- •1. Жалпы есептеу бөлімі
- •1.1. Есепті подъем бойынша құрам массасын анықтау.
- •Локомотивтің негізгі есепті мәліметтері
- •1.2. Пойыздың орнынан қозғалу кезіндегі құрам массасын тексеру.
- •1.3.Пойыз массасын қабылдау-жөнелту жолдарының ұзындығы бойынша тексеру
- •Вагондардың негізгі параметрлері
- •1.4. Пойыздың кинетикалық энергиясын есепке алып құрам массасын анықтау.
- •2Тэ10м тепловоздың тартып сипаттамалары
- •1.5. Жол профилін және жол жоспарын құру.
- •2. Жеке бөлім
- •2.1. 2Тэ10м локомотивінің техникалық сипаттамалары.
- •2.2. 2Тэ10м локомотивінің жалпы құрылымы.
- •2.2 Кесте
- •2.3. 2Тэ10м локомотивінің механикалық бөлігінің құрылыстық элементтері.
- •2.4. 2Тэ10м локомотивінің тежегіш және құм жүйесі.
2. Жеке бөлім
2.1. 2Тэ10м локомотивінің техникалық сипаттамалары.
Кесте 1.4.
Жалпы мәлімет |
|
Қызметі |
жүк |
Осьті сипаттама |
2(3-3) |
Ілініс салмағы (т) |
276 |
Осьтен релске түсетін салмақ (т) |
23 |
Құрылысттық жылдамдық (км/ч) |
100 |
Минимальный радиус кривых (м) |
125 |
Тартым күші (кгс) |
49920 |
Жылдамдық (км/ч) |
24.6 |
Тангенс қуаты (л.с.) |
4540 |
Құрлысы |
|
Шанақ құрлысы |
Рамалы |
Бірлестік |
2ТЭ116 |
Жанармай қоры (кг) |
12600 |
Су қоры (кг) |
3140 |
Май қоры (кг) |
3000 |
Құм қоры (кг) |
2012 |
Автотіркегіш осьтері бойынша ұзындығы (мм) |
33938 |
Шанақ ұзындығы (мм) |
3080 |
Биіктігі (мм) |
4948 |
Ходовая часть |
|
Редуктордың беріліс қатынасы |
4.41 |
Тартқыш электірлі қозғалтқыш |
ЭД-118Б |
ТЭД ілмесі |
тіректі - осьтік |
Дөңгелек жұптарын қозғаушы жетегі |
жеке |
Арбаша |
жақсыз |
Дөңгелек |
бандажды |
Дөңгелек диаметірі (мм) |
1050 |
кесте жалғасы
Дизель |
10Д100 |
Номиналды қуаты (л.с.) |
3000 |
Беріліс түрі |
электірлі |
Генератор |
ГП-311Б |
Генератор қуатты (кВт) |
2000 |
2.2. 2Тэ10м локомотивінің жалпы құрылымы.
ТЭ10М типті тепловоздар «Ворошиловградтепловоз» өндірісінен екі қызметті: жалпы қуаты 4412 кВт -2ТЭ10М екісекциялы және жалпы қуаты -6618 кВт – ЗТЭ10М үшсекциялы түрлері шығарылады. 2ТЭ10М тепловозы құрылысы бірдей (1 сур.) біркабиналы екі секциядан (А және Б), ал ЗТЭ10М басқару кабинасыз орташа секциядан тұрады. Орташа секциясы өздігінен қозғала алады, бірақ жеке тартым бірлігі ретінде қолданыла алмайды. Тепловоз секциялары өзара СА-3 автоқосқышы арқылы жалғанады, ал локомотив бригадасының секциядан секцияға ауысуы үшін өтпе тамбурларымен жабдықталған.
Тепловоздың барлық қондырғысы басты рамалы сыртқы қорапта орнатылған. Тепловоздың сыртқы қорабы негізгі төрт бөліктен тұрады: машинист кабинасы немесе орташа секция тамбуры, тіремелер (сыртқы қорабы аппаратты камералардың үстінде орналасқан), көлденең ағытпа мен салқындатушы камерасы бар дизельдегі қорап. Машинист кабинасы шудан жақсы қорғалған, ал оның алдыңғы терезелері үшқабатты әйнекпен жабдықталған. Кабинада табиғи желдету люктері бар.
Люк арқылы тіреме қақпағында компрессорды ағытуға болады, ал дизельдегі қорап қақпағындағы люктері арқылы дизель түйіндерін жөндеуге және аккумулятор батареяларын алуға болады. Салқындатушы камера қақпағындағы люк арнайы құралдың көмегімен желдеткіштің суқұбырын жөндеуге болады.
ТЭ10М тепловоздарында, сонымен қатар 2ТЭ10Л және 2ТЭ10В сериялы тепловоздарда күштік қондырғы ретінде газқұбырлы үрлемелі және бірыңғвй дизельасты рамасында жиналған және өзара пластиналы муфтамен жалғанған тұрақты тоқтағы ГП-311Б тартым генераторы мен 10 ДН 20,712 х25.4 екітактілі дизельден тұратын қуаты 220+ Квт 10Д100 дизель-генераторы қолданылады. Дизель тепловоз басты рамасының астыңғы бөлігінде орналасқан және дизельмен сүзгілермен және отынжылытқыштармен
жалғанған отын багынан (сыйымдылығы 7300 л) келіп түсетін дизельді отынмен жұмыс жасайды.
Дизельді тепловоз қорабының ішкі төрт жәшіктерінде орналасқан щелочты аккумулятор батареясы арқылы қосылады. Аккумуляторлы батарея 46 элементтен тұрады. Аккумуляторлы батареядан машинист кабинасында орналасқан 42 РТМ-А2-ЧМ радиостансасы және локомотивті сигнализация жүйесі (АЛСН), сонымен қатар дизель-генератордың жұмыссыз кезіндегі басқару және жарықтандыру тізбектері қоректенеді. Тартым генераторы өндірген тұрақты тоқ ЭД-118А немесе ЭД-118Б алты тартым электрқозғалтқыштарына жіберіледі, бірдеңгейлі тартым редукторларымен тісті дөңгелектері арқылы тепловоздың дөңгелек жұптарын айналдырады
Сызба № 2. Аппаратураның орналасуы.
