- •1 Завод тарихы
- •2 Жеке тапсырма. Мойынтіректің тұрқы бөлшегін өңдеудің технологиялық процесін жасау
- •2.1 Технологиялық бағдары
- •2.2 Дайындау операциясы
- •3 Қондырғыларды жөндеу
- •4 Сғзж тапсырмасы. Мойынтіректің тұрқы
- •4.1 Құйманың өндіру тәсілін таңдау
- •4.2 Бөлшек материялы және оның қасиеттері
- •4.3 Құйманың сызбасын және үлгісін жасау
- •4.4 Құймалардың сапасын бақылау
- •5 Теориялық бөлім
- •Өндірістік топсеруен
- •7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
4 Сғзж тапсырмасы. Мойынтіректің тұрқы
БӨЛШЕГІ НІҢ ДАЙЫНДАМАСЫН НЕГІЗДЕУ
Жоғарыда айтылып отырған домалау мойынтіректері үйкелісіке негізделген айналу және тербелу бөлшектерінің (біліктер мен осьтердің) тіректерін айтамыз. Айналу бөлшектерін ұстап тұру, олардың айналуын және сырғанауын жеңілдету сияқты қасиеттер мойынтіректердің ерте кезден-ақ қолдануына мұмкіндік берді.
Мойынтіректер кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі мамандандырылған заводтарда шоғырланған. Бұл заводтарда домалау мойынтіректерін жаппай өндіру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен болуына мүмкіндік береді.
4.1 Құйманың өндіру тәсілін таңдау
Металдан жасалған дайындамаларды және тетіктерді жасаудың негізгі тәсіл дері болып құю, қысыммен және кесумен өңдеу саналады. Күрделі пішіні бар бұйымдарды, алдын ала құюмен немесе қысыммен өңдеп жасалған тетіктерді пісіріп, дәнекерлеп немесе тойтарып жасауға болады.
Машиналардың көптеген дайындамалары мен тетіктерін ұнтақты металлургия тәсілдерін қолданып жасайды.
Құю өндірісі машинажасаудың бір саласы болып саналады. Құю өндірісінің мақсаты, сұйықаққыштыққа иемденген металдар мен қорытпалардан массасы, өлшемі мен пішіні әртүрлі болатын бұйымдарды (соның ішінде ішкі қуысы бар бұйымдар) жасау. Жасалатын көптеген машиналарда, құйылған тетіктің үлесі орташа 40...50 %, ал оларды жасаудың бағасы 10...15 % құрайды. Құйған кезде металдық балқыманы бұрынырақ дайындалған құю қорамасына құяды. Осы құю қорамалары бір рет қолданылатын немесе тұрақты пайдаланылатын болып екіге бөлінеді. Бір рет қолданылатын қорамада құйманы жасап, одан кейін оны қиратады, ал тұрақты қорама көптеген құйманы өндіруге жарамды. Құю тәсілін таңдау, тетіктің жұмыс істеу жағдайымен, өндіріс бағдарламасымен, экономикалық қажеттілікпен, тағы да талап қойылатын дәлдікпен және құйманың бетінің сапасымен анықталады. Құйманың көптеген бөлімі құмдық қорамаға құюмен жасалынады. Кейбір жағдайда бұл құймалар қойылатын талапты қанағаттандырмайды. Сондықтан құюдың мынадай арнайы тәсілдерін қолданады: қабыршықты корамаға құю; балқытылатын модельдер бойынша құю; металдан жасалған қорамаға, яғни кокильге құю; қысыммен құю;реттелетін қысыммен құю; центрден тепкіш тәсілмен құю; электрқажылы құю. Құйманы жасағанда қолданылатын технологиялық процестің негізгі операцияларын мынадай негізгі 3 топқа біріктіруге болады: қорамалау; балқыту және құю; құймаларды қағымдау және тазалау.
Қорамалау процесі, модель жинағын жасау, қорамалау мен өзектік қоспаларды дайындау, қорамалау мен өзектік элементтерді жасау және құю қорамасын жинау операцияларын өзіне қосады. Балқыту және құю процестерінде мынадай операцияларды іске асырады: балқыту пешін дайындау және тиеу операциялары; балқыту, құю қорамасына балқыманы құю. Құйма қатайып барып салқындағаннан кейін, құйманы қорамадан қағымдайды, тағы да құйманың құюжолын және қосылмасын өңдеумен кесіп алып тастайды. Ішкі кернеулерді алып тастау үшін және құйма металында
берілген құрылым мен механикалық қасиетті алу үшін айтылған құйманысәйкес термиялық өңдеумен өңдейді.
