Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТОЛЕУОВА сонгы 101.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆

2. Тәжірибелік эксперименттік зерттеу мазмұны

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сенімммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланың өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді. Сара Алпысқызының өскелең ұрпаққа рухани адамгершілік білім берудің маңыздылығын күшейтуге бағытталған. «Өзін-өзі тану» оқу орындарына пән ретінде кіргізілгеніне көп уақыт өте қойған жоқ. «Өзін-өзі тану» –даналықтың бірінші белгісі деген екен К.Маркс. Осы аз ғана уақыттың ішінде оқушылар бойына даналықтың бірінші белгісін ұялатуға алғашқы қадамдар жасалды.

Әрбір жеке тұлға өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарындағы “Шаттық шеңбері” кезеңі балалардың көңіл-күйін көтеріп, сабаққа қызықтыруға, зейінін аударуға ықпал етеді. Ал, “Тыныштық сәті” балаларға жағымды ойларға, сезімдерге берілуге мүмкіндік береді. Олардың ойларынан тіпті кейде ересек адам ойламайтын қызықты бейнелер елестейді. Ол баланың сезімі мен эмоциясын, жалпы рефлексияға қабілеттерінің дамуын ынталандырады. Тіпті күнделікті сабақтарда өзін ашық көрсете аламайтын тұйық балалар да өздерінің ойларын, көргендерін қызығушылықпен ортаға салады. Сондай-ақ, бала өзінің бастаған ісін соңына дейін сәтті және сапалы түрде орындауға тырысады. Ол өз жұмысының орындалу дәрежесіне сырт көзбен қарап үйренеді және өз жұмысын өзгелердің жасағандарымен іштей салыстырады. Әр жасаған сапалы жұмысының нәтижесінде баланың қызығушылығы артып, келесі тапсырманы бұдан да жақсы жасасам деген ой туындап, әрбәр сабақты қуанышпен күтеді. «Өзін-өзі тану» сабақтары барысында ұсынылған ойындар да балаларды мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа, сүйіспеншілікке баулиды.

“Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”-деп Абай атамыз айтқандай, мұғалім жүрегінің жылуын, нұрлы ақылы мен білімін, бойындағы қайрат-күшін оқушыларға бере отырып, адамгершілікке, бақытқа жетелер, арманға апарар қиын да қастерлі жолдарын нұсқап, еңбек етудің, білім алудың, өмір сүре білудің қыры мен сырын үйретеді. Пәннің ерекшелігі де осында.

Эксперименттік зерттеу барысында этномәдени мұраны пайдалана отырып оқушы тұлғасын қалыптастыруда алдымызға мынадай міндеттер қойдық. Олар:

- тұлғаны қалыптастыруға арналған педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білу шеберлігін меңгеру;

- тұлғаны қалыптастырудың маңызы мен мәнін анықтау;

- халық педагогикасының мазмұны мен әдістемесі туралы білімдерін жетілдіру;

- тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер жүйесін айқындап алу;

- тұлғаны қалыптастыруда диагностика жасай білу іскерлігін меңгеру.

Зерттеу барысында бұл міндеттерді жүзеге орта мектеп балаларының психологиялық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудың өлшемдері белгіленді. Олар: жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктерінің дамуы, халық педагогикасы материалдары туралы түсінігі, білімі, оқушылардың іс-әрекет дағдысы. Зерттеуімізде аталған өлшемдер мен көрсеткіштерге сүйене отырып, халық педагогикасының мүмкіндіктері мен тұлғаны қалыптастыру компоненттерінің өзара байланысын анықтау, халық педагогикасы негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру моделін жасауға мүмкіндік берді (1- сурет).

Модельді жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып, сандық және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл модельдің құрамын анықтау этномәдени құндылықтар негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру деңгейлерін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырылды. Ол мәдени мұра негізінде оқушы тұлғасын қалыптастыру жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу және алған білім-білік дағдыларды іс жүзінде көрсете алу дәрежесімен өлшенеді. Демек, бұдан шығатын қорытынды: этномәдени мұра негізінде оқушылардың тұлғасын қалыптастыру өз кезегінде олардың ұлттық тәрбиені меңгерген, дамыған тұлға болып қалыптасуынан туындайтын мотивациялық, мазмұндық және процессуалдық компоненттерді құрайды.

Мотивациялық компонент жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктерінің дамуымен сипатталады.

Мазмұндық компонент халық педагогикасы материалдары туралы түсінігін, білімін арттыруды қамтиды.

Процессуалдық компонент мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің іс-әрекет дағдысының қалыптасуымен сипатталады.

Этномәдени мұра негізінде тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру

Этномәдени мұра негізінде оқушылардың тұлғасын қалыптастырудың негізін анықтау, тұлға ұғымының мәнін зерттеу мәселесіне сәйкес нақтылау, моделін құру (өлшем, көрсеткіштер, деңгейлері), теориялық моделі бойынша бағдарлама ұсыну, тәжірибелік байқаудан өткізу

Жеке тұлғаны

қалыптастыру

компоненттері

Өлшемдер

Көрсеткіштер

Мақсаттылық-

мотивациялық

Жеке тұлғаның дара психология-лық ерекшелік-терінің дамуы

- психикалық процестердің қалыптасуы: ес, есте сақтау, қабылдау, қиял, ойлау, түйсік, сөйлеу, зейін, ерік;

- темперамент;

- мінез-құлық дағдысының қалыптасуы.

Мазмұндық-

операциялық

Халық педагогикасы материалдары туралы түсінігі, білімі

- оқушылардың халық ауыз әдебиеті үлгілерін білуі, мазмұнын түсінуі, пайдалана білуге қызығушылығы, білімі;

- салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы түсінігі, сүйіспеншілігі, білімі;

- ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туралы түсінігі, білімі, дағдысы;

- ұлттық ойындарға қызығушылығы, білімі.

Процессуалдық-

қорытынды

Оқушылардың іс-әрекет дағдысы

- ойын, сабақ, еңбек, іс-әрекет барысында халық педагогикасы материалдарын пайдалана білуі;

- мәдени қарым-қатынас дағдысының сақталуы.

Әңгімелесу, түсіндіру, әңгіме, саяхат, ойын-жаттығулар, педагогикалық жағдаят, т.б.

Халық ауыз әдебиеті үлгілері, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар

Қарапайым еңбек ете білуге икемді, іс-әрекетте белсенді тұлға қалыптасады.

Сурет-1 Этномәдени білім беру негізінде тұлғаның бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру моделі

Жоғарыда аталған өлшемдер мен көрсеткіштерді басшылыққа ала отырып этно мәденимұра негізінде оқушы тұлғасын қалыптастырудың жоғары, орта, төменгі деңгейлері анықталды.

Жоғары деңгей: оқушылардың психикалық процесстері: жағымды ойлау, зейіні мен қиялы жоғары деңгейде дамыған, жағымды мінез-құлық дағдылары жақсы қалыптасқан; мәдени мұра материалдарын: ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, өтірік өлең, шешендік сөздер, батырлар жыры, ұлттық ойындар, балалар айтысы мазмұнын түсініп, өз бетінше айтады, алған білімі мен дағдыларын күнделікті тәжірибеде қолдана алады. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды, т.б. өзінің іс-әрекетінде пайдалана біледі, оған деген қызығушылығы басым, өз ойын дәлелдей алады. Өз ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы олардың түсініктері қалыптаса бастаған.

Орта деңгей: оқушылардың психикалық процесстері: жағымды ойлау, зейіні мен қиялы орташа деңгейде дамыған, жағымды мінез-құлық дағдылары қалыптаса бастаған; мәдени мұра материалдарын: ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, өтірік өлең, шешендік сөздер, батырлар жыры, ұлттық ойындар, балалар айтысы мазмұнын түсініп, өз бетінше айтуға жаттықпаған, алған білім, білік, дағдыларын күнделікті тәжірибеде жеткілікті дәрежеде қолдана алмайды. Сәндік-қолданбалы өнер туындыларына, зергерлік бұйымдарына деген қызығушылығы бар, бірақ оларды өзінің іс-әрекетінде пайдалануда тәрбиешінің көмегін қажет етеді, өз ойын нақты дәлелдей алмайды. Өз ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы олардың түсініктерінің қалыптасуы жеткіліксіз.

Төменгі деңгей: оқушылар психикалық процесстері: ойлау, мен қиялы толық дамымаған, жағымды мінез-құлық дағдылары қалыптаспаған; халық педагогикасы материалдарын: ертегі, мақал-мәтелдер, жұмбақ, ырым-тыйым сөздер, бата-тілектер, шешендік сөздер, батырлар жыры, ұлттық ойындар, балалар айтысы мазмұнын түсінуі жеткіліксіз, өз бетінше айта алмайды, алған білімін, дағдыларын күнделікті тәжірибеде қолдана білмейді. Cәндік-қолданбалы өнер туындыларын, зергерлік бұйымдарды, т.б. өзінің іс-әрекетінде пайдалана білмейді, оған деген қызығушылығы төмен, өз ойын дәлелдеуге талпынбайды. Өз ұлтының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы олардың түсініктері қалыптаспаған.