- •Дипломдық жұмыс
- •5В012300 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
- •Дипломдық жұмыс Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы халықтық мұраның алатын орны.
- •Дипломдық жұмысқа берілетін тапсырма
- •Бастапқы материалды және көздерді сипаттау:
- •Студенттердің қарастыратын сұрақтарынының тізімі:
- •3. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •6. Дипломдық жұмыстың аяқталу мерзімі: 12.05.2017 ж.
- •Мазмұны
- •4. Графикалық материалдардың тізімі:
- •5. Дипломдық жұмысты жазылуының календарлық кестесі:
- •1. Білім беру жүйесінде халықтық мұраны қолданудың ғылыми теориялық негіздері.
- •1.1 Халықтық педагогиканың қалыптасуы мен білім берудегі негізгі ұғымдар.
- •1.2 Қазақстанда халықтық мұра арқылы тәрбиелеу мен білім берудің тарихи аспектісі
- •1.3 Оқушаларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы халықтық мұраның ролі
- •1.4 Өзін-өзі тану пәніде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бағыттары
- •2. Тәжірибелік эксперименттік зерттеу мазмұны
- •2.1 Халықтық мұраны пайдалана отырып оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру
- •2.3 Тәжірибелік эксперимент қорытынды нәтижелері
- •Сурет 2- Халықтық мұраны пайдалану негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің диаграммасы (экспериментке дейін)
- •Сурет 3 халықтық мұраны пайдалану негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерінің диаграммасы (экспериментке дейін)
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4. Графикалық материалдардың тізімі:
1. Теориялық бөліміндегі кестелердің саны 2.
2. Бастапқы диагностикадағы нәтиже бойынша практикалық бөліміндегі суреттердің саны 2, кесте саны 5.
3. Екінші диагностиканың нәтижесі бойынша суреттердің саны 2, кесте саны 2. Сызба саны 4.
4. Салыстырмалы диаграммалардың саны 2, кестелердің саны 2.
5. Дипломдық жұмысты жазылуының календарлық кестесі:
№ |
Жұмыстың мазмұны және түрі |
Орындалу мерзімі |
Орындалуы туралы белгі |
1 |
Дипломдық жұмыстың мақсатын, міндеттерін, обектісін, пәнін, болжамын, зерттеу әдістерін анықтау. |
17.10.2016 |
|
2 |
Зерттеудің теориялық моделін жасау |
19.11.2016 |
|
3 |
Практикалық бөлімнің моделін даярлау |
23.11.2016 |
|
4 |
Анықтаушы эксперименттің нәтижелерін таңдау |
30.11.2016 |
|
5 |
Қалыптастырушы эксперимент жүргізу |
07.12.2016 |
|
6 |
Тексеруші эксперименттің нәтижесін зерттеу |
16.04.2017 |
|
7 |
Қорытынды ұсыныстар |
21.04.2017 |
|
8 |
Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын тапсыру |
27.04.2017 |
|
6. Дипломдық жұмыстың аяқталу мерзімі: 12.05.2017 ж.
Ғылыми жетекші: п.ғ.к. Г.А.Ергалиева
Мазмұны
Кіріспе....................................................................................................................5
1. Білім беру жүйесінде халықтық мұраны қолданудың ғылыми теориялық негіздері...............................................................................................................12
1.1 Халықтық педагогиканың қалыптасуы мен білім берудегі негізгі ұғымдар.
1.2 Қазақстанда халықтық мұра арқылы тәрбиелеу мен білім берудің тарихи аспектісі...............................................................................................................25
1.3 Оқушаларға рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы халықтық мұраның ролі......................................................................................32
1.4 Өзін-өзі тану пәніде жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру бағыттары............................................................................................................37
2. Тәжірибелік эксперименттік зерттеу мазмұны.............................................50
2.1 Халықтық мұраны пайдалана отырып оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру...................................................................................
2.2 Тәжірибелік эксперименттің жүргізілу барысы.........................................48
2.3 Тәжірибелік-эксперименттің қорытынды нәтижелері.................................
Қорытынды........................................................................................................52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................56
Қосымшалар...........................................................................................................59
|
Кiрiспе
Зерттеудің көкейкестілігі қазіргі Қазақстан жағдайында қалыптасқан мәдени-тарихи үдерістерден туындайды.
Қазақстан Республикасында 140-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады. Бұл өз кезегінде, әр ұлт өкілінің төл мәдениетін, ана тілін сақтап, ұлттық салт-дәстүріне қызығушылығын арттыру, оларды игеруге ұмтылысын күшейту қажеттілігін туындатады. Сонымен қатар, өз мәдениетімен қоса ортақ Отанға, мемлекеттік тілге құрметті арттыру, халықтың этностық-мәдени мүдделерін іске асыру – білім беру саласындағы аса маңызды міндеттердің бірі екендігі сөзсіз.
Бүгінгі таңда халықтық мұра арқылы толыққанды дамыған, көпмәдениетті ортаға бейімделген, шығармашылық қабілеті жоғары, нарықтық бәсекелестік жағдайында өмір сүруге дайындалған, өзіндік ұлттық бет-бейнесі анықталған этнос субъектісін қалыптастыру күн тәртібінде тұр. Мұның барлығы қазіргі таңда білім беруде рухани адамгершілік құндылықтарды жетілдірудің зәру тақырып екендігін айқындай түспек.
«Қазақстанның ел бірлігі доктринасында» ұлт бірлігінің үшінші негізгі қағидаты – «біріктіруші және бекітуші ретінде Ұлт Рухын нығайту және дамыту» көрсетілген, оның халықтың өзіндік санасының бір бөлігі болып табылатын мыңдаған жылдық дәстүрге, құндылықтар мен мәдениетке, тілге сүйенетіндігі айтылған. Сондықтан да доктринада мемлекет алдына оларды жаңғырту мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту міндеті қойылады, мемлекеттің, әр азаматтың, қоғамның жауапкершілігі айқындалады.
Қазақстан Республикасында халықтық білім беру жүйесін реттеу мен дамытудың басты принциптері еліміздің негізгі заңнамалық құжаттарында көрініс тапқан. Олар: Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» заңы (1997), Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы (2007), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Кеңес бекіткен бірнеше Тұжырымдамалар: Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы (1994), Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы (1995), Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы (1996) және т.б. Оларда барлық құндылықтарды сақтай отырып, білім беру жүйесін Қазақстан Республикасы халықтарының ұлттық-мәдени және мәдени-тарихи дәстүрлерін ескере отырып қайта қарау қажеттілігі айтылған.
Зерттеу тақырыбы елімізде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен қабылданған «Қазақстанның ел бірлігі» Доктринасымен, «Тілдердің үштұғырлылығы» ұлттық мәдени жобамен және «Мәдени мұра» бағдарламасымен де үндесіп жатыр. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында қазақтың төл тарихы мен этномәдениеті жан-жақты зерттеліп, оның негізгі нәтижелері ғылымның әлемдік деңгейінде жарық көріп отыр. Сондықтан, қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихының әлі де шешілмей жатқан мәселелерін қарастыруда Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің тарихын зерттеу жұмыстарының ғылыми маңызы зор.
ХХ ғасырдың аяғында әлемдік білім беру жүйесінде ұлттық білім беру жүйелерінің интеграциясы негізінде тарихи-педагогикалық мұраларды жаһандандыру үрдістері қарастырыла бастады. Жалпы адамзаттық құндылықтар ұлттық дәстүр, мәдениет, тәрбиелік-білімдік жүйелердің өзара әрекеті мен сан түрлілігінде дамиды және молығады.
«Тарихымызды білмей тұрып алға жылжудың қиын екені белгілі. Сондықтан, бүгінде өткенімізді ой елегінен өткізіп, барымызды екшеп, жоғымызды іздеп жатқан жайымыз бар», – деген академик М.Қ.Қозыбаевтың пікірі зерттеу тақырыбымыздың көкейкестілігін айқындай түседі. Олай дейтініміз, бүгінгі таңда этномәдени білім беруді нәтижелі жүзеге асыру үшін ел тарихында қалыптасқан игілікті тәжірибелерді саралап, қорыту және оның даму үрдістерін айқындау – кезек күттірмейтін мәселе. Сонымен, Қазақстандағы этномәдени білім беру идеяларының, теориясы мен практикасының қалыптасуы мен даму тарихын зерделеудің көкейкестілігі арта түсуде.
«Этномәдени білім беру» ұғымын біз қалыптасқан ғылыми көзқарастан кеңірек қарап, бұл мәселеленің ауқымы халық педагогикасы құндылықтарын, этнопедагогика, этнопсихология, этномәдениеттану ғылымдарының мазмұнын қамтитынын ескердік. Дипломдық зерттеу жұмысында «этномәдениет», «этномәдени білім», «этномәдени білім беру» терминдерін қолдану, біздіңше, Қазақстанда ұлттық-мәдени білім беру, халықтық педагогиканы жетілдіру ісінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді әрі қазіргі күнгі толерантты жаңа ғылыми және этносаяси бағыттарға сәйкес келеді.
Біз ұлттық мәдениетті ел тарихында ғасырлар бойы халқымыздың еркін және ерікті шығармашылығы процесінде жасалған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар ретінде қарастырамыз. Этностық-мәдени білім – осы ұлттық құндылықтарымызды, түркі әлемінің ортақ мәдени мұраларын, қазақстандық этностар мен этностық топтардың рухани-адамгершілік әлеуетін, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген ұлттық қазына. Этностық-мәдени білім беруді осы баға жетпес байлықты сақтаушы, дамытушы және келесі ұрпаққа жеткізуші бірден бір құрал деп есептейміз. Осы тұрғыдан келгенде, тақырыбымызға қатысты мәселелер бірқатар зерттелгенін атап өту керек.
ХІХғ.-ХХғ. басында ұлттық білім беру проблемалары Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, С.И.Гессен, М.Жұмабаев, Н.И.Ильминский, П.Ф.Каптерев, В.В.Розанов, К.Д.Ушинский, Ш.Уәлиханов және т.б. еңбектерінде қарастырылды.
ХХ-ХХІ ғ.ғ. педагогикалық теория мен практикада этнопедагогика ғылымы қанат жайып, этномәдени білім беру қайта жаңғыртылып, дамытылды. Бұл М.В.Богуславский, Л.Н.Беленчук, Қ.Бөлеев, Г.Н.Волков, Р.Қ.Дюсембинова, Ш.И.Джанзакова, Б.А.Жетпісбаева, С.Т.Иманбаева, С.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ш.М.Мұхтарова, Ж.Ж.Наурызбай, Ә.Қ.Нұрғалиева, Ә.Табылдиев, С.А.Ұзақбаева, В.К.Шаповалов және т.б. зерттеулерінде кеңінен көрініс тапты.
Қазақстандағы ағарту ісінің және педагогикалық ойлардың даму тарихына, Қазақстандағы халыққа білім беру ісіне, еліміздің мектептеріндегі оқыту әдістері мен тәрбие мазмұны туралы мәселелерге К.М. Арынгазин, Қ.Б.Бержанов, Ш.К.Беркімбаева, И.Я. Гармс, Қ.Б.Жарықбаев, Е.Жұматаева, К.Құнантаева, С.Мусин, Ә. Омаров, Т.С.Сабыров, Н.Сабитов, Қ.Б.Сейталиев, Г.М.Храпченков, Қ.Ыбыраимжанов және т.б еңбектерінде талдау жасалды.
Тұтас педагогикалық процесс жағдайында тұлғаны тәрбие объектісінен субъектісіне айналдыру, әлеуметтендіру, ізгілендіру проблемаларын А.А.Бейсенбаева, З.У.Кенесарина, Б.И.Мұқанова, Р.К.Төлеубекова, Г.А.Уманов, Н.Д.Хмель және т.б. қарастырса, оқушылар мен болашақ мамандар тұлғасын тәрбиелеу теориясын дамытуға Ш.А.Абдраман, Қ.Ж.Аганина, Е.И.Бурдина, К.К.Жампейісова, С.Т.Каргин, Қ.М.Кертаева, Г.Ж. Меңлібекова, Н.А.Минжанов, Г.О.Тажигулова, Ә.Ә.Усманов, Л.А.Шкутина және т.б.үлес қосқан.
Қазақстанда тарихи-педагогикалық зерттеулердің ғылыми дәстүрі біраз ғылыми мектептерді, зерттеу бағыттарын қамтиды. Атап айтсақ, қазақстандық ғалымдар Т.М.Әлсатов, Ж.Есекеев, А.Ильясова, К.Ж.Ибраева, А.К.Игибаева, А.Көбесов, Ә.Н.Көшербаева, Е.Омарұлы, Ә.Сембаев, Қ.А.Сарбасова, Т.Тәжібаев, В.Г.Храпченков, Қ.Қ. Шалғынбаева және т.б. зерттеулерінде елімізде білім беру жүйесінің қалыптасу және даму тарихы, педагогикалық ойлардың дамуы бойынша құнды материалдар қамтылған.
Біздің жұмысымыз үшін әлеуметтік-мәдени, антропология, этнопсихология, этносоциология саласындағы зерттеулер де құнды болды (Д.Г.Брагина, Ю.В.Бромлей, Н.Жандильдин, Қ.Б.Жарықбаев, М.Ю.Мартынова, Г.А. Пестова және т.б.).
Мәдениеттану тұрғысында (М.Х.Балтабаев, Ж.Ж.Наурызбай, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, А.Сейдімбек, т.б.) тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеруге бейімдеу, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық мәдениет жиынтығының тұлға бойында көрініс беруі, мәдениет аясында жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруы қарастырылған.
Зерттеуіміз Қазақстанда жаңадан енгізіліп отырған өзін-өзі тану пәні арқылы оқушыларға этномәдени білім беруге арналғандықтан, жалпы білім беретін мектептер және ондағы оқу-тәрбие үдерісінің түрлі аспектілерін қарастырған еңбектер де назардан тыс қалған жоқ. Республикада бастауыш, жетіжылдық және сегізжылдық оқытуды жүзеге асыру проблемасына арналған біраз зерттеулер де баршылық: Р.Д.Когай, Ұ.Қыяқбаева, К.Т.Омарова, А.К.Тлебалдиева және т.б.
Дегенмен, ресми құжаттарға, іргелі ғылыми еңбектерге, мектеп практикасына жасалған талдау Қазақстанда өзін-өзі тану пәнінің жаңадан оқу үдерісіне енгізілуіне орай, оны оқыту барысында оқушыларға этномәдени білім беру тарихы арнайы зерттелмегенін көрсетті.
Сонымен:
- Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі даму жағдайында өзін-өзі тану пәнін жүргізу бағыттарын жан-жакты толығымен қамту мақсатында оқушыларға халықтық мұраны пайдалана отырып білім берудің жаңа мазмұнға ие болуы мен бүгінгі күнге дейін қалыптасқан этномәдени білім беру идеялары, теориялары және практикасы жинақталып қорытылмауы арасында;
- адамгершілікке тәрбиелеу және білім беруде халықтық мұраны пайдалану жергілікті Батыс аймағының зерттеу дәрежесін толықтыру және олардың этномәдени білім беруді теориялық негіздеуге қажеттілігі арасында;
- этномәдени білім беру тәжірибесінде жинақталған жетістіктерді тұлғаның бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды жалпы білім беретін орта мектеп практикасында ескерілмеуі арасында қайшылықтар бар екендігі анықталды.
Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы халықтық мұраның алатын орны» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Қазақстанда ұлттық білім берудің қалыптасуы мен дамуын тұжырымдамалық тұрғыдан зерттеп, анықтау және халықтық мұраның білім беру жүйесінде тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда пайдалану мүмкіндіктерін ашу.
Зерттеу нысаны: оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы халықтық мұраның алатын орны.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер оқушыларға халықтық мұра арқылы тәрбие мен білім берудің қалыптасу және даму тарихы жүйеленіп, оның ғылыми-педагогикалық негіздері зерттелсе, онда халықтық мұра арқылы білім беру теориясы мен практикасын жетілдіруге байланысты оқушыны адамгершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік болады, өйткені, халықтық мұра арқылы оқушы көзқарасы кеңейіп, өз елін дәріптеп, қадір қасиетін түсіну арқылы адамгершілік қасиеттерді игеруге қол жеткізеді.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушыларға адамгершілік тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық қағидаларына талдау жасап, ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Қазақстанда этномәдени білім беру идеяларының даму генезисін анықтау.
Қазақстанда халықтық мұраны оқыту үдерісінде қолданудың тарихи-педагогикалық алғышарттарын анықтау.
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу мен даму кезеңдерін айқындаудың тұжырымдамалық тұғырларын анықтап, Қазақстанда этномәдени білім берудің негізгі кезеңдерін ашып көрсету.
Қазақстан Республикасы орта мектептерінде халықтық мұраны оқыту үдерісінде пайдалану бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау.
Зерттеудің жетекші идеясы: бүгінгі күн талабынан туындап отырған этникалық толерантты ізгі тұлғаны қалыптастыруды біртұтас үздіксіз тарихи - педагогикалық процесс ретінде қарастыру Қазақстанда оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің қалыптасуы мен дамуын ретроспективтік тұрғыдан талдауға, бағалауға, пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға және даму перспективасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: жалпы таным теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың диалектикалық өзара бірлігіне байланысты тарихи, философиялық, әлеуметтік және мәдени ілімдер, тарихи-педагогикалық құбылыстарды зерттеуге аксиологиялық және жүйелілік қатынас теориясы, этнос теориялары, этнопедагогика, этнопсихология тұжырымдары, білім беру философиясы туралы ілім, тарихи, ғылыми шынайылылық және тарихи шындықты анықтау қағидалары, тарихи құбылыстар мен процестерді, фактілер мен оқиғаларды талдау мен педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуы мен дамуын зерделеуге қатысты ғалымдардың тұжырымдамалық зерттеулері.
Теориялық негіздері: Гуманистік парадигманы этномәдени білім берудің теориясы мен практикасының жетекші негіздемесі ретінде қарастырушылар (Е.В.Бондаревская, Р.А.Валеева, И.А.Колесникова, И.Б.Котова, В.А.Сластенин, Е.Н.Шиянов және т.б.);
Қазақстанда этномәдени білім беру генезисін тарихи және әлеуметтік мәдениет тұрғысынан зерттеушілер (Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Ж.Наурызбай және т.б.);
Білім беруде мәдениеттанушылық тұғырнаманы ұсынушылар (М.С.Каган, Е.В.Бондаревская және т.б.);
Халықтық мұра теориясы мен тарихын зерттеушілер (С.А.Арутюнов, Л.Н.Гумилев, Ю.В.Бромлей және т.б.);
Білім беру, халықтық педагогика мен этнопедагогиканың этномәдени негіздерін жасаушылар (Г.Н.Волков, К.Ж.Қожахметова, Ш.М. Мухтарова, Ж.Ж.Наурызбай, С.А.Ұзақбаева, Г.Ф.Хасанова, және т.б.);
Білім беру мен педагогикалық ойлардың даму тарихы әдіснамасын ұсынушылар (М.В.Богоуславский, Қ.Б.Жарықбаев, А.Н.Ильясова, С.Қалиев, З.И.Равкин және т.б.) еңбектері.
Зерттеу әдістері: жалпығылыми (логикалық, жүйелі-құрылымдық, индуктивтік, дедуктивтік т.б.); тарихи (тарихи-салыстырмалы, тарихи-генетикалық, тарихи-типологиялық, тарихи-жүйелілік, ретроспективалық т.б.); тарихи талдау әдістері (тарихи-философиялық, тарихи-генетикалық, тарихи-жүйелілік, мәдениеттану, тарихи-салыстырмалы, ретроспективті және т.б.); салыстырмалы-педагогикалық зерттеу әдістері (жүйелілік-құрылымдық, жүйелілік-талдау, құрылымдық-функциональдық, ғылыми зерттеулерді және мұрағат материалдарын оқып-танысу және теориялық талдау, жұмыс нәтижелерін салыстыру, статистикалық өңдеу, болжау т.б.).
Зерттеу көздері:
ғылыми басылымдар: білім беру философиясы, психология, педагогикалық прогностика мен этнопедагогика бойынша еңбектер, қазақстандық және шетелдік, оның ішінде, ресейлік ғалымдардың жарияланымдары;
анықтамалық басылымдар: педагогикалық, философиялық, мәдениеттану энциклопедиялары, сөздіктер мен библиографиялық тізімдер;
құқықтық - нормативтік және нормативті реттеуші құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР «Мәдениет туралы», «Тілдер туралы» заңдары және т.б.
ресми-ұйымдастырушылық, ғылыми педагогикалық құжаттар: Қазақстан Республикасында этникалық-мәдени білім тұжырымдамасы, Тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы, Жалпы білім беретін мектептер тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы, «Білім» мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы т.б.;
мұрағат материалдары: Орал қаласының облыстық мұрағат материалдары;
статистикалық материалдар.
Зерттеу базасы: Эксперименттік тәжірибелік зерттеу жұмыстары жалпы білім беретін Ақсу орта мектебінде жүргізілді.
