Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5_kurs_boyynsha_O_1178_KE_ge_test_2017zh.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
269 Кб
Скачать
☆

*Қатты тіндердің тісжегі,тісжегі емес зақымданулары және олардың асқынулары*1*10*1*

#251

*!Қандай ауру тістерде бор тәрізді дақтардың,кіреукенің күңгір түсті және «жансыз» қалыпта болуына НЕҒҰРЛЫМ ие?

*тісжегі

*ұлпа қабынуы

*+флюороз

*пародонтит

*периодонтит

#252

*!Фтордың қандай әсер ету механизмі НЕҒҰРЛЫМ тістерге әсерін тигізеді?

*дентиндегі метаболикалық үрдістерді бұзу

*ұлпадағы метоболикалық үрдістерді бұзу

*+энамелобластарға токсикалық әсер ету

*одонтобластарға токсикалық әсер ету

*тістің қоректенуін бұзу

#253

*!Ерте жастағы балаларда тісжегінің қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?

*фиссурлы

*контактілі

*+циркулярлы

*вестибулярлы

*апроксимальды

#254

*!Орта тісжегінің компенсирленген түрінде тістегі қандай өзгерістер НЕҒҰРЛЫМ сай?

*сынғыш,кіреукесі жұқа

*ашық түсті,дентині жұмсақ

*салбыраңқы қырлы кіреуке

*ылғал,қою қоңыр түсті дентин

*+тығыз,пигменттелген дентин

#255

*!Ұлпаның негізгі жасушалары?

*остеокластар

*лимфоциттер

*эозинофилдер

*гистиоциттер

*+фибробластар

#256

*!Ұлпада қандай морфологиялық элементтер қорғаныш қызметін атқарады?

*фибробласттар

*+гистиоциттер

*кезбе жасушалар

*эластикалық талшықтар

*коллагенді талшықтар

#257

*!Балаларда периодонт қабынуының қандай түрі НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?

*жедел іріңді

*жедел серозды

*созылмалы фиброзды

*+созылмалы гранулдеуші

*созылмалы гранулематозды

#258

*!Келтірілген белгілердің қайсысы балаларда жедел инфекциялық периодонтитке НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*түбірлерін сүңгілегенде ауру сезімді

*термиялық тітіркендіргіштерден ауру сезімі

*+тістегенде ауру сезімді

*перкусси ауру сезімді

*тіс түсінің өзгеруі

#259

*!Периодонттың қандай түрінде баланың жалпы жағдайы НЕҒҰРЛЫМ жиі зақымданады?

*жедел сероздыный

*+жедел іріңді

*соызламалы фиброзды

*созылмалы гранулдеуші

*созылмалы гранулематозды

#260

*!Балалрдағы созылмалы пертодонт қабынуы кезіндегі ұлпа жағдайы?

*қабынулы

*гангренозды

*гипертрофиялық

*сұр-кір түсті

*+некроздалған

*Тісжегі және тісжегі емес зақымданулар және олардың асқынуы*2*30*1*

#261

*!8 жастағы баланың жоғарғы және төменгі орталық күрек тістері ақшыл дақтармен жарып шыққан. Анамнезден:созылмалы пиелонефрит диагнозымен урологтың тіркеуінде тұрады.Ауыз қуысын қарап тексергенде: 1.1,1.2,2.1,2.2,3.1,3.2,4.1,4.2 тістердің вестибулярлы бетінде дөңгелек пішінді,шекарасы анық,тегіс,беті жылтыр,зондылағанда сырғитын дақтар.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*қалыпттаспаған дентиногенез

* қалыпттаспаған амелогенез

*эндемиялық флюороз

*+жүйелі гипоплазия

*жергілікті гипоплазия

#262

*!Анасы 3 жастағы баласы тістері түсінің өзгешелігіне шағымданып келді.Анамнезден:баланың оң қолы және сол аяғы сынған.Тістерін қарап тексергенде сары-кір түсті,тіс эмалі оңай үгітіледі.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

* Стейнтон-Капдепон синдромы

*қалыпттаспаған дентиногенез

* қалыпттаспаған амелогенез

*+қалыптаспаған остеогенез

*ошақты гипоплазия

#263

*!10 жастағы бала тістерінің түсі өзгеруіне шағымданып келді.Анамнезден тұрғылықты жердегі көптеген балалардың тіс түсі осындай.Объективті:күрек және сүйір тістердің вестибулярлы беттерінде бор тәрізді дақтар бар,беті тегіс.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*гиперплазия

*жүйелі гипоплазия

*+эндемиялық флюороз

*қалыптаспаған амелогенез

*қалыптаспаған дентиногенез

#264

*!12 жастағы баланы жоспарлы тексеруден өту кезінде тістері цилиндр пішінді,сары-қоңыр түсті,кейбір тіс кіреукелерінде бөліктер сақталған.Анамнезден әкесінің тісі осындай болғандығы анықталды.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*жүйелі гипоплазия

*қатты тіндер эрозиясы

*эндемиялық флюороз

*+қалыптаспаған амелогенез

*қалыптаспаған дентиногенез

#265

*!9 жасар бала жоғарғы жақтың сол бөлігіндегі косметикалық ақауға шағымданып келді.Анамнезден бір жыл бұрын 6.4 тісі тісжегінің асқынуы бойынша жұлынған.Объективті:2.4 тісі жарып шығу сатысында,тіс төмпешіктерінде сары-қоңыр түсті дақтар,сүңгілегенде ауырмайды,зонд сырғиды. 2% етилен көгімен бояу кезінде дақтар боялмайды.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*жүйелі гипоплазия

*+жергілікті гипоплазия

*сына тәрізді ақау

*кіреуке некрозы

*кіреуке эрозиясы

#266

*!Балалар емханасына анасы 11 жастағы баласы тістеріндегі ақауға шағымданып келді.Объективті:орталық күрек тістер сауыттарының2/3 бөлігі сақталған,мөлдір-сұр түсті,дентин жалаңаштанған.Рентгенограммада:тіс қуысы және түбір өзектері тарылған,тіс түбір ұшында гиперцементоз және сүйек тінінің ыдырау ошақтары.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+Стейнтон–Капдепон синдромы

* Лобштейн – Фролик ауруы

*қалыптаспаған дентиногенез

*қалыптаспаған амелогенез

*жергілікті гипоплазия

#267

*!Емханаға 13 жастағы жасөспірім профилактикалық тексеруден өтті.Объективті:барлық тістердің вестибулярлы бетінде секпіл түріндегі үлкен емес дөңгелек пішінді кіреуке ақаулары,табаны пигменттелген.Баланың сыныптастарында әр түрлі деңгейдегі ақаулар анықталды.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*жергілікті гипоплазия

*жүйелі гипоплазия

* флюороздың дақты түрі

*флюороздың шұбар түрі

*+флюороздың борлы-шұбар түрі

#268

*!Ата-ана 8 жастағы баласын профилактикалық тексеруден өткізуге алып келді.Объективті:1,6 тістің шайнау бетінде кіреуке деңгейінде тісжегі қуысы,сүңгілегенде ауырмайды,табаны тығыз. Индекс КПУ+кп=2.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+беткей тісжегі

*бастапқы тісжегі

*флюороз

*орат тісжегі

*гипоплазия

#269

*!14 жастағы жасөспірім төменгі сол жақтағы тісінің температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданды.Объективті:3.6 тістің шайнау бетінде тығыз пигменттелген дентинді тісжегі қуысы бар.Сүңгілегенде кіреуке-дентин шекарасында ауру сезімді.Қағып тексеру ауру сезімді.36 тіс маңындағы шырышты қабық бозғылт-қызғылт түсті.Суық суға аз уақытқа созылатын ауру сезімді. Индекс КПУ = 1.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*кіреуке эрозиясы

*+орта тісжегі

*терең тісжегі

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#270

*!14 жастағы жасөспірім төменгі оң жағының температуралық тітіркендіргіштерден ауыратындығына шағымданды.Объективті:4.6 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы,жұмсарған дентинге толы,экскавациядан кейін – табаны тығыз,сүңгілегенде табанында ауру сезім бар.Қағып тексергенде ауырмайды.4.6 тіс маңындағы шырышты қабық боз-қызғылт түсті.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*орта тісжегі

*+терең тісжегі

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#271

*!Анасы 6 жастағы баласын профилактикалық тексеруден өткізуге алып келді.Ауыз қуысын қарап тексергенде: 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 және 3.6, 4.6, тістердің мойын аймағында ақ дақтар, шекарасы анық, зондылағанда кедір-бұдырлы.Дақтар 2% метилен көгімен боялады.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*+бастапқы тісжегі

*жергілікті гипоплазия

*жүйелі гипоплазия

*флюороз, дақты түі

*қалыптаспаған амелогенез

#272

*!15 жастағы жасөспірім төменгі сол жағының температуралық тітіркендіргіштерден пайда болған ауру сезіміне шағымданды.Объективті:3.6 тістің шайнау бетінде терең тісжегі қуысы,пигменттелген жұмсарған дентинмен толы,экскавациядан кейін – табаны тығыз,сүңгілегенде табаны ауырады.Перкуссияда ауырады.3.6 тіс маңындағы шырышты қабық боз-қызғылт түсті.

Келтірілген қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ мақсатқа сай?

*орта тісжегі

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*+ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#273

*!Профилактикалық тексеру кезінде 7 жасар қыз баланың ауыз қуысында: 5.5, 6.5 тістерінде бір пломба, 5.4,6.4,7.4,8.4 тістерінде – екі пломба,7.4,7.5 тістері жұлынған.

Балада НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын тісжегі таралуының дәрежесі қандай?

*компенсирленген

*+субкомпенсирленген

*декомпенсирленген

*жеңіл

*ауыр

#274

*!Ақтау қаласы мектептерінің 12 жастағы балаларын тексеру кезінде тісжегінің таралу деңгейі 88%-ды құрады.

Ақтау қаласында НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болатын тісжегі таралуы?

*өте жеңіл

*жеңіл

*орташа

*+жоғары

*өте жоғары

#275

*!Балалар емханасына анасы 7 жастағы баласы ауызындағы жағымсыз иіске, жоғарғы жақ тістер түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 5.4 тіс түсі өзгерген,шайнау бетінде терең тісжегі қуысы бар,сұр-кір түсті жағымсыз иісті массамен толы, сүңгілегенде өзек сағаларында ауру сезімді, қағып тексергенде ауырмайды.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*+ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

#276

*!6 жасар баланың ауыз қуысын санациялау кезінде 6.5 тісіндегі терең тісжегі қуысы тіс қуысымен байланысқан,сүңгілегенде ауырады. Индекс КПУ+кп=3.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*терең тісжегі

*периодонттың созылмалы қабынуы

*+ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

#277

*!Анасының айтуынша 6 жастағы баласы соңғы 3 күннен бері ұйқысы нашар.Тісі мезгілді түрде ауырады, бірақ стоматологқа қаралмаған. 6.5 тісінің жанасу бетінде тісжегі қуысы,жұмсарған дентинді алғаннан кейін тіс қуысымен байланысқандығы анықталды,сүңгілегенде ұлпасы қанап тұр,ауырады. Индекс КПУ+кп=4.Рентгенограммада түбір ұшы аймағында өзгеріс жоқ.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*созылмалы периодонт қабынуының өршуі

*ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

*+созылмалы ұлпа қабынуының өршуі

*периодонттың жедел серозды қабынуы

*ұлпаның жедел серозды қабынуы

#278

*!Балалар стоматологиялық емханасына ата-ана 12 жастағы баласында тісіндегі жедел ұстама тәрізді және түнгі мезгілде күшиетін ауру сезіміне шағымданып келді. Баланың айтуынша тіс 2 күннен бері ауырады. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде орта тісжегі қуысы,тамақ қалдықтарымен толы, дентин пигменттелген, сүңгілегенде ұлпа мүйізшесі тісінде қатты ауру сезімді. Индекс КПУ=3.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*периодонттың жедел қабынуы

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*+ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

#279

*!Балалар стоматологиялық емханасына Ана 4 жастағы баласында жоғарғы оң жағындағы жедел ауру сезіміне шағымданып келді. Бала ауру тісін көрсете алмайды.Қарап тексергенде: 5.4 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы,тазалау кезінде тіс қуысы оңай ашылды,іріңді экссудат бөлінді,терең сүңгілегенде ауырады,қағып тексергенде салыстырмалы. Индекс кп=2.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*периодонттың жедел қабынуы

*ұлпаның жедел серозды қабынуы

*+ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*созылмалы ұлпа қабынуының өршуі

*созылмалы периодонт қабынуының өршуі

#280

*!Анасы 3 жастағы баласымен балалар стоматологиялық емханасына қаралды.Балада жоғарғы оң жақ тісінде жедел ауру сезімі.Анасының айтуынша тісі бір тәуліктен бері ауырады, бұрын тіс ауырмаған. 5.4 тістің шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы,сүңгілегенде табаны ауырады, перкуссияда аздап, тіс маңындағы шырышты қабық боз-қызғылт түсті. Индекс кп=2.

Келтірілген болжамды диагнозыдң қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*созылмалы периодонт қабынуынң өршуі

*созылмалы ұлпа қабынуының өршуі

*+ұлпаның жедел серозды қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*периодонттың жедел қабынуы

#281

*!Анасы 3 жастағы баласын балалар стоматологиялық емханасына алып келді. Анасының айтуынша 2 күн бұрын баланың дене температурасы 39.8о-ға көтерілген,жоғарғы алдыңғы тістері ауырған. Объективті: 5.1 тістің медиальді кесу қырында жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы,тіс қуысы сүйгілегенде ашылды, қатты ауру сезімді, перкуссия оң, шырышты қабық ісінген, қызарған. Индекс кп=2.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*периодонттың жедел қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*периодонттың жедел серозды қабынуы

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

*+периодонт қабынуы көріністі жедел пульпит

#282

*!Балалар стоматологиялық емханасына анасы 5 жастағы баласын санациялау мақсатында алып келді. Қарап тексергенде: 8.4 тісінің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең тісжегі қуысы бар, сүңгілегенде,қағып тексергенде ауырады,тіс түбірі аймағындағы шырышты қабықта – жыланкөз.

Келтірілген қандай ауру НЕҒҰРЛЫМ сәйкес?

*ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*периодонттың сощылмалы гранулематозды қабынуы

*+периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

#283

*!Анасы 2 жастағы баласында жоғарғы тісіндегі ауру сезіміне шағымданып келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 5.2 тісінің жанасу бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы,тазалағанда ұлпа некроздалған, іріңді экссудат алынды. 5.2, 5.1 тістер аймағындағы шырышты қабық ісінген,қызарған. 5.2 тісі қозғалмалы, тиіп кетсе ауырады.

Келтірілген қандай диагноз НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін?

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның жедел жартылай қабынуы

*+периодонттың жедел іріңді қабынуы

*периодонттың жедел серозды қабынуы

*созылмалы ұлпа қабынуының өршуі

#284

*!Анасы 4 жасар баласының жоғарғы алдыңғы тістер қызылиегінің ісінуі шағымданып стоматологқа қаралды. Қарап тексергенде: беті симметриялы,51,61 тіс сауыттары бұзылған, қызылиекте – іріңді бөліністі жыланкөз.

Келтірілген қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

*ұлпаның жедел қабынуы

*периодонттың жедел қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*ұлпаның сощылмалы өсе қабынуы

*+периоонттың сощылмалы гранулематозды қабынуы

#285

*!Бала 6 жаста, бір тәулік бұрын 7.5 тісі созылмалы ұлпа қабынуы бойынша пломбаланды.Түбір өзегін обтурациялау кезінде ауырды, бірақ дәрігер тыныштандырып,анальгетик қабылдауды ұсынды.Кешкі уақытта ауру үдей түсті,тісі өсіп кеткен секілді,жалпы жағдайы нашарлаған.Қарап тексергенде:7.5 тістің медиальды-шайнау бетінде пломба, шырышты қабық қызарған, ісінген, перкуссияда қатты ауырады.

Келтірілген қандай ауырудың болуы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

*ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуының өршуі

*+периодонттың жедел медикаментозды қабынуы

*периодонттың жедел травматикалық қабынуы

*периодонттың жедел инфекциялық қабынуы

#286

*!15 жасар жасөспірімнің ауыз қуысын қарап тексергенде 36тісінде тіс қуысымен байланысатын терең тісжегі қуысы анықталды,сүңгілеу,перкуссия ауру сезімінсіз,өтпелі қатпар шырышы өзгеріссіз.Рентгенограммада:36тістің дистальды түбір ұшы аймағында айқы шекаралық сүйек тінінің сорылуы.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

*+периодонттың созылмалы гранулематозды қабынуы

* периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

* периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

* ұлпаның созылмалы іріңді қабынуы

* ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы

#287

*!Балалар стоматологиялық емханасына Анасы 5 жастағы баласын санациялау мақсатында алып келді.Қарап тексергенде 8.4 тісінің дистальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең тісжегі қуысы, тіс сұр түсті,тіс қуысы ашық,сүңгілеуде,қағып тексергенде ауырмайды. Индекс кп=6. Рентгенограммада периодонт саңылауының біркелкі емес кеңеюі түріндегі сүйек тінінің деструкция ошағы.

Келтірілген қандай аурудың болуы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

*ұлпаның созылмалы жай қабынуы

*ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

*+периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы

*периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы

*ұлпаның созылмалы гранулематозды қабынуы

#288

*!Емханаға Анасы 6,5 жастағы баласын санациялау мақсатында келді.Анамнезден бір жыл бұрын ауырған, уақыт өте келе басылған. Дәрігер-стоматологқа қаралмаған. Қарап тексергенде: 7.4 тісінің шайнау бетінде тығыз пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы, температуралық тітіркендіргіштерге реакция жоқ, перкуссия салыстырмалы түрде.

Келтірілген қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізген НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

*+орта тісжегі

*ұлпаның жедел толық қабынуы

*периодонттың жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі

*периодонттың созылмалы қабынуының өршуі

#289

*!Анасы 4 жастағы баласын емханаға алып келді. Бірнеше күннен бері төменгі оң жағындағы тісі мазалайды.Тіс бұрын емделген. 8.4 тісінің межиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан тісжегі қуысы,сүңгілегенде ауырмайды, перкуссияда ауырады, тіс түсі өзгерген,шырышты қабық қызарған, ісінген, өтпелі қатпар тегістелген.

Келтірілген болжамды диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ болуы мүмкін?

*жедел ұлпа қабынуы

*+созылмалы периодонт қабынуының өршуі

*созылмалы ұлпа қабынуының өршуі

*периодонттың жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

#290

*!15 жастағы жасөспірім төменгі тісінің ауыратындығына,тістегенде күшиетіндігіне шағымданды.10күн бұрын 4.6 тісіне өлі еттендіруші паста қойылған.Объективті:4.6 тістің дистальды-шайнау бетінде уақытша пломбалы тісжегі қуысы,перкуссия қатты ауру сезімді.Тіс маңындағы шырышты қабық қызарған, ісінген.

Келтірілген қандай аурудың болуы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін?

*ұлпаның жедел іріңді қабынуы

*ұлпаның жедел серозды қабынуы

*периодонттың жедел іріңді қабынуы

*созылмалы ұлпа қабынуының өршуі

*+периодонттың жедел медикаментозы қабынуы