Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-денгей 300.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299 Кб
Скачать
☆
  1. Клиникалық диагноз қойыңыз

  2. Қосымша тексеру әдістері

  3. Емдеу жоспары

Жауабы:

  1. Кенелік энцефалит, энцефалиттік форма

  2. Диагностикасы клиникалық, эпидемиологиялық мәліметтер, лабораторлы, вирусологиялық, серологиялық әдістер: РСК, РПГА, ИФА, РТГА, жұп сарысуда бейтараптау реакция, 2-3 апта интервал аралығында алынады

  3. Төсектік режим (интоксикация синдромдары кеткенге дейін). Энцефалитке қарсы арнайы донорлық иммуноглобулин, күніне 3-12 мл мөлшерінде 3 күн ішінде. Ауыр формасында күніне 2 рет 6-12 мл-ден, аралығы 12 сағат иммуноглобулинді неғұрлым ерте енгізу қажет.Этиотропты терапия. Патогенетикалық терапия.

12. Науқас С., 37 жаста . Мамыр айынан бастап ауырған. Сол кезде тайгалық аумақта болған. Дене қызуы 38,5 С дейін көтерілген, қалтырау, жүрек айну, құсық болған. Аурудың бастапқы күнінде шүйде бұлшлықеттерінің ригидтілігі, Кернинг және Брудзинский сиимптомы оң мәнді. Ликвор сұйықтығы: қысымы 330 мм, цитоз – 200/3 (лимфоцитте), ақуыз – 0,9м/моль л, көмірсулар – 72 м/моль л.

Тапсырма:

  1. Клиникалық диагноз қойыңыз

  2. Қосымша тексеру әдістері

  3. Емдеу жоспары

Жауабы:

  1. Кенелік энцефалит, менингиальды форма.

  2. Диагностикасы клиникалық, эпидемиологиялық мәліметтер, лабораторлы, вирусологиялық, серологиялық әдістер: РСК, РПГА, ИФА, РТГА, жұп сарысуда бейтараптау реакция, 2-3 апта интервал аралығында алынады.

  3. Төсектік режим (интоксикация синдромдары кеткенге дейін). Энцефалитке қарсы арнайы донорлық иммуноглобулин, күніне 3-12 мл мөлшерінде 3 күн ішінде. Ауыр формасында күніне 2 рет 6-12 мл-ден, аралығы 12 сағат иммуноглобулинді неғұрлым ерте енгізу қажет.Антибиотиктер. Этиотропты терапия. Патогенетикалық терапия.

13.Тұмаумен аурыған соң, 46 жасар ер кісі үйіне жедел жәрдемді шақыртты. Ағасының айтуынша жедел аурыған , дене қызуы 38,7 С дейін , қатты бас ауруы , құсу мазалаған. Соңынан ұйқышылдық пайда болып , сұрақтарға жауап беруі қиындап , ұстама болған. Анамнезінен белгілі болғандай 5-6 күн бұрын іс – сапармен шет елде болған. Жалпы қарау кезінде: беті гиперемияланған , ЖЖЖ- 110 рет, денесінде геморрагиялық бөртпелер. Неврологиялық статус: Есі бұлыңғыр , сол жақ орталық гемипарез , мойын бұлшықеттері ригидтілігі , жоғары Брудзинский симптомы оң мәнді.

Тапсырма:

  1. Топикалық диагноз

  2. Болжам клиникалық диагноз

  3. Ауруханаға жатқызу қажет пе?

  4. Дифференциальды диагностика

  5. Қосымша тексеру әдістері

  6. Емдеу жоспары

  7. Аурудың болжамы

Жауабы:

  1. Мидың оң жақ жарты шары

  2. Жапондық маса энцефалиті

  3. Жедел түрде ауруханаға жатқызу

  4. Басқа да энцефалиттермен (герпетикалық), бас –ми абцессі, ОНМК, ми ісіктері.

  5. Ликвор анализі (жалпы,ПЦР), бас-ми МРТ.

  6. Арнайы спецификалық емі жоқ: витальді функциялардың жұмысын қамтамасыз ету(респираторлы,жүрек қан тамыр жүйесін бақылау), ми ісінуімен күресу,электролиттік баланс,антиконвульсанттар, симптоматикалық терапия,ерте реабилитация.

  7. Өлім көрсеткіші 30% құрайды, мүгедектік 50-70%, толық жазылу мүмкіншілігі бар.

14. 4 жасар бала, күнде балабақшаға барады. Тәрбиеші бала солғын болып жүргенін байқады, бала жылап , мазасызданды. Дене температурасы 38,5 С , құсу пайда болды. Жедел жәрдем көмегі келегн кезде бала керуетте жатыр, есі бұлыңғыр , басы артқа шалқайған , аяқтары ішіне тартылға. Жылдам ауруханаға жеткізілді және онда люмбальды пункция жүргізілді. Ликвор анализі: қысымы 255 мм.вод.ст , түсі бұлыңғыр, цитоз 1000/ 1мм*, нейтрофильдер басым.

Тапсырма: