- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Ротовирустық инфекция
- •Вирустық диареялар
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
І.Ішек инфекциялары
ІШ СҮЗЕГІ
Іш сүзегі және сүзек түрлі А мен В аурулары – сальмонелла тұқымының қоздырғыштарымен шақырылатын, ағзаға нәжіс-ауыз арқылы түсіп, ащы ішектің лимфоидты жиынтықтарына қалыптасып, айқын некрозды-жаралы қабыну тудырып, бактериемия және токсинемия нәтижесінде клиникасында тұрақты қызбамен, жоғары уланумен, гепатолиенальды синдроммен, бөртпемен циклдік түрде өтетін антропонозды жұқпалы аурулар тобы.
Этиологиясы: Қоздырғышы – Salmonella typhi (Salmonella тұқымы, Д серологиялық тобы). Құрамында O, H, Vi антигендері бар. L– түрлеріне ауысу мүмкіншілігі бар.
Эпидемологиясы: Бірен-саран оқиғалар және топтанып ауру түрінде кездеседі
Ауру көздері:
Науқас адам (сырқат бойы)
Транзиторлы бактериятасымалдаушылар (1-3 апта бойы)
Іш сүзектен кейін қалыптасқан жедел тасымалдаушылар (3 айға дейін) және созылмалы тасымалдаушылар (3 айдан аса)
Созылмалы бактерия тасымалдаушылар аурудың негізгі көзі болып табылады.
Таралу механизмі: нәжіс-ауыз арқылы.
Таралу жолдары: алиментарлы, су арқылы, тұрмыстық қатынастар арқылы.
Адам ортасында осы ауруды қабылдау мүмкіншілігі 30-40%.
Маусымдылығы: жаз-күз айлары.
Иммунитеті: Көбінде аурудан кейін ұзақ тұрақты иммунитет қалыптасады.
Патогенезі: Аурудың дамуы келесі кезеңдерден өтеді:
Қоздырғыштардың мықын ішектің дистальді бөлігіндегі лимфоидты түйіндеріне (пейер табақшалары мен солитарлы фолликулаларына) енуі.
Бактериемия және токсинемия
Паренхиматозды диссеминация
Қоздырғыштардың сыртқы ортаға бөлінуі (нәжіспен, зәрмен, қақырықпен, термен т.б.)
Иммунитет қалыптасыу аурудың соңы:
Сауығу
Жедел және созылмалы бактерия тасымалдаушылықтың қалыптасуы (3-5%)
Летальды соңы (0,2-0,3%)
Патологиялық анатомиясы: Айқын түрде өзгерістер мықын ішектің дистальді бөлігінде байқалады.
Олар циклдық түрде өтеді:
Ми тәрізді ісіну (инкубациялық кезеңнің аяғынан басталып сырқаттың 1 аптасында қалыптасады)
Некроздану (сырқаттың 1 аптасының аяғынан 2 апта бойы)
Ойық жаралардың қалыптасуы (сырқаттың 3-ші аптасынан)
Ойық жаралардың тазалануы (4-ші аптада)
Ойық жаралардың жазылуы ( тыртық қалдырмай, сырқаттың 5-6 аптасында)
Клиникалық жіктелуі:
Өз бағыты бойынша:
типті (жеңіл, орташа, ауыр)
атипті
жеңілденген өтетін түрлері:
жасырын
абортивті
амбулаторлы
аса ауыр түрлері:
пневмосүзек
менингосүзек
нефросүзек
колоносүзек
Клиникасы: Инкубациялық мерзімі 3-28 күнге дейін, орташа алғанда 9-14 күн.Сырқат типті түрінде біртіндеп басталады.Негізгі клиникалық көріністері:Қызба көбінесе тұрақты түрінде (кейде дұрыс емес немесе ремитирленген), ұзақтығы 2-3 аптаға дейін. Қызбаның өту түрлері:Вундерлих қызба сызығы (трапеция тәрізді тұрақты түрінде)
Боткин қызба сызығы (толқын тәрізді)
Кюльдишевский қызба сызығы (баспалдақ тәрізді)
Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы:
Диффузды түрінде бас ауыру
Ұйқысыздық
Ауыр ағымда әр түрлі дәрежедегі тифозды статус белгілері (тежелу, көңілсіздік, мимикасының азаюы, кейде сандырақтау, елестеу, ориентацияның бұзылыу) байқалады.
Тері өзгерістері:
Бозару
Бөртпе (сырқаттың 8-12 күндерінде, розеола түрінде көрініп, аз мөлшерлі, көбінесе іш, кеуденің төменгі жағының терісінде орналасып, 2-3 күн бойы себіліп шығуы тән).
4.Ас қорыту жүйесінің зақымдалуы:
Тәбеті төмендейді
Тілі ісінеді (шеттерінде тіс іздері айқын байқалады), ортасы қалың қоңыр өзеңмен жабылған
Пальпация кезінде мықын ішектің оң жағында шұрылдау анықталады.
«Падалка» белгісінің оң болуы оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы
Жүрек – қантамыр жүйесінің зақымдалуы:
Салыстырмалы брадикардия
АҚ төмендеуі (гипотония)
Пульстың дикротиясы
Перифериялық қанның өзгерістері: 1-ші аптада шамалы лейкоцитоз болуына тиісті, одан кейін лейкопения қалыптасады, салыстырмалы лимфомоноцитоз, анэозинофилия тән.
Аурудың қайталануы (рецидивтер) 8-15 жағдайда кездеседі.
Асқынулары:
а) арнайы
ішектен қан кету (0,5-8,9)
ішек перфорациясы (1,0-8,0)
инфекциялы – токсикалық шок (0,5-0,7)
б) арнайы емес
пневмония
паротит
холецистит
миокардит, т.б. қабынулар
Диагностикасы: Клиникалық белгілері мен эпидемиялогиялық мәліметтері бойынша қойылған болжам диагноз келесі зертханалық әдістер арқылы дәлелденеді:
а) бактериологиялық
гемокультура (қанды қызба кезеңі бойы өт қосылған ортаға себу гемокультура бөлінгенде – абсолюттық диагностикалық маңызы бар)
нәжіс пен зәрді қоректі орталарға себу (сырқаттың 2-ші аптасынан бастап). Диагностикалық маңыздылығы салыстырмалы. Клиникалық белгілерімен салыстыру қажет. Себебі бактерия тасымалдаушылардан да бөлінуі тиіс.
розеолалардан, сүйек миынан бөлу сирек қолдануда, бірақ анықталған кезде – абсолютты маңызды болып табылады.
Іш сүзегінің сирек кездесетін түрлерінде (пневмосүзек, менингосүзек) қоздырғышты қақырықтан, ликвордан да бөлуге болады – маңыздылығы 100.
б) серологиялық әдістер (сырқаттың 2-3 аптасынан)
Видаль реакциясы (аггллютинация әдісі) – арнайы емес
тура емес гемагглютинация реакциясы (ТЕГР)
Салыстырмалы диагностикасы: көбінесе қызбамен және уланумен өтетін аурулармен жүргізіледі:
грипп
бөртпе сүзегі
Брилль ауруы
бруцеллез
инфекциялық мононуклеоз
Ку-қызба
лептоспироз т.б.
Емдеу: Тек қана ауруханада жүргізіледі.
1. Күн тәртібі – қатал түріде төсектік . (дене қызуының қалпына келгеннен 10-11 күнідері)
2. Үстел №4 немесе №1 (асқынған кезде)
3. Этиотропты ем (антибиотикотерапия дене қызуының қалпына келгеннен 10-11 күнідері).
левомецитин (0,5 тәулігіне 4 рет ауыз арқылы) немесе левомецитин сукцинат (1,0х3 рет б/е немесе тамыр ішіне).
ампициллин (2 млн бірлік тәулігіне 1-6 рет б/е.)
бисептол-480 (2дх3 рет).
ципрофлоксацин (500-750мг х 2 рет, ауыр түрлерінде тамыр ішіне 200-100 мг тәулігіне 2 рет).
норфлоксацин немесе афлаксацин (400, 800 мг х 2 рет)
4. Дезинтоксикациялық ем (гемодез, реополиглюкин т.б. сұйықтықтар 30-50 мл/кг салмаққа).
5. Витаминды препараттар (В1, В6, С, поливитаминдер) .
6. Иммунитетті көтеретін препараттар (адаптогендер).
7. Клиникалық көрсеткіштеріне қарай ем.
