- •1 Завод тарихы
- •2 Жеке тапсырма. Мойынтіректің тұрқы бөлшегін өңдеудің технологиялық процесін жасау
- •2.1 Технологиялық бағдары
- •2.2 Дайындау операциясы
- •3 Қондырғыларды жөндеу
- •4 Сғзж тапсырмасы. Мойынтіректің тұрқы
- •4.1 Құйманың өндіру тәсілін таңдау
- •4.2 Бөлшек материялы және оның қасиеттері
- •4.3 Құйманың сызбасын және үлгісін жасау
- •4.4 Құймалардың сапасын бақылау
- •5 Теориялық бөлім
- •Өндірістік топсеруен
- •7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Өндірістік топсеруен
Теориялық және тәжірибелік көзқарастан механикалық өндеу технологиясы казіргі заманда жоғары пайдаланым қасиеттері бар заттарды алу болып табылады. Біздің өңірімізде бұндай заводтардың бірі болып «Karlskrona LC AB» ЖШС машинажасау зауыты болып табылады. Бұл заводқа топсеруенге бардық.
«Karlskrona LC AB» ЖШС машинажасау зауыты жекешелендірілген кәсіпорын ретінде Қазақстан нарығында 2003 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді.
Өндірістің құрылымында үш өндірістік цех бар: құрастыру цехы, дайындамаларды механикалық өңдеу цехы, дайын өнімді бояу цехы.
Бұл кәсіпорынның негізгі атқаратын қызметі болып, Қазақстанның уран өндіру және жылу жүйесінде қажетті сорғыш агрегаттарды дайындау болып табылады.
Заводта орналасқан механикалық цех құрамында металл өңдейтін әмбебап құралдар бар, олар: СББ токарлық, фрезерлік, ажарлағыш, пісіру аппараттары, термиялық қондырғылар, столярлық қондырғылармен қамтылған.
Өндірістік топ серуен барысында кәсіпорындағы өндірістік іс-тәжірибе жетекшісі механикалық цехта орналасқан техникалық жабдықтардың, СББ токарлық, бұрғылау, фрезерлік білдектердің жұмыс жасау принциптері мен құрылысын таныстырды.Қазіргі заманғы жоғары талаптарға сай келетін бұл қондырғылар жұмыс сапасы мен сенімділігі жоғары бөлшектер дайындай алады.
2016 жыл. Зауыт KARLSKRONA Индустриалды аймақ "Бадам" аумағында құю өңдірісі ашылды.
Сурет 6.1. Бадам аумағындағы құю өндірісі
Жылдық қуаты 3700 тонна. Негізгі өнімдері сорғыштың торабы, штамп, инженерлік бұйымдар.
Кәсіпорындағы цехтар және кәсіпорынның ұйымдық құрылымы:
Цех №1 «ODDESSE Zentralasien»
Цех №2 Конструкторлық-техникалық бөлім
Цех №3 Сырлау бөлімі
Цех №4 Балқымалы модель бойынша құю
Цех №5 Құю цехы
Цех №6 Электр жабдығын өндіретін цех
Зауытта 250,500 және 1000 кг индукциялық пештер мен шөміштер (ковш) бар. Сонымен қатар құм-балшықты шайырмен (смола) араластырып, дайын опока жасайтын қоспаланған құм-балшықты алуға болады. Және де зауытта құюға керекті көптеген үлгілер бар. Керекті құйылған бөлшекті алғаннан соң, оны қиратады. Қираған опока құм-балшығын қайтадан қолдану үшін SPARTAN III құрылғысымен регенерациялайды. Одан шыққан құм бункерге барып сақталады.
Зауытта индукциялық тигелді пеш,плазма,(трубагиб),ванна,термо пеш т.б. қолданылады. Сонымен қатар мұнда (8.2 – сурет) ұлу сорғылары СНР, лұқалар (люк) құйылады. Және де жоспарда Консольді, батырмалы насостардың тұрқыларын құюып, өздерінен жасап шығару көзделуде.
Сурет 6.2. Бадам аумағындағы құю өндірісінде болып жатқан құю процесі
7 Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы
Қазақстан Республикасында әрбір өндірістік іс-әрекет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Еңбек кодексіне сай ұйымдастырылу керек.
Қиын жұмыстар орындау кезінде, адамның ағзасында жылу пайда болуы аса жоғары болғандықтан ауаны үнемі ауыстыру
Жұмыс орнындағы жұмысшыларды қызыл сәуленуден сақтау үшін, жылу шығаратын процестерден арақашықта жұмыс істеуді қамтамасыз ету. Аппараттар, коммуникация және басқа жылу көздерінен, жұмыс орындарынан рациондау және жылу изоляция құралдарын орнықтыру. Жұмыс орындарында жылу тарату құралдарын бір-бірінен алыс орналастыру қажет.өйткені олардың сәуле энергиялары бір-бірімен биік температура беруі мүмкін. Жылу таратқыш құралдарының қабырғасы 45температурадан аспайтындай қылып орналастыру.
Ыстық немесе температура бөлінетін өндірістік бөлмелерден шығып демалатын бөлме немесе арнайы орындары болуы қажет. Ыстық таудан профилактика жүргізу, рационалды су тұзды режимде болуы тиіс. Ол үшін ауыз суға (0,2-0,5%) ол тұзын қосу қажет және көміртегі қос тотығымен қанықтырады. Тұзды суды ішу адамның шөлін қандырады және адам денесінің салмағының жоғарлауын сақтайды. Көміртегі қос тотығы тұзды суға дәм береді және асқазанның сөл бөлуін жоғарлатады.
Жұмысшылардың ыстық цехтан шыққанда суықтап қалмауы үшін басқа жолдарын қарастыру және қамтамасыз ету қажет. Жұмысшыларға тамбурлар және ауа ауыстыру перделерін орнату қажет. Ауа ауыстыру перделері суық ауаны ғимараттық жоғары зонасына жібереді.
Бұл жазылған ережелер тіршілік қауіпсіздігі немесе былайша айтқанда жұмыс орнындағы улы, лас, шаңды ортамен күрес жүргізіп оны адам ағзасына қауіпін төмендету қажеттілігін ескертеді. Негізінде ауа ауыстыру қондырғылар барлық жұмыс орындарында үздіксіз жұмыс істеп тұруы қажет.
Жұмыс орны, қызмет көрсету аймағы немесе орындарының ауа кеңістігінің тазалығы және метеорологиялық жағдайлар санитарлық нормаға сәйкес қабылданылған.
Тіршілік қауіпсіздігіне сақтау үшін ауа ауыстыру шараларын ұйымдастыру негізінен 3 түрге бөлінеді: жалпы ауыспалы, жергілікті ауысу, қиыстырылған ауыстыру.
Жалпы ауыспалы – ауаның ауысуы бөлменің, зертхананың т.б. барлық көлемінде ауысады. Көбінесе бұл әдісті улы зат бөлме ішінде аздап бөлінген жағдайда қолданылады.
Жергілікті ауысу - улы зат немесе улы газ; бөлменің бір жерінен бөлінсе мұнда осы әдіс қолданылады.
Қиыстырылған ауа ауыстыру – жалпы және жергілікті ауа ауыстыру бір бөлмеде орналасқан жағдайда қолданылады. Ол екі түрге бөлінеді:механикалық және табиғи
Механикалық ауа ауысуы бұл бөлме ішінде орнатылған қондырғылар арқылы улы газ немесе шаң т.б. заттарды шығарып таза ауамен алмастырады. Табиғи ауа ауысу, ол табиғи факторына желдің бағытына байланысты, ауа ауысып отырады. Механикалық және табиғи ауа ауысуы араласса онда аралас ауа ауыстыру деп атайды.
Жұмыс орындарында табиғи және жасанды жарық көздерін табады. Табиғи жарық терезеден немесе төбеден арнайы жасалған жарық көздерінен түседі. Табиғи жарық жыл мезгелдеріне және тәулікке, сонымен қатар атмосфералық жағдайға байланысты жиі өзгеріп тұрады. Жарықтың түсуіне құрылыстың орналасу жағдайы, айнамен қапталған бетінің, өлшемі, терезенің орналасуы мен формасы, қарсы құрылыспен ара қашықтығына байланысты. Табиғи жарық – адамға ең жақсы, тиімді бірақ ол толығымен керегімізді қамтамасыз ете алмайды, сондықтан жасанды жарық көздерін көп пайдаланамыз. Барлық жұмыс орындарында табиғи жарықпен қатар жасанды жарық көздерін де пайдаланады. Жасанды жарықтың ең көп тараған түрі электр жарығы. Ол да табиғи жарық сияқты барлық жұмыс орындарында норма бойынша пайдаланылады. Тиімді жасанды жарықта жұмыс орнында тиімді жарық жасау үшін жалпы және жеке жарықтандырулар жасау керек.
Кесте 6.1 – Жұмыс орныныда табиғи жарықталудың маңызды коэффициенті
Жұмыс дәреже сі |
Көру жұмысының мінездемесі |
Табиғи жарықталудың мағынасы |
|||
Дәлдік дәрежесіне қарай жұмыс түрі |
Ең кіші ажырату өлшемі |
Жоғары немесе құрастырылған жарықталу кезінде |
Жанынан жарықталу, орнықты жамылғы зонада қалған аймақтарда |
||
IV |
Орташа дәлдік |
0,5-1,0 |
4 |
1.2/1.5 |
|
Шудан, дірілден, ультрадыбыстан қорғану шаралары. Өндірістік бөліме ішінде үлкен шу мен діріл болғандықтан, арнайы құлақ тығындарын қолданамыз. Электр қондырғылары мен аппаратта үлкен шу мен діріл болады, сондықтан аппараттың табанына қалың заттан жасалған резіңке төсеніш қолданамыз. Өндірісте шу деңгейінің жоғарылығына көп жерлерде назар аударылмайды, өйткені шудың әсері қайғылы жағдайларға әкелмейді. Бұдан басқа өндірістегі көптеген зиянды заттардың әсері сияқты, шудың әсері де бірден байқалмайды. Есту қабілеті нашарлап келе жатқан жұмысшылар есту қабілетінің төмендегенін,қайтып қалпына келмейтін физикалық мүкістік сипатына келмейінше сезбеуі де мүмкін. Күнделікті орташа шудың деңгейі 80 дБ кем болса, онда ол адам ағзасына қауіпсіз деп қабылданады. Шудың деңгейі 90 дБ асатын болса, онда ол зиянды болады. Шу деңгейінің жоғарғы деңгейі 130-140 дБ болса да, адам қарапайым күнделікті жұмыстарын орындай алады.
Өндіріс бөлмелерінде жұмысшылар еңбек үрдісінде анық метрологиялық жағдайлардың немесе микроклимат әсерінде болады. Микроклиматтық жұмыс орнының ауасының негізгі нормалық көрсеткіштеріне келесілер жатады.
Температура (t°C);
Салыстырмалы ылғалдылық (φ%);
Ауа қозғалысының жылдамдығы (V,м/с);
Атмосфералық қысым (Н, мм. сын. бағ. ).
Жылыту
Желдету.
МЕСТ 12.4.021 - 75ССБТ бойынша орындалады, МЕСТ-тың негізгі талабы – вентиляциялық жүйелер қызметі әрдайым жұмыс орныдарында істеп тұруы қажет. Вентиляциялық жүйе жұмысшы және қызмет ету кеңселерінде метереологиялық жағдайды және ауа ортасының тазалығын тазалық нормасына сай ортасының тазалығын тазалық нрмасына сай қамтамасыз ету керек. Ауаалмасымдылық тәсілі бойынша вентиляция жалпыалмасымды, айиакты және аралас болуы мүмкін. Жалпыалмасымды вентиляцияны зиянды заттар аз мөлшерде бөлінетін жэне тең біркелкі таралатын кеңседе колданады.Аймактық вентиляция зиянды заттардың түзілген жерлерден copy үшін жэне оларды кеңседен шығарып тасату үшін қолданылады. Аралас жүйе аймақтық және жалпы алмасымды вентиляцияның бір мезгілде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі» туралы заңы 1996 жылдың 22 қарашада қабылданды. Өрт – бұл материалдық құндылықтардың жойылуы және адамның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдай орнатады.Өрт – бұл материалдық құндылықтардың жойылуы және адамның өміріне және денсаулығына қауіпті жағдай орнатады. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Ерiктi өрт сөндiрушi - өрттiң алдын алу және (немесе) сөндiру жөнiндегi қызметке ерiктi негiзде (еңбек шартын жасаспай) тiкелей қатысатын азамат;
Өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау - уәкiлеттi органның өз құзыретi шегiнде өрт қауiпсiздiгi саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған қызметi;
Өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне зиян, материалдық залал келтiретiн бақылаусыз жану; өртке қарсы ерiктi құралымдар - азаматтардың елдi мекендерде және ұйымдарда өрттiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыруға қатысу нысаны.
Электр қауіпсіздігі. Электр тогынан қорғанудың сақтық шараларының ең негізгісі электр тогының қауіпсіз кернеулігі, ток өткізгіш бөлшектердің және сымдардың оқшаулау сонымен қатар электр тогын жерлеу және нөлдеу болып табылады. Жұмыс бөлмелерде міндетті түрде құрал-жабдықтардың барлығының электр жүйелерін жерлеу қажет. Жерлеудің ақауларын міндетті түрде тексеріп тұру қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Екінші өндірістік іс – тәжірибені өту кезінде «Karlskrona LC AB» ЖШС машинажасау зауытының жұмыс істеу тәртібімен, сонымен қатар аймақтағы механикалық және құю ісі жабдықтарының жұмыс істеу сатыларымен таныстым.
Мен алдымен заводтың тарихымен, оның ішінде орналасқан цехтармен, өндіріс күштерімен, қауіпсіздік ережесімен және квалификацияланған кадрлар – бөлімімен таныстым. Өндірістік жəне көмекші цехтар: №1 құрастыру жəне №2 механикалық өңдеу, №3 дайын өнімді бояу цехы, Цех №4 Балқымалы модель бойынша құю, Цех №5 Құю цехы, Цех №6 Электр жабдығын өндіретін цех.
ЖШС «Karlskrona LC AB» машинажасау зауыты - сумен жабдықтау, су тазарту, жылыту, санитария, сондай-ақ қазіргі заманғы жабдықтар мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы технологиялар негізінде түрлі процестерге сұйықтық ағынының басқару саласында жұмыс істейтін инженерлік компания болып табылады. Компания 2003 жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істейді және Астана, Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларында кеңселері мен көршілес елдер де (Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Ауғанстан) бүкіл аумағында серіктестік желісі бар. Қызметкерлері 250-ге жуық адамды құрайды.
Менің жеке тапсырмама қатысты құймаларды шойыннан және шойыннан жасауды зерттеу және оның маңыздылығы, қолданылуы туралы теориялық мағлұматтар жинақтадым. Жоғарыда аталған тақырып бойынша әдебиеттік шолу жасалды. Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша тісті тәжі бөлшегін дайындау кезінде қолданылатын маршруттық картасына сипаттау жүргіздім.
Металды балқыту үшін индукцияонды отшақша пешін таңдап алдым. Индукционды пешін таңдау себептерім: металдық шихтаны балқыту процесі электр энергиясын үнемдейтін және жылытатын элемент ретінде қолданылатын металдық отшақшада жүргізіледі; балқыту ыдысының биіктікке қатысы – минимальды; араластыру процесі электродинамикалық күштердің әсерінен автоматты түрде жүргізіледі. Ол балқыма құрамының біркелкі болуын қамтамасыз етеді; жұмыс қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайы.
Қорама мен өзектерді дайындап, құрастырдым және құйдым. Қалыптау, кесу, тазалау және құймаларды термиялық өңдеу сияқты операцияларды орындадым. Ықтимал ақауларды жойып, құйманың сапасын бақыладым.
Теориялық және тәжірибелік көзқарастан дайындау технологиясы казіргі заманда жоғары қолданыс қасиеттері бар бұйымдарды алу болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Печерский В.Н.,Аринова Д.Б.,Сихымбаев Ж.Б. Барлық өндірістік іс-тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқау.-Шымкент 2005.
2. Самыратов С.Т. , Темір-Алина Н.М., Тұрысбекова Б.Т. Құрылымдық
материалдар технологиясы.-Алматы, 2005.-258б.
3. Металургиялық өндірістер технологиясы Қортбаев С. К. Шымкент
4. Техникадағы материалдар, материалдардың құрылысы және қасиеттері Жүсіпбеков Ә. Қ. Ходжибергенов Д. Т. Садықов Ж. Ә.
5. Металдар және қорытпалар өндірудің теориясы мен технологиясы Қарағанды 2012
6. Болатты конверторда өндіру теориясы А. Ерубай Ш. Дүйсебай Шымкент 2014
7. Құю өндірісі. Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы Қарағанды 2012
8. Гини Э.А. Специальные технологии литья.- М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2010.- 367с.
9. Литейное производство / Под ред. А.М.Михайлова. - М.: Машиностроение, 2007.
10. Технология литейного производства. Учебник для вузов/ А.П. Трухов, Ю.А. Сорокин, М.Ю. Ершов и др.; под ред. А.П. Трухова.-М., 2005.
11. Жуковский С.С. Холоднотвердеющие связующие и смеси для литейных стержней и форм: справочник.- М., 2010.
