Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МАДИНА окон(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190 Кб
Скачать
☆

1.2. Мұрын қуысы, ауруларына жалпы сипаттама, таралу және емдеу жолдары.

Тыныс алу- организмнің сыртқы ортадан өзіне оттегін сіңіріп,ол ортаға көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаратын, үздіксіз жүретін, күрделі биохимиялық процесс.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының аурулары – жұтқыншақ,кеңірдек, бронх, өкпе мүшелерінің қабынуы.

Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлімі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланады және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.

Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі арқылы екі мұрын қуысына бөлінеді. Мұрын қуыстарының кіреберіс тесіктері және жұтқыншаққа шығаберіс тесіктері- хоандар болады[20].

Мұрын қуысы сүйек пен шеміршектен түзіліп, сырты терімен жабылып, ішкі беті кілегейлі қабықшамен астарланып жатады. Мұрын қуысының жоғарғы, төменгі және екі бүйір қабырғалары болады. Мұрын қуысының кілегейлі қабаты қан тамырларына өте бай, оның беті көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен жабылған. Мұрынға енген шаң тозаңды эпителий кірпікшелері ұстап қалады. Ал бездерден бөлінген сілекей бактерияларды өлтіріп отырады. Мұрынның ортаңғы пердесі мұрынды тең екі бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігі сүйектен, алдыңғы бөлігі шеміршектен тұрады. Көз жасы арнайы түтік арқылы мұрын қуысына өтеді, оның кілегейлі қабатын ылғалданып тұрады. Мұрын қуысының бүйір қабырғасында жоғарғы, ортаңғы және төменгі кеңсірік қалқандары бар. Олардың аралығынан жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары өтеді. Осының нәтижесінде ішке сорған ауа тыныстау мүшелеріне тікелей өтпей, ауа жолдары арқылы жылытылып, тазартылып өтеді. Мұрын қуысы тыныс алу және иіс сезу бөлімдеріне бөлінеді. Иіс сезу бөлігі мұрынның жоғарғы бөлігінде орналасқан. Оларға ерекше жасушалар мен иіс сезу рецепторлары жатады. Мұрын қуысы тыныс алу мүшесіне жатады, ол газ алмасу, дыбыс шығару, сөйлеу қызметіне қатысады [21].

Мұрынға арналған дәрі-дәрмектер – жүйелі немесе жергілікті әсер алу үшін мұрын қуысына енгізуге арналған сұйық, жұмсақ және қатты дәрі-дәрмектер болып табылады. Олар бір немесе бірнеше әсер етуші заттан тұрады. Мұрынға арналған дәрі-дәрмектер мұрынның шырышты қабығы мен түтіктеріне тітіркендіргіш және басқа да қолайсыз әсерлер тигізбеуі тиіс. Сулы мұрынға арналған дәрі-дәрмектер, әдетте изотондық және оларда мысалы, препараттың тұтқырлығын қамтамасыз ету үшін, рН мәнін келтіру немесе тұрақтандыру үшін, белсенді субстанцияның ерігіштігін арттыру үшін немесе препаратты тұрақтандыру үшін эксципиенттер болады [22,23].

Мұрынға арналған дәрі- дәрмектерді қолдануға ыңғайлы және ластанудан сақтайтын, қажет болса арнайы қондырғылармен жабдықталған көп дозалық және бір дозалық контейнерлерде шығарады. Басқа нұсқаулар болмаса, сулы мұрынға арналған дәрі-дәрмектерді, микробқа қарсы жеткілікті әсері бар дәрі-дәрмектерден басқаларын, микробқа қарсы сәйкес консерванттың тиісті концентрациясы бар көп дозалық контейнерлерде шығарады [24].

Мұрынға арналған дәрі- дәрмектерді төмендегідей жіктеуге болады:

  • Мұрынға арналған тамшылар мен спрейлер;

  • Мұрынға арналған ұнтақтар;

  • Мұрынға арналған жұмсақ дәрі-дәрмектер;

  • Мұрынға арналған шаюшы заттар;

  • Мұрынға арналған таяқшалар.

Мұрын қуысы ауруын емдеу үшін жай ғана спрей емес, заманауи дозаланған спрей қажет. Оксивин спрей өндірінде нақты дозалау арқылы жүргізіледі.

Аллергиялық ринит - lgE қатысуымен мұрын қуысы шырышты қабығының қабынуымен және күні бойы бір сағат және одан көп уақыт келесі симптомдардың кем дегенде екеуінің болуымен: мұрынның бітелуі (обструкция), мұрыннан бөлінділер (ринореялар), түшкіру, мұрынның қышуымен мінезделетін мұрынның шырышты қабығының қабынулық аурулары [25-27].

Риносинусит-бұл бет қуысының немесе мұрынға тірелетін сүйектің асқынған немесе созылмалы ауруы. Ол көбінесе құлаққа, тамаққа инфекция түсуден, қатты салқын тиюден болады [27-30].

1.3 Фармацевтикалық препаратқа сипаттама: Сапасына қойылатын талаптар және медицинада қолданылуы

Саудалық атауы: Оксивин-DF

Халықаралық патенттелмеген атауы : Оксиметазолин

Дәрілік түрі : Мұрын спрейі 0,025 %, 0,05 % 10 мл

Құрамы: 1 мл препарат құрамында белсенді зат - оксиметазолин гидрохлориді - 0,25 мг немесе 0,5 мг қосымша заттар: бензалконий хлориді (10 % ерітінді түрінде), натрий хлориді, натрий дигидрофосфат дигидраты, динатрий фосфат додекагидраты, тазартылған су.

Сипаттамасы: Мөлдір түссіз немесе аздап сарғыш ерітінді. Фармакотерапиялық тобы: Мұрын препараттары. Антиконгестанттар және басқа да жергілікті қолдануға арналған мұрын препараттары. Симпатомиметиктер. Оксиметазолин АТХ коды R01AA05

Фармакокинетикасы. Жергілікті қолданған кезде оксиметазолин аздаған мөлшерде жүйелі қан ағысында сіңеді, сондықтан оның концентрациясы қан плазмасында елеусіз. Препараттың әсері қолданғаннан кейін 15 минуттан соң байқалады. Әсер ету ұзақтығы - 10-12 сағ. Препарат орташа дәрежеде ғана метаболизденеді және негізіде организмнен өзгермеген түрде несеппен және нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамикасы. Оксиметазолин имидазолин туындысы тобынан альфа-адреномиметик болып табылады. α1-адренорецепторларды көтермелейді. Интраназальді қолданған кезде мұрын шырышты қабығының қантамырлары тарылып, мұрынжұтқыншақ шырышты қабығының ісінулері және гиперемиясы басылады. Мұрын шырышының ісінуін басқаннан кейін есту түтігінің, мұрынның қосалқы қуысының аэрациясы үшін шығатын арналар кеңейеді және ашылады. Ол мұрын қуысының дренажды функциясын көтермелейді және бактериялық асқынулар дамуының алдын алады.

Қолданылуы. Жедел, аллергиялық, вазомоторлы ринитте; риносинуситте; евстахиит, астасқан ринитте; диагностикалық емшаралардың алдында мұрын қуысы шырышты қабығының ісінуін басу үшін [24].

Қолдану тәсілдері және дозалары. Интраназальді. Бүркемелеуді дұрыс жасау үшін қорғағыш қалпақшасын шешіп, пластик ұштық-бүріккішті ерітінді бүріккішке келетіндей етіп 1-2 рет абайлап басып, шашырату керек. Одан кейін құты қондырғысын мұрын жолына енгізіп, бүріккішті 1 рет тез және шалт басу және бүріккішті қыспай қондырғыны суырып алу керек. 0,025 % мұрын спрейі 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға: мұрынның әрбір жолына тәулігіне 2-3 рет 1 бүркемелеуден. 0,05 % мұрын спрейі 6 жастан асқан балаларға және ересектерге: мұрынның әрбір жолына тәулігіне 2-3 рет 1 бүркемелеуден. Емдеу курсы 5-7 күннен көп емес.

Жағымсыз әсерлері жиі :

  • мұрын жолдары шырышының ашуы және кеберсуі

  • ауыздың және тамақтың кебуі

  • түшкіру жиі емес:

  • бас айналуы, бас ауыруы

  • ұйқысыздық

  • шаршағыштық (қажығыштық)

  • жүрек айнуы

  • шырыш қабығының домбығуы және ісінуі (мұрынның бітелуін сезіну)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі. Препарат жергілікті жансыздандыратын дәрілердің сіңуін баяулатады және олардың әсерін ұзартады. Оксивин-DF-ті қантамырларын тарылтатын басқа да дәрілермен (енгізу тәсіліне байланысты емес) қолданған кезде жағымсыз әсерлер өзара күшеюі мүмкін. Моноаминооксидаза тежегіштерін (оларды тоқтатқаннан кейін 14 күнгі кезеңді қоса) және үшциклді антидепрессантарды бір мезгілде тағайындау артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар. Оксивин-DF-ті ұзақ қолданудан аулақ болу керек, өйткені оның емдік әсерін әлсіретуге әкелуі мүмкін. Өз еркімен ұсынылған дозадан асырмау және препаратты 5-7 күннен артық қолданбау керек. Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) кезінде абайлап қолдану керек. Жүктілік және лактация кезеңі Қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан ұсынылмайды. Жүктілік және лактация кезеңінде ана үшін болжанатын пайда бала мен ұрық үшін әлеуетті қауіп артқан жағдайда ғана препарат қолданылуы мүмкін. Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері Оксивин-DF ұсынылған дозада көлік құралдарын басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар. Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық; атрофиялық ринит; айқын атеросклероз; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі; аритмиялар; артериялық гипертензия; созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ; қуық безінің гиперплазиясы; моноаминооксидаза тежегіштерін бір мезгілде қабылдау және оларды қолдануды аяқтағаннан кейін 14 күнге дейінгі кезең; қант диабеті; тиреотоксикоз, гипертиреоз; жабықбұрышты глаукома; көздің ауыр аурулары; феохромацитома; порфирия - 1 жасқа дейінгі балалар (Оксивин-DF 0,025% үшін) - 6 жасқа дейінгі балалар (Оксивин-DF 0,05% үшін)

Артық дозалануы. Симптомдары: ұсынылған дозадан арттырған немесе байқаусызда ішке қабылдаған жағдайда мынадай симптомдар байқалуы мүмкін: көз қарашығының тарылуы, жүрек айнуы, құсу, цианоз, температураның көтерілуі, тахикардия, аритмия, коллапс, жүрек қызметінің бәсеңдеуі, артериялық гипертензия, өкпенің ісінуі, тыныс алудың бұзылуы. Одан басқа да психиканың бұзылуы байқалуы мүмкін, сондай-ақ ұйқышылдықпен қатар жүретін орталық жүйке жүйесі функциясының бәсеңдеуі, дене температурасының төмендеуі, брадикардия, артериялық гипотензия, тыныс алудың тоқтауы және команың дамуы мүмкін. Емі: шұғыл түрде белсендірілген көмір (абсорбент), натрий сульфатын (іш жүргізетін дәрі) тағайындау немесе асқазанды шаю. Артериялық қысымды төмендетуі үшін селективті емес альфа-адреноблокаторлар (фентоламин 5 мг тұзды (физиологиялық) ерітіндіде к/і баяу немесе 100 мг пероральді) тағайындайды. Вазопрессорлы дәрілерді қолдануға болмайды. Қажет болған кезде ыстықты түсіретін, құрысуға қарсы және өкпені жасанды желдету емі жүргізеді.

Сақтау шарттары. Жарықтан қорғалған жерде, 25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі:3 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары : Рецептсіз