- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •5. Ем тағайындау және ауру болжамы.
- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •3. Ликвордағы лимфоцитарлы плеоцитоз қабынудың серозды екенін білдіреді.
- •2. Топикалық диагноз.
- •3. Клиникалық диагноз.
- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •2. Топикалық диагноз.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •2. Топикалық диагноз.
- •3. Ликвор анлизіне сипаттама.
- •4. Клиникалық диагноз.
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз
- •Қосымша тексеру әдістері
- •Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •5. Қосымша зерттеу әдісін тағайындау
- •2) Топикалық диагноз?
- •4) Клиникалық диагноз?
- •2) Клиникалық диагноз?
- •5) Клиникалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Клиникалық диагноз?
- •2. Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Клиникалық диагноз.
- •Топикалық диагноз?
- •Клиникалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •Топикалық диагноз?
- •2) Клиникалық диагноз?
- •2) Топикалық диагноз?
- •4) Клиникалық диагноз?
- •2. Топикалық диагноз?
- •2) Топикалық диагноз?
- •3) Клиникалық диагноз?
- •1.Клиникалық диагноз?
- •2) Топикалық диагноз?
- •3) Клиникалық диагноз?
2. Топикалық диагноз.
3. Клиникалық диагноз.
4. Ем тағайындау.
5. Профилактикасы.
Жауабы:
1. Инфекциялық синдром және ошақты синдром, орталық тетрапарез және когнитивті бұзылыстар.
2. Ми жарты шарларындағы пирамидалық жолдың екі жақты жартылай және ми қыртысының зақымдалуы.
3.СПИД , жеделдеу энцефалопатия (СПИД-деменция) тетрапарезбен, УКР синдромы, прогрессірлеуші ағым.
4. Ем:
- зидовудин 200 мг 6 рет/тәу;
- саквинавир 1200 мг 3 рет/тәу;
- интерферон альфа б/е 3 млн. ЕД/тәу алғашқы 3 күнде; 4-6 күні – 9 млн. ЕД/тәу; 7-8 күн – 18 млн.ЕД , 36 млн. МЕ дозасын көтеру;
- эриус 1 таблетка 1 рет/тәу;
- геримакс 1 таблетка/тәу.;
- церебролизин 10 мл к/т тамшылатып , 250 мл физ.ерітіндімен;
- берлитион 300 мг 2 рет/тәу.
5. Профилактикасы: медициналық манипуляциялар кезінде бір реттік инструменттер қолдану, жыныстық қатынасты реттеу, қорғану.
7.Науқас 26 жаста, қатты бас ауырсынуы, құсық, іште ауырсыну, дене қызуы жоғарылауы пайда болды.
Жалпы қарау кезінде: беті гиперемияланған, мұрын – ерін үшбұрышы ақшыл, склера қызарған, бас ауырсынуынан науқас қатты ыңырсыйды.
Неврологиялық статус: Қарашықтар D=S, көз алмасын қозғалтқан кезде ауырсынулы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3см, Кернинг симптомы 120 градуста. Ошақты неврологиялық симптомдар жоқ.
Ликвор анализінде: қысымы 255 мм., цитоз – 360кл/1мкл, лимфоциттер басым, ақуыз – 0,66г/л, қант деңгейі қалыпты.
Нәжіс анализінде Коксаки , ЕСНО вирус табылды.
Осындай клиникалық симптомдар науқаспен қатынаста болған тағы 2 адамда кездесті
Тапсырма:
1. Клиникалық синдромдар.
2. Топикалық диагноз.
3. Ликвор құрамына сипаттама.
4. Клиникалық диагноз.
5. Ем тағайындау және ауру болжамы,мүмкін асқынулар
Жауабы:
1. Инфекциялық, жалпы милық және менингиальды синдром.
2. Ми қабықтары зақымдалған.
3. Ликвордағы лимфоцитарлы плеоцитоз қабынудың серозды екенін білдіреді.
4. Жедел серозды энтеровирустық менингит, орта ауырлық дәрежеде.
5. Емі:
- РНКаза 20-30 мг б/е 6 рет/тәу ,700-900 мг курсына;
- дегидратация: фуросемид, маннитол;
- детоксикация: гемодез, е-ді электролитов;
- нейропротекторлар: витаминдер, пирацетам, глицин;
- симптоматикалық терапия: седативты препараттар, анальгетиктер.
Өз уақтындағы диагностика және адекватты терапияда ауру болжамы жақсы.
8.Науқас А., 10 жаста, ауруының 2ші аптасында ауруханаға түсті. Бала екі аптадан бері ауырады, алдымен шаршағыштық, субфебрильді температура, жиі бас аурулар, себепсіз құсықтар, тәбетінің төмендеуі, іш өтулер болды.
Жалпы қарау кезінде: ұйқышыл,сылбыр, көзін жұмған, басы арқасына шалқайған, аяқтары ішіне тартылған қалыпта, кейде басын ұстап ыңырсыйды. Температура 38,5 С, пульс 65 рет/мин. АҚ 110/70 мм.рт.ст.
Неврологиялық статуста: қарашықтар D>S, птоз және оң көзінде қитарлық, қарашықтардың жарыққа реакциясы төмендеген. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 4см, Кернинг симптомы 100 градуста. Ошақты неврологиялық симптоматика жоқ.
Ликвор анализі: қысымы 310мм., түссіз, мөлдір, ақуыз – 0,7 г/л, цитоз 100 кл/1мм, лимфоциттер басым, ликворды тұндырған кезде фибринді пленка түзілді. Қант және хлоридтер деңгейі төмендеген.
Тапсырма:
1. Клиникалық синдромдар.
