- •Тақырыбы: Құрылыс машиналар мен жабдықтарды бағалау
- •Жоспар:
- •Құрылыс машиналар мен жабдықтар бағалауын талдау
- •2. Классификация мен идентификация
- •3. Құрылыс машиналар мен жабдықтардың бағасын анықтау
- •Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •Құрылыс машиналар, механизмдер, құрылғыларын бағалау мақсаты мен құн түрлері
- •Бағалау объектілері ретінде машиналар мен құрылғылар ерекшеліктері
- •Құрылыс машиналар мен құрылғылардың классификациясы мен идентификациясы
- •«Негізгі қордың типтік классификаторындағы» машиналар мен құрылғылар түрлерінің және негізгі топтарының классификация
- •Металл және ағаш өңдеу құрылғыларының классификатор құрылымы
- •Машиналар мен құрылғыларды бағалауға арналған мәліметтер базасы
- •Құрылыс жабдықтар мен машиналар құнын бағалаудың автоматтандырылған жүйесі
- •Базалық станок-аналогты таңдау.
- •Станоктың толық қалпына келтіру құнын анықтау Бағаланатын станоктың негізгі техникалық мінездемелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Құрылыс жабдықтар мен машиналар құнын бағалаудың автоматтандырылған жүйесі
Құрылғыларды бағалау үшін пайдаланылатын нарықтық әдістерді қолдану кезінде бағаланушы обьектігі ұқсас жақында сатылған машиналар бағасы бойынша ақпараттар іздеу оңайға соқпайды. Тек бағалары әрқашан белгілі болып отыратын көлік құралдары бойынша ақпараттарды іздеуге мүмкіндік бар. Ал қалған жағдайларда аналог жайында мәліметтерді пайдалауға тура келеді, ал ол мыналарды білуді талап етеді:
а) аналогтардың бағаларын параметрлік түзету әдістемелерін;
б) қарастырылған уақыт аралығындағы нақты құрал-жабдықтардың баға индексі динамикасы туралы ақпараттарды.
Бағалаушы бұларды әрқашан біле бермейді. Сондықтан, құрал-жабдықтардың әралуан түрлері бойынша мәліметтер базасының болғанына қарамастан, ол әрқашан оларды нақты машинаның қалдық құнын немесе қайта құру құнын анықтау үшін тиімді пайдалана бермейді.
Бұл жағдайдан шығу үшін бағалау құнының тек бағдарламалар бойынша жүзеге асатын есептеу әдістемелерін ғана емес, сонымен қатар олардың жұмыстарына арналған қажетті ақпараттар жинағынан тұратын автоматтанған компьютерлік жүйелерін құру керек.
Мұндай жүйе түрін, жұмыстың классификациясына қатысты толық жүйе деп атауға болады.
1996 жылдың басынан РФ-ның әртүрлі аймақтарында станоктардың құрал-жабдықтарын бағалау үшін тиімді қолданылған технологиялық құрал-жабдықтардың өте кең таралған және күрделі түрі болып табылатын мынадай жүйесін қарастырайық. МГТУ Станкинда жасалып шығарылған «Оценка-1» жүйесі.
Ресейлік кәсіпорындардың станок саябақтары құрамын есепке ала отырып жүйені құру негізінде нақты станоктар бағасы бойынша жеткілікті ақпараттар таба отырып мынандай принциптер қойылған:
базалық станоктар бағасы және техникалық мінездемесі бойынша жеке, көп емес мәліметтер базасын пайдалану, яғни жаңа модельдерді шығаруға толық мүмкіндігін көрсететін және техникалық деңгейі,
номенклатурасы және көлемі бойынша саябақ модельдерін көрсететін кәдімгі станоктар;
бұл мәліметтер базасында станоктар саябағындағы станоктарды топтарға бөліп көрсеткен, бұл мәліметтерді аналог бойынша автоматты түрде таңдауды жеңілдетеді;
негізгі тұтынушылық қасиеттерді көрсететін әртүрлі параметрлерді есепке алатын станок-аналогтың базалық бағасынан бөлек бағаланатын обьектінің бастапқы құнын анықтау;
бағалау кезінде және базалық кезеңде әртүрлі технологиялық топтағы станок құрылғыларына деген баға индекстері жүйесінің мәліметтер базасы орналасқан қалпына келтіру құнын анықтау;
қызмет етуінің нормативтік мерзімі мен қалыпты жағдайын есепке ала отырып станоктың қалдық құнын есептеу;
станокты құруға және құрылыс фундаментына кеткен шығындарды есепке алу.
Жүйе жұмысының алгаритмін қарастырайық.
Базалық станок-аналогты таңдау.
Мұны құрылған мәліметтер базасынан жүйенің өзі жүзеге асырады. Бет терезесінде мәлеметтер базасында жүелері бар «Тип станка» станоктар түрлері келтірілген. Құрылған базаға қосылған моделдер:
Технологиялық құрылғылардың негізгі топтарын қамтиды;
90 жылдары РФ-сы кәсіпорындарында кеңінен таралған және алдыңғы қатарлы станок зауыттарында әрдайым жасалып шығарылған;
Бағаланатын станоктың типін таңдау
тип
№-і
СТАНОК ТИПІ
Р
тип
№-і
СТАНОК ТИПІ
Р
1
2
Токарлық біршпиндельді автомат
Токарлық көпшпиндельді автомат
1
15
16
Резьбошлифовальді станок
Әмбебап станок
2
3
4
5
6
Токарлық станок
Токарлық-револьверді станок
Токарлық-карусельді біртұрақты станок
Токарлық-карусельді көптұрақты станок
2
17
Электроэрозионды станок
4
18
19
Тістіфрезерлік станок
Тістішлифовальді станок
5
20
21
22
Горизонтальды-фрезерлі консольдық станок
Вертикальды-фрезерлі консольдық станок
Кең әмбебап фрезерлік станок
4
7
8
Вертикальді-сверлильді станок
Радиальді-сверлильді станок
9
10
11
Горизонтальді свер.-фрез.-станок
Координатты станок
Бөлектелген станок
4
23
Созатын станок
6
24
Кесетін станок
7
12
Дөңгелекшлифовальді станок
2
Реттік нөмірін енгізіңіз
Инвентарлық нөмірін енгізіңіз
Станоктың типтік нөмірін енгізіңіз
Р-ны енгізіңіз
1
13
Ішкішлифовальді станок
3
67
14
Жазықшлифовальді станок
4
21
4
бағаланатын станоктардың функционалды ескіруін ететін шетел аналогтарымен салыстырылған жоғары техникалық деңгейде.
Аналогты таңдау үшін, пайдалаушы бағаланатын станокты көрсетсе жеткілікті. Мысалы, вертикальды-фрезерлік станокты бағалау керек делік. Ол үшін тек сәйкес беттің ұяшықтарына 21 (тип нөмірі) және 4 (Р параметр) сандарын еңгізу қажет.
Бұдан кейін келесі бетте «Аналог», аналогтың техникалық мінездемісі және оның бағасы турулы қысқаша ақпарат пайда болады. Мұнда тек станок-аналогтың негізгі тұтынушылық қасйеттерін анықтайтын техникалық мінездемесі туралы аз ғана ақпарат беріледі. Станокқұруда уақыттың еркін база құруына ауысуын
мезгіліне қатысты прейскуранттың база міндетті түрде қолданылады (01.01.92).
Модельдердің техникалық мінездемелері анықтама-ақпараттың материалдардан алынған. Мұнда тағы да станокты құруға және фундаментін жасауға жер учаскесі шығындары есептелінеді.
ЗУ=кЦ ,
мұндағы к – станоктың массасына қатысты коэффициентері;
Ц – оның бағасы.
2. Аналогтың бағасының көлемдік коррекциясы . Көптеген жағдайларда кәдімгі станок туралы ақпараттар табыла бермейді, сондықтан аналог бағасының Цбаз негізгі көлеміне қатысты коррекциямен айналысуға тура келеді. Коррекция жасау мына формуланың көмегімен жүзеге асады:
Цоц=Цбаз ( Роц / Рбаз )m1 ,
мұндағы,
Р – станоктың негізгі көлемі. («баз» немесе «оц» базалық немесе базаланатын станоктар индекстері).
Цоц – бағаланатын станоктың негізгі көлемімен коррекцияланған базалық станок – аналогтың бастапқы бағасы .
m1- станоктардың негізгі көлемінің оның бағасына әсер етуін көрсететін денгейдің эмпирикалық көрсеткіші.
Станоктардың әртүрлі типтеріне арналған денгей көрсеткіштері салыстыру және барлық технологиялық топтардағы станоктарға арналған белгілі сан түрінде белгіленетін қатынастары Цоц/Цбаз және Роц/Рбаз ары қарай орташалау жолдарымен анықталған . Көрсеткіш белгілері m1 кең диапазонда орналасқан болып шықты – 0,1 – ден 2,5 – ке дейін, денгейдің классикалық көрсеткішінен ерекшіленіп 0,6 – 0,7. Деңгейдің көрсеткіштері белгілерін анықтауда ТМД елдерінің станок зауыттарының және шетел фирмаларының өнімдері қарастырылды.
3. Аналог бағасының параметрлік коррекциясы. Ол бағаланатын станоктың және аналогтың дәлдігі мен өндірістілігіндей мүмкін айырмашылықтарға қатысты өндіріледі. Станоктың өндірістілігі негізінен бас проводтың электроқозғаушысы қуаттылығымен N, автоматизация деңгейі (УА) және шпиндельдің максималды жиілігімен анықталады.
Коррекция барысында:
а) бағаланатын және базалық станоктар өндірістілігіндегі ерекшелік, өндірістілік коэффиценті көмегімен есептеледі:
Kп=m2(Nоц/Nбаз)+m3(nоц/nбаз),
мұндағы,
m2 және m3 - сәйкес келетін станок параметрлерінің Kп-ға әсер ету коэффиценті (мына шарт сақталады m2+ m3=1).
10
б) станокты автоматтандыру деңгейіндегі ерекшелік автоматтандыру коэффицентімен есептеледі:
Kа=УАоц/УАбаз,
мұндағы,
УА - өндірістілікке автоматтану деңгейінің әсері көрінетін станоктың тұтынушылық қасиеттерінің интегралды абсолюттық көрсеткіші.
Станоктардың автоматтану және өндірістілік деңгейінің арасындағы империкалық қатынастар туралы алынған мағлұматтардан кейін автоматтану деңгейінің интегралдық көрсеткішінің мынадай белгілері қабылданды: 1,0 – қолмен басқарылатын станоктар; 1,2 – қатты циклды жартылай автоматтар; 2,0 – қатты циклды автоматтар ( мысалы, жұдырықпен басқарылатын); 3,0 – ЧПУ станоктар; 5,0 – көпмақсатты стаонтар. Осы анықтамаларды қолдана отырып, станоктарды әртүрлі автоматтану деңгейіне қарай санды түрде бөлуге болады.
В) станоктың дәлдік ерекшелігі дәлдік коэффиценті көмегімен есептеледі:
KТ=Тоц/Тбаз,
мұндағы,
Тоц ,Тбаз - стааноктардың дәлдік класына қатысты және геометриялық прогрессияның элементі ретіндегі дәлдіктің нормасына сәйкес анықталатын дәлдіктің интегралды абсолюттық көрсеткіштері.
Дәлдіктің интегралды абсолюттық көрсеткіштерінің станоктың дәлдік класына тәуелділігі
Дәлдік класы |
Н |
П |
В |
А |
С |
Т |
1,0 |
1,6 |
1,62 |
1,63 |
1,64 |
Станоктың жеке тұтынушылық қасиеттерінің бағалау көрсеткіштерін Кп, Ка және Кт-ны анықтай отырып, олардың кешенді бағалауын К мына формуланың көмегімен біріктіруге болады:
K=m4Кп+m5Ка+m6Кт ,
мұндағы, m4, m5, m6 , - берілген станокқа арналған тұтынушылық қасиеттерінің жеке маңыздылығын ескеретін салмақ коэффициенті; m4+ m5+ m6=1.
Салмақ коэффициентін анықтау үшін әдетте эксперттік тәсілді қолданады. Мысалы: шлифовальды станокты бағалауда, оның маңызды қасиеті ретіндегі дәлдікті ескере отырып, салмақтық коэффициенттің мынандай анықтамаларын қабылдауға болады: m4=0,2; m5=0,2; m6 =0,6.
Кешенді бағалау (К) бағаланатын станокты оның аналоымен салыстыруға мүмкіндік береді. Аналогымен салыстырылған станоктың тұтынушылық қасиеттерінің өсуін анықтай отырып, аналог бағасы коррекциясының коэффициентін мына формула көмегімен табуға болады:
Ккорр=1+(К+1)m7,
мұндағы,
m7 – станоктың бағасы мен оның тұтынушылық қасиеттері арасындағы байланысты ескеретін коэффициент. Станок жасауда баға құру тәжірибесінен былай құрылды: m7=0,7.
Енді бағаланатын станоктың бастапқы құны Сперв, тұтынушылық құны бойынша коррекцияланған баға Цоц ретінде табылуы мүмкін, яғни:
Сперв = Цоц Ккорр
4. Уақыт факторын ескеру. 90 жылдары РФ-сы экономикасында болған елеулі инфляцияларға байланысты ол өте қажет. Бағаланатын станоктың бастапқы құнын Сперв және оны қалпына келтіру құнына Св айналдыруды жүзеге асыру үшін баға индекстерін қолдануға болады:
Св= Сперв It/I,
Мұнда,
It/I – бағалау кезіндегі сәйкес станоктардың баға индексі және аналогтың прейскуранттық бағасы Цбаз (әдетте I=1).
Әртүрлі технологиялық топтағы станоктардың баға индексі It жүйенің мәліметтер базасында сақталады.
Бағаланатын станоктың техникалық параметрлері туралы коррекция үшін өте қажетті ақпараттарды енгізу, жүйелі түрде пайдаланушының диалог режимімен
арнайы бетте жүргізіледі. Ақпараттарды енгізген соң бағаланатын станоктардың
қалпына келтіру құнын Св автоматты түрде есептеу жүзеге асады.
5. Станоктың құнсыздануын ескеру. Машиналар мен құрылғылар үшін құнын жоғалтуды тозумен емес, уақыт ағымындағы беріктілігімен байланыстырған дұрыс болады. Беріктілік – бұл қызмет ету барысындағы белгілі уақытта параметрдің барлық берілген функцияларын қамтамасыз ететін обьектінің қасиеті. Машиналардың беріктілігі олардың негізінен ұзақ уақыт және мүлтіксіз жұмыс істегендігінен көрінеді. Машиналардың немесе құрылғылардың ұзақ уақыт және мүлтіксіз жұмыс істеу көрсеткіштері оған сәйкес болып бірқалыпты жұмыс істеу уақыты Тн мен мүлтіксіз жұмыс жасау ықтималдығы p(t) болып табылады. Әдетте, машинаның бірқалыпты жұмыс істеу мезгілінде қарсылық көрсету интенсивтілігі λ (қарсылық білдіру саны уақыт бірлігімен есептеледі) әрдайым болып тұрады. Олай болса, қарсылықсыз жұмыс істеу ықтималдығы p(t) =е-λT , мұндағы Т – станоктың жұмыс істеу уақыты. Т-ның жоғарылауынан станоктың мүлтіксіз жұмыс істеуі төмендей түседі, бұл оның құнсыздануына әкеледі.
Шынымен алып қарайтын болсақ, бірқалыпты жұмыс істеу мезгілінде станоктың құны p(t) сияқты экспоненциалды заң бойынша өзгереді (8.6-сурет).
Егерде, Т=0 болғанда станоктың құны оның қалпына келтіру құнына Св тең болса, онда Т=Тн болғанда ол нөлге тең болмайды, құнға Сс сәйкес келеді. Егерде, Сс=0,2 Св деп алатын болсақ, онда станоктың құны бойынша эмпирикалық мәліметтерді жақсы көрсететін станоктардың қалдық құны динамикасының математикалық моделі шығады:
Со = Св(0,2+0,8 е-λT)
Бұл алынған формуланы машинаның қалдық құнының экспоненциалдық моделі деп атаймыз. Егер машинаның тиімді өсуі Тэф туралы ақпараттар болатын болса, онда жоспарланған түрде моделдегі Т-ны Тэф-ке ауыстырамыз.
