Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АДИЛБИЕВ 3КУРС ОТЧЕТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2 Жеке тапсырма. Мойынтіректің тұрқы бөлшегін өңдеудің технологиялық процесін жасау

Барлық айналу бөлшектерінің тірексіз жұмыс істеуі мүмкін емес. Бұл тіректер машиналар мен механизмдердің қозғалмайтын бөлігінде орналасады. Айналу бөлшектерін ұстап тұру және олардың айналуын жеңілдету – айналу тіректерінің негізгі қызметі болып табылады. Көптеген жағдайда тіректер корпустан, мойынтіректерден, корпусқа бекіту, қорғау және майлау жабдықтарынан тұрады.

Сурет 2.1. Мойынтірек тұрқы бөлшегі

Көбінесе домалау мойынтіректері домалау жолдары (науашалары) бар сыртқы және ішкі шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе роликтерден (домалау бөлшектерінен) және сепаратордан тұрады. Сепаратор домалау бөлшектерін бір-бірінен бөліп бағыттап, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бірқатар жағдайларда домалау мойынтіректерінің өлшемдерін кішірейтіп, габаритін азайту үшін шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай мойынтіректерде домалау бөлшектері біліктегі немесе осьтегі домалау жолдарында (науашаларда) қозғалып тұрады.

Сырғанау мойынтіректерімен салыстырғанда домалау мойынтіректері аса көп күтімді қажет етпейді және жұмыс кезінде мұнда үйкеліс бөлшектерінің қызуы шамалы болады. Сонымен бірге бұл мойынтіректерде үйкеліс күшінің моменті мен жүргізу моменті аз және майлау материалы да көп жұмсалмайды. Міне. осы артықшылықтар домалау мойынтіректерінің өнеркәсіптің машина жасау және прибор жасау салаларында кеңінен қолданылуын қамтамасыз етеді. Домалау мойынтіректері кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі мамандандырылған заводтарда шоғырланған. Бұл заводтарда домалау мойынтіректерін жаппай өндіру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен болуына мүмкіндік береді.

Домалау бөлшектерінің пiшiнiне қарай домалау мойынтіректері шарикті және роликті мойынтіректерге бөлінеді. Роликтердің формасына қарай мойынтіректерді ұзын және қысқа цилиндрлі роликті, бұрама роликті, конусты роликті, кеспек тәрізді роликті, ине тәрізді роликті немесе диаметрі кіші ұзын цилиндрлі роликті деп ажыратады.

Шарикті мойынтіректер роликті мойынтіректерге қарағанда жоғары бұрыштық жылдамдықтарда жақсы істейді, өздігінен орнығуға қабілетті және олардың бәрі де осьтік күштерді қабылдай алады. Ал роликті мойынтіректердің шарикті мойынтіректермен салыстырғанда жүк көтерімділігі артық келеді.

Домалау мойынтіректерін домалау бөлшектерінің қатар санына қарай бір қатарлы, екі қатарлы және көп қатарлы деп ажыратады.

Қабылдау күшінің бағытына қарай домалау мойынтіректерінің тек қана радиалды күштерді қабылдайтындарын -радиалды, ал тек қана осьтік күштерді қабылдайтындар -сүйеніш, радиалды және осьтік күштерді қабылдайтындаын - радиалды-сүйеніш домалау мойынтіректері деп бөледі.

Домалау мойынтіректері конструкциялық және пайдалану ерекшеліктеріне қарай өздігінен орнығатын және өздігінен орнықпайтын (барлық сфералық емес мойынтіректер) болып бөлінеді.

Габариттік өлшемі (диаметрі, ені және биіктігі) мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген.

Домалау мойынтіректері радиалды габариттік өлшемдері бойынша өте жеңіл (екі сериялы), ерекше жеңіл (екі сериялы) жеңіл, орташа, ауыр (барлығы жеті серия) болып, ал көлденеңі бойынша – енсіз, әдеттегідей, кең және ерекше кең болып әр түрлі серияға бөлінеді.

Бұл мойынтіректердің сеператорлары көміртекті жұмсақ болаттан, қоладан, алюминийдің ерітпе қоспаларынан, пластмассалардан (текстолиттен және басқа да қабатты пластиктерден, сонымен бірге полиамидтерден) және басқа материалдардан жасалады.

Соңғы кезде домалау мойынтіректерінің шариктері мен роликтерін пластмассалардан (көбінесе шынылы пластиктерден) жасай бастады, бұл жағдайда мойынтіректердің шусыз, бір қалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Сондайақ мен мойынтірек тұрқысын жасауда, екі білдекті қолданамын олар: Моделі 16К20 білдегі және DSP СББ фрезер білдегін. Моделі 16К20 білдегін таңдаым, себебі осы білдекпен бөлшекті өңдеу қолайлы. Білдектің сипаттамасы ол бағыттауыш тұғыр үстінде орналасқан дайындаманың максимал диаметрі 400 м, ал суппорттың үстінгі бөлігінде 220 мм, өнделетін дайындаманың максимал ұзындығы шамамен 1300 мм. Электрқозғаушы жетектің қуаты 10 кВт, бұл дайындаманың жону кезінде көптеген әдіптерді шешуге мүмкіндік береді.

Айналдырықтың үлкен айналым саны 2000айн/мин кесудің жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.Білдек 0,075-тен 4,46 мм/айн дейін 48 бойлық беріліс және көлденіңен 0,038-ден 2,23 мм/айн бар. Бұранданың барлық түрлерін кесуге мүмкіндік береді.Білдекте ішкі және сыртқы цилиндрлік және конустық беттерді сырт жону және күйлеуге, оларға бұранданы кесуге, БИД әдістерімен, бұрғылау, бұрғылап кеңейтуге, центрлеу, ұңғылау,тесіктерді ұңғылау (сыртқы жону және беттік сығымдау),цилиндрлік және конустық беттерін сыртқы жону және беттік сығымдау, дайындаманы тіліктеу және кесу, жырашықты жону,арнайы техникалық жабдық қолданғанда сұлбалы және көпжақты беттерді өңдеуге болады.

Бойлық және көлденіңен беріліс бағытында білдектің өндетілген орын ауыстыру механизмі бар. Моделі 16К20 білдегінің (сурет 2.2) көрсетілген:

Сурет 2.2. Моделі 16К20 білдек құрылғысы

Құралкүймешік жылжымасы тұғырдың бағыттауышы арқылы орын ауыстырады, артқы тұғыр.

Алдыңғы (айналмалы) тұғыр жылдамдық қорабымен тұғырдың сол жақ соңында бекітіледі және дайындаманы бекіту үшін қызмет етеді, сонымен катар түрлі айналым сандарымен айналмалы қозғалыс береді.

DSP СББ фрезер білдегі — көпжүзді кесуші құралдары бар әмбебап құрал; басты қозғалыс – фрезаның айналуы. Фрезаны алып жүретін айналдырға тік орналасқан, бірақ оны көптеген жағдайларда дайындаманың

бұрышында орналастыруға болады. Қолмен немесе механикалық жетек арқылы жүзеге асырылатын үстелдің қозғалысы жүрістік бұрандалардың дәйектелген лимбтары бойынша нақты бақыланады және оптикалық артуы бар прецизионды шкалалар арқылы бақыланады.

Сурет 2.3. DSP СББ фрезер білдегі

Фрезерлік жақтау (фрезаны алып жүретін білік) көлденең. Қажетті жабдықтаулары бар өңделетін бөлшек бекітілетін үстел «қарапайым» болуы

мүмкін, яғни үш өс бойынша орын алмастырылатын немесе бұрыштық бұрылуларға да рұқсат беретін әмбебап болуы да мүмкін.