- •1.1 Электронды білім беру: тарихы мен алғышарттары
- •Электронды білім беру жүйесін жүргізу қадамдары
- •1.3. Көпфункционалды контенттің классификациясы
- •Электронды білім берудің ақпараттық жүйесін жобалау
- •Жүйені жасауға қойылатын талаптарға сараптама
- •2.2. Жүйе сәулетін жобалау Классикалық үш деңгейлі архитектура
- •Электронды білім беру үшін көпфункционалды контентті құру
- •3.1. Қолданылатын бағдарламаға сипаттама
- •3.2 Қолданушының интерфейсі
- •4. Экономикалық бөлім
- •4.1 Техникалық экономикалық негіздеу
- •4.2 Экономикалық тиімділік есебі
- •4.3 Күрделі шығындардың өзін ақтау мерзімі мен жылдық үнемдеу тиімділікті анықтау есебі
- •5. Еңбекті қорғау шараларының жиынтығы
- •5.1 Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы
- •5.2.2 Жарақаттану себептері
- •8.2.3 Оқыс жағдайларда дәрігерлік көмекке дейінгі көмек
- •5.2.4 Кәсіптік аурулардың сипаттамасы
- •5.3 Жекелеме қорғау құралдары
- •5.4 Кәсіпорын мәдениеті
- •Кәсіпорынның интерьері
- •Функционалды бояу
- •5.5 Есептеу техникасын қолдануда қауіпсіздік техникасы
- •5.5.1. Жалпы ережелер
- •5.5.3 Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •8.5.4 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздінің талаптары
- •5.5.5 Авария, өрт, жарақат алу кезіндегі іс қимылдар
- •5.5.6 Нұсқауларды бұзғаны үшін жауапкершілік
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша
5.5.3 Жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
8.5.3.1 Жұмыс кезінде сусын ішуге, тамақ жеуге тиым салынады;
8.5.3.2 Жұмыс столына қандай да болмасын ыдыстардағы сұйықтарды қоюға болмайды;
8.5.3.3 Оргтехникамен жұмыс істейтін бөлмеде табиғи және жасанды жарықтандыру, табиғи желдету болуы және олардың іс жүзіндегі нормалар мен ережелерге сай болуы қажет. Жұмыс орындарын электр кабельдері мен трансформаторлардың, оргтахниканың жұмысына кедергі келтіретін жерлерге және оператордың денсаулығына зиянды жерлерге жақын орналастыруына тиым салынады;
8.5.3.4 Компьютерлер орнатылған бөлменің терезелері солтүстік және солтүстік-шығыс жаққа қаратылады. Терезе ойықтары реттелетін қондырғылармен, яғни жалюздер не перделермен жабдықталады;
8.5.3.5 Бір компьютер тұтынушыға қажетті жұмыс ауданы 6 м2 аз емес олардың қатарласып және орталықта орналасуы жағдайында, периметр бойынша орналасқанда – 4 м2
Компьютерді қосымша қондырғыларсыз (принтер, сканер и т.п.) қолданғанда төрт сағаттан кем емес жұмыс уақытында бір жұмыс орнына кем дегенде 5 м2 аудан беріледі;
8.5.3.6 Бөлімше интерьерінің ішкі жағын безендіруге қолданылатын полимерлі материалдар ПК мен санитарлы-эпидемиалогиялық экспертизадан өтуі тиіс. Еденнің үстінің антистатикалық қасиеттері болуы қажет. Бөлмелерде үнемі ылғалды тазалау жүргізіліп отырады. Ұзартқыштарды қолдануға, сүзгілерді, арнайы жермен қосылатын контактілері жоқ тройниктерді қолдануға тиым салынады;
8.5.3.7 Бейнемонитордың экраны оператордың көзінен 600 – 700 мм ара қашықтықта орналасуы тиіс, минималды рұқсат етілетін қашықтық 500 мм;
8.5.3.8 ПК мен үзіліссіз жұмыс уақыты 2 сағаттан артпауы керек.;
Сурет 8.4 - Компьютер столы
8.5.4 Жұмыс аяқталғаннан кейінгі еңбек қауіпсіздінің талаптары
8.5.4.1 Жұмыс аяқталған соң қызметкер келесі талаптарды орындауға міндетті:
- жұмыс орынын тәртіпке келтіру;
- инструменттер мен саймандарды сақтауға арнайы арналған жерге жинау;
- барлық жұмыс кезіндегі ақаулар мен кемшіліктер жөнінде жетекшісін хабарландыру;
- жұмыс орынын өрт қауіпсіздігі талаптарына сай тәртіпке келтіру.
5.5.5 Авария, өрт, жарақат алу кезіндегі іс қимылдар
Авария болып қалған жағдайда не ситуацияда, егер оның болуы мүмкін болғанда тездетіп бірден жұмысты тоқтату керек, өз басының қауіпсіздігіне және басқа жұмысшылардың қауіпсіздіген әрекеттер жасау керек, болған жағдай туралы жұмыс жетекшісіне хабарлау қажет.
5.5.5.2 Өрт туындаған жағдайда дереу жұмысты тоқтатып, 01 телефоны арқылы жылдам өрт сөндіру бөліміне хабарлау және қолда бар құралдар көмегімен өртті сөндіруге әрекет жасау қажет.
5.5.5.3 Жарақат алған жағдайда дәрігерлік пунктке барып көмек алу қажет, мүмкін болғанша жарақаттанған жерді сол қалпында қалдыру абзал, жұмыс жетекшісіне тікелей немесе жолдастары арқылы хабарлау қажет.
5.5.6 Нұсқауларды бұзғаны үшін жауапкершілік
5.5.6.1 Әрбір қызметкер осы аталған нұсқауларды сақтамағаны және бұзғаны үшін тәртіптік, әкімшілік жіне қылмыстық жауапқа тартылады.
5.5.6.2 Бөлімшелер жетекшілері, цехтар мен участкелер бастықтары, бөлім бастықтары өздеріне бағынышты қызметкерлердің авария мен жарақаттануға соқтырған іс-әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық түрде жауапқа тартылады.
5.5.6.3 Әкімшілік кінәлі адамдардан аварияның нәтижесінде болған шығындарды қайтарып алуға құқылы, ал қызметкерлеріне уақытша не тұрақты жұмыс істеу қабілетінен айрылуына байланысты заңға сәйкес шаралар орындайды.
Пайдаланым талаптары.
ПК жабық ,жылумен қамтамасыз етілетін бөлмелерде пайдалануға арналған, келесі жағдайларда жұмыс істейді:
- қоршаған ауаның температурасы 12 -27˚С шамасында;
- қоршаған ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 ± 15 %;
- атмосфералық қысым 84 –тен 107-ге КПа дейін;
- электрмен қоректендіру ПК-ны бір фазалы жүйеден кернеуі 187- 242 вольт жиілігі 50-60 Гц ауыспалы токтан орындалады;
- электрқондырғыларының ережесіне сәйкес жермен қосу контурының қарсылығы 4 Ом-нан артпауы тиіс;
- ПК-ны қоректендіру үшін жеке электр линиясын пайдаланады, оған коммутациондық және қатты ағымды жабдықтар қосылмауы қажет;
- ГОСТ 63254-76 бойынша сыртқы электр жүйесінің кернеуі 0,3 в/м артпауы тиіс;
- ішкі магнит өрісінің кернеуі 200 А/м артпауы керек;
- қоршаған ортаның шаңдануы ГОСТ 16325-76 сәйкес 0,75 мг/м артпауы тиіс;
- қоршаған ортада коррозия тудыратын басқыншы сұйықтар булары болмауы керек;
- СН-245-71 санитарлық нормаларды сақтау қажет (компьютерлердің ара қашықтығы2 метрден кем емес т.б.);
- жүйелі блоктың артқы қабырғасындағы желдеткіш тесіктерді және монитордың желдеткіш тесіктерін жабуға болмайды;
Ескерту: жиі күн күркірейтін географиялық зоналарда жүйені кернеуді шектеуіштер арқылы қосады.
ПК-да жұмыс істегенде келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- ПК –да жұмыс істеу кезінде сыртқы қосқыштарды өшіруге және қайта қосуға болмайды;
- сыртқы жапқышы шешіп алынған жағдайда жұмыс істеуге тиым салынады;
- жүйелік шнур оралған немесе қысылып қалған жағдайда болмауын қадағалау қажет;
- жүйелік шнурды зақымдау қауіпі бар жерге орналастырмау керек;
- тұрақсыз орынға ПК-ны орналастыруға болмайды. Құлаған жағдайда ол істен шығып қалады, сол себепті өрт және электр қауіпті;
- рұқсат берілгеннен жоғары температурада ПК-ны пайдалануға болмайды;
- өздігінен ПК-ны жөндеуге болмайды. ПК-ның қалыпты жұмыс істеуіне күмән туса, оны жүйеден өшіріп, сервис орталығынан көмек сұраңыз;
- ПК-ны қайтадан іске қосу оны өшіргеннен соң 20 секундтан кейін орындалады.
Желінің кернеуін тексеру.
Компьютерді алғашқы іске қосар алдында желінің кернеуі компьютерге сәйкес келетіндігін тексеру қажет (көптеген жүйелі блоктар бірнеше кернеумен жұмыс істей алады, мысалы, 220 және 110 В). Қажет болған жағдайда жүйелі блокта кернеуді қосқышты орнатуға болады.
Кернеуді стабилизациялау.
Біздің еліміздің көптеген жерлерінде жүйедегі кернеу қатты тербеліп өзгеруі мүмкін. Компьютер үшін мұндай өзгерістер қажетсіз (әсіресе кернеудің тым төмен түсіп кетуі зиянды), сондықтан компьютерді жүйеге кернеу стабилизаторлары арқылы қосқан дұрыс. Электрмен қоректендірудің тұрақсыздығынан сақтау үшін арнайы үзіліссіз қоректендіру қондырғылары (UPS) қолданылады, олар тек тұрақты қоректендіру кернеуімен ғана қамтамасыз етіп қоймай, электрқоректендірудің 5 минуттан бірнеше сағатқа дейінгі өшірілгенінде жұмысын атқаруға мүмкіндік береді (қондырғының қуатына байланысты). Осы уақытта өзімізге қажетті ақпараттарды жоғалтып алмай, барлық жұмыс істеп тұрған бағдарламалар жұмысын толық тоқтатуға болады. Локальды жүйелердегі серверлер және бағалы коммерциялық ақпараттарды өңдейтін компьютерлер үшін үзіліссіз қоректендіру қондырғысын қолдану іс жүзінде міндетті. Үйде қолданылатын компьютерлер үшін арзан аналог ретінде тұрмыстық стабилизаторды қолдануға болады, олар компьютердің тұрақты жұмысын электр жүйесіндегі кернеудің тұрақсыздануы кезінде қамтамасыз етеді.
Компьютерді іске қосу.
Компьютерді іске қосу үшін қажет:
- егер компьютер кернеу стабилизаторы арқылы қосылған болса, стабилизаторды өшіру;
- принтерді қосу (егер қажет болса);
- мониторды іске қосу;
- компьютерді принтерді іске қосу ;
Осыдан кейін экранда бағдарламаның жұмысы туралы мәлімдеме және компьютердің алғашқы іске қосылуы туралы мәлімдеме пайда болады.
Компьютерді өшіру.
- Жұмыс істеп тұрған бағдарламалар жұмысын аяқтау және компьютерді өшіруге дайындау;
- Компьютерді өшіру ( компьютер корпусындағы айырғышпен);
- Принтерді өшіру (егер ол қосылған болса);
- Мониторды өшіру ;
- Егер компьютер кернеу стабилизаторы арқылы іске қосылған болса, кернеу стабилизаторын өшіру.
Жүйелі блокты орнату.
Компьютердің жүйелі блогын соққылар мен вибрация әсеріне шалдықпайтын жерге орналастыру қажет. Жүйелі блок үстіне матрицалы принтер қоюға болмайды, себебі оның жұмыс істеуі кезінде болатын вибрациялар компьютерге зиянын тигізеді. Жүйелі блокты басқа қондырғылармен қосатын барлық кабельдерді компьютер өшірілген кезде қосуға және айыруға болады. Компьютер тұрған бөлмеде шылым шегуге болмайды. Бірнеше айдан кейін компьютерді сервистік орталыққа жиналған шаңнан, кірден тазартуға апарып отыру қажет, немесе бұл жұмыстарды компьютердің кепілдік мерзімі біткен соң өздігіңізден орындауға болады.
Жермен қосу қондырғысының есебі.
Жермен қосу қондырғысының есебі үшін вертикалды жерменқосқыштар мөлшері және қосатын жолдың ұзындығы анықталады, жермен қосу қондырғысының жалпы қарсылығы талаптардан артып кетпеуі қажет (ПУЭ). Жермен қосқыш қоғаныш қондырғысын орнату үшін негізінен болат құбырлар диаметрі 40-80мм және ұзындығы 2-3м, өзара болат кесіндімен жалғасқан кесінді 4*12 мм кем емес қолданылады.
Токтың жүруіне қарсылық Rтр , Ом, жалғыз вертикалды жермен қосқыштан, Но тереңдікке тартылғанда , келесі формуламен анықталады:
Rтр = 0,366 * ρрас* ((lg(2 * l / d) + 1 / 2 * lg(4* t + l / 4* t - l)) / l, (8.13)
мұнда ρрас – топырақтың есептік қарсылығы, Ом * м;
l– вертикалды жерменқосқыштың ұзындығы, м;
d– жерменқосқыштың сыртқы диаметрі, м;
h– топырақ бетінен қосу кесіндісіне дейінгі ара қашықтық, м;
t–топырақ бетінен жерменқосқыштың ортасына дейінгі ара қашықтық, м:
t = h + 1 / 2,
t = 0,8 + 2 / 2 = 1,8м.
Топыраққа байланысты (құм) қабылдаймыз: ρрас = 700 Ом * м;
l = 2 м;
d = 0,04 м;
h = 0,8 м.
Сондықтан:
Rтр = 0,366 * 700* ((lg (2 * 2 / 0,04) + 1 / 2 * lg (4 * 1,8 +
+ 2 / 4 * 1,8 – 2)) / 2 = 272,07 Ом.
Артынан вертикалды жерменқосқыштардың мөлшерлі санын формуламен анықтаймыз:
n' = Rтр / Rдоп, (8.14)
мұнда Rдоп – жерменқосқыш қондырғының рұқсатты қарсылығы, Ом ( ПУЭ бойынша ), Rдоп = 4 Ом.
n' = 272,07 / 4 = 68,02.
Қабылдаймыз n' = 69.
Вертикалды жерменқосқыштар саны мен олардың ара қашықтығы арқылы 8.1 [1] графигі бойынша вертикалды жерменқосқыштарды пайдалану коэффициентін табамыз:
ηтр = 0,52.
Қосу кесіндісінің қарсылығы n ηтр ескере отырып формула бойынша анықталады:
n = Rтр / Rдоп * ηтр, (8.15)
n = 272,07 / 4 * 0,52 = 130,8.
қабылдаймыз n = 131.
Қосу жолының қарсылығы Rп, Ом, формула бойынша анықталады:
Rп = 0,366 * ρрас / Lп * lg (2 * L2п / b * h), (8.16)
мұнда Lп – жолдың ұзындығы, м;
b – жолдың ені, м.
Қабылдаймыз b = 0,3 м.
Lп = 1,05 * 2 * l * n
Lп = 1,05 * 2 * 2 * 131 = 550,2 м.
Rп = 0,366 * 700 / 550,2 * lg (2 * 550,22 / 0,3 * 0,8) = 2,98 Ом.
8.2 [1] графигі бойынша қосу жолын пайдалану коэффициентін анықтаймыз:
ηп = 0,28.
Артынан жерменқосу қондырғысының жалпы қарсылығы Rобщ, Ом, формуламен анықтаймыз:
Rобщ = Rтр * Rп / Rтр * ηтр + n * Rп * ηп, (8.17)
Rобщ = 272,07 * 2,98 / 272,07 * 0,52 + 131 * 2,98 * 0,28 = 3,2 Ом.
Rобщ < Rдоп
3,2 Ом < 4 Ом
Адамдарды эвакуациялау қауіпсіздігі.
Жобалау және ғимараттың құрылысы кезінде адамдарды эвакуациялауға қолайлы жағдайлар жасау негізгі жұмыс болып есептеледі.
Эвакуациялау жолы – сыртқа шығатын жолдағы кез-келген участок (коридорлар, баспалдақтар).
Эвакуациялау тиімділігі адамдар бөлмеден сыртқа шығуына кеткен ең аз мерзім, минут, уақытпен анықталады, сол себепті эвакуациялау қауіпсіздігінің жағдайлары келесідей беріледі:
τд ≥ τр, τр = 0,85 * 1 / υ + N / σ * n * m, (8.18)
мұнда τд – адамдарды эвакуациялауға кеткен уақыт ұзақтығы I дәрежелі өрткеқарсылықты бөлмеден – 1,5 мин.;
τр – мәжбүрлі эвакуацияныңесептік ұзақтығы;
0,85 – коэффициент, адамдардың қозғалу жағдайын ескереді;
l – ең алыс қашықтықта орналасқан жұмыс орынынан шығуға дейінгі ара қашықтық;
υ – горизанталды жердегі адамдардың қозғалу жылдамдығы тең 16 м/мин;
N – эвакуацияланатын адамдар саны;
σ – есіктердің ені, м;
n – ені 1 м болатын эвакуациондық жолдың өткізу қабілеті, есіктер мен баспалдақтар үшін 1,5 м дейін тең 50 адам минутына;
m – ені бірдей есіктер саны.
Қабылдаймыз :
l = 4 м, N = 2, σ = 0,5 м, n = 25 адам/мин, m = 1.
Сонда
τр = 0,85 * 4 / 16 + 2 / 0,5 * 25 * 1 = 0,37 мин.
Есептелген эвакуациялау уақыты 0,37 минут рұқсат етілген 1,5 минуттан артпайды, яғни адамдарды қауіпсіз эвакуациялау талаптарына сай келеді.
5.6 Электрқауіпсіздік
Көптеген қауіпті және зиянды өндірістік факторларға қарағанда электр тоғы сырт көзге сезілмейді. Оның қауіпті, көбінесе өмірге қауіп төндіретін әсері тек адамның тікелей ток жүретін сыммен контакталасуы арқылы көрінеді.
Адам денесінің электр тогына қарсылығы негізінен тері жамылғы қабатының қарсылығынан және ішкі ұлпалардың қарсылығынан тұрады (шамамен 500 Ом). Тері ылғалданғанда, кірлегенде оның қарсылығы жылдам төмендейді және соған сәйкес электрмен зақымдану қаупі артады.жерменқосқыш жүйенің есебінде дененің қарсылығын 1 кОм деп қабылдаймыз. Тері жамылғы қабатының қарсылығы токтың кернеуі артұан сайын 10 есе арта түседі, сондықтан организм арқылы өтетін ток мөлшері артады, нәтижесінде зақымдану зардабы өте ауыр болады.
Зардап шеккен адамның денесіндегі токтың жүру жолы маңызды. Егер ток адамның өмірлік маңызды органдарымен өтсе- ми, жүрек, өкпе , яғни «бас - қолдар (аяқтар)», «қол - қол (аяқтар)» өте қауіпті.
Психофизиологиялық жағдайы көбінесе электрмен зақымдану дәрежесіне байланысты болады. өте ауыр зардаптар ауру әлсіреген, мас адамдарда байқалады.
Адамда өлімге дейін соқтыратын ток мөлшеріне 0,05 А, 0,5 А аз ток зиянсыз (1000 В дейін).
Компьютермен жұмыс істейтін адамдар медициналық тексеруден өтуі тиіс, қауіпсіз жұмыс жолдарын үйреніп, білімін арнайы комиссия алдында көрсетеді, техникалық қауіпсіздік бойынша белгілі біліктік категориясы беріледі. әкімшілік жұмыс істеушілерді қажетті қорғау құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, жерменқосылғыштар жағдайын үнемі тексеріп отырады, электротехникалық сақтандыру құраларын тексеріп отырады
5.7 Өртқауіпсіздігі
Ошақтан тыс материалды шығын келтіріп жанатын от өрт деп аталады. Кәсіпорындарда өртті болдырмау үшін өртқауіпсіздігі шаралары ұйымдастырылады, яғни обьектілерде өртті болмауы қарастырылады, ал егер өрт бола қалған жағдайда оның адамдарға зиянды әсерін алдын алу және материалдық құндылықтарды сақтау шараларымен қамтамасыз етіледі.
Бұл үшін өртті болдырмау жүйесін ұйымдастырады - өрттің шығу себебін болдырмайтын ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар жиынтығы. Одан басқа, өрттен сақтандыру жүйесі құрылуы қажет.
Оттың тұтануы мен өрттер өртқауіпсіздігі инструктажын сапасыз өткізгенде, өрттің алдын алу талаптарын бұзғанда және өрт қауіпсіздігі ережелерін орындамағанда пайда болады.
Болуы мүмкін өрттен адамдар мен материалды құндылықтарды сыртқа алып шығу үшін эвакуациялау жолдары қарастырылады, оларда табиғи жіне авриялық жарықтандыру болуы тиіс.
Негізгі өрт сөндіргіш құралдарға жататындар – су, судың буы, ауалы-механикалық және химиялық көбіктер, инертті газдар (азот, көмірқышқыл газ, түтінді газдар), сусылдақ заттар (өртсөндіргіш ұнтақ құрамдар, құм, топырақ) және изоляциялаушы материалдар (асбесті ткандер).
Жобада бір ауалы көбікті өртсөндіргіш, 4-6 % - ті ПО-1 көбікқұрағыштың сулы ерітіндісімен жабдықталған, сыйымдылығы 5 литр, көбігінің шашырау ұзындығы – 4,5 м, әсер ету ұзақтығы 20 мен 45 с, массасы толық (зарядымен) – 7,5 және 14 кг қабылданған.
