Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ғабит диплом(1)-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
177 Кб
Скачать
☆

2 Ұлы қаламгер Ғабит Мүсірепов

2.1 Ғабит Мүсреповтің шығармашылық өмір жолы

Ғабит Мүсірепов, ҚР халық жазушысы, 1902 жылы Қостаной облысы, қазіргі Пресногорьковский ауданында дүниеге келген. Бала кезінде –ақ туған ауылында сауат ашып, әдебиетке қызыға бастайды. Өлеңдер мен ертегілер, «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр» эпостық поэмалары жас баланы қызықтырды. 1916 жылы жақын туыстары Ғабитті Обаған ауданына алып кетіп, орыс мектебіне береді.

Екі жылдан соң, Бекет Өтетілеуовтың араласуымен Ғ.Мүсірепов Преснегорький мектебіне оқуға түседі. Революция жылдарын ол осы мектепте өткізеді. Кейінірек, 1926–1928 жылдары Орынбор қаласында жұмысшы факультетінде білім алады. Осы жылдары Ғ.Мүсірепов А. С. Пушкиннің, М. Ю. Лермонтовтың, И. А. Крыловтың, кейінірек Л. Н. Толстойдың, Н. В. Гоголдің, Ф. М. Достоевскийдің және А.П.Чеховтың шығармаларын қызыға оқиды.

Жұмысшы факультетінен соң, Ғабит Ом қаласындағы ауылшаруашылығы институтында оқиды, Қазақ мемлекеттік баспаханасында және Халықтық ағарту комиссариатында жауапты лауазымдарды атқарады, содан кейін «Социалистік Қазақстан» газетінің бас редакторы болады, Өнер істері жөніндегі Комитеттің төрағасы қызметтерін атқарады.

Баспасөзде жүргенде ол қатардағы қызметкерден бастап, бас редактор басталдағына дейін көтерілді. 1930-шы жылдарды ңөзінде-ақ өзін көрнекті журналист ретінде таныта білді. Газет оған болашақ туындылары үшін сюжет беріп қана қоймай, өмір туралы білімді, оны көре білу мен тсүіні білуді үйретіп, тамаша мектепке тайналды. «Амангелді» пьесасы аттас , фильм секілді газет очеркісінен туындады. «Амангелді» пьесасынан бөлек, Ғабит Мүсіреповтың қаламына бірқатар драмалық туындылар да тиесілі. Бұлар «Қыз-Жібек», «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу», «Ақан-сері-Актоқты». Мүсірепов қазақ әдебиеті үшін жаңа жанр – драматургияның негізін салушылардың бірі болып саналады. Мүсіреповтің драмалық шығармалары адамдың барлық сезімдерін, адамдардың жан дүниесі мен көңіл-күйіндегі ұсақ-түйек өзгерістерді, олардың арманы мен үміттерін жырлайды, олар әлемдік дарамалық өнерінің озық дәстүрінде жазылған.

Өзінің жазушылық жолын прозадан бастаған Ғабит Мүсірепов қазақ әдебиетіне осы жанрда үлкен үлес қосты. Оның «Қазақстан солдаты» (1948), «Оянған өлке» (1953) және «Ұлпан» (1976) романдары қазақ әдебиетінің ең озық туындылары жайында айтылғанда ең бірінші болып ойға оралады. Ол ірі туындылар жазуға бірден келген жоқ, ал біртіндеп, үзаққа созылған жемісті еңбегінде тәжірибе, шеберлік және өмір білімдерін жинақтады. Ертеректе жазылған әңгімелері мен повестері романға барар жолдағы өзіндік сатылар болды.

Ғабит Мүсіреповтің «Қазақстан солдаты» романы – қазақ прозасының Ұлы Отан соғысы жайындағы алғашқы туындыларының бірі. Романның парақтарында соғыстың ауыр жылдарының ұшқындары жатыр. Ғ.Мүсіреповтің кітабына соғыс жай және күнделкті құбылыс секілді «келеді»: шығарманың бас кейіпкері әскерилер бөлімшесінде өткелдегі тәртіпті реттеп тұрады. Моторлардың гүрілі, автокөлік гуілдерінің айқайы, дау-дамайлар мен ұрыс-керістер – көңілі романтикаға толы жасөспірімнің қияң-кескі соғыстың алғашқы күндерінен бастап күткені бұлар емес еді.

Ерлікті ұлықтап, жазушы соғыстың халыққа әкеліп жатқан бәлекеті мен қайғысын ашық түпрді және батыл көрсетеді. Жеңісті ол ақыл-ойдың, адамды сүюдің жеңісі, прогрестің реакцияны, адамға жат фашистік идеологияны жеңуі ретінде бейнелейді. Сарбаз бен соғыстың, тұлға мен тарихтың, адам мен халықтың мәселелерін осылай сипаттағанда Ғ.Мүсіреповтің жаңашылдық маңыздылығы көрінеді.

Ғабит Махмұдұлы Мүсіреповтің шығармаларында таланттың сан түрлі қырлары мен ерекшеліктері көрінеді. 1953 жылы жазылған ірі эпостық шығарма «Оянған өлке» жазушының қаламына тиесілі. Бұл уақыт бойынша кең құлаш жайған келбеттік роман қазақ халқының ондаған жылдардағы өмірінің оқиғаларын қамтиды. «Оянған өлке» романы – көрнекті эпостық туынды, қазақ халқы тарихының маңызды оқиғаларын зерттеу. Мүсірепов тарихты «жақсартуға» талпынбайды, оны біртүсті етіп көрсетуге тырыспайды. Адамдарды революциялық жаңалыққа жұмылдыру процесі оңай орын алмайды. көне салт-дәстүрлердің орны әлі де мықты, олардың ескі жолдарын бұзып өтіп, жастарды күреске бой көтерту оңай емес. Жастар белгісіздікке қадам басуға қорғады. Олардың ата-бабалары мұндай жолмен жүрген жоқ? Дала көшпенділері аздап күдіктеніп және ойланып, бейтаныс, белгісіз, әлем басталатын шекараға жықындайды.

1976 жылы оқырманға жаңа кітапты сыйға тартты - «Ұлпан» романы. Ол жазушының сүйюші, зардап шегуші, күресуші әйел туралы лирикалық-философиялық әңгімелерінің үлкен циклының жалғасы мен дамуы болды. Ғабит Мүсірепов, шынайы суреткер ретінде тәкәппар, жүрек жұтқан, ержүрек, өзінің ерлігімен және өзінің ешкімге бағынбауымен тартымды әйел затын жақсы көреді. «Ерлік» әңгімесіндегі Нағима, «Ашынған анадағы» Айнакөз тап сондай, «Қырандар туралы әңгімедегі» жас бүркіттер де сондай.

Мүсірепов әңгіме жанрында да көп және жемісті еңбек етті. Оның қайғылы («Ақлима»), қызықты («Тимка»), құйтұрқылықпен басталып, көңілді аяқталатын («Боранды түн») және қайғылы аяқталатын («Қасқырды кім атты»), эпостық құлаш жаятын («Жиырма төрт сағатты», «Алғашқы субұрқақ») әңгімелері бар. Олар қазақ «шағын прозасының» дамуына айтарлықтай үлес қосты.

Қазақ оқырманларын орыс және әлем классиктерінің көрнекті туындыларына тарту үшін жазушы көп еңбек сіңірді. Көркем шығармаларыдң аудармасын ол үлкен шеберлік мектебі және әртүрлі халықтардың идеялық-эстетикалық байланыстарының дұрыс тәсілі деп санады. Театр үшін ол В. Шекспирдің «Антоний және Клеопатра» трагедиясын, Ж. -Б. Мольердің «Сараң» және А. Н. Островскийдің «Таланттар мен жанкүерлер» комедияларын аударды. Прозаны да көптеп және жемісті аударды: А.М.Горкийдің «Дауылпаз туралы өлең», М.Шолоховтың «Олар Отан үшін шайқасты» романынан үзінділер.

Өзінің бүкіл саналы ғұмырын үлкен жазушы Ғабит Махмұдұлы Мүсірепов халыққа арнады, халыққа әдеби туындыларын ғана емес, жүрегінің жылуын, күрескер азаматтың ынтызарлығын берді. Ол барлық уақытта үлкен қоғамдық жұмыстардың басында жүрді, туған халқының өмірімен тығыз байланысты болды.

Жазушының Азия мен Африка континенттерімен байланыс жөніндегі Комитетінің мүшесі ретінде осы елдер арасындағы достық пен шығармашылық өзара әрекеттестіктерді нығайтудағы сіңірген еңбегі орасан зор. Ол көптеген интернационалдық кездесулердің бастамашысы болды. әртүрлі елдерге іссапарларға барып, публицист ретінде сөйз сөйлеп, бейбітшілікті нығайту ісіне де үлес қосқан.

Өзінің қоғамдық, публицистикалық, журналистік, әдеби іс-әрекетінде Ғабит Мүсірепов туған халқының мдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Қазақ кеңестік әдебеиетінде Ғабит Мүсірепов уақытта оның көп емес, талантты қайраткерлерінің бірі болып қалады, ал қазақ халқының жүрегі мен жадында – халқының өмірінің шындығын ешқашан бұрмаламаған жылнамашы, адам ұл ретінде мәңгі сақталады.

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары Олжас Сүлейменовтің пікірі бойынша, «қазақ кеңес әдебиетіне ең жемісті ұрпақтар болды. Олардың барлығы негізін қалаушылар тізіміне енеді, олардың әрқайсысы өзінше, әрқайсысы өз дарынының ерекше тұрпатымен туған тілін көркемдеді» [4]. Олар алыптай жұмыс қабілетімен ерекше көзге түсті, сондықтан шығармашылық және қоғамдық іс-әрекеттері де сан қырлы. Бұлардың қатарында жазушы, әдебиеттанушы, сыншы, деректі және көркем фильмдердің сценаричті, опера шығармаларының либреттисті Ғабит Мүсірепов та бар. Ол ең бірінші кезекте орыс әдебиетінің, мәдениетінің және ғылымының ықпалымен қалыптасты. Өзінің замандастары С. Сейфуллин, И. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Мұқанов секілді, ол қоғам мен халық алдындағы өзінің жеке жауапкершілігін сезді: «Мен өмірлік материалды таңдауда ғана емес, басқа жақтарда да жол беруіне берместей жан-жаққа ой жүгірткендей болып көрінуі мүмкін. Газетке прозалар, аудармалар, очерктер, деректі және ойындық фильмдердің сценарийлерін жаздым, аудармамен айналыстым, әдеби және театр сыншысы ретінде сөздер айттым. Алайда мұның себебі жеңілтектікте, барлық нәрсеге күдіктенуде емес, мен нені қолға алсам да ол маған қолжетімді. Өз заманымның ұлттық жазушысы (қазақтың ғана емес, қырғыздың, өзбектің, түркіменнің және тәжік) болуға бір емес, екі емес, көптеген тұлғада жалғыз болуыма тура келді » [3].

З.С. Кедринаның ойынша, «Ғабит Мүсірепов – ең композициялық жинақы және стилистикалық «пысықталған» қазақ жазушыларының бірі. Ғабит Мүсіреповтың туындыларының стилі барлық уақытта керемет нүкте қойылуымен сипатталатын» [1, с. 23]. Жазушының осы шыңдалуы, жазудағы нәзіктігі сыншыларға оны сөз зергері дап атауға негіз берді. Жазушының өзі бұған орыс әдебиетінің қатаң мектебі ықпал етітдеп мойындаған. Оның талантын зерттеушілер мен ұлықтаушылар Ғ.Мүсіреповтің феномені оның талантында ғана емес, оның ойлаудағы әмбебаптылығында, ұлттық және әлемдік мәдениеттің көптеген салаларындағы терең танымында екендігіне сенімді.

Ғабит Мүсіреповтің бүкіл шығармашалық іс-әрекетінің жолында елеулі ұстаздарының бірі А.П. Чехов болды. Чеховтық лаконизм, тұспалдаап айтудың ерекше функциялары, новеллалығы мүсіпеповттық көркем мәтіннің құрылымы мен мазмұнына айтарлықтай ықпалын тигізді. А.П.Чеховтың сөз семантикасына махаббатымен ілімінің жемісін «Аспанда болған жекпе-жек» әңгімесінің құрымынан табуға болады [2]. Қазақ тілін білуге құштарлығы жоқ адам болса да бұл шығармадағы аллитерациялық және ассонанстық дыбыс жазбасының үйлесімін, сонымен қатар субъектілік сөздегі түбегейлі мағананы сезуге болады. «Жекпе-жек» сөз үлгісінде екі мағаналық сипаттамалар біріктірілген. Этикеттік- ахуалдық символика «жеке» - жалғыз сөзіне негізделген. «Жек көру» ұғымының этимологиясына ұнатпау, дұршпандық сезім қойылған – ұнатпау, тілектес болмау, жақсы көрмеу. Қазақ тілін білетіндердің құлағына «жекпе-жек» ұғымы, мағанасының философиялық бояуы түсінікті болады. Ассоциативтік қабылдау нәзік мағаналық бояулардан қалыптасады: ір-біріне алакөздер, дос еместер, (мәтінде - қарама-қайшы пікірді ұстанатындар) – бірі бірене қарсы,бірге бір. Әңгіме сөздік жекпе-жек, философиялвқ талас, пікірталас жайында болып отыр.

Жазушы ерекше ахуалдардың әртүрлі көріністерін дамыта және өсіре отырып, сөздік бейненің шексіз мүмкіндіктерін паш етеді. Шығармада болған оқиғаны әркім әртүріл оқуы мүмкін. Ұшақта ерекше деп айтуға болатын тасынтық орын алады: Мүсіреповтің серігі Мартыновтың, кезінде, 1841 жылы ақын М.Ю.Лермонтовты өлтірген адамның шөбересі болып шығады. Шырғалаңға түскен әңгіме көпке ұзамай тараптардың келіспеушілігінен өткір бола түседі. Жазушы «жекпе-жек» сөз беунесін авторлық шығармаға ендіруді қажет деп санайды». Бейне нақты белгіленген: жекеп-жек, сонымен қатар әрекет орын алған орын да ынқталған – аспанда болған жекпе-жек (чеховтық «дыбысы шығатынарды, білетіндерді» еске түсіреміз, тақырыбы: «Аңшылықтағы драма», «Дуэль», «Іш пыстырарлық оқиға» т.б.). Ғ.Мүсіреповтің қаламынан сөздердің психологиялық сипаттамалары, маңанасы әртүріл атаулар бой көтереді: өткір әңгіме, сөз сайысы, жекпе-жегі... Осы белгілеулерден кейін осы бейненің келесі құраушысы естіледі: «сайысқа» (в бой) және «атыс» (дуэль).

Ғ.Мүсіреповтің поэтикасында бейненің кейіптің көрінуі А.П.Чехотағыдай характерологиялық сипатқа енеді. Жазушы өнердің аралас түрлерінің құралдарын шебер қолданады: живопистің және кинематографтың. Әңгімелеуші өзінің қарсыласының бейнесін кинобейненің ерекше стилистикасында танытады. Көру қатарының киносценарийде қалай қабылданса, сондай түсініктің сезілетін түрі пайда болады. Осы ретте әдеби мәтінге тән авторлық ремаркаларсыз (секілді, ...солай сияқты, құдды бір, болуы тиіс, еске салады, т.бғ.), сөздік сипаттамада кадрда көрсетілуі тиіс тұстары мен ерекшеліктері анықталады. Сондықтан да автордың өткірлігі мен мезеттілігі, сонымен қатар қабыдауындағы егжей-тегжейлі айқындылығы таң қалдырады.

«Аспанда болған жекпе-жек» әңгімесе - чеховтық ұсақ-түйектерге, олардың шынайылығына, дәлдігіне, мағаналық өзара негізділігіне, және мәтін құрылымында расталған мақсаттылығының Ғ:Мүсіреповке тән мәнерлі расталуы. Кездейсоқ ақиқат: жолаушылардың креслосының өту жолының екі жағында орналасуы «жекпе-жек» деп келтірілген. «Аспанда болған жекпе-жек» бейнесінің толықтығына өзіне тән сипаттарды біртіндеп жинаумен қол жеткізілелі. Айта кететін жағдай, Ғабит Мүсірепов бүкіл әңгімеде орысша лексикалық сызбасында «дуэль» сөзін бір рет те пайдаланбаған, тек дуэльдің тура мағанасында «атыс» сөзін бір рет қолданған. Лермонтовтің дуэлі турады әңгіме болатын немесе ол ойға оралатын эпизодтарында да «жекпе-жек» ұғымы пайдаланылмаған. Ойдың негізгі мақсаты да осындай этимологиялық тәсілмен жеткізіледі: екі жекпе-жекті адамгершілік әсері бойынша жақындастыру. Ақын дуэльде көз жұмды және мәңгілік өмірге аяқ басты. Баяндаушы автор үшін жоғары ақиқат – ақынынң адамгершілік жеңісі маңызды: « Әңгіме дауда емес, шындықты ашуда ғой. Лермонтов оғын  аспанға атқаны мәлім» [2, c. 555] - /Суть не в споре, а в правде. Лермонтов выстрелил в воздух, как известно- пер. С.А./.  Сендіретіндей ашылған дәлелдердің бүкіл желісі әңгімелеушінің жеңісіне шүбә келтірмейді, оның бейнесі баяндаудың соңында жазушының өзінің тұлғасымен түбегейлі «сәйкес» келеді.

Баяндаушы мен жазушының «көзқарастарын» философиялық деңгейде де, композициялық тәсіл ретінде де сәйкестендіру мәтінде бәр емес бірнеше ретін автобиографиялық ұсақ-түйектер мен эпизодтарды ендірумен көрсетілген. Әңгімелеуші - «қараңғы қазақ Мүсірептің шөбересі..» «әліппеден кейін... қолына түскен бірінші орысша кітап Лермонтовтың 6ip томдығы болатын». Алайда көркем туындыларда өз сезімдері мен жағдайларын пайдалану көркем тәсіл ретінде де болуы мүмкін. Сюжетке ендірілген, Ғ.Мүсіреповтің кейбір нақтылаулар үшін Ираклий Андронниковқа хат жазуы оқиғасы да ерекше мәнерлі тәсілге саналады. Композиция поэтикасында мұндай композициялар визуалды ретінде белгіленеді. Ойдың толықтығына қол жеткізудегі олардың орындылығы әлем әдебиетінің тарихында бірнеше рет дәлелденген. Мысалы, А.Н.Толстойдың «Соғыс және бейбітшіліктегі» әскери картаның сызықтары немесе «Мален ханзадасындағы» А.Экзюперидің авторлық суреттері. Жазушы үшін аса маңызды болған жекпе-жекте мүсіреповтық қарсыластың «Аспанда болған жекпе-жек» әңгімесінің сөздің мәтініне орын тебуі баяндаудың жоғары, тарихи сенімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік берді. Оқиғаның аяқталуында Ғ.Мүсірепов орыс классиктерінде жиі кездесетін ашық түрдегі финалды пайдаланады (А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының сюжетін аяқтауды еске түсіреміз).

Қарсыластардың «диалогында» дуэльдік этикет немесе кодекстің ережелері орындалды ма екен деген сұрақ табанды пайда болады. Баяндаушы автор даудың туындауына себеп болған дуэль адал жекпе-жекпен ортақ тұсы болмағандығына сенімді. Оппоненттің де қарама-қарсы көзқарасы күрт пайда болады, ол өзінің тарғы атасын бір оқиғаның әртүрлі дәуірлерде әртүрлі қабылданатындығымен ақтауға тырысып жатыр. Баяндаушы автор үшін осы оқиғанға жүгінуі, өз қарсыласының нағыз, тарихи тегін табанды іздестіруі - бұл Лермонтов мен Мартыновтың жекпе-жегінің жалғасы. Баяндаманың тоналдылығы, әсіресе, соңында, оқырманды сенімді түрде ендіреді: «Енді кім? - дейсіз ғой.-Білмеймін» - оқырманды авторлық ойды қаблдауға, қорытынды меңгеуге жақындатады. Пікірталаста жеңімпазды анықтау мүмкін болған жоқ, алайда жекпе-жекте жеңімпаз міндетті түрде болу керек. Қатыгез фамилияны тапқан кездегі сезімнің ұшқындары ашық айғай салудан көрінеді: «Табылды. Табылды!... -  Квитко!...» [2, с. 558-559]. Түпнұсқа мәтінінде де леп белгісмен және тақырыптың жалғасының болуын көзейтін көп тонды ырғақпен ашық түрдегі соңын білдіреді, мұндай жағдайда оқырманды әңгіменің оқиғалық тұсына үлкен қызығушылығының пайда болуына алып келеді.

Осылай оқырманды қабылдауға белгіленуінің тікелей сөз түріндегі белсенді көрсетілуі оның болжамдылығын оған емес, алдын-ала әдейі «болжамды» екендегін оқырманға танытады. Әңгіменің қорытынды сөйлемдеріндегі синтаксис зейінді тежейді, ойлауға міндеттейді. Соғы сөйлемнің алдындағы сөйлемде жолаушы серіктің фамилиясы аталды: «Мартынов шөбересінің фамилиясы Квитко екен...». Нүкте қоюға немесе Ғ.Мүсіреповтегідей кері байланысқа есептелген көп нүкте қоюға болар еді. Алайда жазушы фамилияны қосымша түрде белгілеп, ерекше тыныс белгілерімен көрсетуді жөн санады. Мұндай рәсімделуде де бұл атаулы тіркес «сигнал», міндетті түрде жаңғырықты тудыратын «сигнал» ретінде қабылданады, бұл авторды А.П.Чеховпен жақындастырады.

 ЕР-Қаптағай – Ғ.Мүсіреповтың «Ер-Қаптағай туралы аңыз» әңгімесінің әдеби кейіпкері, 1941 жылы жазылған. Оның дүниеге келуі тарихи оқиғамен – Ұлы Отан соғысының басталуымен тұспа-тұс келді. Тарихи дәуірдің аясында оқылған әңгіме қосымша символдық мәнге ие болады. Ғ.Мүсіреповтің әңгімесінің сюжеттік негізін ешкімнен жеңіліс көрмеген Ер Қаптағай деген алып туралы аңызды құрайды. Оқиға тарихқа дейінгі дәуірде, жерде алыптар өмір сүрген уақытта өрбиді. «Түтінді саңылаудан ұшқындар ұшты, әрқайсысының көлемі үлкен ара ұясындай. Шғудан қорықпаған боран оларды ұстап алып, баурайға қарай кете берді. Анда-санда киіз үйден сырнайдың ұзаққа созылған дыбысы шығып, боранның дамылсыз дауысын жапқандай болады. Бұл түшкіріп отырған Ер-Қаптагай. Ол ошақтың жанына жайғасып отырып алып, оттың жалындағн алауларына қарап отырып, өзінің туыстарынан естіген әңгімесі туралы ойланып отырды». Ер-Қаптағай наймандар жеріне Әзірет-Әлі деген алып келе жатқандығын біледі, ол қандай-да бір жаңа сөзді алып келе жатыр және оны қай тамаша сезіммен және сеніммен қабылдауды талап етеді. Екі батырдың кездесуі ер-Қаптағай ұлдарымен бірге кешкі ас ішуге отырғанда орын алады. «Бұл үйде бір табақтан бірге отырып ас іше алмайтын адамдар өмір сүретін. Олардың саусақтары бір-біріне кедергі келтіретін. Сондықтан да Ер-Қаптағайдың және оның төрт ересек ұлдарының алдында жеке-жеке тамақ тұратын. Ал табаққа салынған қайнаған ет қазіргі уақтта бір ауылда тойдыруға жететін болған». Батырдың күші мен қайраты сыртқы әлемнің бүге-шүгелерін сипататумен көрсетіледі. «Сол заманда алыптар алып малдарды ұстайтын. Түйенің басының өзін қазіргі киіз үйдің өлшеміндей болған. Ер-Қаптағай ашығып қалыпты, түйенің бас сүйегінен алынған етті, түйенің тілін, жұмсақ бас семіршегін бір дегенде аузына салып жіберді». Батыр өзімен теңдей келетін қонақты лайықты бағалады. «Қою қара мұрты, онша қараға жата қоймайтын сақалы, дөңгелік, күтім көрген. Бойы биік, мүсінді…Нағыз жігіт». Қонақжайлылықтың дәстүрін сақтаған Ер-Қаптағай қонаққа дәм ұсынды, алайда ол бұл жердің салтын білмеген соң дәмнен бас тартты, сөйтіп үй иесін түсініксіз жағдайда қалдырды. «Оның дәмінен екі рет бас тартылғанына таң қалған қарт өзі бауыр мен майды аузына салып жұтып жіберді, сөйтіп түйенің басы салынған табақты қолымен ұстап, қонақтың алдына ысырды». Күшті де құдіретті Ер-Қаптағайдың жаны да жомарт еді: ол үйінен шғап кеткен бейтаныс мейманның артынан аңдымайтын. Екінші күні Әзірет-Әли тағы да Ер –қаптағайдың үйіне бет алды. «Ер-Қаптагай оған бөгет болған жоқ, дегенмен мейманның айтқан өздерін батыр түсінбеді. Алайда бұл дыбыстарда бір үлкен сыр жатқандай болып көрінді, ол сыр міне-міне ашылатын сияқты және ашылған кезде мейманның үйден не үшін кеткені белгілі болатындай болып көрінді … Алайда ақсақалға осы дыбыстарда басқа бір тылсым бардай көрінді: егер осы, оның өмірі адам танымастай өзгеріп, өзіне-өзі ұқсамай қалатындай …». Азірет –Әли ер-Қаптағайға өз сенімін мойындата алмастан бұл жерден кетіп қалады. «Және Ер-Қаптағай мен оның ұлдары тірі тұрғанда ол мұнда көрінбеді». Сөйтір Ер-Қаптағай Әзірет-Әли алыптың өзін де жеңді. Әзірет-әлидің бейнесімен жаңа сенім-Исламды қабылдау тақырыбымен байланысты. Әзірет-Әли осы нанымды уағыздады Кітаптың пайда болуы көне түркі халықтарында жазуды ңпайда болуын білдіреді. ЕР-Қаптағай мен Әзірет-Әлидің күресі – бұл екі нанымның күресі. Ер-Қаптагай өз ата-бабаларының сезімін қасиет тұтады, оған өзге наным жат. Сондықтан да ол Әзірет Әлидің сөздерін қабылдамайды. Ер-Қаптагай шынайы батырларды – өз халқын қорғаушыларды, өз жерінің патриоттарын кейіптейді.

Ғабит Мүсірепов – Солтүстік Қазақстанның тумасы, кедей отбасынан шыққан. Болашақ жазушының алғашқы ұстазы ауыл молдасы болды.Содан кейін бала екі сыныптық мектепке барады. Ғабитті ғұмырында белгілі ақын-ағартушы Бекет Отетілеуовтың алар орны ерекше. Ол Ғабитке Пресногор жоғары бастауыш мектебіне оқуға түсуіне көмектесті. Оқушы Ғабит А.С. Пушкиннің, М.Ю Лермонтовтың, Н.В. Гогольдің, В.Г. Короленконың, Дж. Лондонның шығармаларын оқи бастайды. Оған Н.А.Гогольдің еркін, азат сөздері, Чеховтың «лаконды манерасы» үлкен әсер қалдырады. Бұл автор Мүсіреповті әңгімене қысқа болса да өте сыйымды жанр ретінде тануына ықпал етеді. Училищеден кейін Мүсірепов Орынбор қаласындкағы жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, жаза бастайды. Оның шығармашылық жолы 1925 жылдан басталады.

Мүсіреповтің шығармашылғында, оның үлкен реалист-жазушы ретінде қалыптасуында үш кезеңді атап көрсетуге болады. Бірінші кезең жиырмасыншы жылдардың соңы мен отызыншы жылдардың басына жатады. Екінші кезең - 1932-1938 жж. Осы кезеңдегі Мүсіреповтың шығармашылығында ана туралы әңгімелер циклы ерекше орын алады: «Ашынған ана», «Ананың анасы», «Ер Ана», «Ақлима», «Ананың қолдауы». Жазушы күшті де романтикалық бейнелерді дүниеге келтірді, ана махаббатының алдында алынбайтын қамал жоқтығын, әйелдің-ананың жоғары моральдық және адамгершілік қасиеттерін жырлады.

Ғабит Мүсірепов – көрсем сөздің нәзік шебері. Жазушы туған тілінің жауһарларын жинақтаған және олар новеллаларында, әңгімелерінде, драмаларында және романдарында жаңадан және айқын суреттелген. Біз зардап шегетін, күтетін, күресуден тайынбайтын, сенімді, адал, нағыз әйел жайындағы лирикалық-философиялық әңгімелерге тоқталамыз. Бұл жайында жазушының өзі былай дейді: «Сырттан қарағанда мен әйелдер жайлы толқыныс сезімімен, құштарлықпен жазатын болып көрінеді. Бәлкім солай шығар. … Ерте заманнан бері әйел көшпелі өмрде ерекші рөл ойнаған. Шығыс әйелдерінің арасында дәл осылар пәрендже кимеген, болашаққа бет-жүздерін ашып батыл қараған. Қазақ қыздарының ерлігі мен жауынгерлігі туралы мысалдар жетерлік»

Ғабит Мүсірепов – әртүрлі өмірлі кжағдайларды құрудың хас шебері. Олар драмалы, лирикалы, өткір сюжетті және оқырмандарды әйелдер тап болған тұйыққа бірлесе тірелуге мәжбүрлейді. Және шығар жол табылса шығармадағы кейіпкермен бірелсе қуануға мәжбүрлейді. Әңгімелерді ңнегізіне ел тарихымен байланысқан оқиғалар қойылған. «Ашынған ана» әңгімесінде – тыл жұмыстарына жұмылдыру уақыты. «Ер ана» - азаматтық соғыстағы ахуалдар. Халықтың ұлы нәубеті – Ұлы Отан соғысы – на «Ақлима» және «Кек» әңгімелерінің парақтарында сипатталған. Оқиғалар драмаға толы. Оқиғалардың қатысушылары әйелдер. Туындылардың атауының өзінде ақ өмірлік қарама-қайшылықтар, өмірлік мәселелер сезіледі. Ал «Кек» әңгімесі – бұл саналы адам мен адам кейпін жамылған аңның қайғылы күресі, өйткені кек – құқыққа қасы келетін ұғым. Алайда ол саналы бола алыды ма? Ғабіит Мүсірепов те осы жайында ой толғайды. «Өмір туралы» трактатында Л.Н. Толстой былай деген болатын: «Өсіп шыққан өскіндердің арам шөбі тынай өмірдің өскіндерін жаншып тастады». Қандай арам шөп туралы сөз болып жатыр? Соғысты бастайтын, адамдарды өлтіретін, адамдағ барлық адамилықты жоятын арам шөп жайында емес пе? Міне, Мүсірепов өз туындыларында егер сен адам болсаң адамдығынды өлтіруге жол берме дегенді көксейді.

Новеллалардағы кейіпкер әйелдер (оның әңгімелері новелланы қатты еске салады) уақыт пен жағдайдың қатыгездігіне берілген жоқ, әйелдің ұлы атын жоғалтқан жоқ. Не үшін новеллалар? Өйткені новеллада – «фабула нақтырақ, аяқтауға алып келетін сюжеттің барысы айқын». Ғ.Мүсіреповте, шындығында да әрекеттің дамуы бересе болжамға келмейтін жасырын, біресе кейіпкерлерінің жанының терең тұңғиығында. Оқып отырасаң да, сол немесе басқа кейіпкер қалыптасқан жағдайдан шығуы үшін нені қолға алатындығын түсінбейсің.

Ғ.Мүсіреповтің новелалларын байқап көрейік. «Ашынған анадағы» - Айна көз басқарушыдан өзінің жалғыз ұлын тыл жұмыстарына жібермеуді өтінді. Алайда басқарушы баласын мазақ етті. Ана бұл ажалды амалдарға шыдай алмады, ой-санасы бұлыңғырланып, қолына пышақты алды да қатігез басқарушыға сұғып алды: «пышақты алдым да, артқа қарай, киіз үйге, жастықта жатқан басаруғыша ғарай бет алдым. Оның жұтқыншағына, сосын жүрегіне пышақ қададым». Бұл оқиғаны ана үйіне түнеуге рұқсат сұраған үй егесіне айтып жатыр. Әйелдің әңгімесін тыңдап отырған қожайын мейманнан көзін алмайды, «құлақтары ербеңдеп, біресе көетірліп, бір сөз айтуға қорқып отыр». «Оның алдында ерекше, күшті, жаужүрек әйел отырды. Ол өзінің ешбір жарық сәулесі жоқ өмірінің барлық қиындықтарынан өтті», өзіндегі адам қалпын сақтады, барлығына төзді, тағдырдың соққыларына тізе бүкпеді: «Мені бұғаулап тастады… Қамшымен сабады…Қанша ұрды, білмеймін. Маған тағы не істегенін де білмейін… «Ехе, қаншық тірі екен! – деді қасымдағы біреу. Қайтадан бұғаулап ұра бастадын». Үй егелері әйелге көз алмай қарап отырды және олардың алдында «алдарында өзінің юақытты болуы үшін қалай күресуді білетін әйелдің» және өз балаларынан болашағы үшін күресе білетін әйелдің тұрғанын білді..

Біреулердің «түйсіктері арам», екіншілердің махаббаты терең – екінші шығармада автордың зерттеу объектісі осы болды. Азамат соғысының оқиғалары. Жазушының келесі «Ер Ана» новелласының оқиғаларының негізіне азамат соғысы негіз болды. Соғыс өздерін жағына барлығын тартты, әйелдерді де. «Ер ана» новелласындағы Нағима - тәкәппар және өте мейрімді әйел. Ол дөрекілікке, мазаққа еті үйреніп кеткен, «ол тәкәппардығынан мұндай (куалк Жұманның киіз үйіне) ешқашан кірмейтін, суық желде мызғығанды жөн көретін». Басыбайлы адам одан артық не күтеді? Ол кедей, осымен барлығы түсінікті. Алайда оның үйіне алғаш рет қызыл әскерілктер келген кезде, Нағима өзіне айтылған сыпайы сөздерді бірінші рет естіді. Сондықтан да үйіне келген жауынгерлердің бірі жараланған кездес Нағима ұлына жаралығы тезірек жасырынуға көмектесуін айтты. Нағима жаралының қайде екендігінен хабардар екендігін білген Антонов, дұшпан отрядының командирі, сарбаздарға Нағиманы, ананы, әйелді қамшымен ұруға бұйрық берді. Нағима оларды ақылға шықыруға тырысты, «Анаға қол көтеруге қалай дәттерін барады?». Бұл амалы іске асты: ешқайсысы қолдарына қамшы алмады. Керісінше жағдай орын алды

: сарбаздар өз атамандарын соққыға жықты. «Нағима өлген жоқ, оның басы жерде домалаған жоқ, оның денесін сарбаздар тысқарыға апарып тастаған жоқ». Сөйтіпи ана тағы бір қатігездіктің – соқыр, ештеңе ойламайтын қатегіездіктің, ананы өлтіру қатігездігінің, соғыстан пайда болатын қатыгездіктің орын алуының алдын алды. Әйел – ана барлығына да бара алады. Ол адам санасының көп қатпарлылығын, оның жүру процесін бейнелей алды. Кейіпкерлердің идеялық бетпе-бет келуінде автор кімнің логикасы тазарақ, адалырақ, ізгірек болса, соның жанында. Біз көріп отырмыз: Жазушы Нағиманы, оның табандылығын, моймастығын, қажетті жерде дұрыс шешім қабылдай алуын, барлық іске өз адал арымен баратындығн мақтан етеді: «Әлемнің аспанында, дала мен орманынң аспанында, көгілдір таңертегі түтінге шомған қызыл күн көтерілді. … оның жауаптары ананың жүзіне түсті. Кедей лашықтардың әйелдері. Барлығы ұзақ уақыт бойы, көз жастарын сүртпестен, ұзақ тұріп, канонаданың алыстан естілген гүріліне құлақ түрді».

Автор әйелдің тағдырынан оңайшылықты іздеген жоқ. Ол әйел еңсеруі тиіс тосқауылдарды қиындатты және өршітті. Ұлы халық нәубеті – Ұлы Отан соғысы – «Ақлима» және «Кек» новелласының желісіне арқау болды. «Ақлима» әңгімесінде Ақлима жауынгерден қателесіп келген хат алады. Бұл Бұл хаттың тарихы Ақлиманың өмірінде де, оның жазған сарбаздың өмірінде де маңызды орын алды. Ұлынан айырылған Ақлиманың (оның ұлы соғыста өлген) тағдыры, анасынан айырылған мүгедек-жауынгердің тағдыры қалай болатын еді? Тіпті ойлаудың өзі қорқынышты? Мүгедек кімге керек? Алайда Мүсіріреповтық кейіпкер әйел адамшылық мен ізгілік ұғымдарының барлығынан жоғарыға көтеріледі: ол өзінің жаны мен жүрегін жауынгерге ұсынады, өзінің ұлына жеткізіп үлгермеген жылулығын ұсынады: «Ол қуанышын жасыра алмады: бұл адами емес қайғылар оның баласына қатысты болмады; өзге, жат, оған мүлде бейтаныс адам мүгедек болып қалды, алайда Қасым емес, жоқ!». Және ол ана, өзіне бейтаныс жауынгерге қысқаша ғана хат жазады: «Келе бер, ұлым, күтемін. Анаң». Қарапайым, алайда сондай биік және әдемі. Жаны жайсаң адам ғана осылай жасай алады. Енді «үйінің төбесінен ұшып өткен әрбір ұшақ ана жүрек күштірек соғуға мәжбүрлейді». Бәлкім, ұшып келе жатқан – оның ұлы сарбазы, Сапары болар?»

Иә, ана тақырыбы Ғабит Мүсіреповта – қарапайым дүние емес. адам санысының сырына шебер үңіледі және одан адамдардан жасырынған нәрсені табады, бірақ жан қиналған сәтте сыртқа шыға алады. Жазушының адам өмірінің мәні мен неге арналғандығы туралы оны қатты толғандырған ойы мен өлім мәселесі, адамдық өзара қатынастар мен жалғыздық туралы мәселелер арасындағы тікелей байланысты көруге болады. Ол өзінің әйелдер жайындағы новелласында осы «мәңгілік тақырыптардың» көркемдік шешіміндегі жаңа жолдарды белгілейді.

Ғабит Мүсірепов әңігемінің шағын жанрымен жұмыс жасап, жаңа мәселелерді алға шығаруда, оларды ашу мен өз оқырманына шығара білуде көркем шығарманың осы түрінің үлкен мүмкіндіктерін тереңінен анықтады. Ғ.Мүсіреповта кейіпкерлердің алдыңғы тарихы жоқ немесе ол минимумға келтірілген. Авторда әйелдер жайындағы новеллаларда тұрмыстық суреттер жоқ, біз көлемді ішкі монологтарды естімейміз. Алайда бұл туындылардың артықшылығын, оқырманың оған деген қызығушылығын азайтпайды. Мүсірепов үшін ең маңыздысы – оның жеке авторлық монологы, жазушының барлық жақтан оның жанының терең тұңғиығынан жетелеп келе жатқан дауысы. Ол әңгімелердің бас кейіпкерлерінің психологиялық қозғалысының бүге-шүгесін өзіне қамтиды.

Ғ.Мүсіреповтің әйелдер тақырыбын көтеретін тағы бір новелласы «Кек». Тағы да Ұлы Отан соғысы. Тағы да күрделі өмірлік жағдай. Тағы да басты кейіпкер – әйел, Наталья. Бұл әңгіме де алдыңғы шығармалары секілді сияқты жазушының осы циклдағы туындыларының тыныстағын ізгі сезімін айналып өтпейді. Бұл әйел ізгілікке сенді: «Немістердің шабуылы қаншалықты соқыр аяусыздығымен тифтің эпидемиясын еске салса да, ол бәрібір қалада қалса, немістер оның науқас ұлына тиіспейтін шығар деп үміттенді. Олар қанша дегенмен адам ғой». Алайда адами ізгілік басқа әрекеттерге жол беруі мүмкін, «Кек» новелласында да дәл солай болды.: «Наталья бұьл сяиқты ақсақалдылардан аяушылық сұрап, күтудің пайдасы жоқ екендігін түсінді... Наталья, қайда қараса да барлық жақтан оған ажал қарап тұрды, оның құлағына қандай бір дыбыс естілсе де оған- өлім алдындағы тыныс алу секілді болып көрінді. Ізгілік және қатыгездік. Барлығы араласып кетті, шекаралар жойылды, ойлау, таразылау қаблеті жде жоғалды. Кенет, өзімен-өзі ойына Л.Толстойдың «Анна Каренина» романынң эпиграфв оралдыъ»: Өзіне лайықтысын танытам : «… ол жарылғыштар көмілген шұңқырдың екі қадам жерге өзінің озінің отын жағуға сұйенңіп отыр. Құрғақ ағыш шытырлап жанды.

-Тек жақындай көрмеңдер, әсіресе, отпен! – осы сөз есіне оралды, сөйтіп ол алаулап жатқан ағаштарды ол шұңқырға итеріп жіберді … Наталья мектеп бақшасының түбінде тұрды да мектептің терезесінің әйнегіне түскен жарықтарды, алауларды, айналасында жүрген неміс жауынгерлерінің сұлбаларын көрді. Өз қатесін түзету қажет болды, сөйтіп Наталья қайта оралуға бет бұрып бірінші қадамын жасағанда жарылыстың қатты гүрсілі оның құлағын бітеп тастады. Көз жауын алатын жалындар лаулады, тастың, ағаштың және металдың сынықтары көкке қарай көтерілді. Оттай ыстық немересін кеудесіне қысып, түңгі қараңғыға еніп, батып кетті.

Шңдалған көркем форма, өткір сюжеттерді меңгеру,портреттің галереяларды жасай білуі Мүсіреповті әдеби шеберліктің нағыз университеті етеді. Оның шығармашылығы, Еқазақ халқының мәдени және рухани қайнар көзедірмен азық беруі, әлемдік классиканың тірі қайнарларымен сусындатуы барлық уақытта өз халқына еңбек ететін болады.

Ғ.Мүсірепов сонымен қатар «Амангелді» (1935), «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» (1939), «Қазақстан содаты» (1945), «Ақан cepi - Ақтоқты», «Кездестірмеген бейне» (1966, Қазақ КСР-нің Мемлекетітк сыйлығы, 1968) «Ақынның трагедиясы» (Әйгілі қазақ ақыны Ақан серінің «Құлагер» поэмасындағы айтқаны) «Майра», «Ұрпақтарға мұра», секілді ірі әдеби шығармалардың ондаған әңгімелер мен новеллалардың авторы. «Қазақстан солдаты» романы әлемдік танымалдылыққа ие болып, қазақ әдебиетін танытты. «Оянған өлке» тарихи романы да үлкен танымалдылыққа ие болды. Оның жалғасы - «Өзгелердің билігінде» романы - 1974 жылы жазылды. 1968 жылы оның «Бір күні және мәңгілікке» атты әңгімелері мен повестерінің жиынтығы жарыққа шықты, осы еңбегі үшін жазушы 1970 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. 1976 жылы «Ұлпан» романы жарыққа шықты. Ғабит Мүсірепов әдеби-сыни және публицистикалық еңбектердің авторы болып табылады, олардың көпшілігі жинақтарға енді : «Суретшінің парызы», 1977 жылы Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа ие болды, «Дәуір және әдебиет», «Дәуірдің тұстары», «Уақыттың ізі». Ғ.Мүсірепов танымал қоғам қайраткері болып табылады, ол Азия мен Африка елдерінң әдеби байланыстарын кеңейту мен нығайтуға, отандқ әдебиетті насихаттауға зор үлес қосты. Заманауи әдебиетьің даму мәселесін, көркем әдебиет тілінің ерекшеліктерін және жазушылардың шеберлігін зерттеді. Оның көзқрастар Абайдың дәстүріне, шығыс, батыс және орыс классиктерінің шығармашылцқ тәжірибесіне жүгінді. «Қазақ театрының тарихы» екі томдық еңбек пен бес томдық «Қазақ КСР-нің тарихының» (көне дәуірден бастап, сол кезге дейін), алтытомдық «Қазақ әдебиетінің тарихының» дүниеге келуіне қатысты.

Оның ұстазы белгілі ғалым Бейбіт Өтетілеуов болды. ол жазушыға талантты адамның мақсатты асқа болуы тиіс деп айтудан шаршаған жоқ. Одан кейін Ғабитті ұстазының кеңестері мен өсиеттері ғұмырында көп жерде жәрдемі тиді. Ғ.Мүсірепов әдеби шығармашылықтағы алғашқы адымдарын жұмысшы факультетінде жасады. Сол жылдарда Ғ.Мүсірепов С.Сейфуллинмен танысты. Ақын оған күшті ықпал етті.

Ғабит Мүсірепов өзінің қоғамдық, публицистік, журналистік, сыншылдық қызметімен де туған халқының мәдениетінің дамуына зор еңбек сіңірді. Алайда қазақ халқы оны үлкен суреткер жазушы деп таниды, көркем сөздің хас шебері деп біледі, құрмет тұтады. Алғашқы «Тулаған толқын» (1928) повесінде 1918 – 1920 жылдардағы азамат соғысы жайы суреттелсе, «Қос шалқар» (1928), «Көк үйдегі көршілер» (1929), «Туннель» (1930), «Шұғыла» (1935), «Алғашқы адымдар» (1932) әңгімелері қазақ ауылындағы таптық күресті көрсетеді. 1934 жылы «Ананың арашасы» новеллалар циклын жариялады. «Оянған өлке» романында (1953, 1984) революцияға дейінгі Қарағандыдағы қазақ жұмысшыларының қалыптасу процесі суреттелген. 1967 жылы «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі жарияланды. Мүсіреповтің драмалық шығармалары – «Қыз Жібек» операсының либреттосы (1934), «Амангелді» (1939), «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1939), «Ақан сері – Ақтоқты» (1942) пьесалары. Алғашқы шығармаларынан-ақ жазушылық шеберлігімен танылды. "Қос шалқар” (1928), "Көк үйдегі көршілер” (1929), "Өмір ертегісі” (1930), "Алғашқы адымдар” (1932), "Шұғыла” (1934), "Үздіксіз өсу” (1934), "Жайлау жолында” (1936), "Тұтқын қыз” (1938), "Жеңілген Есрафил” (1939), тағы басқа әңгіме, повестерінде еңбек адамдарының қиындыққа толы қажырлы өмірі мен азамат соғысы, ұжымдастыру кезіндегі дүрбелең оқиғалар легі суреттеледі. Мүсірепов әр кезеңде жазылған ана тақырыбындағы туындыларында қазақ әйелінің жиынтық бейнесін жасады. Көптеген әңгіме, новеллаларында Әйел – Ананың бейнесін асқақтатып, әлем әдебиетіндегі Әйел – Ана тұлғаларының галереясын байыта түсті. Ол "Ананың анасы” (1933), "Өлімді жеңген ана” (1933), "Ашынған ана”, "Ананың арашасы” (1934), "Ер ана” (1942), "Ақлима” (1944), "Әмина”, "Ана жыры”, "Ана” шығармалары арқылы сөз өнеріне жаңа көркемдік өрнек әкелді. Ана жайында жазылған алғашқы әңгімелері М.Горький сарынында алынғанымен, ана бейнесі қазақы қасиеттерімен көркем өрнектелген. Мүсірепов қаламынан туған Қапия, Ақлима секілді ана образдары арқылы қазақ өмірінің шынайы көріністері сипатталады. Мүсіреповтің алғашқы романы – "Қазақ солдаты”. 1945 ж. "Қазақ батыры” деген атпен жарық көрген повесін жазушы өңдеп, толықтырып, 1950 ж. қайта жариялады. Бұл шығарма бүкіл қазақ әдебиетінің проза саласында 2-дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тұңғыш туынды және қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбында жазылған таңдаулы шығармалардың санатынан лайықты орнын алған аса елеулі еңбек болды. Романның басты кейіпкері – Қайрош Сарталиевтің прототипі Қайырғали Смағұлов 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Соғыс кезіндегі халықтың басқыншыларға қарсы патриоттық сезімі мен күресін шынайы бейнелеген романда жазушы өзіндік шығармашылық өрнекпен отты жылдардың көркем шежіресін жасады. Нақтылы кейіпкерлердің жинақталған бейнесі арқылы бүкіл халықтың, елдің ерлік бітімін көрсетті. "Оянған өлке” (1953) тарихи романында қазақ халқының 19 ғасырдағы өмірі үлкен суреткерлікпен өрнектелген, қазақ жеріне өндіріс орындарының орнай бастауы шынайы сипатталған. Шығармада жазушы ескілікті әдет-ғұрыптарды сынап, кейбір кертартпа дәстүрлердің қазақ даласында азая бастағандығын көрсетті. Қазақ топырағындағы Қарағанды шахтасы мен Ақбұйрат мыс қорыту зауытының құрылуы мен жаңа өмірге ұмтылған адамдар тағдыры, характер шиеленістері, түрлі қақтығыстар – барлығы романда көрініс тапты. Үш томға лайықталған еңбектің алғашқы кітабы Жұман мен Игілік секілді қазақ байларының, орыс байлары мен жұмысшы тобының тартысты қатынастарын жан-жақты көрсету арқылы қазақ даласының бүкіл бір дәуірін суреттейді. Көркем филос. толғауы басым роман қазақ прозасының шоқтығы биік туындысы ретінде танылды. "Оянған өлкенің” заңды жалғасы болып табылатын "Жат қолында” (1984) романы 30 жылдан соң жарық көрді. Бұл кітапты өз алдына дербес шығарма деуге де болады. Өйткені романда суреттелген өмір кезеңі де жаңа, кейіпкерлері де соны. Роман өндіріс ошақтарын ағылшындар мен француздардың билеп-төстеуі мен сол тұстағы (19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басы) халық тұрмысын тарихи тұрғыдан терең бейнелеуімен, Орталық Қазақстан өңіріндегі әлеум. өмірдің шындығын кең ауқымда байыпты түрде суреттеуімен құнды. Жазушы бейнелеп отырған дүбірлі оқиғаларға толы тарихи мезгіл сол тұста өмір сүрген жекелеген адамдардың сомдалған тұлғалары, сан алуан әрекеттері, тағдырлары арқылы оқырманның көңіл айнасынан өтіп, көз алдына елестеп отырады. Көлемді романдармен қатар Мүсірепов прозада шағын жанрды да дамыта түсті. "Автобиографиялық әңгіме” (1956), "Этнографиялық әңгіме” (1956), "Сөз жоқ, соның іздері” (1962), "Өмір жорығы” (1963), "Айгүл қойшының бір күні” (1964), "Айжан қойшының түндері”, "Бірінші фонтан”, "Қыран жыры” (1967), "Жапон балладасы” (1967), тағы басқа шығармаларында сан түрлі мәселелерді көтеріп, әрқилы образдарды жасады. "Арқаның, Көздің, Тастың әңгімелері” арқылы, ондағы көркем бейнелер негізінде адамзатқа шексіз қайғы-қасірет әкелуші адамдарды әшкереледі. Оның 1966 жылы жарық көрген "Кездеспей кеткен бір бейне” повесі классикалық шығарма. Бұл повестке 1970 жылы Қазақ ССР-ның Мемлекеттік сыйлығы берілді. Повесть Мүсіреповтің шынайы сөз зергері ретіндегі қаламгерлік қарымын, талант қуатын танытты. Қара сөзбен жазылған поэма іспетті бұл шығармада азаматтық ерлік пен ақындық асыл өнер, адамгершілік биіктік пен махаббат терең лиризммен әсем өрнектелген. Адам бейнесін, мінез-құлқын, іс-әрекетін әдемі штрих-детальдармен беруде жазушы ірі көркемдік табысқа жеткен. Бас кейіпкер Еркебұланның жігерлі тұлғасы, оның рухани әлемінің алуан сырлары көркемдік бояумен әсем өрнектелген. Оның прототипі ретінде ақын Сәкен Сейфуллин алынған. Терең лиризммен, сан түрлі сезім толқындарымен тебірене жырланған Еркебұлан бейнесі қазақ әдебиетіндегі ұнамды образдар қатарын байытып, сөз өнерінде үлкен жетістік саналды. Қаламгердің көп ізденіс, үлкен дайындықпен келген образы – өлпан бейнесі ("өлпан” романы, 1974), ол – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас, оқшау тұрған әдеби образ. Өзінің бар ерекшелігімен, көркемдік бітімімен, эстетикалық әсер-күшінің молдығымен көрінетін өлпан бейнесін жасауға жазушы өмір бойы іштей дайындалып, көп ізденіп, толғанғаны байқалады. Ол күнделігінде: "Менің ойымда Ұлпан 40 жыл бірге жасасып жүрді. Мен ол бейнені әр қырынан көрсетуге тырыстым – ойы, сезімі, сырт суреті, жас кезі, есейген кезі, мінезі, мейірімі, тағысын тағы.” деп жазды. Шығармадағы өлпан мен Есеней ойдан шығарылған образдар емес, тарихта болған адамдар. Сонымен қатар туынды арқауына алынған XIX ғасырдың II-жартысындағы қазақ халқының әлеуметтік-тарихи өмірі тарихи жан-жақты зерделеніп, іріктелген оқиға, мәліметтер[23].

Мүсіреповтің драматургия саласына сіңірген еңбегі де орасан зор. Оның "Қыз Жібек” (1934), "Қозы Көрпеш – Баян сұлу” (1939), "Ақан сері – Ақтоқты” (1941) пьесалары лиро-эпостық жырлар негізінде туындаған. Фольклорлық шығармалардың идеялық, тақырыптық желісін сақтай отырып, ол тың өрнекті дүниелер жасады. Жазушы пьесалары қазақ театры репертуарынан тұрақты орын алды. "Қозы Көрпеш – Баян сұлу” ұйғыр, корей театрларының сахналарында, Украинадағы Винницкий театрында және Мәскеу қаласындағы театрларда, Франциядағы Нанси қаласы театрында (1984) қойылды. Бұл спектакль Париж қаласында өткен театр фестивалінде 1-орын алды (1981). Мүсірепов сондай-ақ "Қыз Жібек”, "Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты опера либреттоларының да авторы. Ол тарихи тұлғалар өмірінен "Амангелді” (1939), "Ақан сері – Ақтоқты” (1942), "Болашаққа аманат”, "Қыпшақ қызы Аппақ”, "Қайран Майра” атты драмалық шығармалар жазды. Мүсірепов драматургиясы шиеленіскен әлеуметтік тартысқа құрылған, қимыл-әрекеттері ширақ, диалогтары дәлме-дәл, монологтары ақындық пафоспен рухтанған серпінді, тілі құнарлы да бейнелі: осы қасиеттер кейіпкерлер характерлерін терең ашуда қолайлы қызмет атқарған. Сценарийін Б.Майлин, В.Ивановпен бірігіп жазған "Амангелді” фильмі (1938) қазақ кино өнерінің алғашқы баспалдағы саналса, "Махаббат туралы дастан”, "Қыз Жібек” (1970) фильмдері қазақ кино өнерінің алтын қорынан орын алған туындылар.

Мүсірепов – қазақ әдебиетінде очерк, публицистика жанрларын дамытуға да үлкен үлес қосты. Оның "Уақыт іздері” (1977) атты еңбегі идеялық сонылығымен ерекшеленді. Жазушы очерктерінің басым көпшілігі мазмұн тереңдігімен, шынайы көркемдігімен өзі өмір сүрген заманның талабына толық үндес келіп отырды. Мүсірепов 1970 жылдан күнделік жазуды әдетке айналдырған. Оның архивінде (мұражайындағы) жазушының 300-ден астам қойын кітапшалары сақталған. 1997 ж. Мүсіреповтің "Күнделік” атты кітабы жарық көрді (құраст. Ә.Нарымбетов).

Жазушы қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының дамуына зор үлес қосты. Оның әдебиет мәселелері жайында жазған еңбектері 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап өмірінің соңғы кезеңіне дейін мерзімді баспасөз бетінде қазақ, орыс тілдерінде үздіксіз жарияланып тұрды. Әдеби-сын мақалалары "Суреткер парызы” (1970), "Заман және әдебиет” (1982), "Дәуір дидары” (1986), "Әдебиет – кәсіп емес, өнер” (1987) атты кітаптарында жинақталып, жарық көрді. Мұнда ол әдебиет пен өнердің 20 ғасырдағы даму кезеңіне, сондай-ақ олардың жекелеген елеулі құбылыстарына биік позиция тұрғыдан қарап, ғылыми топшылаулар жасады. Әдебиет тарихына талдау жасап, сөз өнерінің әрбір табысын халықтың рухани қазынасына қосылған құнды дүние ретінде бағалады. Жоғары көркемдік идея мен шығармашылық шеберлікті әдебиет пен өнердің әрбір туындысын талдау үстінде берік, айнымас өлшем ретінде ұстанып, әдеби шығарманың халықтық асыл мұра болып қалуы үшін белсенді түрде үздіксіз күресті.

Көркем аудармада О.Генри, С.Тагарао, М.Горький, М.Шолохов, В.Василевская, И.Эренбург, У.Шекспир, А.Островский, Ж.Мольер, Я.Галан, К.Симонов, А.Леонов, А.Сафронов, А.Штейн, тағы басқа қаламгерлер пьесаларын қазақ тіліне аударды. Мүсірепов белгілі ғалым Г.Ломидзе атап көрсеткендей: "Ол керемет дәлдікпен әрі үйлесімділікпен жұмыс істейтін өте нәзік, өрнекті шебер. Мүсірепов қаламынан жанды бейне, тірі пішін сомдалып, ол суреттеген адам мінез-құлқы мен құбылыстарға кең тыныс, ауқымдылық тән” суреткер болды.