Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дипломная работа JNG.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132 Кб
Скачать
☆

2.2 Кесте

1

басқару пульті

2

қол тежегіші

3

қорап желдеткіші

к есте жалғасы

4

суыту ауасын жинақтау резервуар

5

6

7

тифои

8

артқы арбаша-желдету редукторы

9

нші деңгейлі сіңіргіш

10

ауа суытқыш

11

дизель

12

шығарушы құрылғы

13

алдыңғы және артқы жіктегіш редукторлар

14

адсорбер

15

суға арналған бак

16

желдеткіш табан

17-36

желдеткіш дөңгелегі

18

карданды вал

19

майды тазалау сүзгісінің секциясы

20

суыту камера желдеткішінің сужетегі

21-23

арбашалар

22

отын багы

24

жылдамдық өлшегіш

25

машинист отырғышы

26-49

оң және сол жақты аппаратты (жоғарывольтті) камералар

27-38

тартым генераторы арналары

28

29

тартым генераторын суытушы ауа жинақтаушы арна

30

31

оң жақты ауа тазартқыш

32-46

тартым генераторын суыту релесі

33

құбыркомпрессорын тазалау сүзгісі

34

жылуалмастырғыш

35

сумуфтасының автоматты жетегі

37

синхронды қоздырғыш

39

су ағызу түйіні

40

41

отынсужылытқыштар

42

сол жақты ауа тазартқыш

43

аккумуляторлы батарея

44

отын ауыстыру агрегаты

45

суыту арнасы

47

компрессор

48

тартым генераторы мен тартым электрқозғалтқышының жұмыс режиміне тәуелді тартым қозғалтқыштарының екімашиналы агрегаты.

кесте жалғасы

Дизельге ауа үздіксіз қызмет ететін жылжымалы жалюз бен екідеңгейлі сүзгілерден келіп түседі. Тазартудың бірінші деңгейі – айналмалы май ваннасында бекітілген металл тор жиынтығынан тұратын кассеттер. Айналу жиілігі шамамен – 1-2 айн/сағ. Екінші деңгейі – металл торлар жиынтығынан құралған жылжымайтын кассеттер. Ауаны шаңнан тазарту деңгейі 96-97%. Жылжымалы жалюздер мен блоктаушы жүйе ауаны қораптың ішінен де, сыртынан да алуға мүмкіндік береді. Бұл кезде жалюзді жабады, ал ауаны тазарту тек екінші деңгейде орындалады.

Дизель суы екі қабатпен бір қатарға орналасқан радиаторлы секциялармен жабдықталған суыту камерасындағы екіконтурлы жүйе бойынша суытылады, желдеткіштің көмегімен бүйір жалюздер мен радиатор секциялары арқылы сыртқы ауаны тартады. Салқындатқыш желдеткішін, сонымен қатар бүйір және жоғарғы жалюзді автоматты және тумблерлер көмегімен қашықтан басқаруға болады.

Салқындатқыш желдеткіші пластина муфталы валдар жүйесі, артқы жіктегіш редукторы және желдеткіш сужетегі арқылы айналады. Дизель майы сулымай жылуалмастырғышында суиды. Тартым қозғалтқыштары тепловоздың басты рамасында орналасқан арналар арқылы желдеткіштерімен тартылатын ауамен суиды. Желдеткіш дөңгелектері валдарда орнатылған артқы және алдыңғы жіктегіш редукторлары арқылы айналады. Қорап электр өткізгіштерінде және қақпақтың тығыздаушы байламаларында ажыратқыштарды қолдану арқылы қондырғыны жөндеу үшін люктерді және қораптың ағытпалы бөліктерін ағыту жұмыстарын тез орындауға мүмкіндік береді.

Басты рамаға жүктеме абрлық орналасқан агрегаттар мен жиналмалы бірліктерден түседі, тартым және тежегіш күштерін жібереді, сонымен қатар динамикалық жүктемені қабылдайды. Тепловоз рамасы тартым сапасын жақсартуға арналған тепловоздың ортасында орналасқан біржақты тартым қозғалтқыштары бар екі жақсыз арбашаға тіреледі. Арбаша тепловоз рамасына қатысты ±40 мм-ге көлденең орын ауысуа алады. Рессорлы ілме жеке болып келеді.

Әр буксаның екі бүйір жағында үш кешенді пружиналар орнатылған. Қорап арбашаға 8 кешенді резинаметалды тіректерге бекітіледі. Рессорүсті құрылыстың тік тербелісі тербелісті фрикционды тоқтату арқылы тоқтатады.

Әр дөңгелек жұбына арналған жеке тежегіш цилиндрлі арбаша тежегішін рычагты тарату. Тартым қозғалтқышын моторлы-осьті подшипниктермен ілу, оны жағу жүйсі. Тартым электрқозғалтқыштарын қозғалтқышты рамаға ілу арқылы сынау жүргізіледі.

Машинист кабинасының құрылысы мен қондырғысы локомотив бригадаларына өнеркәсіп санитария талаптарына сай жақсы жұмыс жағдайларын туғызады. Жылыту-желдету агрегаты машинист кабинасын қысқы уақытта жылытады және жазғы уақытта желдетеді. Пайдалану барысында ауа желдеткіштері бар тепловоздар партиясы сыналады.

Жылыту-желдету агрегатынан жылы ауа бүйір әйнектерді қатып қалмас үшін жылытып тұрады. Бүйір әйнектерді локомотив қозғалысы барысында кірден тазалау үшін кабина бүйір әйнектерді жууға және пневматикалық жетекті әйнектазалағыш қондырғысымен жабдықталған. Құм жүйесі алдыңғы дөңгелек жұбына берілетін құмды үнемдеу үшін қолданылады.

Өртке қарсы құралдар машинист кабинасында және дизель бөлмесінде ауакөбікті қондырғыдан және қол өрт сөндіргіштерінен тұрады. Ауакөбікті өрт сөндіргіш қондырғы сыуыту камерасында және тепловоз жүрісі бойынша сол жағынан тартым генераторының жанында орналасқан екі басқару постынан тұрады. Одан басқа, тепловоз автоматты өрт сөндіру сигнализациясымен, радиостансамен, сөйлесу құралымен, автоматты локомотивті сигнализациямен жабдықталған. Тепловоздарда ағытпа салмағын пайдалану коэффициентін жоғарылататын, тартым қозғалтқыштарын айналу отынан қорғауды қамтамасыз ететін, құм шығынын азайтатын, бандаждар мен рельстердің тозуын азайтатын, сонымен қатар тепловоздың букстеуге бейімдігін азайтатын кешенді букстеуге қарсы жүйе қолданылады.