- •1 Билет
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •2)Хіү ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.
- •3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •2 Билет
- •1)Хү ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.
- •3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Ііі билет
- •1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.
- •2)Қожа Ахмет Йасауидің түркі әлемінде алатын орны
- •3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.
- •Іү билет
- •1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі
- •2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Қимақ мемлкетінің құлауының себептері
- •3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
- •Ү билет
- •1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз
- •3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •6 Билет
- •3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
- •Үіі билет
- •1)Сақтардың мәдениеті.
- •2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.
- •3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.
- •Үііі билет
- •3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
- •Іх билет
- •1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
- •2)1990 Жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары
- •3)Х хіі ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
- •2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(бұұ, Әлемдік Банк,хвф, юнеско)
- •3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
- •3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.
- •3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
- •1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.
- •1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
- •2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
- •3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтыру
- •2)Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз.
1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.
2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.
3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Билеушілер |
Басқарған жылдары |
Жүргізген саясаты |
Бату |
|
|
Берке |
|
|
Меңгу Темір |
|
|
1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері. Беғазы-Дәндібай мәдениеті — қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. 9 — 8 ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. Қоныстар мен тұрақтардан табылған көзе ыдыстардың таяқшамен батыңқы сызылып салынған сыртқы өрнектері қарапайым, қиғаш, көлбей салынған шырша, тырнақ, шекілдеуік, жарты ай бейнелі, мойны мен ернеуіне белдемшелер жапсырылған. Ал қабірлердің ішіне қойылған ыдыстардың пішімдері мен өрнектері мүлде өзгеше. Олар қыл мойын құмыра пішімді, шығыңқы бүйірлі кесе, тостаған тәрізді, сырты сүйек қалыпшалармен әсем етіп өрнектелген. Тұрғын үй құрылыстары әр түрлі. Қабырғасы, іргесі таспен өрілген 4 — 6 бөлмелі үйлермен қатар, бір-екі бөлмелі жер кепе және киіз үй пішіндес құрастырмалы жеңіл үйлер де көп болған. Олардың орта тұсында немесе шетінде биіктеу етіп тастан салынған төртбұрышты ғибадат ету орындары бар. Әрбір үлкен қоныстардың айналасында 3 — 5 шағын мекендер болған. Бұл жерлерді қоныстанған тайпалардың басым көпшілігі мыс балқыту, көзе жасау, егін егумен, мал ш-мен айналысқан.. Сонымен қатар басты күнкөріс көзі есептелген жылқы, қой, түйе сияқты жануарлар мен қасқыр, аю, т.б. жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған .Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. «Шұңқыр-консервілерде» ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып, оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады. 2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз. ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады. Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді.
2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі) ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда. 2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.
Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ». Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.
Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.
Жалпы алып қарағанда, ШЫҰ-ның ұйтқысы экономикалық ынтымақтастық болып отырғанын айқын аңғарамыз. Сондай-ақ Орталық Азияда экономикалық ынтымақтастықтың дәнекері болып тұрған, көшбасы болып тұрған Қазақстан екендігін де жүзеге асырылып жатқан жоспар-лардан айқын көруге болады. Сондай-ақ ШЫҰ аясындағы жұмыстардың дамуы барысындағы Қазақстан Респубикасының халықаралық беделінің өскендігін де атап айтуға тиіспіз.
Билеушілер |
Басқарған жылдары |
Жүргізген саясаты |
Бату
|
1227-1255 |
1) Алтын Орданың негізін қалады. 2)1235 жылы бүкілмоңғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасау туралы шешім қабылдап, Батый басқолбасшы болады. Батысқа жорық 7 жылға (1236-1242) созылды. Бату Еділден Дунайға дейінгі жерлерді жаулап алды. Батый ханның негізгі әскерін қыпшақтар құрады. 3) Шығыс Еуропа, Кавказ, Орыс кінәздіктері моңғолдарға тәуелділіктерін мойындап, Алтын Ордаға салық төлеп тұрады. |
Берке
|
1257-1266 |
1)Берке хан бүкіл моңғолдық құрылтайға қатысудан бас тартып, Алтын Орда дербес тәуелсіз мемлекетке айналды. 2)Беркенің кезінде қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барып, Мәмлүк елінің 4 сұлтаны болған Бейбарыс сұлтанмен байланысы күшейеді.1262 жылы Мәмлүк сұлтаны Бейбарыс Берке ханға өз елшілігін жібереді. 3)Берке хан Алтын Орданы одан әрі күшейту үшін мұсылман дінін қабылдайды.Әзірбайжан жеріне мешіт салдырады.Ол исламды мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту үшін қолданады. 4) Берке хан Кавказ жеріндегі жорықта қаза тапты. |
Меңгу Темір
|
1266-1280 |
1)Берке ханнан кейін Меңгу Темір Египетпен байланысына кедергі жасаған Авизантияға қарсы 1271 жылы жорық жасады. 2)Византия соғыстан бас тартып, Алтын Ордамен келісімге келеді.Бұл келісім бойынша Алтын Орданың Жерорта теңізіндегі қалалармен сауда байланысы күшейеді. |
3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
13-билет
1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.
2)Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.
3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Билеушілер |
Басқарған жылдары |
Жүргізген саясаты |
Тоқтыхан |
|
|
Өзбек |
|
|
Жәнібек |
|
|
Жауаптары:
1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері
Арал теңізінің шығыс жағындағы қола дәуірі ескерткіштері жақсы зерттелген. Соның бірі Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын Түгіскен кесенесі.
Біздің заманымыздан бұрын 9 – 8 ғасырлар мерзімделген бұл кесенелер ақсүйек-шонжарлардың, ірі тайпа көсемдерінің жерлеу орны ретінде салынған. Төңірегіндегі тіркестіре салынған шағын құрылыстар ақсүйектердің туыстарын жерлеген орындар болуы мүмкін. Архитектуралық-құрылымдық жағынан алғанда кесенелердің басты ерекшелігі – шеңбер мен шаршы геометриялық ұғымдарын ұштастыра отырып салынуы.
Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.
Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген. Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.
Түгіскен кесенесіндегі дені бай өрнекті, өте сәнді ыдыстар екі топқа бөлінеді. Мұның көбі Орталық Қазақстан көне мәдениеттерінен бастау алатын, Андронов және Беғазы-Дәндібай дәстүріндегі қолмен жасалған ыдыстар. Екінші шағындау топты оңтүстік, яғни ортаазиялық мәдениеттерге тән, құмырашы дөңгелегінде жасалған ыдыстар құрайды. Сондай-ақ, алтын сырғалар, қола жебе ұштары, тас моншақтар сияқты бұйымдар да бар. Қыш ыдыстағы ұқсастықты айтпағанда, кесенелер салыну жобасы бойынша да Орталық Қазақстан атақты беғазы-дәндібай мәдениетінің, әсіресе Беғазы зиратының жерлеу құрылыстарына жақын.
2)Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз. 1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады. Мемлекетте егемендіктің жариялануы- республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды.
Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды. Олар ең алдымен декларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты. Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын, қарады. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды.
Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды.
Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты. Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
