- •Мазмұны
- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •І.Ішек инфекциялары
- •Дизентерия (шигеллез)
- •Сальмонеллез
- •Холераның клиникалық патогенетикалық жіктелуі:
- •Ботулизм
- •7 Түрі белгілі: a,b,c,d,e,f,g.
- •Ротовирустық инфекция
- •Вирустық диареялар
- •Парвовирустық инфекция
- •Энтеровирустық инфекция
- •Амебиаз
- •Балантидиаз
- •Іі бөлім. Вирустық гепатиттер вирустық а гепатит
- •Вирустық в гепатит
- •Вирустық с гепатит
- •Вирустық d гепатит
- •Вирустық е гепатит
- •Ііі бөлім. Бактериялық зооноздар бруцеллез
- •Лептоспироз
- •Сібір жарасы
- •Туляремия
- •Ivбөлім. Басқа бактериялық инфекциялар менингококкты инфекция
- •Сіреспе
- •Листериоз
- •V бөлім. Ауа-тамшылық инфекциялар грипп және т.Б. Жрви
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлық-синцитиалды инфекция
- •Герпес инфекциясы
- •Vі бөлім. Протозойлық инфекциялар безгек
- •3 Күндік безгек:
- •4 Күндік безгек:
- •Лейшманиоздар
- •Токсоплазмоз
- •Vіі бөлім. Риккетсиоздар
- •Көктемгі-жазғы кене энцефалиті
- •Эпидемиялық бөртпе сузек
- •Кене бөртпе сүзегі.
- •Viіі бөлім. Вирустық геморрагиялық қызбалар бүйрек синдромымен геморрагиялық қызба
- •Қырымдық геморрагиялық қызба (қгқ)
- •Омбылық геморрагиялық қызба (огқ).
- •VIII бөлім. Аитв-инфекциясы
- •Стронгилоидоз
- •Аскаридоз
- •Трихацефалез
- •Трихинеллез
- •Энтеробиоз
- •Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
- •Дифиллобатриоз
- •Эхинококкоздар
- •Гименолепидоздар
- •Трематоздар описторхоз
- •Клонорхоз
- •Фасциолез Этиологиясы. Қоздырғышы Fasciola hepatica және f.Didantica - ірі трематодтар, өлшемі 20-30х8-12 мм және 33-76х5-12 мм. Жұмыртқалары өте ірі, қақпақшалары бар.
- •Парагонимоздар
- •Қорытынды
- •Авторлар назарына! Құралды көркемдеуге талап!
Энтеробиоз
Син.оксиуроз
Этиология: Қоздырғышы - Enterobius vermicularis - үшкір құрт, кішкене нематода - ұрғашы 9-12 мм, еркегі 3-4 мм (қосымша сурет 5,6).
Эпидемиология. Энтеробиоз ауыз арқылы түсетін контагиозды гельминтоз, антропоноз. Инвазия көзі тек адам. Ұрықтанған ұрғашылар тоқ ішекке түсіп, аналь тесіктен шығып, аналь аймағы терісіне жұмыртқа салады.
Жұғу жуылмаған қол, тұрмыс заттары, төсек-орын арқылы болады. Сонымен қатар аутоинвазия болу мүмкін. Негізінен балалар ауырады.
Патогенез. Үшкір құрттардың тіршілік ету мерзімі 3-4 жұма. Ішекте ондаған және жүздеген құрттар болады. Мұнда ішектің шырышты қабатының механикалық зақымдануы болады, қалтырау, некроз, қабыну процесстері орын алады. Гельминттер әйел адамның жыныс мүшелеріне енуі мүмкін. Бұл вульвиттердің, эндометриттердің дамуына әкеледі.
Клиникасы. Аз мөлшердегі жұғу кезінде көріністер болмауы мүмкін, ал егер гельминттер саны көбірек болса, денсаулықта айтарлықтай өзгерістер болады. Аналь тесігі аймағында негізгі шағымдар: қышу, ашу. Көлемді инвазия кезінде бұл шағымдар шыдатпайтын күндіз-түні мазалайды, бөксе, іш, жыныс мүшелеріне таралуы мүмкін. Ұйқысы бұзылады, науқастар ашуланғыш, жұмыс қабілеті төмендейді. Балалар мазасыз, жылауы көбейіп, дене массасы төмендеп, бас ауруы, ұстамалар, талма, зәр ұстамауы болуы мүмкін. Ауыр жағдайда: іш қату, іш өту, кейде жалқақ немесе қан аралас нәжіс, іштің ауырсынуы, шұрылдауы, жүрек айну, құсу.
Болжамы: асқынусыз жағдайында жақсы.
Диагностика:нәжісті зерттеу. Аналь аймағынан қырынды алу жақсы нәтиже береді.
Емі:1.Дегельминтизация
- пирантел памоат 10мг/кг 1рет (таңғы астан кейін), 10 күннен кейін тағы 1 курс ем жүргізу қажет
комбантрин 10 мг/кг, балалар 6 айдан 2 жасқа 125 мг; 2-6 жастан 250 мг, 6-12 жас – 500 мг.
мебендазол (вермокс) ересектерге 100мг 2 рет 12 күн
балалар 2,5 мг/кг 1 рет пиперазин.
Профилактикасы. 1. Дегельминтизация
2. Санитарлық –гигиеналық жұмыстар
3. Химиопрофилактика (вермокс, пиперазин)
Жалпақ құрттар цестоздар тениаринхоз
Қоздырғыштың фекальді-оральды механизмен берілетін, асқазан-ішек жолының зақымдауымен, токсико-аллергиялық реакциямен және диспепсиялық бұзылыстармен өтетін, цестодоз класындағы антропонозды биогельминтоз.
Этиология: қоздырғышы - Theniarhynchus saginatus - сиыр жалпақ құрты. Денесі лента тәрізді, ұзындығы 7-10 см. Құрттың басы 1,5-2,0 мм, 4 сорғышы бар (қосымша сурет 7).
Эпидемиология: Тениаринхоз-ауыз арқылы түсетін биогельминтоз, антропоноз. Инвазия көзі мен иесі-адам.
Тениаринхозға қабылдаушылық бәріне бірдей, бірақ үлкендердің жұқтыруы балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары. Бұл тамақтану ерекшеліктеріне байланысты. Тениаринхозды жұқтыру ауылдық жерлерде, әсіресе малды мекендерде жоғары.
Сиыр жалпақ құрты онкосферасы сыртқы ортаға төзімді. Осылайша олар +140С-380С температурада 50-70 тәулік сақталады. 2-50С температурасы кезінде сұйық тезекте 71 күн, суда 33 күн, шөпте 159 күн өлмейді. Ал құрғақшылыққа, жоғары, төмен температураға төзімсіз.
Патогенез. Инвазия патогенезінде ащы ішектің кілегей қабатының гельминт сорғыштарымен зақымдануы, ішек механорецепторларының тітіркенуі, құрттың өнім алмасуының организмге токсикалық әсері ерекше орын алады. Инвазия ұзақтығы бірнеше жылға созылады.
Клиникалық көрінісі. Инвазия белгілері әдетте созылмалы кезеңде пайда болады, науқастар делсалдық, тынымсыздыққа, тәбеттің бұзылуына шағымданады.
Іштің түрлі аймақтарында ауырсынулар байқалады. Науқастарды жүрек айну, іштің шұрылдауы, метеоризм, нәжістің жиілеу мазалайды. Әлсіз адамдарда инвазия неврологиялық белгілері, бас аурулары, бас айналу, есінен тану, ұйқысының бұзылуымен қатар жүреді.
Гемограммада аздаған лейкопения мен эозинофилия жиі кездеседі.
Диагностика. Нәжісте проглотидтің және аналь аймағы қатпарларында гельминт жұмыртқаларының анықталуы негізінде жүреді.
Емі. Фенасал - ересектерге курстық мөлшерде 2 гр, түнде 1 рет. Празиквантел 75мг/кг 3 рет 1 күн қолданылады.
Профилактика. Медициналық және ветеринарлық шаралардың бірлесуінен тұрады.
ТЕНИОЗ
Қоздырғышы фекальды-оральды механизммен берілетін, диспепсиялық бұзылыстар түрінде асқазан-ішек жолының зақымдануымен және токсико-аллергиялық реакциялармен сипатталатын,ауыз арқылы енетін зоонозды антропургиялық биогельминтоз.
Этиология. Қоздырғыш-Teania solium шошқа жалпақ құрты. Денесі 1000 проглотидті құрайтын лента тәрізді және ұзындығы 1-2 мм дейін жетеді. Паразит ұзындығында диаметрі 1 мм болатын симметриялы орналасқан 4 сорғышы мен 25-30 ілмегі бар мұрын орналасқан (қосымша сурет 8).
Эпидемиология. Тениоз-пероральді биогельминтоз, антропоноз. Инвазия көзі мен иесі адам. Адам тениозбен шикі не шала пысқан шошқа етін тағамда қолданғанда жұқтырады. Сыртқы ортаға жұмыртқалар нәжіспен шығарылады.
Патогенез.Шошқа жалпақ құрты енген кезінде, адамның ащы ішегінде 2-3 айдан соң және бірнеше жыл ағымында жетілген гельминт паразиттеледі. Шошқа жалпақ құрты жұмыртқаларымен зақымдану кезінде адам организмінің түрлі тіндерінде диаметрі 5-8 мм болатын цистицеркилері 2-2,5 айдан соң пайда болады, бірнеше жыл бойы сақталды.
Клиникасы.Тениоздың ерте кезеңі жеткіліксіз зерттелген, созылмалы кезеңі клиникалық көрінісі тениаринхозға ұқсас, бірақ өте айқын өтеді.
Цистицеркоз адам ағзасының қай жеріне орналасқанына, инвазиялардың түсу мөлшеріне, паразиттің даму кезеңіне байланысты. Жетілген гельминттермен зақымдалған кезде цистицеркоз тениоздың асқынуы ретінде қаралады.
Диагностикасы. Тениаринхоздың диагностикасындай, цистицеркоз диагнозы иммунологиялық әдістердің көмегімен анықталады.
Емі. Консервативті терапия зерттеліп жатыр. Празиквантел 75 мг/кг 3 рет 1 күн, 10 күннен кейін қайталаудан кейін жақсы әсер алынды. Цистицеркоздың емінде празиквантел 50 мг/кг 3 рет 14 күннен аса беріледі (шет ел әдебиеттері бойынша). Көрсеткіштер бойынша хирургиялық ем көрсетіледі.
Профилактикасы. Медициналық-ветеринарлық шаралардың жиынынан құралады.
