Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
3-денгей 300.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299 Кб
Скачать
☆

2) Топикалық диагноз?

3) зерттеу әдістері?

4) Клиникалық диагноз?

5) ем жоспары?

жауап

1) есеңггіреу 2 сатысы (әлсіз).

2) сол жақ маңдай-төбе бөлігі.

3) бас ми КТ, мртсы, офтальмоскопия, невролог және нейрохирург консультациясы

4) ЖБМЖ. Бас ми зақымдалуы, миішілік гематома.

5) Хирургиялық: бас сүйектің декомпрессивті трепанациясы, гематоманы алып тастау.

Тапсырма №87

59 жасар ер кісі көшеде кенеттен құлаған, есінен танған, тонико-клоникалық құрысу болған. Тексергенде: беті гиперемирленген, сұрақтарға жауап береді, бұйрықтарды орындайды, көзін тек қатты дыбыстарға немесе ауырсынулық қоздырғыштарға ғана ашады, қорғаныс реакциялары кординацияланған, желке бұлшықеттердің ригидтілігі, кернинг симптомы екі жақты оң мәнді.

Тапсырмалар:

  1. Ес бұзылысының түрін анықтаңыз?

  2. Оқиға орнында қандай көмек көрсету керек?

  3. Жедел жәрдем бригадасының тактикасы?

  4. Зерттеу әдістері?

  5. Болжам клиникалық диагноз?

  6. Ем жоспары?

жауап

1) Сопор.

2) травма және аспирация болуын ескеру: бүйірінен жатқызу, басын дұрыс орналастыру, протездерді шығару, белдіктерін шешу

3) тыныс алу функцияларын, АҚҚ, ЖЖЖ бақылау, интубация.

4) клиникалық қан анализі, глюкозаны,электролиттерді тексеру, невролог кеңесі, КТ, офтальмоскопия, ЭКГ.

5) жедел бас ми қан айналым бұзылысы, геморрагиялық тип бойынша( субарахноидальді қан құйылу).

6) негізгі ауруды емдеу, бас миісінуімен күрес (нимотоп, маннитол), су-элетролит және қышқыл-негіздік тепе-теңдікті қалыптастыру.

Тапсырма №88

70жастағы зейнеткер емханада эндокринологтың қабылдауын күтіп отырған. Айналасындағылар оның кенеттен қимыл қозғалысының өзгергенін, берген сұрақтарға қиындықпен дауап беруін, кейіннен сыртқы ортаға әсер бермейтінін, отырған жерінде бүйіріне құлап түскенін айтады. Анамнезінде: ұзақ уақыт бойы диетамен басылатын қантты диабет 2 типпен ауырады. Соңғы уақыттары жалпы әлсіздікке, жүрек айну, ыстықтау, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Тексергенде: есі жоғалған, терісі құрғақ, тынысы шулы, көзі жұмулы, ауырсыну тітіркендіргіштер әсер еткенде бұлшықеттердің атонияға ауысатын тоникалық құрысуы пайда болған. Терең рефлекстер жойылған, патологиялық рефлекстер екі жақты, менингеалды белгілер жоқ. Глюкоза мөлшері ммоль/л.

Тапсырмалар:

1) Ес бұзылысының түрін анықтаңыз?

2) Оқиға орнында қандай көмек көрсету керек?

3) Жедел жәрдем бригадасының тактикасы?

4) Зерттеу әдістері?

5) Болжам клиникалық диагноз?

6) Ем жоспары?

жауап

1) Кома 2 дәрежелі (терең).

2) травма және аспирация болуын ескеру: бүйірінен жатқызу, басын дұрыс орналастыру, протездерді шығару, белдіктерін шешу

3) в/і не ине салуга тамырды ашу (доступ)в/і 0,9% натрий хлор ерітіндісін раствора натрия 10-12 Ед. Инсулинмен бірге енгізу, маска арқылы 10 л/мин оксигенотерапия. Тыныс алу функциясын, АҚҚ, ЖЖЖ гін бақылау, интубация.

4) клиникалық қан анализі, ЖЗА, глюкозаны,электролиттерді тексеру, сүт қышқылы, кетон денелері, офтальмоскопия, ЭКГ.

5) Қантты диабет 2 тип, декомпенсация. Диабетикалық кома.

6) егер қанда натрий көлемі қалыпты болса, 0,9% натрий хлор ерітіндісін енгізуді жалғастыру, 10-12 Ед. Инсулинді вена ішіне әр 1-2 сағатта енгізу. Гликемия төмендеген жағдайда 14 ммоль/л ге дейін изотониялық ерітінді натрий хлордың орнына 5% глюкоз енгізу. Су-элетролит және қышқыл-негіздік тепе теңдікті бір қалыпты ұстау.

Тапсырма №89

18 жасар студент, метрода басқа студенттерен толған вагонның ішінде көңіл күйінің нашарлағанын, жеңіл жүрек айну, көз алдының қарауытуына шағымданады,кенеттен есінен танады, құламайды, достары ұстапқалады. Соңғы күндері емтиханға дайындалғаны себепті ұйқысы аз боған, дұрыс тамақтанбаған. Бұндай көрініс бұдан алдын да мазалаған.

Тапсырмалар:

1) Оқиға орнында қандай көмек көрсету керек?