Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplomdy_1179_zh_1201_mys_uchebnik.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

5.2.2 Жарақаттану себептері

Жарақаттанудың негізгі себептеріне конструктивтік жетіспеушілік пен техниканың, қосымша бөліктердің, инструменттердің істен шығуы; техниканың жетімсіздігі; қолданудың ережесін бұзу; жұмыс орындары мен территорияны дұрыс ұйымдастырмау жарықтандырудың,желдетудің, жылытудың жетімсіздігі, шу мен вибрацияның шамадан тыс артықтығы; қауіпсіз еңбек ету жолдарын жеткіліксіз үйрету; қызметкерлерді мамандығына сәйкес қолданбау; еңбек тәртібі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау; техникалық бақылаудың жетімсіздігі жатады.

Жарақаттанудың себептеріне қызметкердің психофизиологиялық жағдайын да, оның өз ісіне жауапсыз қарап, жүктелген жұмысты дұрыс түсіне білмеуін жатқызуға болады.

8.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек

Алғашқы, яғни дәрігерге дейінгі көмекті оқыс жағдайда жарақаттанған қызметкерге өзімен бірге жұмыс істейтін жолдастары көрсетеді, сонымен қатар дәрігерді де шақырады,

Көрсетілетін көмектің тиімділігі көбінесе олардың тапқырлығына және істей білу қабілетіне байланысты. Әр қызметкер алғашқы жәрдемді көрсете білуі, бөлімшедегі аптечканың тұрған жері мен санитарлық пост орынын, денсаулық сақтау бөлімінің нөмірін, жедел жәрдем мен өрт сөндіру командасының нөмірін де білуі қажет.

5.2.4 Кәсіптік аурулардың сипаттамасы

Көптеген компьютер тұтынушылар өзінің жұмыс орынына аз мән береді. Егер ақшасы бола қалса, ол жаңа стол немесе мониторға үстел алғанша алдымен жаңа процессор алады. Көп жағдайда жұмыс орыны дұрыс ұйымдастырылмайды. Монитор төмен орналасқан, жарық көздеріне ыңғайсыз, қолдары клавиатурада епсіз жатады, соның нәтижесінде тұтынушылар денсаулығына және тез шаршайтындығына арыздана бастайды.

Монитордың орналасуы, жарықтандыру, креслоның биіктігі көзге маңызды әсер етеді.

- Компьютермен жұмыс кезінде жарқтандыру тым қатты болмауы қажет, бірақ аз болуы да тиіс емес, ең жақсы вариант –шашыранды көмескілеу жарық;

- Столды орналастырғанда терезе жұмыс істеушінің қарсы алдында болмауы қажет; Айтылғандарды орындау үшін қалың терезе перде сатып алу керек немесе жалюздер алу керек , олар сәулені кесіп береді. Егер терезе жанында болса, шешімі – перде, жалюздер. Мониторға киілетін күнқағар /козырек/ сатып алуға болады (мұндай күнқағарлармен кейбір кәсіптік мониторлар жабдықталады және жеке де сатылады). Күнқағар жарықты экрандайды, жарықты беру табиғи жарыққа жақындайды, көз аз шаршайды.

- Монитор экраны өте таза болуы тиіс, егер адам көзілдірік киіп жұмыс істесе, көзілдірік те таза болуы шарт. Монитор экранын сүртіп отыру қажет (арнайы салфеткамен немесе мониторды сүртуге арналған сұйықпен) ең аз дегенде аптасына бір рет, көзілдіріктің тазалығын күнделікті тексеріп отыру қажет.

- Монитор мен клавиатураны жұмыс столында тура орналастыру керек, қырын қарап отыруға болмайды;

- Экранның ортасы шамамен көзге сәйкес келуі тиіс немесе біраз төмен.

Басты үнемі тік ұстап отыру керек, алға қарай еңкеймей отыру абзал. Жүйелі түрде біраз секундқа көзді жұмып, көзге демалыс беріп отырған жөн.

Кейде арнайы көзілдірік пен сүзгі қолдану да ұсынылып жүр, олар шынында көру жүйесінің кейбір көрсеткіштерін жақсартады, бірақ басқа көрсеткіштерге зиянды. Монитор экраны шамамен 50-60 см ара қашықтықта көзден алыс болуы тиіс. Егер адам бұл ара қашықтықта нашар көретін болса, жұмыс істеу үшін үлкен шрифт таңдап алуы тиіс.

- Егер алыстан көрмеушілік 2-4 өлшемдерінен артық болса,екі жұп көзілдірікпен қолдану қажет: "жақыннан" және "алыстан" жұмыс істеу үшін.

Электромагнитті сәуленің деңгейі монитордың жанынан және артынан қарағанда, алдынан қарағаннан артық. Компьютерді бөлменің бұрышына орналастыру керек, не онымен жұмыс істемейтіндер компьютердің артында немесе жанында болмағаны дұрыс.

Көбінесе мониторды тым төмен орналастырады. Адам оны өзі аңғармайды, мониторға қарау ыңғайлы болу үшін ол басын қисайтып, орындықтан түсіңкіреп отырады. Мойынына күш түседі, адамның миы қанмен дұрыс қамтамасыз етілмейді, бас аурулары, басқа да зиянды әсерлер пайда болады. Егер тұтынушы орындықтан "түсіңкіреп,сырғи" отырса, оның арқасына күш түседі жіне үнемі күнделікті осылай отырып жұмыс істегенде, әрқилы өзін жаман сезінеді. Монитордың орналасуын реттеу қажеттілігі туады. Экран ортасы шамамен көзге тұспа–тұс келуі не біраз төмен болуы тиіс, себебі адам орындықта еңкеймей дұрыс тік отыруы шарт.

Сурет 5.2 - Компьютер операторының дұрыс отыруы

Арқасы бірнеше градусқа артқа қарай шалқайған. Мұндай отырыс омыртқаға күш салмайды, денесі мен саны аралығында қан айналымын жақсартады, әсіресе жас ер адамдар үшін. Қолдары креслоның шеттеріне еркін жатуы керек. Саусақтары иықтарымен бірге жалпы осьте болуы шарт: еңкеймейді және шалқаймайды. Жұмысты тек саусақтары ғана атқарады. Мықынды денеге тік ұстау қажет, тізелері – мықынға тік бұрыш жасап орналасқан. Аяқтары еденде немесе арнайы төсеніште тұрады.

Ыңғайлы жұмыс креслосын алған қажет, ол компьютерде жұмыс істегенде тік дұрыс отыруын қамтамасыз етеді. Орындықтың биіктігін және арқасының шалқайып тұруын реттеп, роликпен жылжып отыруын қамтамасыз ету де қажет. Ыңғайлы арқа адамның омыртқасының иілгенін дәл қайталайды және арқаның төменгі бөлігіне негіз болады. Орындықты шақтап қана алға біраз жылжыту қажет, омыртқаға түсетін салмақты мықын мен аяқтарға береді. Орындықтың шеттерін шақтап майыстырады- бұл мықынға түсетін салмақты азайтады. Кресло /орындық/ қатты немесе жартылай қатты болуы керек, төменгі іш-құрылысында қан айналымын жақсартады.

Басқа қолданылатын заттардың орналасуы ұзақ уақытқа ыңғайсыз еңкейіп отыруға мәжбүрлік жасамауы тиіс, әсіресе ауыр жүктерді көтергенде (мұндай еңкейген кезде омыртқа аралық дискілерді зақымдап алуы мүмкін).

Егер адам клавиатурамен көп жұмыс жасаса, білектің астына қоятын арнайы төсеніш алуы керек. Бір-бірінен ажыратылған екі бөліктен тұратын клавиатуралар сатылады, екі жартысын қажет жағдайда қажетіне қарай қолдануға болады. Бұндай клавиатура қымбат, онымен жұмыс істеуге үйрену қажет, тым көп басатындарға бұл таптырмайтын олжа.

Эргономиканың негізгі факторы – жұмыс орынындағы шу. Жүйелік блоктар шуылдайды, ал винчестерлер, әсіресе ескі модельдері "құлақты тұндырады". Егер тұтынушы осындай компьютермен ұзақ уақыт жұмыс істесе, бұл фактор жоғары шаршауға әкеледі. Мәселені шешудің жолдары:

- арнайы компьютер столын сатып алу, онда жүйелі блок есікті жәшікке салынады;

- компьютерді еденге (столдың астына) орналастыру;

- импозантты экран жасау, жұмыс орнын жүйелі блоктан алшақтатады, жүйелі блок астына шуды азайтатын төсеніш салынады;

Тек жүйелі блокты қалыпты жағдайда желдету жүйесін ұмытпау керек: желдеткіш алдында бос кеңістік болуы керек (бұл, әдеттегідей жүйелі блоктың қабырғаларындағы кішкене тесіктер) және желдеткіш жанында (оның тесіктері әдетте артқы қабырғасында болады).

Жұмыс орынын "дыбыстық ресімдеу" тиімді ұзақ жұмыс істеуге маңызды. Бөтен шу көздерін болдырмау қажет. Көптеген адамдар тек бір ғана істі атқара алады, егер ми ақпаратты бірнеше көздерден алса (мысалы, компьютер + радио), тез шаршайды. Екінші жағынан арнайы іріктеліп алынған жайлы музыка еңбек тиімділігін арттырады. Егер сіз шулы кафеде жұмыс істейтін болсаңыз, құлаққап қолдануыңызға әбден болады (көптеген CD-дисководтар желіге оңай қосылады) және табиғат үні музыкасын тыңдаңыз.

Компьютерде жұмыс істеу барысында әр сағаттан соң он минуттық үзіліс жасаңыз, үзіліс кезінде алысқа қарау керек, креслодан тұрып, жаттығулар комплексін жасаңыз немесе жай жүріңіз. Әрбір екі-үш сағат аралығында көздің бұлшық еттерінің жиырылуын шешетін тесікті көзілдірік киіңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]