Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 nuska.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99 Кб
Скачать
☆

2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз

Ресей үкіметінің ХҮІІІ ХХ ғасырдағы Қазақстанды отарлау саясатының ерекшеліктері Ресейдің Шығысқа, Орталық Азияға жылжуына түрткі болған оның өнеркәсіптің дамуы, соған байланысты өнім өткізетін нарыққа , шикізат көзіне т.б. мұқтаждығы еді. Сондықтанда Ресей үшін Қазақстан сияқты елдерді отарлау оның континенттік аумағын одан әрі кеңейтуімен бірдей еді. Қазақстан жері империяның құрамына енуі мен метрополияның әкімшілік басқару жүйесі де таралды. Арнайы даярланған заңдар бойынша (1968-1968, 1886,1891) қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт дәстүріне көшуге мәжбүрледі.

1891 жылы 25 наурызда қабылданған ережеде «көшпелілер иемденген жерлер, олардың бар байлығы, оның ішінде орманы, мемлекеттің меншігі болып саналады» деп көрсетілді. Аталған бапқа «көшпелілер үшін артық болуы мүмкін жерлер Мемлекеттік мүлік министрлігінің қарауына өтеді» деген қосымша енгізілді. Бұл құжаттар ең құнарлы қазақ жерін артық деп жариялап, ол жерлерге Ресейдің ішкі губернияларынан орыс және басқа славян қоныс аударушыларын орналастырды. Патшалық биліктің Қазақстанда жүргізген реформалары қазақ қоғамының сұранысына сай келген емес керісінші Ресей мүддесіне мазмұнда болды.

Ресей үкіметі қазақ халқына түрлі кемсітулерге жол берді мыс, қазақтардың орыстармен тең әскери білім алу, әскери қызметке шағырылу құқығы болған жоқ.

3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз

Сатұқ Боғрахан (915-955жж.) Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Ол Ислам дінін қабылдап саманилерден қолдау тауып өзінің туысы Оғылшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз, Қашғар қалаларын өзіне бағындырған. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлеетін құрды.

Мұса хан әкесі Сатұқ боғрахан 955 қайтыс болған соң билікті қолына алды. Ол өз ықпалын күшейту үшін 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады. Мемлекет орталығы Қашғар қаласы болды.

Ибрахим ибн Насыр ХІ ғасырдың 40 жылдарында Әли тегіннің балаларына қарсы күресте жеңіп шығады. Ол 1040 тамғаш Бурахан атағын қабылдап, Мауараннахрға өз билігін орнатады. Осы кезден Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлініп тынады.

6 Билет

1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым

2)1960-1980 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз

Билеушілер

Жүргізген саясаты

Наркеш Дайын

Инанч білге

Бұйрық

Жауаптары:

1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым

Тарих , математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбектері бүгінгі күні дейін өзінің құндылығын жоймаған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан. Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.

2)1960-1980 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. КСРО министрлер кеңесінің төрағасы А.Н. Косыгин бастаған реформашыл күш экономиканы басқарудағы әкімшіл жүйені сынға алып , өнеркәсіптерді басқаруда өнеркәсіп салалары бойнша одақтық республикалық министрліктер құруды ұсынды. 1965 жылы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу және бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылданды. Кәсіпорындарға дербестік беріліп, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. 1965 жылғы шаруашылық реформалар кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып , шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. 1970 жылға қарай кәсіпорындардың 80% нан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді.1965 жылға қарай елімізде 19 көмір шығаратын өндірістік қуат, 1965 жылы Екібастұзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды. Жаңа өнеркәсіп аудандарының қалыптасу мен дамуы, жаңа кен орындарын игеру жүзеге асты. Каспи теңізі жағасында Шевченко қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш рет су тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды. Қазақстан Кеңес Одағы құрамында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға көтерілді. Одақтық аумақта өндірілетін мыстың үштен бірін , мырыштың 44%, қорғасынның 75% Қазақстан берді. 1970-1980 жылдары өнеркәсіппен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Партия органдарының экономикағы араласуы индустрияландыру, ауыл шаруашылығы саларын дамытуға кері әсер етті. 1971 жылдан 1985 жылға дейін ҚазКСР одақтық қорға І кг 2 сомнан аспайтын 300 мың тонна ет өткізіп отырды. Кіріс көлемі 9 млрд сом болса, өндіріске кеткен шығын 18-27 млрд сомға жетті.