- •Тақырыбы: Құрылыс машиналар мен жабдықтарды бағалау
- •Жоспар:
- •Құрылыс машиналар мен жабдықтар бағалауын талдау
- •2. Классификация мен идентификация
- •3. Құрылыс машиналар мен жабдықтардың бағасын анықтау
- •Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •Құрылыс машиналар, механизмдер, құрылғыларын бағалау мақсаты мен құн түрлері
- •Бағалау объектілері ретінде машиналар мен құрылғылар ерекшеліктері
- •Құрылыс машиналар мен құрылғылардың классификациясы мен идентификациясы
- •«Негізгі қордың типтік классификаторындағы» машиналар мен құрылғылар түрлерінің және негізгі топтарының классификация
- •Металл және ағаш өңдеу құрылғыларының классификатор құрылымы
- •Машиналар мен құрылғыларды бағалауға арналған мәліметтер базасы
- •Құрылыс жабдықтар мен машиналар құнын бағалаудың автоматтандырылған жүйесі
- •Базалық станок-аналогты таңдау.
- •Станоктың толық қалпына келтіру құнын анықтау Бағаланатын станоктың негізгі техникалық мінездемелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
ҚР-ның «Машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi туралы» Заңы машиналар мен жабдықтарға, олардың өмiрлiк циклы процестерiне қойылатын талаптарды айқындау, белгiлеу, қолдану және орындау жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi және адам өмiрiн, денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға кепiлдiк беру үшiн қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
1. Өндiрiс кезiнде машиналар мен жабдықтарды дайындау процесiнiң жобалау құжаттамасы, осы Заң және техникалық регламенттер талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуi қажет.
2. Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiнде өндiрушi жобалау құжаттамасында айқындалған, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жөнiнде барлық шаралар кешенiн орындауға мiндеттi. 3. Өндiрiс кезiнде қауiпсiздiкке байланысты барлық технологиялық операциялардың орындалуын бақылау мүмкiндiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. 4. Машиналар мен жабдықтардың өндiрiсi кезiнде пайдалану жөнiндегi нұсқаулық әзiрленуге тиiс. Пайдалану жөнiндегi нұсқаулық: 1) монтаждау, жинау, жөнге келтiру немесе реттеу жөнiндегi нұсқауларды; 2) пайдалану кезiнде сақталуы қажет, машиналарды немесе жабдықтарды штаттық пайдалану жөнiндегi және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шаралары жөнiндегi нұсқауларды (пайдалануға берудi, тiкелей мақсаты бойынша пайдалануды, техникалық қызмет көрсетудi, жөндеудiң және техникалық куәландырудың барлық түрлерiн, зиянды өндiрiстiк факторлардың өршуiн азайтуға және оқшаулауға бағытталған қорғану құралдарын, тасымалдауды және сақтау жағдайларын қоса алғанда); 3) қызмет ету мерзiмiнiң тағайындалған көрсеткiштерi және (немесе) тағайындалған ресурсты; 4) оқыс оқиғаға (апатқа) әкеп соғатын қауiптi iстен шығудың, персоналдың (пайдаланушының) ықтимал қателерiнiң және аталған қателердi болдырмайтын iс-қимылдардың тiзбесiн; 5) шектi жай-күйiнiң критерийiн; 6) тасымалдау, сақтау жөнiндегi пайдаланудан шығару, жою және кәдеге жарату жөнiндегi нұсқауларды; 7) персоналға қойылатын талаптарды қамтуға тиiс. 5. Барлық машиналар мен жабдықтарда мынадай ақпаратты қамтитын, анық әрi өшiрiлмейтiн таңбалау болуға тиiс:
1) дайындаушының атауы және (немесе) оның тауарлық белгiсi; 2) машинаның және (немесе) жабдықтың атауы, сериясының немесе типiнiң белгiсi, нөмiрi; 3) арналған мақсатының негiзгi көрсеткiштерi және қолданылу шарттары; 4) дайындалған күнi. Таңбалаудың барлық белгiлерi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта түсiндiрiлуге тиiс. 6. Егер техникалық регламенттерде қауiптер туралы қажеттi ескерту жазбалары немесе белгiлер көзделсе, машиналар мен жабдықтарда аталған жазбалар мен белгiлер болуға тиiс. 7. Машиналар мен жабдықтар үшiн қолданылатын материалдар мен заттар техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс. 8. Машиналар мен жабдықтардың жекелеген түрлерi үшiн техникалық құжаттаманың мазмұны техникалық регламенттерде белгiленедi. 9. Өндiрушi, уәкiлеттi өкiл машиналар мен жабдықтар жасалған кезден бастап немесе машиналар мен жабдықтар сериялы өндiрiлген жағдайда, олардың соңғы данасын жасаған кезден бастап он жыл бойы техникалық құжаттаманы сақтауға мiндеттi.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
