Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАДИНА окон(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

Дипломдық жобада қолданылған белгілеулер мен қысқартулар

ЕАЭО

–

Евразиялық экономикалық одақ

ЕФ

–

Еуропалық фармакопея

ББЗ

–

биологиялық белсенді заттар

ГСХ

–

газ-сұйықтық хроматография

ДЗ

–

дәрілік зат

ДӨ

–

дәрілік өсімдік

ДӨШ

–

дәрілік өсімдік шикізаты

ЖШС

–

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ҚНмЕ

–

Құрылыс нормалары мен ережелері

Кг

–

Килограмм

КВт

–

Киловатт

ҚР МФ

–

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы

МЕМСТ

–

Мемлекеттік стандарт

GMP

–

Тиісті өндірістік тәжірибе

МБТ

–

микробиологиялық тазалық

Мм

–

Милиметр

Мин

–

минут

Мкг

–

Микрограмм

Мкл

–

микролитр

НҚ

–

нормативті құжат

СББ

–

сапаны бақылау бөлімі

См

–

Сантиметр

СОҮ

–

стандартты операциялық үрдістер

ШРЕК

–

шекті рұқсат етілген концентрация

ХПА

–

халықаралық патенттелмеген атауы

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еуропалық статистиктердің есептеуі бойынша әлемде күніне мұрын тыныс жолдарының арруымен 25 % адам тіркеледі екен. Қазақстандық мамандардың жүргізген статистикасы бойынша тыныс алу жолдарының паталогиясы ең көп таралған ауру түріне жатады. Эпидемиологиялық зерттеу деректері бойынша, әр елде жүргізілген тәжірибе қорытындысында аллергиялық риниттің таралуы балалар және ересек адамдарда 10% - тен 25% - ке дейін өскен. Осыған байланысты препаратқа сұраныс күннен-күнге артуда. «DOSFARM» ЖШС-де дәрілік заттардың шығарылу жылдамдығын арттыру және жаңа технологиялық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету өзекті. Сонымен қатар экономикалық тиімділікті ескере отырып, сапалы өнім шығару, уақытты үнемдеу, препарат өнімділігін арттыру және шығынды азайту мақсатында заманауи талаптарға сай құрылғыны жаңашалау өзекті.

Дипломдық жобаның мақсаты: «DOSFARM» ЖШС кәсіпорнында Оксивин – DF 0.05% 10 мл мұрынға арналған спрей өндірісін модернизациялау.

Жоба міндеттері:

  • Мұрын қуысы ауруы еміне қолданылатын спрей дәрілік қалыптарын фармацевтика нарығында зерттеу;

  • Мұрын қуысы ауруларына қарсы Оксивин – DF 0.05% 10 мл спрейдің технологиялық, аппаратуралық және негізгі құрылғы сызбаларын жасау;

  • Оксивин спрей дәрілік қалып өндірісіне материалдық, энергетикалық баланстары мен техника – экономикалық есептеулер жүргізу.

Зерттеу нысаны : Мұрынға арналған Оксивин спрей

Зерттеу заты: Өндірісті модернизациялау, қаптау бөлімін автоматтандыру, технологиялық, аппаратуралық, өндірістік бөлімнің сызбасын құру, материалдық ағымдарды анықтау, материалдық және энергетикалық балансты, техникалық-экономикалық негіздеуді есептеу болып табылады.

Дипломдық жоба нәтижелері «Вестник ҚазҰМУ» журналында мақала ретінде жарияланған (Қосымша А)