша кондинционерлерді орнату
~Эндокринология бөлімшесінің науқастары тұншығу мен ауаның қозғалыссыздығына шағымданады. Қалқанша безінің гиперфункциясымен ауыратын науқастарға арналған палата оңтүстік-шығысқа бағытталған, шынылану типі ленталы және панельді жылыту жүйесімен жабдықталған. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, ТЖK = 1,0%. Ауданы 42 м2, биіктігі 3 м болатын палатада 7 науқас жатқызылған. Үрмелі-сормалы желдету жүйесі жұмыс істемейді. Жаз мезгілінде температура - 25°С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,05 м/сек.
Берілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалмауы науқастар жағдайының нашарлауына алып келді?
|Температура мен салыстырмалы ылғалдылықтың жоғарылауы
|Терезелердің ұтымсыз орналасуы және шыныланудың ленталы типі
|Панельді жылыту жүйесімен жабдықталу
|Жарық коэффициенті деңгейінің сәйкессіздігі
|Аудан мен биіктіктің сәйкессіздігі
~Эндокринология бөлімшесінің науқастары тұншығу мен ауаның қозғалыссыздығына шағымданады. Қалқанша безінің гиперфункциясымен ауыратын науқастарға арналған палата оңтүстік-шығысқа бағытталған, шынылану типі ленталы және панельді жылыту жүйесімен жабдықталған. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, ТЖK = 1,0%. Ауданы 42 м2, биіктігі 3 м болатын палатада 7 науқас жатқызылған. Үрмелі-сормалы желдету жүйесі жұмыс істемейді. Жаз мезгілінде температура - 25°С. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75%, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,05 м/сек.
Берілген жағдайда микроклимат жағдайын жақсарту үшін қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Желдету жүйесін қосу
|Ауа иісін жақсартқыш қондырғыларды орнату
|Терезелерге жалюзи орнату
|Палаталарды желдету
|Өтпелі желмен желдетуді максималды қолдану
~Терапевтік бөлімшедегі науқастар ағымдық жөндеу жұмыстарынан кейін бас ауыруына, көз бен жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының тітіркенуіне, терінің қышынуына шағымданды. Өкпе патологиясына арналған бөлімшедегі 4 орындық палатадағы науқастардың жағдайын тексеру барысында келесі нәтижелер алынды: палаталардың жалпы ауданы 28 м2, палата биіктігі 3,3м. Палата ауасында СО2 0,2 мг/м3, флоримицин – 0,1 мг/ м3, аммиак – 0,035 мг/м3, формальдегид – 0,02 мг/м3, ампициллин – 0,04мг/м3 мөлшерде. 1 м3 ауада 1300 микроағзалар колониясы анықталды (қысқы мезгілде).
Берілген жағдайда қандай гигиеналық көрсеткіштің жоғарылауы науқастардың өзін нашар сезінуіне алып келді?
|Көмірқышқыл газының жоғары мөлшері
|Аммиактің жоғары мөлшері
|Ампициллиннің жоғары мөлшері
|Формальдегидтің жоғары мөлшері
|Флоримициннің жоғары мөлшері
~Балалардың жұқпалы аурулар бөлімшесі ауданы 27 м2 және биіктігі 3 м болатын жартылай бокспен жабдықталған. Қыс мезгілінде жартылай бокстағы ауаны талдау 1 м3-та 4500 микроағзалар, яғни жалпы бактериалды залалданғанын көрсетті. Көмірқышқыл газының мөлшері 0,2%, тотығуы 4 мг/м3. Термометр көрсеткіші бойынша ауа температурасы 22°С, салыстырмалы ылғалдылық 60%, ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3 м/сек.
Гигиеналық талаптардың қандай сәйкессіздігі туралы сөз болып отыр?
|Көмірқышқыл газы мөлшерінің жоғары болуы
|Салыстырмалы ылғалдылықтың жоғары болуы
|Ауа қозғалысының жылдамдығының төмен болуы
|Бактериалды залалданудың жоғары болуы
|Көмірқышқыл газы мөлшерінің төмен болуы
~Аурухананың хирургиялық бөлімшесінде операциядан кейінгі іріңді-қабыну асқынулары артқан. Операциялық блок 6 қабатта орналасқан. Операциялық залдың терезелері батысқа бағытталған. Операционлық блоктың ауданы 25 м2, биіктігі 3,3 м. Операция басталғанға дейінгі ауа құрамын талдау: микроағзалар - 1 м3-та 750 , операция кезінде 250 л ауада патогенді стафилококктың 5 колониясы аықталған. Операциялық блок ауа алмасуы еселігі – 10, үрмелі-сормалы желдетумен жабдықталған.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай санитарлық-гигиеналық шара қолдану қажет?
|Ауаны санациялау
|Ылғалды жинастыру жүргізу
|Қосымша жарықты орнату
|Ауаны иісін жақсартқыш қондырғыларды орнату
|Персоналды медициналық тексеруден өткізу
~2 қалалық терапевттік аймақта ескі өнеркәсіптер орналасқан: моторлы зауыт (автодвигательдер) және гаражы бар 2 автобус паркі. Учаскелік терапевт - дәрігерлер соңғы жылдары тұрғындар арасында жөтел, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетінің төмендеуі, жүрек пен тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары жиі тіркелуін байқаған.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Жаңа технологиялар қолдану және санитарлық-қорғау аймағының көлемін сақтау
|Тұрғындар арасында санитарлық - ағарту жұмыстарын жүргізу
|Қосымша тазартқыш қондырғыларын орнату
|Қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына мониторинг жүргізу
|Тұрғындарға тереңдетілген медициналық тексеру жүргізу
~Тұрғын кешеннің құрылысын салуға бөлінген жер телімінің топырағын зертханалық зерттеу нәтижесінде анықталды: ішек таяқшасы - 120 кл/1 гр. топырақта, энтеробактериялар - 150кл/1гр. топырақта, гельминт жұмыртқалары – 10 экз./ 100 гр.топырақта.
Топырақтың қандай гигиеналық сипаттамасы туралы айтылып отыр?
|Өте жоғары қауіпті, қатты ластанған
|Салыстырмалы қауіпсіз, әлсіз ластанған
|Қауіпсіз, таза
|Аса қауіпті, айтарлықтай ластанған
|Қауіпті, ластанған
~Қорғасын-мырыш комбинатынан қалаға дейінгі 5 км қашықтықта тұрғын аймақтың ық жағында (факель асты бекеті) металдардың мөлшері келесідей: қорғасын - 100 мг/кг (ШРЕМ - 32), мырыш - 80 мг/кг (ШРЕМ - 23), мыс 10 мг/кг (ШРЕМ - 3), кадмий - 4 мг/кг (ШРЕМ - 1), мышьяк - 3 мг/кг (ШРЕМ - 2).
Берілген жағдайда химиялық элементтер мөлшерінің артуы қандай патологияның дамуына алып келеді?
|Улануға
|Тіс жегісіне
|Вирустық А гепатитіне
|Эндемиялық жемсауына
|Несепте тас пайда болу ауруына
~Қорғасын-мырыш комбинатынан, мышьяк текті заттардың көмілген жерінен, ЖЭЦ-дан 20 км қашықтықта орналасқан тұрғын аймақтың ық жағында (факель асты бекеті) металдар шектеліп рұқсат етілген нормадан артық: қорғасын - 1,5 есе (ШРЕМ - 32), мырыш 2,0 есе (ШРЕМ - 23), мыс 1,8 есе (ШРЕМ - 3), никель - 1,0 есе (ШРЕМ - 4), кадмий 2 есе (ШРЕМ - 1), мышьяк - 1,9 есе (ШРЕМ - 2).
Берілген жағдайда қандай санитарлық-техникалық шаралар қолдану қажет?
|Шаң ұстағыштарды орнату
|Санитарлық-қорғау аймағының көлемін ұлғайту
|Тұрғын аймақты көгалдандыру
|Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Жаңа технологиялық үдерістер қолдану
~Өндірістік қалаға жақын орналасқан елді-мекен территориясында атмосфералық ауаны ластайтын цемент зауыты орналасқан. Учаскелік дәрігерлердің айтуы бойынша соңғы 3 жылда балалар мен ересектер арасында жөтел, тамақтың жыбырлауы, жұқпалы ауруларға қарсылығының төмендеуі, тыныс алу жолдарының созылмалы аурулары көбейген.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай санитарлық-гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Жаңа технологиялар мен тазартқыш қондырғыларды қолдану
|Тұрғындар арасында ағарту жұмысын жүргізу
|Санитарлық-қорғау аймағының көлемін ұлғайту
|Атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Тұрғындар арасында тереңдетілген медициналық тексеру жүргізу
~Өндірістік қалаға жақын орналасқан елді-мекен территориясында атмосфералық ауаны көп жылдар бойы ластап келе жатқан цемент зауыты орналасқан. Елді-мекен тұрғындары цемент шаңының киімдерде, терезелерде тұнып қалатындығына, желдету кезінде бөлме ішіне енетініне және тұрмыстық санитарлық жағдайға кері әсер ететіндігіне шағымданады.
Берілген жағдайда қандай санитарлық-техникалық шаралар жүргізу қажет?
|Шаңұстағыш-циклондарды орнату
|Жаңа технологиялық үдерістер қолдану
|Аймақтағы желдің негізгі бағыттарын анықтау
|Елді-мекеннің атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Санитарлық-қорғаныс аймақтарының көлемін бекіту
~Атмосфералық ауа ластануын қадағалау мақсатында қандай бақылау бекеттері ұйымдастырылады?
|Стационарлық, бағыттық және факель асты
|Жылжымалы, бақылаушы және факель үсті
|Санитарлық, экологиялық және көліктік
|Әуелік, құрлықтық және су
|Масштабтық, аймақтық және жергілікті
~Пәтердегі тұрмыстық газ плитасы бар асханаға санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізілді. Асхана ауасының сынамасын зертханалық талдау нәтижесінде, жану өнімдерінің келесі мөлшерлері анықталды: көміртегі тотығы 15 мг/м3, формальдегид 0,037 мг/м3, азот тотығы 1,0мг/м3 көп.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шара қолдану керек?
|Сормалы желдету жұмысының тиімділігін анықтау
|Жаңа газ плитасын қолдану
|Үрмелі желдету жұмысының тиімділігін анықтау
|Бөлмедегі ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Күнделікті ылғалды жинастыру жүргізу
~Ғылыми зерттеу мақсатында қыс мезгілінде көп қабатты үйдегі пәтер микроклиматына санитарлық-гигиеналық тексеру жүргізілді. Пәтердегі ауа сынамасын зертханалық зерттеу нәтижесінде мыналар анықталды: 1 м3-та жалпы микроб саны - 8500, 1мл ауадағы шаң көлемі– 430.
Берілген жағдайда ең алдымен қандай гигиеналық шара қолданған жөн?
|Бөлмені жиі желдету және ылғалды жинастыру
|Үй өсімдіктерінің санын көбейту
|Үрмелі желдету жұмысының тиімділігін анықтау
|Бөлмедегі ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу
~Көп қабатты үйдің тұрғын бөлмелерінің микроклиматын санитарлық-гигиеналық тексеру кезінде мыналар анықталды: ауаның аэроионды құрамында ауыр металдардың мөлшері (740 е/см3) жеңіл иондардан артып кеткен (400 е/см3).
Берілген жағдайда ең алдымен қандай гигиеналық шара қолданған жөн?
|Бөлмені жиі желдету және ылғалды жинастыру
|Үй өсімдіктерінің санын көбейту
|Үрмелі желдету жұмысының тиімділігін анықтау
|Бөлмедегі ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу
~Оқу аудиториясында сабақ барысында студенттер бас ауыруға, ауыз бен мұрын-жұтқыншақтың кебуіне, түскі уақыттағы ұйқышылдыққа, ауа жеткіліксіздігіне шағымданады. Оқу аудиториясындағы микроклиматты санитарлық-гигиеналық тексергенде, ауаның аэроионды құрамында ауыр металдар мөлшерлері (1500 е/см3) жеңіл аэроиондардан артқандығы (600 е/см3) анықталды.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шара қолданған жөн?
|Ауаны жасанды иондау
|Жеңіл аэроиондар санын ұлғайту
|Үрмелі желдетудің жұмыс тиімділігін анықтау
|Аудиториядағы ауа сапасының мониторингі
|Ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізу
~Қалқанша безінің гиперфункциясымен зардап шегетін науқастарға арналған палаталардағы терезелер оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Шынылану типі ленталы. Палаталардағы жарық коэффициенті 1/6, табиғи жарықтану коэффициенті 0,4%, түсу бұрышы - 280, саңылау бұрышы - 50. Ауданы 42 м2, биіктігі 3 м болатын палатада 7 науқас жатқызылған.
Қандай гигиеналық көрсеткіш жарықтану параметріне сәйкес келмейді?
|Табиғи жарық коэффициенті
|Жарық коэффициенті
|Палата терезелерінің шынылану типі
|Палаталардың ауданы мен биіктігі
|Терезелердің жарық бойынша бағытталуы
~Оңтүстік аймақта орналасқан 3 бөлмелі пәтердегі инсоляция тәртібін жаз мезгілінде гигиеналық тұрғыдан бағалағанда анықталды: балалар бөлмесінде инсоляция ұзақтығы 2 сағат, қонақ бөлмесінде - 2,5 сағат, жатын бөлмеде - 1,5 сағат.
Берілген жағдайда 3 бөлмелі пәтердегі инсоляцияның гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Жеткілікті
|Айқын жеткіліксіз
|Жеткіліксіз
|Артық
|Орташа жеткілікті
~Солтүстік аймақта орналасқан 4 бөлмелі пәтердегі инсоляция тәртібін қыс мезгілінде гигиеналық тұрғыдан бағалағанда анықталды: балалар бөлмесінде инсоляция ұзақтығы 1 сағат, қонақ бөлмесінде - 50 минут, жатын бөлме мен жұмыс кабинетіне тек күннің шағылысқан сәулелері түседі.
Берілген жағдайда инсоляцияның гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Инсоляцияның жеткіліксіздігі
|Инсоляцияның айқын жеткіліксіздігі
|Инсоляцияның жеткіліктілігі
|Инсоляцияның артықтығы
|Инсоляцияның орташа жеткіліктілігі
~Оңтүстік аймақта орналасқан жеке меншік тұрғын үйдегі инсоляция тәртібін жаз мезгілінде гигиеналық тұрғыдан бағалағанда балалар бөлмесінде инсоляция ұзақтығы 3,5 сағат, қонақ бөлмесінде 2,5 сағат, жатын бөлме мен жұмыс бөлмесінде 2,5 сағат, ас бөлмесінде 1,5 сағат екендігі анықталды.
Берілген жағдайда инсоляцияның гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Инсоляцияның артықтығы
|Инсоляцияның айқын жеткіліксіздігі
|Инсоляцияның жеткіліктілігі
|Инсоляцияның жеткіліксіздігі
|Инсоляцияның орта жеткіліктілігі
~Жұмыс істеу жиілігі 88,4 МГц болатын телерадиохабарлау стансасының жанында көп қабатты үй орналасқан. Тұрғындар жиі өзін нашар сезінетіндігіне, бас ауыруға, әлсіздікке шағымданады, сонымен қатар балалар мен қарттардың аурушаңдығына шағымданады. Гигиеналық тексеру барысында радиожиіліктегі электромагниттік сәулелердің деңгейі 6,0 В\м (ШРЕД 4,0) екендігі анықталды.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шара қолдануға болады?
|Экран орнату
|Далаға шығу уақытын шектеу
|Жасыл желектерді отырғызу
|Ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Тұрғындар арасында ағарту жұмыстарын жүргізу
~ЖОО студенті терапевтке бас ауыруына, шаршағыштыққа, әлсіздікке, көздегі, арқа мен мойындағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнез жинау кезінде студентте жеке компьютер бары анықталды, ол компьютерді үй тапсырмасын орындау кезінде және сабақ барысында үнемі қолданатыны анықталды. Компьютерде жұмыс істеудің жалпы уақыты күніне 7 сағатты құрады.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шаралар қолдану керек?
|Жұмыс пен дем алу тәртібін сақтау
|Компьютерде жұмыс істеу уақытын шектеу
|Компьютерді пайдалану тәртібін сақтау
|Бөлмедегі ауа сапасына мониторинг жүргізу
|Компьютерді тек сабақ уақытысында қолдану
~Қалалық пәтерде бір мезгілде теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасы секілді электротұрмыстық аспаптар жұмыс істейді, бұдан бөлек отбасының 2 мүшесі бір-бірімен әңгімелесіп отыр, 1 мүшесі сымтетікпен сөйлесуде, 2 бала ойнап отырып, қатты сөйлесуде, сонымен қатар көршілер мен автокөліктердің шуы естіледі. Кешке отбасының 2 ересек мүшесі бастың ауыруына, шаршағыштыққа, тітіркендіргіштікке, тәбеттің төмендеуіне және ұйқысыздыққа шағым айтады.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Баспанадағы шудың деңгейін анықтау
|Баспанадағы шудың сипатын анықтау
|Тұрмыстық электроқондырғыларды іске қосу ережелерін сақтау
|Шу деңгейінің мониторингі
|Баспанада шудың таралу жолдарын анықтау
~Қалалық пәтерде бір мезгілде теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасы секілді электротұрмыстық аспаптар жұмыс істейді, бұдан бөлек отбасының 2 мүшесі бір-бірімен әңгімелесіп отыр, 1 мүшесі сымтетікпен сөйлесуде, 2 бала ойнап отырып, қатты сөйлесуде, сонымен қатар көршілер мен автокөліктердің шуы естіледі. Кешке отбасының 2 ересек мүшесі бастың ауыруына, шаршағыштыққа, тітіркендіргіштікке, тәбеттің төмендеуіне және ұйқысыздыққа шағым айтады.
Берілген жағдайда тұрғындар денсаулығын қорғау мақсатында қандай шаралар кешенін қолдану қажет?
|Санитарлық - гигиеналық
|Әкімшілік-құқықтық
|Әлеуметтік-экономикалық
|Қоғамдық-мемлекеттік
|Гуманитарлық-білім беру
~Қаладағы көп қабатты үй күніне 1000 автокөлік жүріп өтетін автомагистральдің жанында орналасқан. Пәтердегі көлік шуының деңгейін өлшегенде 90дБА құрады. Тұрғындар үздіксіз және тұрақты шуға болуына шағым айтады.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Жасыл желектерді отырғызу
|Пәтердегі шудың сипатын анықтау
|Автокөліктердің қозғалыс уақытын шектеу
|Шу деңгейіне мониторинг жүргізу
|Пәтерде дыбыстардың таралу жолдарын анықтау
~Ш. қаласында жаңа ықшам аудан салынуда, оның негізгі бөлігін тұрғын үйлер құрайды.
Баспана ауданының үлес көлемі дегеніміз не?
|1 тұрғынға келетін шаршы метр көлемі
|1 тұрғынға келетін жер телімінің көлемі
|5 тұрғынға келетін шаршы метр көлемі
|Алаңдар мен қосымша бөлмелердің қосындысының көлемі
|1 тұрғынға шаққандағы тұрғын ауданның көлемі
~Жаңа ықшам аудан құрылымына әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер кіреді.
Халыққа әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелердің қандай түрлері бар?
|Күнделікті, кезеңді және эпизодты тұтыну
|Тұрақты, кезеңді және гигиеналық тұтыну
|Максималды, орташа және минималды тұтыну
|Ғаламдық, аумақтық және жергілікті тұтыну
|Шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік тұтыну
~Қалада 5 қабатты үйдің жанында 27 м қашықтықта қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жинауға арналған орын орналасқан. ҚТҚ жинауға арнайы бөлінген орында қалдықтарға лық толған 4 контейнер бар, қалдықтардың контейнерге сыймаған бөлігі айналысында шашылып жатыр, атмосферада жағымсыз шіріндінің иісі сезіледі. Соңғы рет ҚТҚ 5 күн бұрын алып кетілген.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай гигиеналық шаралар қолданған жөн?
|ҚТҚ алып кету тәртібінің сақталуын қадағалау
|ҚТҚ түрін анықтау
|Өтелдеу үшін ҚТҚ сұрыптау
|ҚТҚ зияндылығы туралы тұрғындар арасында ағарту жұмысын жүргізу
|ҚТҚ тасымалдау жолын анықтау
~Ірі өндірістік қалада қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) жыл сайын көбеюде. ҚТҚ күн сайын арнайы көліктермен көму полигондарына жеткізіледі, полигон толған, ҚТҚ қабылдауға мүмкіндік болмай отыр. Қаланың ҚТҚ одан ары өтелдеудің өзекті мәселесі туындап отыр.
Берілген мәселені тиімді шешу үшін қандай шара қолданған жөн?
|ҚТҚ екіншілік өңдеу
|ҚТҚ түрін анықтау
|Көму полигондары үшін жаңа орындар бөлу
|ҚТҚ зияндылығы туралы тұрғындар арасында ағарту жұмысын жүргізу
|ҚТҚ тасымалдау жолын анықтау
~Доменді цехта технологиялық үдерістен кейін құрамында қара-сұр түсті, температурасы 450С болатын шаңды және газтәрізді заттар мен сілтілігі 20*103экв/л болатын 1000-4000 мг/л қалқыма заттары бар іркінді су пайда болды.
Берілген жағдайда өндірістік іркінді суларды тазартудың қандай әдістерін қолдану қажет?
|Механикалық және физико-химиялық
|Экстракциялық және эвапорациялық
|Регенерациялық және биохимиялық
|Биологиялық және механико-физикалық
|Термиялық және сүзгіден өткізу
~Ірі қалада құрамында органикалық және бейорганикалық, өлшенетін заттары, көптеген патогенді микроағзалары, гельминт жұмыртқалары, синтетикалық заттары бар іркінді су көп мөлшерде пайда болады.
Берілген жағдайда іркінді суларды тазартудың қандай әдістерін қолданған жөн?
|Механикалық, биологиялық және зарарсыздандыру
|Экстракциялық, физикалық және эвапорациялы
|Регенерациялық, сүзгіден өткізу және биохимиялық
|Биологиялық, механикалық и физикалық
|Термиялық, химиялық және сүзгіден өткізу
~Мұнай өңдейтін зауытта өндірістік үдеріс кезінде көп мөлшерде іркінді су түзіледі. Іркінді судың құрамында мұнай – 1500 мг/л, қалқыма заттар – 1700 мг/л, күкіртсутегі – 2000 мг/л, аммиак - 480 мг/л, меркаптан - 1000 мг/л, оттегіге биохимиялық қажеттілік – 500 г О2 /л құрайды.
Берілген жағдайда су нысандарын ластанудан қорғау үшін қандай шара қолдану қажет?
|Тазаланған суларды қайтымды жүйеде қолдану
|Тазартылған суларды өндірістің басқа түрлерінде қолдану
|Суғару алаңдарында іркінді суларды тазарту
|Билогиялық тоғандарда іркінді суларды тазарту
|Іркінді суларды химиялық тазарту
~Жағымды табиғи-климаттық факторлары бар, курорттық қалада демалушылар денсаулығын жақсарту мақсатында сауықтыру шараларын қабылдайды. Дәрігер кеңесі бойынша демалушыларға күн ваннасы 9.00-ден 11.00-ге дейін көрсетілген. Демалу аймағында кейбір демалушылар күн ваннасын қабылдаудың тәртібіне қарамастан, күннің белсенді уақытында да қабылдаған.
Күн өтудің алдын алу мақсатында бірінші кезекте қандай шаралар қолдану қажет?
|Түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|Күркелер (беседка) орнату
|Суды көп ішуді ұсыну
|Денені күннен қорғайтын заттарды қолдану
|Қыздырыну ережесін сақтау
~Автокөлік жолына жақын орналасқан көп қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерге көшелік шу мен транспорттық шу кіреді. Пәтердегі көліктік шудың деңгейін өлшегенде ол 85 дБА құрады. Тұрғындар тұрақты және үздіксіз шуға шағым айтады.
Берілген жағдайда гигиеналық мақсатта көліктік шудан қорғану үшін жасыл желектілердің қандай қасиеті қолданылады?
|Экрандаушы
|Сергітетін
|Тазартқыш
|Зарарсыздандырғыш
|Сүзгіден өткізгіш
~Ірі өндіріс орны бар қаланың атмосфералық ауасының келесі химиялық заттармен қатты ластанғандығы анықталды: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкірт және тұз қышқылдары және ауыр металдар.
Берілген жағдайда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында басқа гигиеналық шаралармен бір уақытта қандай жоспарлы шара қолдану қажет?
|Территорияны көгалдандыру
|Шаң ұстағыштарды орнату
|Жаңа технологияларды қолдану
|Ауа сапасының мониторингі
|Сүзгілер орнату
~Қала дендросаябағының ауданы 7 га алып жатыр және қызмет көрсету радиусы 2 км селитебті аймақ шегінде орналасқан.
Гигиеналық талаптарға сәйкес болу үшін қандай шаралар қолдану қажет?
|Қосымша жер телімін бөлу
|Топырақ құрамын зертханалық зерттеу
|Жергілікті әкімшілік шешімін алу
|Қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету
|Саябақ территориясын қоршау
~Ірі өндіріс орны бар қаланың атмосфералық ауасының әсіресе келесі химиялық заттармен қатты ластанғандығы анықталды: күкірт диоксиді, көміртегі оксиді, азот оксиді, күкірт және азот қышқылдары және ауыр металдар.
Берілген жағдайда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында басқа гигиеналық шаралармен бір уақытта қандай жоспарлы шара қолдану қажет?
|Санитарлық-қорғау аймақтарын кеңейту
|Шаң ұстағыштарды орнату
|Жаңа технологияларды қолдану
|Ауа сапасының мониторингі
|Сүзгілер орнату
~Кіші қалашықтың тұрғындары арасында деформацияланған остеоартрит ауруы жиі кездеседі, ауру 8-20 жас аралығындағы адамдарды зақымдайды. Аспаптық тексеру жүргізгенде, аурудың пайда болу себебі топырақ пен өсімдік құрамында стронцийдің артық мөлшерде екендігі анықталды.
Уров ауруының алдын алу мақсатында қандай гигиеналық шаралар қолдану қажет?
|Тұратын жер мен тағамды ауыстыру
|Салауатты өмір салтын жүргізу
|Жемістер мен көкөністерді қажетті мөлшерде қабылдау
|Топырақ сапасының мониторингі
|Медициналық тексеру жүргізу
~Ауылдағы бала-бақшаға баратын балаларға тереңдетілген медициналық тексеру жүргізілді. Зертханалық талдау нәтижесінде 10 балада аскаридоз бен энтеробиоз анықталды. Ауру көзін анықтау мақсатында ойыншықтар, асхана бұйымдары және құм салғыштағы топырақ тексерілді. 1 кг топырақта 7 дана гельминт жұмыртқасы табылды. Педиатр балаларға емдік шаралар тағайындады.
Берілген жағдайда қандай гигиеналық шара қолдану қажет?
|Топырақты дегельминтизациялау
|Топырақты дезактивациялау
|Қалдықтарды жою
|Топырақ сапасының мониторингі
|Топырақты суғару
~Су нысандарын ластанудан қорғаудың технологиялық шараларына қандай шаралар жатады?
|Сумен қамтамасыз етудің жабық жүйесін жасау
|Іркінді суларды залалсыздандыру
|Іркінді суларды шығаруды реттеу
|Іркінді сулардың сапасының мониторингі
|Су алу мен іркінді суларды ағызу орындарының өзара орналасуы
~Елді мекеннен 560 м қашықтықта ассенизация алаңы орналасқан. Алаң жаздық және қыстық екі учаскеге бөлінген, жер алдын ала аударылады. Жаздық алаңға шайындылар төгіледі және кепкеннен кейін жер жыртылады, сосын жемдік дақылдар сеуіп тастайды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары желсіз ауа райында күшейетін жағымсыз иістің болуына шағымданады.
Берілген жағдайда қандай шара қолдану қажет?
|Санитарлық-қорғау аймағының көлемін ұлғайту
|Алаң территориясын қоршау
|Санитарлық-қорғау аймағының көлемін қысқарту
|Алаң территориясын көгалдандыру
|Алаңды үш учаскеге бөлу
~А. қаласында тұрғын ауданның құрылыс салу жүйесі негізінен периметрлік. Қаланың климаттық жағдайы желсіз, ылғалды, әр жыл сайын қала территориясы ұлғаып жатыр.
Берілген жағдайда құрылыс салу жүйесінің қандай типін қолдану ұсынылады?
|Қатарлы
|Топтық
|Паралелльдік
|Бос
|Кешенді
~Үлкен қалада ауданы 65 га болатын жерде тұрғын құрылысы бар жаңа ықшам аудан тұрғызылып жатыр. Ықшам ауданда күнделікті қолданылатын сауда-тұрмыстық нысандар қызмет көрсету радиусы 500 м, мектепке дейінгі мекеме - радиусы 200 м, мектеп - 500 м қашықтықта орналастырылады.
Берілген жағдайда қандай шара қолдану қажет?
|Ықшам ауданның шекарасын анықтау
|Тұрғын ауданның шекарасын анықтау
|Тұрғындар тығыздығын анықтау
|Тұрғын қордың тығыздығын анықтау
|Жергілікті жердің климаттық жағдайын бағалау
~Ауылда малшаруашылық кешені бар, ауылдағы қалдықтар ретсіз өтелденеді. Кешенде сұйық минералды тыңайтқыштар қолданылады. Топырақты талдау кезінде анықталған: коли-титр - 0,001, анаэробтар титрі - 0,0001, гельминт жұмыртқалары - 1кг топырақта -115.
Берілген жағдайда топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаттамасы қандай?
|Аса қауіпті
|Қауіпсіз
|Қауіпті
|Орташа қауіпті
|Салыстырмалы қауіпті
~Электромагниттік өрістің (ЭМӨ) көзі болып саналатын тұрмыстық аспаптары бар пәтердің ас бөлмесіне санитарлық - гигиеналық тексеру жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде микротолқынды пеш басқа аспаптарға қарағанда ЭМӨ көп бөлетіні анықталды.
Берілген жағдайда отбасы мүшелерін зиянды әсерден қорғау үшін қандай шара қолдану қажет?
|Қашықтықпен сақтау
|Экран орналастыру
|Үй гүлдерін қолдану
|Шығарушы көзді оқшаулау
|Қоланудан бас тарту
Пәтерде электромагниттік өріс бөлетін тұрмыстық аспаптарды ғылыми зерттеу нәтижесінде: телевизор, электрлік плита, электрлік шәйнек, микротолқынды пеш, ұялы телефон электр желіге қосылып тұрғанда шекті рұқсат етілген нормадан асып кететін электромагниттік өріс бөлетіндігі анықталды.
Берілген жағдайда отбасы мүшелеріне жоғарыда айтылған фактордың қолайсыз әсерін төмендету үшін қандай шара қолдану қажет?
|Уақытпен қорғау
|Кеңістікпен қорғау
|Экранмен қорғау
|Жеке қорғаныс заттарымен қорғау
|Өсімдіктермен қорғау
~А. ықшам ауданында орналасқан стоматологиялық кабинетті МСЭҚБ-ң дәрігері санитарлық-эпидемиологиялық тексеру кезінде анықталған: «Б» класындағы медициналық қалдықтарды өтелдеуге арналған қорапта мерзімі көрсетілмеген, медициналық қалдықтарды өтелдеуге жасалған келісім-шарттың мерзімі өтіп кеткен, жеке бас гигиенасын сақтауға бір реттік қағаз салфеткалар жоқ.
Берілген жағдайда сәйкессіздіктерді жою үшін кандай шара қолдану қажет?
|Кемшіліктерді жою жөнінде нұсқама толтыру
|Кемшіліктер актысын толтыру
|Санитарлық - гигиеналық тексеру жөнінде нұсқама толтыру
|Анықталған кемшіліктер туралы хаттама жазу
|Айып пұл салу жөнінде хаттама жазу
~С. ықшам ауданында орналасқан шаштаразыға аудандық МСЭҚБ дәрігері жоспарлы түрде санитарлық - эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Тексеру барысында анықталды: шаштаразда келесі бөлмелер жиынтығы бар: қызмет көрсету залы - 17,5 м2 , күту залы - 6 м2, персоналдарға арналған гардеробы бар тұрмыстық бөлме - 6 м2, маникюр бөлмесі - 6 м2, санитарлы торап - 2 м2. Тексеру барысында 3 мастер жұмыс жасап жатқан. Барлық бөлмелердің ішкі әрлеуі санитарлық талаптарға сай.
Берілген жағдайда қандай шараның көмегімен санитарлық нормаларға сәйкестендіруге болады?
|Қызмет көрсету залының ауданын кеңейту
|Кресло санын азайту
|Күту залының ауданын кеңейту
|Күту залын қайта рәсімдеу
|Ғимаратқа реконструкция жүргізу
~Б. ықшам ауданында орналасқан моншаны аудандық МСЭҚБ дәрігері жоспарлы түрде санитарлық - эпидемиологиялық тексеру кезінде анықталды: моншаның жұмыс істегеніне 3 ай болған, ыдыстарда мерзімі көрсетілген дезинфекциялық ерітінділер бар. Монша келушілерді пластмассалық кірлен және резеңке аяқ киіммен қамтамасыз етеді. Аяқ киім жұмыс соңында ғана дезинфекцияланады және шкафқа салынып қойылады.
Берілген жағдайда сәйкессіздікті жою үшін төменде көрсетілген шаралардың қайсысын ұсыну қажет?
|Әр келушіден кейін дезинфекциялау, сосын кептіріп пакетке салып беру
|Жұмыс аусымының соңында дезинфекциялау, сосын кептіріп пакетке салып беру
|Бірінші ауысым соңында дезинфекциялау, сосын пакетке салу
|Жылы сабын ерітіндісімен жуып, сосын кептіру
|Фунгицидті ерітінді себіп, келушілерге беру
~Аудандық МСЭҚБ дәрігерілері жеке меншік моншаға жоспарлы санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Тексеру барысында анықталды: монша территориясы абаттандырылған, қоршалған, көгалдандырылған. Қоқыстар ғимараттан 15 метр қашықтықта орналасқан беті ашық контейнерлерге тасталынады. Алаң қоршалмаған, асфальтталмаған, контейнердің жағдайы қанағаттанарлық.
Санитарлық талаптарды сақтау үшін ең алдымен қандай санитарлық гигиеналық шараларды қолдану кажет?
|Алаңды 25 м кем емес қашықтықта орналастыру
|Контейнерлерді қақпақтармен қамтамасыз ету
|Алаңды 15 м кем емес қашықтықта орналастыру
|Қоқыс тастайтын алаңды қоршау
|Қажетті мөлшерде контейнерлермен қамту
~Қалалық МСЭҚБ-ның мамандарымен жеке меншік стоматологиялық кабинетті кешенді санитарлық тексеру кезінде анықталды: медициналық қызметкер қол жуу ережесін сақтайды, сұйық сабын және бір рет қолданатын салфеткалары бар. 1-стоматолог дәрігер, 1- тіс дәрігері, 1- санитарка жұмыс жасайды. Медициналық қызметкер арнайы киіммен қамтамасыз етілген, медициналық қолғаппен жұмыс жасайды. Кварц шамдары бар. Тексеру кезінде ішек таяқшасының тобының бактериясын анықтау үшін 30 жұғынды алынды, оның 2 талдау нәтижесінде оң болып шықты.
Берілген жағдайда ең алдымен қандай шара қолдану қажет?
|Медициналық қызметкерлерді медициналық тексеруге жіберу
|Қызметкерлерді медициналық қолғаптармен қамтамасыз ету
|Кварц шамының жұмыс істеу уақытын бақылау
|Дезинфекция заттарын жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету
|Бөлмеде ылғалды жинау жүргізу
~Дене шынықтыру институтында спорттық - жүзу бассейні бар. Бассейнде сабақтар және спорттық жарыстар өткізіледі. Сабақ кезінде шу деңгейі 30 дБА-ге дейін жетеді, ал жарыс кезінде шу деңгейі 120 дБА дейін жетеді.
Жоғарыда көрсетілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық шара қолдану қажет?
|Дыбысты оқшаулайтын материалдарды қолдану
|Сабақтың ұзақтығын қысқарту
|Спорт жарыстарының санын қысқарту
|Дыбысты генерлейтін материалдарды қолдану
|Қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу
~Қалалық сараптама орталығына жүзу бассейннен алынған су сынамалары жеткізілді. Зертханалық тексеру кезінде анықталды: судың лайлылығы – 3мг/л, түстілігі - 300, иісі – 3 балл, жалпы миркроб саны – 250.
Берілген жағдайда қандай санитарлық - эпидемияға қарсы шара қолдану қажет?
|Суды тазарту және зарарсыздандыру
|Суды тазартудан кейін тазарту және зарарсыздандыру
|Суды дегазациялау және дезодарациялау
|Суды дезинфекциялау және дезактивациялау
|Суды хлорлау және ультракүлгінмен сәулелендіру
~МСЭҚБ мамандарымен жеке меншік жүзу бассейннің жабық түрін жоспарлы түрде санитарлық - эпидемиологиялық тексеру кезінде анықталды: ересектерге арналған бассейн ваннасындағы судың температурасы - 260С, балаларға арналған бассейнде – 300С, ересектерге арналған бассейнде ауаның температурасы - 280С, балалар бассейнінде - 320С, ересектерге арналған залда салыстырмалы ылғалдылық - 75%, балалар залында - 68%, ауаның қозғалыс жылдамдығы – 0,2 - 0,3м/с.
Берілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық шара қолдану қажет?
|Желдету жүйесінің жұмысын анықтау
|Қосымша желдету жүйесін орналастыру
|Әрбір залға термометрлер орналастыру
|Әр сағат сайын бассейннің микроклиматын тексеру
|Әр апта сайын бассейн микроклиматына мониторинг жүргізу
~МСЭҚБ мамандары қыс мезгілінде ашық типті бассейннің санитарлық-эпидемиологиялық тексеруде келесілер анықталды: ашық бассейн селитебті аймақта орналасқан, бассейннің территориясы қоршалған, аббаттандырылған, судың температурасы - 270С, түстілігі - 200, иісі - 3 балл, лайлылығы - 2,0 мг/л, қалдық хлордың мөлшері - 0,6 мг/л.
Берілген жағдайда қандай шара қолдану қажет?
|Бассейннің суын жылыту
|Бассейннің суын зарарсыздандыру
|Бассейннің суын тұндыру
|Бассейннің суын рециркуляциялау
|Бассейннің суын салқындау
~Қалалық сараптама орталығына балалар бассейннен алынған су сынамалары жеткізілді. Бассейн суын зертханалық тексеру кезінде анықталды: судың температурасы - 300С, түстілігі - 200С, лайлылығы - 2,0 мг/л, иісі - 3балл, ішек таяқшасы қоздырғыштары - 10, жалпы микроб саны - 130.
Берілген жағдайда қандай санитарлық – эпидемияға қарсы шара қолдану қажет?
|Бассейннің суын озондау
|Бассейннің суын дезактивациялау
|Бассейннің суын дезодорациялау
|Бассейннің суын тазарту
|Бассейннің суын дегазациялау
~Ірі қалалардың атмосфералық ауасының ластаушы көздерін анықтау мақсатында, автокөліктердің шығарынды газдарына аспаппен тексеру жүргізілді. Зерттеу нәтижесі бойынша анықталды: автокөліктердің шығарынды газдарының құрамында көміртегі оксиді, альдегидтер, кетондар, көмірсулар, сутегі, ыс, қорғасын қосылыстары, күкірт диоксиді, азот оксиді және олардың мөлшерлері шектеліп рұқсат етілген нормадан 5-8 есе жоғары.
Жоғарыда көрсетілген жағдайда ең алдымен қандай шара қолдану қажет?
|Әкімшілік және кешенді
|Санитарлық-техникалық және құқықтық
|Технологиялық және санитарлық – гигиеналық
|Сәулеттік-жоспарлы және құқықтық
|Мемлекеттік және жоспарлы
~К. ірі қаласының өндірістік аймағында тұрғын үйлерден 720 м қашықтықта қорғасын зауыты орналасқан.
Жоғарыда сипатталған жағдайды қалай бағалауға болады?
|Санитарлық - гигиеналық талаптардың бұзылуы
|Санитарлық - техникалық жағдайлардың ауытқуы
|Қаланың әлеуметтік даму мүмкіндігі
|Географиялық жағдайлардың өзгеруі
|Өндірістік - тұрмыстық факторлардың артуы
~Ш. қаласында әр көктемде ағаштар отырғызылады.
Ғазға тұрақтылар қатарына қандай ағаштар мен бұталар жатады?
|Батыс туясы
|Үлпілдек қайың
|Солтүстік туясы
|Кәдімгі қарағай
|Кәдімгі шырша
~Н. деген ірі қаланың өндірістік аймағында тұрғын үйлерден 630 метр қашықтықта қорғасын зауыты орналасқан.
Берілген жағдайда санитарлық - гигиеналық талаптардың бұзылуы қандай зардапқа алып келеді?
|Қоршаған ортаның ластануына
|Экономиканың қарқынды өсуіне
|Жерді қарқынды пайдалануға
|Дүркін шығарудың санын қысқартуға
|Жасыл желектерді жоюға
~А. ірі өндірістік қаласының тұрғындары, МСЭҚБ-на шағым жазды. Олар атмосфералық ауаның ластануына шағымданды және территорияда орналасқан ластаушы көздерді атап көрсеткен: ЖЭО, автокөлік, нан зауыты.
Берілген жағдайда, ластанудың қандай гигиеналық зардабы болуы мүмкін?
|Өмір сүрудің санитарлық жағдайы нашарлайды
|Қаланың экономикалық дамуы жақсарады
|Қаланың экономикалық дамуы нашарлайды
|Өмір сүрудің әлеуметтік жағдайы жақсарады
|Өмір сүрудің санитарлық жағдайы жақсарады
~Т. ықшам ауданында жол бойында тәулік бойы жұмыс жасайтын жанар-жағар май стансасы орналасқан. Жақын орналасқан үйлермен арақашықтық 50 метр, тұрғындар желді ауа райында шығатын жағымсыз иіске шағымданады.
Берілген жағдайда қандай санитарлық-гигиеналық сәйкессіздік байқалады?
|Жоспарлы
|Техникалық
|Технологиялық
|Әкімшілік
|Эпидемиологиялық
~МСЭҚБ бас мамандары студенттік жатақхананы жоспарлы санитарлық-эпидемиологиялық тексергенде анықтады: территория таза, қоршалған, көгалдандырылған. Жалпы санитарлық жағдайы жақсы. Жуухана мен себезгі жұмыс істемейді. Студенттер кірлерін бөлмелерінде жуады.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік байқалады?
|Санитарлық – гигиеналық
|Санитарлық – техникалық
|Технологиялық
|Әкімшілік
|Жоспарлы
~МСЭҚБ және әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен Н. деген жаңа ықшам ауданның санитарлық жағдайына кешенді тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесінде анықталды: қоқыс жинағыштарда тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) көп жиналған, көшелерде қағаздар, пластмасс бөтелкелер шашылып жатыр, жеке меншік нысандар территориялары қардан тазаланбаған.
Берілген жағдайға төменде ұсынылған шаралардың ең тиімдісін таңдаңыз:
|ТҚҚ уақытылы шығарылуын бақылауды күшейту
|Тұрғындар арасында түсіндірме жұмысын жүргізуді белсендіру
|Ай сайын сенбіліктер ұйымдастыру
|ТҚҚ жинайтын орындар санын көбейту
|МСЭҚ жұмысын күшейту
~Т. елді мекенінің желді әрі шеткі жағында минералды су көзі бар шипажай орналасқан. Шипажайдың жер телімінің шекарасының тұрғын аймақтан арақашықтығы 890 мертді құрайды. Шипажай территориясында келесі функционалдық аймақтар бар: тұрғын, мәдени – көпшілік, денешынықтыру – сауықтыру, медициналық, әкімшілік, шаруашылық және техникалық мақсаттағы аймақ. Жергілікті жердің климаттық жағдайы күрт континентальды.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік орын алып отыр?
|Елді мекенге жақын орналасуы
|Елді мекеннен алыс орналасуы
|Ойын аймағының болмауы
|Сауда алаңының болмауы
|Жел бағытының ескерілмегендігі
~Орманды массивте асқазан – ішек жолының ауруларын емдеуге арнайыландырылған курорттық мекеме орналасқан. Курорт территориясы аббаттандырылыған, биіктігі 1,2 м болатын қоршаумен қоршалған, территорияның кейбір жерлерінде түнде жарық болмайды, территорияға кіретін 2 жол бар.
Берілген жағдайда қандай шара қолдану қажет?
|Қоршаудың биіктігін 1,6 м-ге көтеру және барлық территорияны жарықпен қамту
|Келушілерді қосымша кіретін жолмен қамту
|Террторияны көгалдандыру пайызын арттыру
|Қоршаудың биіктігін 2,0 м-ге көтеру және шектелген территорияны жарықпен қамту
|Тәулік бойы күзетпен қамту
~Жеке меншік медициналық орталықты медициналық ЖОО студенттерімен санитарлық – эпидемиологиялық тексергенде анықталды: медициналық орталық жеке тұрған ғимаратта орналасқан, территориясы қоршалған, көгалдандырылған, 2 қоқыс жинайтын контейнер үшін алаң бар, территория жиналған. Барлық медициналық қызметкерлер медициналық тексеруден өткен, арайы киіммен қамтылған. Кабинеттерде қоқысты жинауға және қауіпсіз өтелдеуге арналған контейнерлер белгіленбеген, «Б» класты қалдықтар екі тәулік сақталған.
Жоғарыда айтылған жағдайда санитарлық талаптар бойынша қандай сәйкессіздік орын алып отыр?
|Медициналық қалдықтарды дұрыс сақталмағандығы
|Медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткендігі
|Медициналық орталық дұрыс орналастырылмағандығы
|Қоқыс жинайтын контейнерлер санының жеткіліксіздігі
|Медициналық орталық территориясының жеткіліксіз көгалдандырылғандығы
~Жеке меншік медициналық орталықты медициналық ЖОО студенттерімен санитарлық – эпидемиологиялық тексергенде анықталды: медициналық орталық жеке тұрған ғимаратта орналасқан, территориясы қоршалған, көгалдандырылған, 2 қоқыс жинайтын контейнер үшін алаң бар, территория жиналған. Барлық медициналық қызметкерлер медициналық тексеруден өткен, арайы киіммен қамтылған. Кабинеттерде қоқысты жинауға және қауіпсіз өтелдеуге арналған контейнерлер белгіленбеген, «Б» класты қалдықтар екі тәулік сақталған.
Берілген жағдайда МСЭҚБ-ң бас маманы қандай шаралар қолдануы керек?
|Санитарлық тексеру актісін және нұсқама толтыру
|Санитарлық тексеру актісін толтыру және айып пұл салу
|Медициналық қалдықтарды тіркеу журналын толтыру
|Санитарлық тексеру хаттамасын және келу-кету журналын толтыру
|Жұқпалы ауруларды тіркеу журналын толтыру
~МСЭҚБ-ң мамандары жеке меншік стоматологиялық кабинетті санитарлық – эпидемиологиялық тексергенде анықтады: стоматологиялық кабинет тұрғын ғимараттың төменгі қабатында орналасқан, территориясы қоршалған, көгалдандырылған, жиналған. Барлық медициналық қызметкерлер медициналық тексеруден өткен, арайы киіммен қамтылған. Кабинеттерде қоқысты жинауға және қауіпсіз өтелдеуге арналған контейнерлер белгіленбеген, «Б» класты қалдықтар екі тәулік сақталған.
Берілген жағдайда қандай шара қолдануы керек?
|Қалдықты уақытша сақтайтын бөлмелерде тоңазытқыш қондырығысын қолдану
|Ыдысты қолданып, оны қалдықты уақытша сақтайтын бөлмеде орналастыру
|Территорияда орналасқан қоқыс контейнерлерін қоқысты шығарғанға дейін қолдану
|Қалдықтарды үнемі сақтайтын бөлмелердегі стеллаждарды пайдалану
|Жеке тұрған ғимаратта бөлме бөлу
~Мейрамхана үшін қатты қалдықтардың жинақталу нормасының өлшем бірлігі қандай?
|1 орын
|В1 тәулік
|1 ұяшық
|1 куб метр
|1 кереует
~Көпсалалы облыстық ауруханада көптеген бөлімшелер бар.
Ауаның бактериалды тазалығы талап етілетін ерекше таза (А) класына қандай бөлмелер жатқызылады?
|Жетілмеген балалар палаталары, күйік палаталары
|Балалар палаталары, егу бөлмесі
|Ана сүтін жинау мен пастеризация бөлмесі
|Хирургиялық бөлімдер палатасы, дәліздер, бокстар
|Қарау бөлмелері, дәріханалар бөлмелері мен санитарлық бөлмелер
~Көпсалалы облыстық ауруханада көптеген бөлімшелер бар.
Ауаның бактериалды тазалығы талап етілетін ғимараттардың шартты таза (В) класына қандай бөлмелер жатқызылады?
|Босану залдарына жанаспалы дәліздер
|Босану залдары, асептикалық блоктар, күйік палаталары
|Гемотологиялық палаталарға жанаспалы дәліздер
|Дәріханалардың асептикалық бөлмелері
|Ота жасау блогы, жұқпалы бөлімдер палаталары
~Медициналық ЖОО студенттерімен қалалық аурухананың аурухана ішілік шу деңгейін аспаптық тексеру барысында анықталды: күндізгі уақытта шу деңгейі адамдардың сөйлесуінен – 75 дБА, лифттің жұмысынан – 85 дБА дейін құрады.
Берілген жағдайда қандай іс-шара қолдану қажет?
|Қорғау режимін сақтау
|Адамдардың қозалу кестесін құрастыру
|Санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау
|Науқастар мен мамандарға сұрастыруды жүргізу
|Қосымша кезекші бекеттерді ұйымдастыру
~Облыстық көпсалалы аурухананың терапевтикалық бөлімінің көпшілік науқастары бөлім меңгерушісіне келесі шағымдарымен келді: ұйқының бұзылуы, жоғары қозғыштық, жиі бас ауруы, тез шаршағыштық.
Берілген жағдайда науқастардың шағымдануына не себеп болды?
|Жоғары шу деңгейі
|Төмен ултьрадыбыс деңгейі
|Оңтайлы инфрадыбыс деңгейі
|Шекті электромагниттік өріс деңгейі
|Жоғары діріл деңгейі
~Қалалық балалар ауруханасында 3 балада тұмау белгілері анықталуына байланысты карантин жарияланды.
Берілген жағдайда қандай іс-шаралар жүргізілуі тиіс?
|Санитариялық-эпидемиологиялық режимді күшейту
|Ауруханаішілік режимді сақтау
|Түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|Персоналды медициналық қараудан өткізу
|Санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау
~Ауруханаішілік ортаны оңтайландыру мен тәжірибеде ауруханаішілік инфекциялардың арнайы емес алдын алу мақсатында қандай іс-шараларды жүргізу қажет?
|Архитектуралық-жоспарлау
|Ұйымдастыру-әкімшілік
|Ұйымдастыру-әдістемелік
|Нормативті-құқықтық
|Технологиялық
~Ғалымдармен түстік спектрдің науқастардың жағдайына эстетикалық және психологиялық әсерін тәжірибелік зерттеу барысында, қызыл және көгілдір түстер вегетативті жүйке жүйесіне тамырларды тарылтушы және жүрек-қан тамыр жүйесінің интенсивтілігін жоғарылатушы фактор ретінде әсер ететіні анықталды.
Қандай аурулар кезінде осындай түстер палаталарды әрлеу үшін пайдалануға ұсынылады?
|Гипотония мен жүрек жұмысының әлсіреуінде
|Гипертония мен жүрек жұмысының күшеюінде
|Тамыр жүйесінің аурулары кезінде
|Қалқанша безінің аурулары кезінде
|Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде
~Облыстық статистика бөлімі 2014 жылдың есебін жасады.
Атмосфералық ауаның ластануының әсерін сипаттайтын тұрғындар десаулығы жағдайын бағалау үшін қандай көрсеткіштер ақпаратты болып табылады?
|Өлім, туылу
|Жалпы аурушаңдық, өлім
|Балалар аурушаңдығы, жұмысқа қабілеттілікті жоғалту
|Патологиялық зақымдалу, физикалық даму
|Аналар өлімі, түсік жасату саны
~Елді мекен өндірісті аймақтан 2 км қашықтықта орналасқан.
Елді мекен аумағындағы атмосфералық ауадағы заттың орташа тәуліктік шектеулі рұқсат етілген мөлшері деген не?
|Адамдардың денсаулығы мен хал-жайына зиянды әсер етпейтін мөлшер
|Адамдардың денсаулығы мен хал-жайына зиянды әсер ететін мөлшер
|Заттың шектеулі құрамының уақытша гигиеналық нормативі
|Адамға қысқа мерзімде әсер еткенде иіс шығармайтын максималды мөлшер
|Адамға қысқа мерзімде әсер еткенде адамға тітіркендіргіш әсер етпейтін минималды мөлшер
~Улы химикаттарды сақтау қоймасын пайдалануды аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының мамандары гигиеналық зерттеу барысында атмосфералық ауада органикалық емес препараттар 500 м қашықтықта, хлорорганикалық заттар – 600м, ал фосфорорганикалық қосылыстар қоймадан 900 м қашықтықта анықталғаны белгілі болды.
Берілген жағдайда қандай шаралар кешенін қолдану қажет?
|Санитариялық-гигиеналық
|Архитектуралық-жоспарлау
|Нормативті-құқықтық
|Әкімшілік-құқықтық
|Ұйымдастырушылық
~Ірі қаланың шетінде ашық су көзі орналасқан. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандарының су сынамасын жоспарлы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру барысында қорғасын, кадмий, мырыш ШРЕК 3 есе жоғары екендігі анықталды.
Берілген жағдайда қандай іс-шаралар жүргізу қажет?
|Технологиялық, санитарлық-техникалық
|Механикалық, химиялық
|Физико-химиялық, архитектуралық
|Негізгі, қосымша, облыстық
|Техникалық, қоғамдық
~Ж. елді мекенінде аумақты геологиялық зерттеу барысында жеткілікті дебиті жеткілікті жабық су көзі анықталды.
Берілген жағдайда қандай су алу құрылғылары қолданылуға болады?
|Бұрғылау ұңғымасы, шахталық құдықтар
|Жедел сүзгілер, жанаспалы жарықтандырушылар
|Тік тұндырғыштар, құбырлы құдықтар
|Метатенктер, аэросүзгілер, аэротенктер
|Екіншілік тұндырғыштар, жай сүзгілер
~А. қаласындағы мұнай өңдеу зауытының маңында орналасқан ашық су көзінің іркінді суын жоспарлы санитариялы-гигиеналық зерттеу барысында су құрамында айтарлықтай мөлшерде мұнай анықталды.
Берілген жағдайда қандай іс-шараларды пайдаланған барынша тиімді болып табылады?
|Технологиялық
|Санитарлық-техникалық
|Жоспарлы
|Қосымша
|Негізгі
~ОҚО Көксарай су қоймасы салынды.
Беткейлік су нысандарын қорғау бойынша санитарлық-техникалық шараларға қандай әдістер жатады?
|Физико-химиялық, механикалық және биологиялық
|Жоспарлы-архитектуралық, технологиялық
|Әкімшілік-құқықтық, қосымша
|Математикалық, механикалық, модельдеу
|Залалсыздандыру, дезактивациялау, дезодорациялау
~Т. қаласының әкімшілігі соңғы 10 жылда су шығыны орташа 5,2 есеге артқандығын анықтады.
Берілген жағдайда суды үнемдеу үшін қандай іс-шараларды пайдалану қажет?
|Ғимараттарда су өлшеу есептеуішін орнату
|Су шығынының көлемін мониторнигілеу
|Су сапасын үздіксіз бақылау
|Пайдаланылған су құнын жоғарылату
|Су қысымын реттегішті алып тастау
~Шипажайлық қалашықтың ауа райын жоспарлы гигиеналық зерттеу барысында, ауа райы негізінде біркелкі ылғалды, тыныш (желдің жылдамдығы 3 м/с жоғары емес) және көбіне күншуақты, ауа температурасының тәуліктік ауытқуы 2ºС, атмосфералық қысым ауытқуы – сынап бағанасы бойынша 3 мм.
Берілген жағдайда ауа райының қандай түрі жайлы айтылған?
|Клиникалық оңтайлы
|Клиникалық тітіркендіргіш
|Клиникалық жедел
|Клиникалық Жеделдеу
|Физиологиялық оңтайлы
~Медициналық ЖОО студенттерімен жүргізілген ғылыми зерттеу Н. қаласындағы ауа райы келесі көрсеткіштерімен сипатталатынын анықтады: салыстырмалы ылғалдылық 90%, тәулік аралық температураның ауытқуы 4ºС аспайды, атмосфералық қысым – сынап бағанасы бойынша 6 мм, желдің жылдамдығы 9 м/с жоғары емес.
Берілген жағдайда ауа райының қандай түрі жайлы айтылған?
|Клиникалық тітіркендіргіш
|Клиникалық оңтайлы
|Клиникалық жедел
|Физиологиялық тиімді
|Комфорттық
~Медициналық ЖОО студенттерімен жүргізілген ғылыми зерттеу С. қаласындағы ауа райы келесі көрсеткіштерімен сипатталатынын анықтады: салыстырмалы ылғалдылық 90% жоғары, тәулік аралық температураның ауытқуы 4ºС асады, атмосфералық қысым – сынап бағанасы бойынша 6 мм, желдің жылдамдығы 9 м/с жоғары. Ауа райы жауынды, бұлтты және желді.
Берілген жағдайда ауа райының қандай түрі сипатталынған?
|Клиникалық жедел
|Клиникалық тітіркендіргіш
|Клиникалық оңтайлы
|Физиологиялық оңтайлы
|Шұғыл континентальді
~«Климаттық аймаққа» анықтама беріңіз
|Климаттық белгілер бойынша бөлінетін аумақ
|Климаттық белбеу бойынша бөлінетін аумақ
|Санитарлық-қорғаныс аймағы бойынша бөлінетін аумақ
|Жоғары инсоляциямен бөлінетін аумақ
|Күрделі, ашық аумақтық жүйе
~С. елді мекенінің аумағын гигиеналық тексеру қорытындысы бойынша жол жиегінде жоғары вольтты желі бағаналарының бар екендігі анықталды. Санитарлық-қорғау аумағында автокөліктерге арналған тұрақ орналасқан.
Берілген жағдайда гигиеналық тұрғыда қандай бұзушылық жіберілген?
|Автотұрақтың орналасуы рұқсат етілмейді
|Автотұрақтың орналасуы рұқсат етіледі
|Санитарлық-қорғаныс аймағы орналастырылмайды
|Санитарлық-қорғаныс аймағығның көлемін жергілікті әкімдік орнатады
|Елді мекен мен желі арасындағы қашықтық сақталмаған
~Қалалық аурухананы СЭС мамандары гигиеналық аспаптық зерттеу барысында физиокабинетте электромагниттік өріс көзінің 3 ШРЕД 1,1 есе асатындығын анықтады. Медициналық персоналмен сөйлесу барысында олар медициналық тексеруден жылына 1 рет өтетіндігі белгілі болды.
Берілген жағдайда жұмысшылардың ағзасында бірінші кезекте қандай өзгерістер болуы мүмкін?
|Көз бұршағында
|Өт бөлінуінде
|Ас қорытуда
|Қан түзілуінде
|Ақуыз синтезінде
~Медициналық ЖОО студенттерімен 5 отбасы тұратын тұрғын үй ғимаратын ғылыми зерттеу барысында үлкен көрінетін шаң бөлшектері анықталды. Ауа сынамасын зерттеу қорытындылары бойынша анықталғаны: шаңның майда бөлшектері, үй және зең саңырауқұлақтарының споралары, бактериялар.
Берліген жағдайда қандай іс-шараларды ұсыну қажет?
|Күнделікті ылғалды жинау жүргізу, жиі желдету
|Ауабаптағыш және жалюзи орнату
|Тұрғын бөлмелерде механикалық желдету орнату
|Ластану деңгейін үнемі анықтау
|Қосымша тұрғын аудан бөлу
~Шағын қалада жылумен қамтамасыз ететін 2 ЖЭС орналасқан. Жергілікті органдармен шығарыстардың қоршаған ортаға әсерін сипаттау мақсатында бақылау бекеттерін орналастыру шешілді.
Берілген жағдайда бақылау бекеттерінің қай түрін қажет?
|Факел асты
|Жылжымалы
|Стационарлы
|Экологиялық
|Бақылау
~ЖЭС маңында орналасқан Н. шағын ауданының тұрғындары үнемі құрғақ жөтелге, лоқсуға, бас ауыруына, әлсіздікке, брадикардияға жиі шағымданады. Атмосфералық ауаны аспаптық тексеру барысында келесі химиялық элементтер анықталды: көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксиді.
Берілген жағдайда жоғарыда атап көрсетілген заттар ағзаға лимиттеуші көрсеткіштер бойынша қандай әсер етуі мүмкін?
|Рефлекторлық және резорбтивті
|Өтайдағыш
|Тератогенді және канцерогенді
|Гепатогенді және аллергенді
|Дезинтоксикациялық
~Көп қабатты үйдің тұрғыны Д. МСЭҚБ-на пәтерін жөндеу барысында ұзақ уақыт бойы тескіш (дрель) қолдануына байланысты көршісіне шағым айтып келді.
Тескіш (дрель) шығаратын шудың негізгі сипаттамасы қандай?
|Үздікті
|Біртекті
|Кең жолақты
|Биіктігі
|Тұрақтылық
~Өндірістік қалада атмосфералық ауаны зиянды қауіпті заттармен ластанудан қорғауға бағытталған аймақтық шаралар жүргізу жоспарлануда.
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекетті қандай құжатты пайдаланып жүзеге асыруға болады?
|Экономикалық аудан бойынша өндірістік күштерді дамыту және орналастыру сызбасын
|Қала территориясы бойынша әскери күштерді дамыту және орналастыру сызбасын
|Қала аудардары бойынша сауда нүктелерін дамыту және орналастыру сызбасын
|Қала құрылысын салу құжатының «Санитарлық тапсырма» бөлімін
|Қала құрылысын салу құжатының «Санитарлық - техникалық жағдайын» бөлімін
~Ірі қалада адамдардың супермаркетке кіруі тәулігіне орта есеппен 300-ден аса адамды құрайды.
Берілген жағдайда тұрақсыз шудың негізгі сипаттамасы қандай?
|Импульсивті
|Біртекті
|Кең жолақты
|Биіктігі
|Тұрақтылық
~Атмосфералық шығарыстарды тазарту үшін мультицклон пайдаланылады.
Берілген жағдайда жоғарыда атап көрсетілген шаң ұстағыш құрылғы қандай мақсатпен пайдаланылады?
|Химиялық газдарды тазарту үшін
|Ірі диспрерсті қатты заттарды тазарту үшін
|Сұйықтықты тазарту үшін
|Майда дисперсті қатты заттарды тазарту үшін
|Бу тәрізді заттарды тазарту үшін
~Сараптама орталығының мамандарымен атмосфералық ауа ластануының деңгейін анықтау үшін аспаптық зерттеу жүргізілді.
Тәжірибе жүзінде атмосфераның жерге жақын бөлігінің ластану деңгейін сипаттауға қабылданған шамалар:
|Максималды бір реттік мөлшер, орташа тәуліктік мөлшер
|Минималды тәуліктік мөлшер, максималды бір реттік мөлшер
|Максималды тәуліктік мөлшер
|Минималды бір реттік мөлшер
|Максималды жер маңы мөлшері, орташа тәуліктік жер маңы мөлшері
~Ш. қаласында орта бизнесті қолдау мақсатында бекітілген санитариялық – қорғау аймақтарымен 3 өндіріс нысандарын салу жоспарлануда.
Тәжірибе жүзінде санитариялық-қорғау аймағын (СҚА) түзету қандай жағдайларда жүргізіледі жүргізіледі?
|Жел бағытының қайталануы 12,5 % жоғары болғанда
|Жел бағытының қайталануы 50 % жоғары болғанда
|Жел бағытының қайталануы 0,5 % жоғары болғанда
|Жел бағытының қайталануы 10 % жоғары болғанда
|Жел бағытының қайталануы 20 % жоғары болғанда
~Мұнай өңдеу зауытынан атмосфералық ауаға көмірқышқыл газы, метан, көміртегі тотығы шығарылады.
Атмосфераға шекті рұқсат етілген шығарысты анықтау барысында қандай көрсеткіш есепке алынады?
|Шаң ұстағыш қондырғының пайдалы әсер коэффициенті
|Шаң ұстағыш қондырғының ауданының жалпы көлемі
|Барлық компоненттермен ластану деңгейінің сандық сипаттамасы
|Статистикалық шынайы шама
|Жергілікті жердің климаты және жел раушаны
~Мұнай өңдеу зауытынан атмосфералық ауаға көмірқышқыл газы, метан, көміртегі тотығы шығарылады.
Атмосфера ластануының адам ағзасына созылмалы әсер етуін бағалауда ШРЕМ қандай көрсеткіші қолданылады?
|Орташа тәуліктік
|Максималды бір реттік
|Иіс сезіну шегі
|Тәжірибедегі шекті мөлшер
|Тәжірибедегі әсерсіз шек асты
~Медициналық жоғары оқу орнының студенттерімен орта мектепті аспаптық санитарлық тексеру кезінде сыртқы жарықтану 3800 лк, оқу залында кітапхананың 150 лк құрады.
Берілген жағдайда табиғи жарықтану коэфициентінің (ТЖК) көрсеткіші қандай болады?
|3,9 %
|1,5 %
|1,2 %
|4,2 %
|5,0 %
~Аудандық аурухана палаталарын аспаппен санитарлық тексеру кезінде 50 м.кв. ауданы бар палата қуаттылығы 200 Вт болатын 6 шаммен жарықтанады, коэффициент е=2,5.
Берілген жағдайда жарықтанудың лк берілген деңгейі қандай болады?
|60
|30
|70
|80
|120
~Жоғары оқу орны студенттерімен тұрғын бөлмені ғылыми зерттеу кезінде бөлменің ауданы 72 м2, көлемі 3х3 болатын 2 терезенің бар екендігі анықталды.
Берілген жағдайда жарық коэффициентінің шамасы қанша болады?
|1:4
|1:3
|1:2
|1:5
|1:6
~Ауданы 40 м2, 100 Вт болатын 4 қыздыру шамымен жарықтанатын, желідегі қуаты 220 В (е=2,5) болатын тұрғын бөлменің лк жарықтануы қандай?
|25
|15
|35
|45
|55
~Ота жасау бөлмесінің ТЖК деңгейін анықтаңыз, егер де бөлме ішіндегі жарықтану 200 лк, ал сыртқысы 20000 лк тең болса:
|1,0%
|0,5%
|1,25%
|1,5%
|1,75%
~А. шағын ауданының үйлері үлкен автомобиль жолының жиегінде орналасқан.
Берілген жағдайда қандай шара шудың таралу жолына бағытталған тобына жатады?
|әртүрлі экрандаушы заттарды жасау
|двигательдерді жетілдеру
|қоршау конструкцияларды таңдау
|автокөліктің қозғалысы
|тиімділігі жоғары сөндіргішпен қамту
~А. қаласында территорияның кеңеюіне байланысты тұрғын үйлерді қарқынды салу жүріп жатыр.
Тұрғын қор тығыздығының нормативі неге тәуелді болады?
|Құрылыстың қабатына
|Ауа-райы жағдайына
|Жыл мезгіліне
|Қала категориясына
|Поселка категориясына
~Аудандық шаштаразда қажетті қызметтерді көрсетуге арналған құралдар бар.
Санитариялық ереженің талабына сәйкес сақалға сабын жаққышты (кисточка) өңдеу үшін залалсыздандырудың қандай түрі қолданылады?
|УКС
|Қайнату
|Хлорлау
|Сүрту
|Спиртпен сүрту
~К. қаласында автокөліктер мен теміржолдардың бойына жасыл желектер отырғызылған.
Берліген жағдайда отырғызылған ағаштар қандай топқа жатады?
|Шектеліп пайдаланылатын жасыл желектерге
|Жалпы пайдаланылатын жасыл желектерге
|Арнайы тағайындалған жасыл желектерге
|Жеке пайдаланылатын жасыл желектерге
|Пайдалануға тыйым салынған жасыл желектерге
~Қаланы салу жоспарлануда. Жергілікті жердің бедері қыратты, беткейінің еңісі 20% жоғары, грунт суы 2-3 м тереңдікте жатыр. Шудың фоны 40-50 дБА деңгейінде. Ең ыстық айдағы орташа температура +250С, салқын айда - 100С.
Берілген жағдайға қандай қорытынды беруге болады?
|Территория жер бедеріне байланысты құрылыс салуға жарамсыз
|Территория ауа-райына байланысты құрылыс салуға жарамсыз
|Территория құрылыс салуға жарамды
|Территория грунт суларының жоғары тұруына байланысты құрылыс салуға жарамсыз
|Территория шудың деңгейіне байланысты құрылыс салуға жарамсыз
~Жобада ықшам ауданның тұрғын қорын анықтау үшін, ауданның климаты, тұрғын қордың ауданы және ықшам ауданның ауданы берілген.
Осы берілген мәліметтер тұрғын қордың тығыздығын анықтау үшін жеткілікті ме?
|құрылыстың қабаты туралы мәлімет жоқ
|бұл мәліметтер керек емес
|жеткілікті
|тұрғын құрылыстың тығыздығы туралы мәлімет жоқ
|тұрғындардың саны туралы мәлімет жоқ
~Ауданы 10 га жобаланған ықшам ауданда тұрғын қор 50 мың. м2 құрады. Тұрғын қордың тығыздығын анықтаңыз:
|5 мың. м2
|10 мың. м2
|20 мың. м2
|50 мың. м2
|100 мың. м2
~Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында қара метталургия өндірісінде газдан тазарту әдісі қолданылады. Ауаны тазарту кезінде температура 60о С-дан 250о С-ға дейін жетеді. Газдан тазарту қондырғысы ауада аэрозольдің мөлшері 0,5 мг/см3 аспағанда анағұрлым тиімді болады.
Берілген жағдайда қандай қондырғы қолдану керек?
|Талшықты сүзгі
|Маталық сүзгі
|Скруббер
|Көбікті құрал
|Циклон
~Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында жаңа түсті метталургия өндірісінде шаң ұстағыш қондырғы пайдалану жоспарлануда.
Берілген жағдайда қай қондырғы анағұрлым тиімді деп саналады?
|Электросүзгілер
|Талшықты сүзгілер
|Маталық сүзгілер
|Түйіршікті сүзгілер
|Баяу сүзгілер
~Көмір өндірістік кәсіпорында бөлшегінің көлемі 1 мкм болатын шаңнан тазарту үшін арнайы қондырғы қолданады.
Берілген жағдайда қандай қондырғы қолданған ыңғайлы?
|Маталық сүзгілер
|Циклондар
|Суландырғыш скрубберлер
|Мультициклондар
|Көбікті құралдар
~Цемент зауытында бөлшегінің көлемі 10 мкм болатын шаңнан тазарту үшін гаң ұстағыш қондырғы қолданылады.
Берілген жағдайда маталық сүзгіден кейін қай шаң ұстағыш ең тиімді болып табылады?
|Электрсүзгілер
|Түйіршікті сүзгілер
|Мультициклондар
|Талшықты сүзгілер
|Циклондар
~Санитариялық-гигиеналық зерттеу кезінде, А. қаласының атмосфералық ауасына негізінен сонда бар өндірістерден бөлшегінің көлемі 5 мкм болатын шаңдар шығарылатынын анықталды.
Берілген жағдайда қандай шаң ұстағыш қондырғы тиімділігі ең төмен болып табылады?
|Циклондар
|Маталық сүзгілер
|Мультициклондар
|Көбікті құралдар
|Түйіршікті сүзгілер
~Ш. қаласында атмосфераға бөлінетін кәсіпорындар шығарыстарының газдық бөліктерден тазарту үшін химиялық әдіс пайдаланылады. Әдістің негізгі мәні шығарыстың газдық ортасынан зиянды қоспалардың молекулаларын жұтқыштың сұйық фазасына алмастыруында.
Берілген жағдайда қандай химиялық әдіс туралы айтылған?
|Абсорбция туралы
|Адсорбция туралы
|Молекулярлық туралы
|Каталитикалық туралы
|Газдық туралы
~А. қаласындағы мұнай өндіруші зауыт ластаушы незігі көздердің бірі болып саналады. Зауытта тазартушы қондырғыларда ұстанылатын жанғыш газдар атмосфераға лақтырылады.
Берілген жағдайда зарарсыздандырудың қандай түрін қолдану қажет?
|Құбырда тотықтыру
|Абсорбция
|Адсорбция
|Катализдеу
|«Құбырда» тотықсыздандыру
~Ұйымдастырылған ыстық щығарыстардың көздері бар жаңа өндірістік кәсіпорын жобасында атмосфералық ауаны қорғау мақсатында санитарлық – қорғау аймағының (СҚА) көлемі көрсетілген.
Берілген жағдайда СҚА көлемін есептеу қай жерден жүргізіледі?
|Түтінді құбырдан
|Өндірістік алаң шегінен
|Жалпы территория шегінен
|Өндірістік цехтан
|Жасыл желектерден
~3 кластағы өндірістері басым Ж. өндірістік қаласында жыл сайын жасыл желектерді отырғызу жүргізіледі.
Берілген жағдайда отырғызуға ағаштардың қай түрін ұсыну қажет?
|Қара терек
|Үшкір жапырақты үйеңкі
|Ақ тал
|Қызыл үйеңкі
|Кәдімгі қарағай
~Көктемде Ш. қаласының өндірістік аймағына «Жасыл ел» мүше-студенттері кәдімгі шыршаларды отырғызып, оларға күтім жасады. Бірақ бір айдан соң ағаштар кеуіп кетті.
Берілген жағдайда ағаштардың кебуінің себебі неде?
|Газдық ластануға төмен тұрақтылық
|Газдық ластануға жоғары тұрақтылық
|Газдық ластануға орташа тұрақтылық
|Жергілікті жердің қолайсыз климаты
|Жергілікті жердің ауа-райының өзгергіштігі
~Т. өндірістік қаласының жергілікті әкімдігі селитебті аймақтың көгалдандыру ауданын жоғарылату туралы шешім қабылдады.
Берілген жағдайда ағаштардың қандай түрін ұсыну қажет?
|Шаған жапырақты үйеңкі, батыс туясы
|Сүйір жапырақты үйеңкі, кәдімгі жұпаргүл
|Кәдімгі қарағай, тал
|Терек, үлпілдеген қайың
|Қарапайым шегіршін, кәдімгі шырша
~Статистикалық талдау барысында темір жолдан алшақ емес орналасқан Н. шағын ауданының тұрғындары терапевтке жиі көңіл-күйінің нашарлауына, үрейге, бас ауруына, кардиалгияға шағыммен келетіні анықталды.
Берілген жағдайда тұрғындардың терапевтке келуіне не себеп болды?
|Инфрадыбыс көзі
|Электромагнит өрістерінің көзі
|Радиация көзі
|Ультрадыбыс көзі
|Инфрақызыл сәулелерінің көзі
~Ірі С. қаласының тұрғындарын анкеталық сұрау барысында негізгі бөлігін шаруашылық саласында жұмыс істейтін тұрғындар құрайтыны анықталды.
Берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген тұрғындар қандай топқа жатады?
|Қалатүзуші
|Қызмет көрсетуші
|Әрекетсіз
|Қосымша
|Негізгі
~К. қаласының тұрғындарының 1/3 бөлігін қызмет көрсетуші топ құрайды.
Берілген жағдайда қаланың қызмет көрсетуші нысандарына қайсылары жатады?
|Жууханалар, дүкендер
|Металлургиялық зауыттар
|Жануаркүту фермалары
|Әскери бөлімдер
|Текстильді фабрикалар
~А. өндірістік қаласының тұрғындарының көпшілігін тереңдетілген медициналық тексеру барысында спецификалық өкпе грануломатозы анықталды.
Берілген жағдайда тұрғындарда осы аурудың дамуына не себеп болды?
|Атмосфералық ауа құрамында бериллийдің болуы
|Ауыз су құрамында қорғасынның болуы
|Топырақтың құрамында фтордың болуы
|Тағам өнімдерінің құрамында күшән болуы
|Атмосфералық ауа құрамында мыстың болуы
~Алюминий және суперфосфат зауыттарының шығарыстарының әсер ету аймағында өмір сүретін тұрғындардың көпшілігінде тістердің ауруы – флюороз анықталды.
Берілген жағдайда тұрғындарда осы аурудың дамуына не себеп болды?
|Фтор қосылыстарының ингаляциялық енуі
|Фтор қосылыстарының жанаспалы енуі
|Фосфор қосылыстарының ауыз су арқылы енуі
|Қорғасын қосылыстарының асқазан-ішек жолдары арқылы енуі
|Бериллий қосылыстарының ингаляциялық енуі
~Цемент зауытының шығарыстарының әсер ету аймағында Н. қаласының тұрғындары арасында тереңдетілген медициналық қарау кезінде өкпе ауруларының жоғарылағаны анықталды.
Берілген жағдайда ауруды төмендету үшін бірінші кезекте қандай санитарлық-гигиеналық шара қолдану қажет?
|Жаңа технологиялық үрдіс енгізу
|Жыл сайын медициналық тексеру өткізу
|Жасыл желектерді отырғызуды жоғарылату
|Ауа сапасын үздіксіз бақылау
|Тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу
~У. қаласының алюминий зауыттарының шығарыстарының әсер ету аймағы тұрғындарының арасында тереңдетілген медициналық қарау барысында флюороз аурушаңдығы жоғарылағаны анықталды.
Берілген жағдайда ауруды төмендету үшін бірінші кезекте қандай гигиеналық шара қолдану қажет?
|Ескі қондырғыларды жаңасына ауыстыру
|Көгалдандыру ауданын ұлғайту
|Зертханалық зерттеу үшін ауа сынамасын алуды жүргізу
|Жылына 2 рет тұрғындарды медициналық тексеру
|Бақылау бекеттерін орнату
~Ірі өндірістік К. қаласының атмосфералық ауасын гигиеналық аспаптық зерттеу барысында 3-4 бензапирен химиялық затының жоғары құрамы анықталды.
Берілген жағдайда жоғарыда көрсетілген заттың болуы қандай аурудың дамуына алып келуі мүмкін?
|Қатерлі ісіктердің
|Созылмалы гастриттердің
|Полиартриттердің
|Аллергиялық аурулардың
|Дерматиттердің
~Аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманына болашақ құрылыс нысаны мен жергілікті жерде оның айналасындағылар көрсетілген карта ұсынылды.
Берліген жағдайда қандай құжат туралы айтылған?
|Жағдайлық жоспар
|Бас жоспар
|Қоршаған ортаны қорғау жоспары
|Түсіндірме хат
|Сметалық құжатнама
~C. қаласында жаңа эндокринологиялық орталықтың құрылысы жоспарлануда. Бас маманға берілген нысанның жұмыс жобасы ұсынылды.
Берліген жағдайда маманмен құрылысқа жер телімін бөлу кезінде бірінші кезекте қандай көрсеткіштер есепке алынуы тиіс?
|Топырақтың физико-химиялық қасиеттері
|Топырақтағы бейорганикалық заттар құрамы
|Топырақтың құнарлылығы
|Телімнің қала орталығынан қашықтығы
|Құрылысқа бөлінген территория ауданының көлемі
~Ш. шаштаразында клиенттерге декоративті косметика жағу үшін көп реттік құралдар қолданады. Әсіресе, ерін далабын, тушты, қабаққа арналған бояуларды, опаны және көп реттік бояу жаққышпен (кисточка) жаққан. Қолданылған бояу жаққыштар өңделмейді.
Берілген жағдайда қандай санитариялық-гигиеналық іс-шара қолдану қажет?
|Нұсқама толтыру
|Ілеспе хат жазу
|Карантин бекіту
|Нысанды жабу
|Санитариялық оқыту жүргізу
~Бір бөлмелі пәтерде заманауи техникалық құралдар бар. Олар инфра-ультрадыбыстардың және ЭМӨ көздері болып табылады.
Тұрғын пәтерде ультрадыбыстың негізгі көзі не болып табылады?
|Кір жуу машинасы
|Теледидар
|Компьютер
|Қысқатолқынды пеш
|Радиосымтетік
~Тері жамылғысы тұтастығының бұзылуымен жүргізілетін нысандар жұмысшылары жұмысқа түсер алдында және жыл сайын маркерлерге тексеріледі:
|В және С вирустық гепатиттерге
|Қарапайымдылар және саңырауқұлақтарға
|Алтын түстес стафилакоктарға
|Д және С вирустық гепатиттерге
|А және Е вирустық гепатиттерге
~А. ықшам ауданы территориясының санитарлық жағдайын тексеру барысында анықталды: басты көшелерде қоқыс салғыштар бар, олардың арақашықтығы 50 метр, қоғамдық көліктер тоқтайтын жердегі қоқыс салғыштар қоқыстармен толған, жеке меншік нысандар территориясы таза.
Берілген жағдайда қандай сәйкессізддік орын алған?
|Санитариялық - гигиеналық
|Санитариялық - техникалық
|Санитариялық - құқықтық
|Экономикалық - экологиялық
|Әлеуметтік - гигиеналық
~Р. ықшам ауданы территориясының санитарлық жағдайын тексеру барысында анықталды: басты көшелерде қоқыс салғыштар бар, олардың арақашықтығы 50 метр, қоғамдық көліктер тоқтайтын жерде қоқыс салғыштар қоқыстармен толған, жеке меншік нысандар территориясы таза.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай іс-шара қолдану қажет?
|Санитариялық тазарту кестесін қадағалау және қоқыс салғыштар санын көбейту
|Санитариялық тазарту кестесін қадағалау және қоқыс салғыштар санын азайту
|Жеке тұлғаларды территорияның тазалығын сақтауға міндеттеу
|Халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу
|Кеміргіштерді жою
~Ж. өндірістік қаласының атмосфералық ауасының санитариялық жағдайына зертханалық тексеру жүргізілді. Белгілі бір нүктелерден атмосфералық ауа сынамалары алынды. Сынамалардан келесі химиялық заттар анықталды: аммиак - (орташа тәуліктік концентрация - 0,08 мг/м3 (0,04), қауіптілік 4 класс, бензапирен - 0,2 мкг/100 м3 (0,1), қауіптілік 1 класс, мыс оксиді – 0,004 (0,002), қауіптілік 2 класс.
Химиялық заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының артуы қандай зардаптарға алып келуі мүмкін?
|Тыныс алу жүйесі аурулары деңгейінің артуына
|Тыныс алу жүйесі аурулары деңгейінің төмендеуіне
|Ас қорыту жүйесі аурулары деңгейінің артуына
|Жүйке жүйесі аурулары деңгейінің төмендеуіне
|Жалпы аурушаңдықтың күрт артуына
~Ж. өндірістік қаласының атмосфералық ауасының санитарлық жағдайын зертханалық тексеру жүргізілді. 95 нүктеден атмосфералық ауадан сынамалар алынды. Сынамаларда келесі химиялық заттар анықталды: аммиак - (орташа тәуліктік концентрация - 0,08 мг/м3 (0,04), қауіптілік 4 класс, бензапирен - 0,2 мкг/100м3 (0,1), қауіптілік 1 класс, мыс оксиді – 0,004 мг/м3 (0,002), қауіптілік 2 класс.
Берілген жағдайда атмосфералық ауаны қорғау бойынша қандай іс-шаралар пайдалану қажет?
|Санитариялық - техникалық және технологиялық
|Санитариялық- гигиеналық және экономикалық
|Әлеуметтік - экологиялық және жоспарлау
|Емдеу-профилактикалық және құқықтық
|Гигиеналық - экологиялық және кешенді
~Цемент зауытына жақын орналасқан елді мекеннің атмосфералық ауасын зертханалық зерттеу кезінде анықталды: цемент шаңының мөлшері рұқсат етілген нормадан 5 есе (ШРЕК - 0,1) жоғары.
Қандай өндірістік жабдықты қолдану ауаның ластану деңгейін максималды түрде төмендете алады?
|Электрлісүзгілер, сүзгілер
|Сүзгілер, тұндырғыштар
|Циклондар, тұндыру камералары
|Скрубберлер, жеңді сүзгілер
|Торлар, электрлі араластырғыштар
~Жылу электростансасы маңында орналасқан күрт континенталды климатты қала тұрғындары арасында жыл бойы тыныс алу аурулары айтарлықтай көбейген. Тыныс алу аурушаңдығының өсу тенденциясы кейінгі 5 жылда байқала бастады.
Халық арасында аурушаңдықтың көбеюінің себебі не болып табылады?
|Атмосфералық ауаның химиялық ластануы
|Атмосфералық ауаның бактериологиялық ластануы
|Атмосфералық ауаның физикалық қасиеті
|Жергілікті жердің климаттық жағдайы
|Тазарту қондырғыларының жағдайы
~Емхана дәрігерлері шағын қала тұрғындарының жылу электростансасы салынғаннан кейінгі 5 жыл ішінде бас ауруына, жөтелге, тамақтың тітіркенуіне шағымдарының жиілегенін, сонымен бірге қыс айларында созылмалы аурулары тенденциясының өсуін байқаған.
Гигиеналық тұрғыда тұрғындар аурушаңдығы артуының себебі не болып табылады?
|Химиялық және механикалық ластану
|Биологиялық және физикалық ластану
|Минералдық және органикалық ластану
|Жылулық және радиациялық ластану
|Аймақтық және жергілікті ластану
~Жұқпалы аурулар бөлімшесінде ауданы 22 м2 1 керуеттік бокс. Оңтүстікке бағытталған. Жіңішке жолдан кейін биік ғимарат тұр. Ауа температурасы +22°С, салыстырмалы ылғалдылығы - 69%. Ауа қозғалысының жылдамдығы - 0,15 м/с. Жылыту - сулы орталықтандырылған. Радиаторлар беткейінің температурасы 75°. Желдету - өз алдына, ауа беруі басым, ауа беру - сорып шығару. ЖК = 1:5, ТЖК = 1%. Жасанды жарықтану - қыздыру шамымен қосарланған түрі, жарықтануы 30 лк.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік байқалады?
|Ылғалдылықтың және жарықтанудың артуы
|Температураның ауа қозғалыс жылдамдығының артуы
|Радиаторлар беткейі температурасының төмендеуі
|Желдетуде сорып - шығару басым болу керек
|Жарықтану 75 лк кем болмау керек
~Кардиологиялық орталық қала орталығында көгалдандырылған аймақта орналасқан. Қала көлігімен қатынау жақсы. Қала автобусының аялдамасы негізгі кіру есігінен 25 м қашықтықта орналасқан. Функционалдық аймақтар бар: емхана, емдік, шаруашылық, патологиялық-анатомиялық, бау-бақшалық. Аймақтар мен көгалданған жолақ арасындағы арақашықтық 30-50 м.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік байқалады?
|Аялдаманың жақын орналасу
|Кардиологиялық орталықтың дұрыс орналаспауы
|Аймақтар арасындағы арақашықтықтың сәйкессіздігі
|Әкімшілік аймақтың болмауы
|Функционалдық аймақтардың талаптарға сәйкессіздігі
~Жұқпалы аурулар бөлімшесінде ауданы 22 м2 1 керуерттік бокс. Ауа температурасы +22°С, салыстырмалы ылғалдылығы - 70 %, ауа қозғалыс жылдамдылығы - 0,15 м/с. Жылыту - сулы. Жасанды жарықтандыру - қыздыру шамымен қосарланған жарық шағылысқан шамдарда, жарықтануы 15 лк. ЖК=1:6, ТЖК - 1,5 %.
Микроклиматтық көрсеткіштердің қайсысы гигиеналық нормативке жауап бермейді?
|Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
|Ауаның қозғалыс жылдамдығы
|Ауаның температурасы
|Жарық коэффициенті
|Табиғи жарық коэффициенті
~Облыстық клиникалық көп салалы аурухана металлургиялық зауытқа қатысты желді жағына, тегіс жерде орналасқан; жер телімінде құрылысты салу 15% құрайды; функционалдық аймақтар: емхана, емдік, шаруашылық, патологиялық-анатомиялық, бау-бақшалық.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік байқалады?
|Аурухананың орналасуы дұрыс емес
|Зауытқа жақын орналасқан
|Жер теліміне құрылыстың тығыз салынуы
|Әкімшілік аймақтың болмауы
|Функционалдық аймақтың талапқа сай болмауы
~С. қаласының орталығында тиімді сәулелену қуаттылығы 100 Вт жоғары диапазоны 26,5-27,5 МГц жиіліктегі азаматтық радиостанция орналасқан.
Антеннаның орналасу аймағына адамдарды қандай қашықтыққа жіберуге мүмкін болады?
|Кез-келген нүктесінен 5 метрден кем емес
|Негізгі нүктесінен 3 метрден кем емес
|Төменгі нүктесінен 5 метрден кем емес
|Жоғарғы нүктесінен 2 метрден кем емес
|Кез-келген нүктесінен 10 метрден көп емес
~Жеке меншік 2 қабатты тұғын үйдің шатырында спутник байланыс стансасының 2 антеннасы орнатылған. Үй биіктеу, құрғақ және жақсы желдетілетін жерде орналасқан, үйдің шатыры ағаштан.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік орын алды?
|Металл жабындының болмауы
|Үйдің дұрыс орналаспауы
|Ағаш үйдің биіктігі
|2 антеннаның орнатылуы
|Үйдің жоспарының болмауы
~Тұрмыстық газ плитасы бар пәтерлік асханаға санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Асхана ауасының сынамасын зертханалық талдау нәтижесінде, жану өнімдерінің келесі концентрациялары анықталды: көміртегі оксиді 18 мг/м3 , формальдегид 0,040 мг/м3, азот оксиді 1,5 мг/м3 аса.
Берілген жағдайда санитариялық нормаға қандай сәйкессіздік орын алған?
|Сорып-шығару желдету жұмысының тиімділігі төмен
|Сору қуаты жоғары жаңа газ плитасын қолдану
|Үрлеп - беру желдету жұмысының тиімділігі төмен
|Бөлме ауасының сапасын ай сайын қадағалау
|Күнделікті ылғалды жинауды жүргізбеу
~Жаз мезгілінде қалалық МСЭҚ 9 қабатты үйдің тұрғындары шағымданды. 25 метр қашықтықта қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) жинайтын орын орналасқан, онда қалдыққа толы 3 контейнер бар, айналасында қоқыстар шашылған, ауада шіріген жағымсыз иіс бар. ҚТҚ соңғы рет 4 күн бұрын шығарылған.
Жоғарыда келтірілген жағдай қандай зардапқа алып келуі мүмкін?
|Қоршаған ортаның бактериалды ластануына
|Қоршаған ортаның физикалық ластануына
|Топырақтың беткі қабатының гумификациялануына
|Топырақ эрозиясының дамуына
|Қарқынды топырақ түзілуге
~47 мың халқы бар аудан орталығында сумен қамту жер асты көзден орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен іске асырылады. Су дебиті жеткілікті. Қадағалау жүргізіліп, ай сайын суды тазарту торабынан органолептикалық және микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынады.
Берілген жағдайда айына су сынамасының қанша саны алынады?
|30
|100
|50
|10
|2
~Ш. ірі өндірістік қала шетінде бөлінген жер телімдерінде ауданды жоспарлау бойынша тұрғын үйлер мен басқа да инфрақұрылым бөлімшелерін салу жұмыстары жүргізілуде. Территория бедері тегіс емес.
Функционалдық аймақтар бойынша территорияны игерудің қандай түрі туралы сөз болып отыр?
|Орташа
|Шектелген
|Қарқынды
|Аймақтық
|Белсенді
~Қазақстан Республикасы қалаларында жыл сайын міндетті түрде аймақты көгалдандыру жұмыстар жүргізіледі.
Нормада 1 адамға 5 м2 болса, 100 мың халқы бар қала үшін жасыл желектердің ауданы қанша болуы керек?
|500 мың м2
|200 мың м2
|100 мың м2
|1 млн. м2
|5 млн. м2
~К. облысының жағдайлық жоспарында барлық территория көрсетілген: қалалар мен ауылдар өндірістік нысандар, тұрғын үйлер, жолдар, демалу аймағы, жасыл желектер және т.б.
Төменде келтірілген функционалдық аймақтардың қайсысы тек қалалық елді мекендерде болады?
|Сыртқы транспорт аймағы
|Өндірістік
|Коммуналдық - қоймалық
|Санитарлық - қорғаныстық
|Селитебтік
~П. қаласының орталығында орналасқан әсемдік салоны халыққа макияж үшін бояу жаққыштарды (кисточка) қолдана отырып, косметологиялық қызмет көрсетеді.
Санитариялық ережелерге сәйкес, бояу жаққыштарды зарарсыздандырудың қандай тәсілін қолдану керек?
|Сәулелендіру
|Суға салу
|Сүрту
|Суғару
|Кептіру
~Қоршаған ортада тоналды шудың гигиеналық сипаттамасы ... .
|спектрінде естілетін дискретті тоны бар шу
|деңгейі уақытпен 5дБ артық өзгеретін шу
|спектрі үздіксіз ауқымы бір октавадан асатын шу
|әрқайсысы ұзақтығы 1 сек. кем, бірнеше шу дыбыс белгілерінен тұратын шу
|әрқайсысы ұзақтығы 1 сек. артық, бірнеше шу дыбыс белгілерінен тұратын шу
~Ауылда пластаралық суды зертханалық зерттегенде анықталды: иісі мен дәмі - 2 балл, қаттылығы - 5 мг-экв/л, фтор - 1,2 мг/л, микроб саны - 30, колиформды бактериялар - жоқ, құрғақ қалдық 700 мг/л.
Берілген пластаралық су қалай пайдаланылады?
|Оны тазартусыз және зарарсыздандырусыз ішуге болады
|Алдын ала коагуляциялау, сүзу қажет
|Алдын ала коагуляциялау, сүзу және зарарсыздандыру қажет
|Тазартусыз және зарарсыздандырусыз ішуге болмайды
|Алдын ала тұндыру, зарарсыздандыру қажет
~47 мың халқы бар аудан орталығында сумен қамту жер асты көзден орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен іске асырылады. Су дебиті жеткілікті. Қадағалау жүргізіліп, ай сайын суды тазарту торабынан органолептикалық және микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынады.
Жер үсті су көзінен суды талдауды жүргізу жиілігі қандай?
|1 рет
|6 рет
|4 рет
|12 рет
|3 рет
~165 мың халқы бар қалада сумен қамту жер үсті көзден орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен іске асырылады. Су дебиті жеткілікті. Қадағалау жүргізіліп, суды алу орнынан микробиологиялық зерттеу жүргізу үшін сынамалар алынады.
Бір жыл ішінде ашық су көзінен суды талдауды жүргізу жиілігі қандай?
|12 рет
|4 рет
|3 рет
|6 рет
|2 рет
~С. қаласының іркінді сулары тазарту қондырғыларынан тазартудың кезеңдерін өтеді. Қалалық іркінді суларды тазарту мен зарарсыздандыруда қондырғыларда механикалық және физикалық тәсілдер пайдаланылады.
Су нысандарын қорғау мақсатында қандай іс-шаралар қолдану қажет?
|Санитарлық- техникалық
|Жоспарлау
|Жекелеген кәріздену
|Технологиялық
|Қосымша
~К. ірі қаласының іркінді сулары тазарту қондырғыларында тазартудың барлық кезеңдерінен өтеді.
Механикалық тазартудың тиімділігін бағалау үшін іркінді судың сынамасы қай жерде алынады?
|Торға дейін және бірінші реттік тұндырғыштан кейін
|Метантенктерден кейін
|Бірінші реттік тұндырғыштардан кейін
|Аэротенктерден кейін
|Құм ұстағыштарға дейін және бірінші реттік тұндырғыштардан кейін
~Қала типтес селоның іркінді сулары елді мекеннің сыртына кәріз торабы арқылы шығарылады.
Табиғи жағдайда суды тазарту үшін қандай қондырғы қолдану қажет?
|Биологиялық тоған
|Аэротенк
|Екі ярусты тұндырғыш
|Септик
|Су қоймасы
~К. ірі қаласының тұрмыстық, өндірістік, коммуналдық -шаруашылық және жаңбырдың іркінді сулары тазарту қондырғыларында тазарту кезеңдерінен өтеді.
Берілген жағдайда іркінді суларды тазартудың қандай сызбасын қолдануды ұсыну қажет?
|Тор, құм ұстағыш, сүзгі, аэротенк, тұндырғыш, хлоратор
|Құм ұстағыш, сүзгі, тұндырғыш, хлоратор, биологиялық тоған
|Құм ұстағыш, тұндырғыш, хлоратор
|Тұндырғыш, биологиялық тоған, хлоратор
|Тұндырғыш, аэротенк, метантенк, тұндырғыш, хлоратор
~Т. қаласының тұрмыстық және коммуналдық - шаруашылық іркінді сулары тазарту қондырғыларында тазарту кезеңдерінен өтеді.
Берілген жағдайда беткейлік-белсенді заттардан (ББЗ) іркінді суларды тазарту үшін қандай тиімді әдісті қолдану қажет?
|Озондау
|Коагуляциялау
|Гиперсүзгілеу
|Ионды алмасу
|Мұнай ұстағыш
~Жанар-жағармай стансасына жақын орналасқан қала ықшам ауданының тұрғындарының шағымы бойынша атмосфералық ауаны зертханалық зерттеу нәтижесінде анықталды: бензапирен - 0,3 мкг/100 м3, бензин - 4,0 мг/м3.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай іс-шараны қолдану қажет?
|СҚА көлемін анықтау
|СҚА көлемін бекіту
|Иесіне айыппұл салу
|Керекті құралдардың санын анықтау
|Жел раушанын зерделеу
~Б. қаласының атмосфералық ауасын зертханалық зерттеу нәтижесінде, көміртегі оксидінің орташа тәуліктік конценрациясы 1,5 есе жоғары (ШРЕКот. 3,0 мг/м3 )
Берілген жағдайда концентрацияның артуы халық денсаулығына қалай әсер етеді?
|Резорбтивті
|Рефлекторлы
|Тітіркендіргіш
|Серіктіргіш
|Тератогенді
~Халық саны 150 мың жаңа өндірістік қала салу жоспарлануда. Коммуналдық, өндірістік, селитебтік, шаруашылық мақсаттағы нысандарды және демалыс аймағын орналстыруға қала территориясын аймақтарға ұтымды бөлу керек.
Нысандарды дұрыс орналастыру үшін бірінші кезекте нені қолданған жөн?
|Жел раушан сызбасын
|Санитарлық тапсырманы
|Сарапшының қортындысын
|Әкімиаттың рұқсатын
|Жағдайлық жоспар сызбасын
~Жеке тұрғын үй ауданының тұрғындары ТҚ қорғау бойынша департаментінің аудандық бөліміне тұрмыстық қоқыстардың жиналуына және мезгілсіз шығарылуынан көшелердің ластануына шағымданды. Мамандардың тексеруі кезінде ауданда тұрмыстық қатты қалдықтарды (ТҚҚ) тазалаудың жоспарлы-тұрақты түрі қолданатындығы және шығарумен жеке меншік мекеме айналысатындығы анықталды. ТҚҚ 10 күнде 1 рет шығарылады.
Берілген жағдайда қандай іс-шара жүргізу қажет?
|Нұсқама толтыру
|Иесіне айыппұл салу
|Мекемені жабу
|Күнделікті бақылау
|Сотқа беру
~У. қаласының атмосфералық ауасын зертханалық зерттеу нәтижесінде күкірт диоксидінің мөлшері (қауіптілік класы - 3) орташа тәуліктік концентрациядан 2 есе артық (ШРЕКот. 0,125 мг/м3) екендігі анықталды.
Берілген жағдайда концентрацияның жоғарылауы тұрғындар денсаулығына қандай әсерін тигізеді?
|Рефлекторлық-резорбтивтік
|Рефлекторлық
|Тітіркендігіш
|Сергіткіш
|Резорбтивтік-тератогендік
~Дәріханалық мекемеде дәрілік заттар дайындайды. Асептикалық кешеннің бөлмелерінде қажетті ыдыстарды дайындау үдерістерінің ағымдылығы қатаң сақталуы тиіс.
Берілген жағдайда қандай ағымдылық сақталуы тиіс?
|жуу – ыдысты зарарсыздандыру – ассистенттік шлюзбен бірге салу - орау - зарарсыздандыру
|ассистенттік – шлюзбен бірге салу – орау – зарарсыздандыру
|жуу – ыдыстар зарарсыздандыратын – ассистенттік –шлюзсіз бөлшектеп салу
|орау - зарарсыздандыру
|ыдыстар зарарсыздандыратын – ассистенттік – шлюзбен бірге салу – орау – жуу
~Жеке меншік дәріхананы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру барысында анықталды: дайындаумен және бөлшектеп салумен, бақылаумен айналысатын қызметкердің медициналық кітапшасының медициналық тексеру мерзімі өтіп кеткен.
Берілген жағдайда қандай санитариялық-гигиеналық іс-шара жүргізу қажет?
|Тексеру актісі мен нұсқама толтыру
|Тексеру актісін толтыру және айыппұл салу
|Иесіне айыппұл салу
|Нысады жабу
|Қызметкерді күнделікті бақылау
~Рейдтік тексеру кезінде дәріханалардың жұмыс уақытында асептикалық жағдайларда бірнеше қызметкерлердің косметикалық заттарды пайдаланғандары анықталды.
Бұзушылықтың қай түрі жайлы сөз болып отыр?
|Санитариялық-эпидемиологиялық туралы
|Санитариялық –гигиеналық туралы
|Жалпы туралы
|Экономикалық туралы
|Эстетикалық туралы
~С. емдеу-сауықтыру курортында бальнеологиялық ем-шараларды жүргізу үшін үлкен емдік корпус бар. Корпус бальнеотехникалық құрылғылары бар бөлек ғимараттармен жабдықталған. Емделушілердің асқазанын және қызыл иек еттерін шаю минералдық су беретін 5 шұңғылшамен (раковина) жабдықталған бір кабинетте жүргізіледі.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік жайлы сөз болып отыр?
|Санитариялық -эпидемиологиялық туралы
|Санитариялық-техникалық туралы
|Технологиялық туралы
|Экономикалық туралы
|Эстетикалық туралы
~С. емдеу-сауықтыру курортында емдік массаж жүргізуге арналған бөлме массаж кабинеті мен себезгіден тұрады. Массажға арналған кабинет ауданы 5м2 1 кушетка бар. Кабинетте жеке қолдануға арналған қол жуу заттары мен сүлгісі, шұңғыма (раковина) бар.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік орын алған?
|Кабинет ауданы шағын
|Кабинет ауданы үлкен
|Кем дегенде екі кушетка болғаны жөн
|Бөлмелер жиынтығы жеткіліксіз
|Бірнеше шұңғыма болғаны жөн
~Жатын бөлмелер әрқайсысының сыйымдылығы 30 керуеттен көп емес оқшауланған палаталық секциялардан тұрады. Әр қабатта екі секциядан орналасқан. Әр секция құрамында ауданы 15 м2 кем емес ойын бөлмесі, 1 орынға 0,6 м2 есеппен кептіретін шкафтармен бірге гардероб жоспарланған. Екі секцияға киімді үтіктеуге және тазалауға арналған бөлме қарастырылуда. Нормативтік мәліметтерді салыстыру үшін көрсетілген санитариялық ережелердің қайсысын қолдану керек?
|«Санаториялық және сауықтыру нысандарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
|«Тұрғын және басқа ғимараттарды, қоғамдық ғимараттарды пайдалануға және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
|«Коммуналдық мақсаттағы нысандарға қойылатын талаптар»
|«Міндетті медициналық бақылауды өткізу ережелері»
|«Дәрілік заттар, медициналық тағайындалудағы бұйымдарды және медициналық техникалық айналым аясындағы нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
~Жыл бойы қызмет көрсететін спорттық-сауықтыру мекемесінің температуралық тәртібін студенттік ғылыми зерттеу барысында анықталды: жылдық жылы мезгілінде тұрғын бөлмелердегі ауа температурасы 24-26°С, вестибюль, кіре беріс, холлда -20-23°С.
Берілген жағдайда қандай іс- шаралар қолдану қажет?
|Санитариялық-техникалық
|Санитариялық-эпидемияға қарсы
|Технологиялық
|Құқықтық
|Қосымша
~Жылдың жылы мезгілінде тұрғын бөлмені ғылыми тұрғыда тексеру жүргізілді. Тексеру барысында анықталды: ауаны оңтайлы салыстырмалы ылғалдылығы - 72 %, ауаның қозғалыс жылдамдығы - 0,3 м/сек, температура -24°С, ТЖК - 1,5 %.
Берілген жағдайда қандай санитариялық - гигиеналық іс-шара қажет?
|Жиі желдету
|Қосымша жарықтандыру
|Ауа тазартқышты пайдалану
|Терезелерді қараңғылау
|Күнделікті тазалау
~Облыс орталығында 380 орындық ақпараттық - техникалық кітапхана құрылысын салу жоспарлануда. Жобада келесі мәліметтер келтірілген: ақпараттық-техникалық тағайындалған ғимараттың ауданы - оқу залы - 1026 м2 (1 орынға 2,7 ); 30000 кітапқа арналған кітап қоймасы - 750 м2 (сақтау бірлігіне 2,5) , 5 жұмыс орнына әдебиеттерді беру және қабылдау аймағы - 25 м2 (1 жұмыс орнына - 5).
Берілген жағдайда төменде көрсетілген санитариялық ережелердің қайсысын пайдалану керек?
|«Тұрғын және басқа ғимараттарды, қоғамдық ғимараттарды пайдалануға және күтіп - ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
|«Санаториялық және сауықтыру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
|«Коммуналдық мақсаттағы нысандарға қойылатын талаптар»
|«Міндетті медициналық бақылауды өткізу ережелері»
|«Дәрілік заттар, медициналық тағайындалудағы бұйымдарды және медициналық техникалар айналым аясындағы нысандарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
~Бальнеологиялық шараларды жүргізуге арналған С. емдеу-сауықтыру курортында емдік корпус бар. Корпус бальнеотехникалық құрылғылары бар бөлек бөлмелермен жабдықталған. Ішек себезгісі мен ішекке минералды сумен емдік шипалы балшықты енгізу арқылы ішекті сифонды шаю бір бөлмеде жүргізіледі. Кабинкалар орнатылған, олардың қабырғалары қалың мөлдір емес шыныдан жасалған, әр кабинка санитарлық тораппен жабдықталған.
Берілген жағдайда қандай сәйкессіздік туралы сөз болып отыр?
|Санитариялық - эпидемиологиялық туралы
|Санитарлық - техникалық туралы
|Технологиялық туралы
|Экономикалық туралы
|Эстетикалық туралы
~Спорт кешенінде жабық жүзу бассейні бар. Үйренушілер бассейн суының және киім ауыстыратын бөлме температурасының төмен екенін атап өтті, нәтижесінде көпшілігі қабыну ауруларымен науқастанған.
Берілген жағдайда бірінші кезекте қандай шараларды қолдану қажет?
|Аспаптық өлшеу жүргізу
|Қосымша жылыту құрылғыларын орнату
|Суды зарарсыздандыру тетігін бақылау
|Тереңдетілген медициналық тексеру жүргізу
|Суды жылыту тиімділігін бағалау
~Бір жеке меншік шаштараздың тұрақты келушісі тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша аудандық басқармаға аяққа және қолға арналған ванналар, аяқ астына қойылатын жастықша әр клиенттен соң жай ғана жылы сумен шайылатындығы туралы шағымданды. Санитариялық тексерілу барысында факт расталды.
Берілген жағдайда қандай іс-шараларды қолдану қажет?
|Тексеру актісін және нұсқама толтыру
|Тексеру актісін толтыру
|Иесіне айыппұл салу
|Нысанды жабу
|Күнделікті бақылау
~Аудандық шаштаразда әйел шебері келушілерге қызмет көрсеткен соң қысқыштар, бигудилер, шашты химиялық бұйралауға арналған қалпақтар мен торларды қапшыққа салып қояды.
Берілген жағдайда шебер қандай әдісті қолдануы қажет?
|Жуғыш заттармен ағынды суда жуу
|Қағу және ашық ауада кептіру
|Алдын ала жуусыз зарарсыздандыру
|Шкафтарда зарарсыздандыру
|Спиртпен сүрту
~Жеке меншік шаштаразда шаштараз шашты қиғаннан кейін клиенттің беті мен мойнын алынған шаштардан тазалау үшін бояу жаққыш (кисточка) пайдаланды. Қиылған шаштарды орындық қасындағы жабылатын қалаққа жинап, герметикалық ыдысқа салады.
Берілген жағдайда қандай бұзушылық орын алған?
|Бояу жаққышты пайдалануға тиым салынған
|Бояу жаққыш пайдалануға рұқсат етілген
|Бұзушылықтар жоқ
|Қиылған шаштарды дер кезінде шығару керек
|Бірнеше тарақ пайдаланған
~А. облыс орталығында 1200 төсектік көп салалы аурухананың құрылысы жоспарлануда.
Қандай бөлімде жеке қабылдау қарастырылуы керек?
|Жұқпалы аурулар бөлімінде
|Хирургиялық бөлімде
|Терапиялық бөлімде
|Физиотерапиялық бөлімде
|Радиологиялық бөлімде
~Т. облыс орталығында 1000 төсектік көпсалалы аурухананың құрылысы жоспарлануда.
Аурухананың қабылдау бөлімін жоспарлау кезінде қандай жағдайды қолдану ұсынылады?
|Науқастың өзара қиылысуы нәтижесінде жұқпаны жұқтыруын болдырмау ұстанымы
|Келушілердің киімдерін сақтауға арналған бөлме
|Науқастарды оңалтуға арналған палата
|Науқас пен келушілердің өзара қиылысуы нәтижесінде жұқпаны жұқтыруды болдырмаудың ұстанымы
|Пациенттер мен қызметкерлерге темекі шегуге арналған орын
~Емдеу мекемелерінде барлық бөлмелер ауаның бактериалды тазалығы талап ету деңгейіне қарай бағаланады.
Ауаның бактериалды тазалығы талап етілетін ерекше таза (А) класына қандай бөлмелер жатқызылады?
|Шала туылған балалар палаталары, күйік палаталары
|Ана сүтін жинау мен пастеризация бөлмесі
|Балалар палаталары, егу бөлмесі
|Хирургиялық бөлімдер палатасы, дәліздер, бокстар
|Қарау бөлмелері, дәріханалар бөлмелері мен санитарлық бөлмелер
~Көпсалалы ауруханада кешенді санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізілді.
Ауаның бактериалды тазалығы талап етілетін бөлмелердің шартты таза (В) класына қандай бөлмелер жатқызылады?
|Босану залдарына жанаспалы дәліздер
|Босану залдары, асептикалық блоктар, күйік палаталары
|Гемотологиялық палаталарға жанаспалы дәліздер
|Дәріханалардың асептикалық бөлмелері
|Ота жасау блогы, жұқпалы бөлімдер палаталары
~Ауруханаішілік ортаны оңтайландыру мен тәжірибеде ауруханаішілік инфекциялардың арнайы емес алдын алу мақсатында қандай іс-шараларды жүргізу қажет?
|Архитектуралық-жоспарлау
|Технологиялық
|Ұйымдастыру-әкімшілік
|Ұйымдастыру-әдістемелік
|Нормативті-құқықтық
~Жұқпалы аурулар ауруханасына Д. атты науқас анықталмаған диагнозбен жеткізілді.
Берілген жағдайда қандай іс шара қолдану керек?
|Боксқа жатқызу
|Соматикалық ауруханаға жіберу
|Палатаға жатқызу
|Түсіндірме жұмысын жүргізу
|Тексеруге жіберу
~Көп салалы аурухананың 5 қабатында 30 төсектік хирургиялық бөлім орналасқан. Таза жарақаттың іріңдеу пайызы өсуіне байланысты, аурухананы санитариялық – эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Тексерудің қорытындысында шартты – патогенді микроағзалар анықталды.
Берілген жағдайда қандай шаралар кешенін қабылдауға болады?
|Санитариялық – эпидемияға қарсы
|Жоспарлы - экономикалық
|Жоспарлы - архитектуралық
|Санитариялы – техникалық
|Әкімшілік
~Студенттер өндірістік тәжірибеден өту барысында, нысанды санитариялық - гигиеналық тексеруден өткізді. Ауа температурасын өлшеу үшін термометрді бөлменің ортасына еденнен 2,5м биіктікте термометрді орналастырды және 5 минуттан соң көрсеткішін жазып алды.
Термометрияны жүргізу кезінде әдістеме бұзылды ма?
|Өлшеу деңгейі дұрыс емес, еденнен 1,5м биіктікте болу қажет
|Құрал дұрыс таңдалмаған, кататермометр қажет
|Зерттеуді бөлменің 6 нүктесінде жүргізу қажет
|Өлшеу деңгейі дұрыс емес, еденнен 1,0м биіктікте болу қажет
|Зерттеуді ортада емес, сыртқы қабырға жанында жүргізу қажет
~Студенттер медициналық жоғары оқу орнының аудиторияларындағы микроклиматтың ағзаның функционалдық жағдайына тигізетін әсерін анықтады. Осы мақсатта жылу алмасу үдерісіне қатысатын мүшелер мен жүйелердің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеді: тамыр соғуы, қан қысымы, 1 минуттағы тыныс алу жиілігі, 1 минуттағы тердің шығуы, маңдай мен алақан температурасы, көру және есту реакциясының жылдамдығы.
Ағзаның күштену үдерістерін объективті түрде көрсете алатын қандай көрсеткіш?
|Маңдай мен алақан температурасы
|1 минутта тердің шығуы
|Тамыр соғуының жиілігі мен қан қысымы
|1 минутта тыныс алу жиілігі
|Қолтық асты температурасы
~Ауылдық бала-бақша тәрбиешілері көптеген балалардан асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарымен сипатталатын жиі іш өтулерін байқаған. Ауыз судың химиялық талдауда анықталды (мг/л): аммоний азотының іздері, нитриттер - 0,002, нитраттар - 10, сульфаттар - 900, темір- 0,3, хлоридтер - 440.
Берілген жағдайда балалардың денсаулығына ауыз судың әсерінің болу мүмкіндігін не көрсетеді?
|Сульфаттардың болуы
|Нитриттердің болуы
|Аммоний азотының болуы
|Хлоридтердің болуы
|Нитраттардың болуы
~Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы коммуналдық нысанын терең санитариялық тексеру жүргізуде.
Тексеру кезінде қандай әдістерді қолдану керек?
|Тәжірибелік
|Физикалық-химиялық
|Каталитикалық
|Эпидемиологиялық
|Токсикологиялық
~Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы профилактикалық бағыттағы жұмыстар жүргізеді.
Маманға профилактикадан басқа қандай іс шара жүзеге асыру керек?
|Жағдайларды жақын және алыс перспективаларға болжау
|Жедел жұқпалы ауруларды зерттеу
|Аурулардың даму тарихын зерттеу
|Табиғи және антропогендік факторларды болжау
|Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды зерттеу
~Адам денсаулығына табиғи және антропогендік факторлар әсер етеді. Бұл факторлардан басқа ағзада патологиялық жағдайлардың дамуына алып келетін қауіп факторлары бар. Қауіп факторлары – бұл:
|Белгілі бір жағдайларда денсаулықтың бұзылысына немесе өлімге алып келетін факторлар
|Жұмысқабілеттілікке кері ықпал ететін факторлар
|Кәсіптік аурулардың дамуына алып келетін факторлар
|Жедел улану тудыратын факторлар
|Микроклиматтың қолайсыз факторлары
~Гигиеналық тәжірибеде мамандар санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкестікке зерттеу жүргізіп, қорытынды береді.
Қандай әдісті қолдану оларға мұндай мүмкіндік береді?
|Санитариялық сараптама әдісін
|Санитариялық сипаттама беру әдісін
|Статистикалық әдісін
|Эпидемиологиялық әдісін
|Гигиеналық тәжірибе әдісін
