- •Ацетисалицил қышқылы
- •2 Кезең Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •5 Кезең Дұрыс жауаптар эталоны
- •1 Кезең
- •1 Кезең Дұрыс жауаптардың эталондары
- •Дұрыс жауаптардың эталондары
- •Дұрыс жауаптардың эталондары
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •1 Кезең Глюкоза Дұрыс жауаптардың эталоны
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •4 Кезең Дұрыс жауаптардың эталоны
- •3 Кезең Дұрыс жауаптардың эталоны
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •1 Кезең Кальций глюконат
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •1 Кезең Магний сульфаты Дұрыс жауаптар эталоны
- •2 Кезең Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •1 Кезең Новокаин
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •2 Кезең
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •5 Кезең
- •Тимол Дұрыс жауаптардың эталоны
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •1. Титрлеу әдісі.
- •Дұрыс жауаптардың эталоны
- •1 Кезең Этанол Дұрыс жауаптар эталоны
- •2 Кезең Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •Бірінші идентификация: а, в
- •4 Кезең Дұрыс жауаптар эталоны
- •Дұрыс жауаптар эталоны
- •Бензилпенициллин Эталоны правильных ответов
- •Эталоны правильных ответов
- •Эталоны правильных ответов
- •1 Технология получения раствор аммаиака (Нашатырного спирта)
- •2 Технология получения раствор аммаиака (Нашатырного спирта)
- •3 Технология получения раствор аммаиака (Нашатырного спирта)
- •4 Технология получения раствор аммаиака (Нашатырного спирта)
3 Кезең Дұрыс жауаптардың эталоны
1. МФ ІІ Т, «Сусыз глюкоза» жеке басылымы, 203 б.
А. Шекті ауналу бұрышын анықтау.
В. ТСХ
С. Альдегидті топқа реакция.
2. А. Субстанция «Шекті оптикалық ауналу» сынау талабына сай болу керек.
3. В. Анықтауды жұқа қабат ретінде G Р силикагельді қолдана отырып жұқа қабатты хроматография (2.2.27) әдісімен жүргізеді.
Сыналып жатқан ерітінді. 10 мг субстанцияны су Р – метанол Р қоспасында (2:3) ерітеді және ерітіндінің көлемін еріткіштердің сол қоспасымен 20 мл-ге дейін жеткізеді.
Салыстыру ерітіндісі (а). 10 мг СО ҚР МФ глюкозаны су Р – метанол Р қоспасында (2:3) ерітеді және ерітіндінің көлемін еріткіштердің сол қоспасымен 20 мл-ге дейін жеткізеді.
Салыстыру ерітіндісі (b). 10 мг-нан СО ҚР МФ фруктоза, СО ҚР МФ глюкоза, СО ҚР МФ лактоза және СО ҚР МФ сахарозаны су Р – метанол Р қоспасында (2:3) ерітеді және ерітіндінің көлемін еріткіштердің сол қоспасымен 20 мл-ге дейін жеткізеді.
Хроматографиялық пластинканың старт сызығына 2 мкл сыналып жатқан ерітіндіні, 2 мкл (а) салыстыру ерітіндісін, 2 мкл (b) салыстыру ерітіндісін жағады (қондырады) және мұқият жуады. Пластинканы су Р – метанол Р – сусыз сірке қышқылы Р - этиленхлорид Р (10:15:25:50) еріткіштер жүйесімен камераға салады. Көрсетілген қоспаның компонент көлемін дәл өлшейді, себебі судың мардымсыз артық көлемі лайлануға алып келеді. Еріткіштер фронты старт сызығынан 15 см өткеннен кейін, пластинканы камерадан шығарады және жылы ауаның ағынында кептіреді. Еріткіштер жүйесін жаңыртқаннан кейін дереу хроматографиялауды қайта жүргізеді. Плстинканы жылы ауа ағынында кептіреді және 5 мл күкірт қышқылы мен 95 мл 96 % спирт қоспасындағы 0.5 г тимол ерітіндісімен біркелкі шашады. Пластинканы 1300С-та 10 мин. Бойы қыздырады.
Сыналып жатқан ерітіндінің хроматограммасында негізгі дақ байқалуы керек, (b) салыстыру ерітіндісінің хроматограммасында бөлек 4 анық дақ пайда болса, онда талдау нәтижелері сенімді болып табылады.
4. С. 0.1 г субстанцияны 10 мл суда Р ерітеді, 3 мл мыс тартраты ерітіндісін Р қосады және қыздырады; қызыл тұнба түзіледі.
Дұрыс жауаптардың эталоны
1. Пирогендер (2.6.8). Егер субстанция көп мөлшерде парентеральді қолдануға арналға дәрі-дәрмектерді өндіруге арналған болса, онда субстанция пирогенділікке сынауды шыдау керек. 1 мл инъекцияға арналған Р суда 50 мг субстанция бар 10 мл ерітіндіні қоянның 1кг массасына салады.
2. ФЭК.
3. Сульфиттер. 15*10-4 %-дан (15 млн-1 SO22-) көп емес. 5.0 г субстанцияны 40 мл суда (Р) ерітеді, 2.0 мл 0.1 М натрий гидроксиді ерітіндісін қосады және ерітінді көлемін 50.0 мл-ге дейін сумен (Р) жеткізеді. Алынған ерітіндінің 10.0 мл-не 1 мл 310 г/л хлорсутек қышқылының ерітіндісін (Р), 2.0 мл түссіздендірілген фуксин ерітіндісін (Р1) және 2.0 мл 0.5 % формальдегид ерітіндісін (Р) қосады. Алынған ерітіндіні 30 минут ұстағаннан кейін максимумда толқын ұзындығы 583 нм-да оптикалық тығыздығын өлшейді.
4. Салыстыру ерітіндісін келесі әдіспен дайындайды: 76 мг натрий метабисульфитін (Р) суда (Р) ерітеді және ерітіндінің көлемін сол етіткішпен 50.0 мл-ге дейін жеткізеді. 50.0 мл алынған ерітіндіні сумен (Р) 100.0 мл көлемге дейін жеткізеді. 3.0 мл алынған ерітіндіге 4 мл 0.1 М натрий гидроксидінің ерітіндісін қосады және ерітінді көлемін сумен (Р) 100.0 мл-ге дейін жеткізеді. Алынған ерітіндінің 10.0 мл-не сол сәтте 1 мл 310 г/л хлорсутек қышқылының ерітіндісін (Р), 2.0 мл түссіздендірілген фуксин ерітіндісін (Р1) және 2.0 мл 0.5 % формальдегид ерітіндісін (Р) қосады. Алынған ерітіндіні 30 минут ұстағаннан кейін максимумда толқын ұзындығы 583 нм-да оптикалық тығыздығын өлшейді.
Орын толтырушы (компенсациялық) ерітінді ретінде екі өлшеуге де 10 мл сумен (Р) салыстыру ерітіндісіне ұқсас жасалаған ерітіндіні қолданады.
Сыналып жатқан ерітіндінің оптикалық тығыздығы салыстыру ерітіндісінің оптикалық тығыздығынан жоғары болмау керек.
Дұрыс жауаптардың эталоны
1. Глюкозаны жақсы тығындалған тарада бөлме температурасында сақтайды.
2. Сулы ерітінділерде сақтағанда тотығады (альдегидті топ). Тағы қанттардың гигроскопиялығын ескеру қажет.
3. Глюкозаны жүректің, бауырдың әр түрлі ауруларында, шок, коллапс, гипогликемия кезінде қолданады. Әр түрлі ағзалардың функциясын жақсартатын, организм жеңіл сіңіретін тағам көзі болып табылады.
4. Ішке 0.5-1 г-нан және тамыр ішіне 40 % 20-50 мл ерітіндіге дейін тағайындайды.
