- •Студенттің оқу - әдістемелік жиынтығы
- •Силлабус
- •Мейірбике ісі кафедрасының мұғалімдері жайлы мәлімет.
- •Пререквизитер мен постреквизиттер
- •Сабақ мазмұны:
- •Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж тақырыптық жоспары
- •Сөж тақырыптық жоспары
- •Оқу және оқыту әдістері:
- •Білімді бағалау әдістері
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Білімді бағалау ережесі мен критериялары.
- •Түрлі бақылау бойынша рейтингтік балдарын үлестіру.
- •Сөж бағалау кестесі.
- •Оқушының білімін бағалау критерилері
- •Студент білімін бағалау
- •Дәрістер жинағы
- •2. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау тәртібі
- •3. Біліктілікті арттырудың және қайта даярлаудың мазмұны мен мерзімдері
- •4. Шетелде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, шетелдік мамандарды тарту
- •2. Медициналық көмектің сапасын басқару жөніндегі қызметтің міндеттері
- •3. Медициналық көмектің сапасын басқару қызметінің құрылымы
- •4. Медициналық көмек сапасын басқару қызметінің функциялары
- •5. Медициналық көмектің сапасын басқару іс-шараларын өткізу тәртібі
- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік кеңестер
- •1 Кредит
- •2 Кредит
- •3 Кредит
- •Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік кеңестер.
- •1 Кредит
- •2 Кредит
- •3 Кредит
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған әдістемелік кеңестер.
- •1 Кредит
- •2 Кредит
- •Кредит 3
- •Бақылау - өлшеу әдістері
- •Тест тапсырмалары: Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •38. Дәрі-дәрмекпен, оның ішінде жеңілдікті қамтамасыз ету, халыққа медициналық көмек көрсету кезінде бағдарламаларының шеңберінде мемлекеттік кепілдіктердің барлығы кіреді, мынадан басқа:
- •39. Денсаулық сақтау саласындағы құрылымдық өзгерістің басымдылық бағытын көрсетіңіз:
- •40. “Денсаулық сақтау саясаты” ұғымының ең дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:
- •238. Дәрі-дәрмекпен, оның ішінде жеңілдікті қамтамасыз ету, халыққа медициналық көмек көрсету кезінде бағдарламаларының шеңберінде мемлекеттік кепілдіктердің барлығы кіреді, мынадан басқа:
- •239. Денсаулық сақтау саласындағы құрылымдық өзгерістің басымдылық бағытын көрсетіңіз:
- •240. “Денсаулық сақтау саясаты” ұғымының ең дұрыс анықтамасын көрсетіңіз:
- •306. Медициналық тиімділікті арттыратын факторлар:
- •315. Отбасылық дәрігер және мейірбике медициналық көмек көрсетеді:
- •316. Тіркеу емхана қызметіне кірмейді:
- •320. Стационар жұмысы мен «жедел жәрдемге» өзара байланысы мен сабақтастығы болып табылады
- •321. Стационарлық емдеудің сапасын арттыру жолдары::
- •332. Ана мен баланы қорғау жүйесінде медициналық көмек көрсету кезеңі:
- •334.Балалар емханасындағы ал дын алу жұмысының тиімділігі туралы айтуға болады:
- •336. Балалардың денсаулық жағдайының негізгі ақпарат көздері:
- •Толықтырыңыз:
Студент білімін бағалау
Бағасы |
Әріп эквиваленті
|
% бойынша рейтинг балы
|
Балл бойынша |
Үздік |
А |
95-100 |
4 |
А- |
90-94 |
3,67 |
|
Жақсы |
В+ |
85-89 |
3,33 |
В |
80-84 |
3 |
|
В- |
75-79 |
2,67 |
|
Қанағат |
С+ |
70-74 |
2,33 |
С |
65-69 |
2 |
|
С- |
60-64 |
1,67 |
|
D+ |
55-59 |
1,33 |
|
D |
50-54 |
1,0 |
|
Нашар
|
F |
0-49 |
0 |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МІНІСТРЛІГІ
КАСПИЙ ҚОҒАМДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ (ФАКУЛЬТЕТ)
«МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ»
Оқу бағдарламасы – (5В110100 «Мейірбике ісі»)
Оқыту түрі – күндізгі
Дәрістер жинағы
Пән: «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау»
Пән коды: OZZ 4239
Сабақ сағатының саны (кредит): 135 (3)
Соның ішінде: дәрістер - 15
Курс: 4
Семестр: 8
Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №1
25 тамыз 2017 ж.
Каф. Меңг.__________________
2017 г.
№1 КРЕДИТ
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Қоғамдық денсаулық және денсаулықсақтаудың пәні мен зерттеу әдістері.
Мақсаты: Студенттерді қоғамдық денсаулық сақтаудың шығу тарихы және даму тарихымен таныстыру, Зерттеу әдістерін анықтап талқылау.
Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның құнсыз күйі.Өкінішке орай, көп адамдар қарапайым, ғылым дәлелдеген салауатты өмір салтының ережелерін сақтамайды. Біреулер ерте қартайуға әкелетін аз қимылдау өмір сүрудың құрбаны, басқалар көп жағдайларда семіруге әкелетін, шамадан тыс тамақ жеудің құрбаны, үшіншілер демалуды, көңілін өндірістік тұрмыстық шаруаларынан қалай аудару екенін білмей, өмір бақи тынышсыз, жүйкесі қозған, ұйқының бұзылуынан азап шегіп, нәтижесінде бұның барлығы көптеген ауруларға әкеліп соғады. Кейбір адамдар, шылым тарту және алкогольді ішімдіктер сияқты жаман әдеттерге беріліп, өмірлерін едәуір қысқартады.Жас адамның екінің бірі созылмалы аурулармен ауырады.
Халықтың физикалық және рухани имандылық саулығы елдің зияткерлік әлеуетін, экономикалық мүмкіндігін және қорғаныс қабілетін белгілейді.
Әр азамат өз мемлекетінің бөлшегі болып табылады, сондықтан дені сау, тәрбиелі және білімді азамат мемлекеттің өркениеттілік деңгейін, оның қоғамдық институттарының күшін, оның билік құрылымының мүмкіндіктерін белгілейді.Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу, денсаулығын қорғау және медициналық көмекке құқығы. Әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі тәрбие және білім алу құқығы, денсаулығын қорғау және медициналық көмек көрсету болып табылады. Мемлекет адамның физикалық және рухани-имандылық денсаулығын, оның экологиялық және санитарлы-эпидемиологиялық ырыс-берекесін, дене шынықтыру және спортты дамытуын, лайықты өмір салтын қалыптастыру қамтамасыз етуі тиіс.
Ұлттың денсаулығы қолайлы медициналық қызметтердің, дене шынықтыру мен әуесқойлық спорттың кең таралуының, салауатты өмір салты және дұрыс тамақтанудың, зиянды әдеттерді жою, экологиялық таза және күтілген орталығын жасау, елдің әр түкпірінде қауіпсіз және жасампаз өмір сүру мүмкіндігінің көмегімен қалыптасады және қолдау алады.
Қоғамдық денсаулық сақтау пәнінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының физикалық және рухани-имандылық денсаулығының күйін жақсарту, өмір сүрудің сапасын көтеру, дене шынықтыру – спорттық қозғалысын дамыту, қоршаған ортаны жайластыру және қорғау, салауатты өмір салтын жұртқа таныту және тарату, жас өспірімді патриотизм рухында тәрбиелеу, әлеуметтік-пайдалы және жасампаз қызметке шын жүрекпен талпыну болып табылады.
Қоғамдық денсаулықты ұйымдастырудың негізгі әдістері:
Аналитикалық әдіс
Салыстырмалы әдіс
Экономикалық әдіс
Тепе-теңдік әдісі
Нормативтік әдіс
Қоғамдық денсаулықты зерттеу әдістері:
Тарихи
Статистикалық (санитарно-статистикалық)
Эксперимент әдістері және модельдеу
Эксперт бағалауларының экономикалық Социалдық тексеру
Анализдеу
Эпидемиялық
Медико-географиялық
Әлеуметтік медицинаның пәні – қоғамдық денсаулық, өте бұрмаланған және күрделі түсінік, ол өзінің құрамына қоғамның жағдайының анықтайтын әртүрлі аспектілер мен факторларды қосады. Әлеуметтік медицинаның пәніне қоғам денсаулығы деген түсінік бар, ол қоғамдық денсаулық деген емес, бөлек мағына береді
Қоғамдық денсаулық әлеуметтік құрылымның бұзылыуының әр түрлі жағдайларын көрсететін нақты әлеуметтік-медициналық ұғымды білдіреді. Мысалы: психикалық эпидемиялар, қылмысты топтар, социопатиялар, девиантты және делинквентті мінез-құлықтар, гомицид және суицид, эскапиз, қоғамдағы демографиялық қозғалыстар, қоғамның қартаюы, жаңа туған нәрестелердің өлімі, нақ еңбекке жарамды жастағы адамдардың өлімі, қоғамдағы қылмыстар және т.б.
Қоғам денсаулығы – ең біріншіден, бұл әлеуметтік дәрігер тарапынан жалпы қоғам жағдайына берілетін моральды және деонтологиялық баға. Жалпы, бұл жерде қоғам денсаулығын бұзушы экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, мысалы, қазіргі кездегі медициналық білімдер мен дәрігерлік тәжірибиелерді мистикамен алмастыру, әр түрлі діни секталарды және басқа да факторларды атауға болады.
Яғни, әлеуметтік медицина пәні - бір-біріне атаулары жағынан жақын, бірақ мағынасы жағынан өте алшақ екі ұғым: қоғамдық денсаулық және қоғам денсаулығы болып табылады.
Әлеуметтік медицина денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау саласында маңызды орында тұр. Бір жағынан клиникалық медицинамен, екінші жағынан әлеуметтік жұмыспен тығыз байланыста. Клиникалық дәрігер өз қызметінде мынандай түсініктермен профилактика, симптом, синдром, этиология, диагноз, болжам және емдеу жұмыс жасайды. Клиникалық дәрігер пациентпен , яғни аурудан зардап шеккен адаммен жұмыс істейді. Әлеуметтік дәрігер клиентпен , яғни денсаулығына байланысты белгілі бір мәселесі бар адаммен(қиын жағдайға ұшыраған, жақын адамынан айрылған, мүгедек болып қалған және т.б. ) жұмыс істейді. Мәселе, жағдай және денсаулық - әлеуметтік медицина саласының айналысатын негізгі түсініктері.
Қоғам денсаулығы әлеуметтік дәрігердің, қоғамның жалпы жағдайын, моральды және деонтологиялық бағалауы. Бұл түсініктің де өзіндік ішкі ұғымдар мен детерминанттары бар. Бұл орайда мысалы, қоғамның денсаулығының бұзылуларының экономикалық, әлеуметтік, психикалық, себептерін және діни секталарды да жатқызуға болады.
Әлеуметтік медицина 1940 жылы Ұлыбритания елінде әлеуметтік жұмыс жүйесінде жеке білім және қолданбалы әдістер жиынтығы ретінде пайда болды. Дегенмен, әлеуметтік медицина капиталистік елдерде тек Ұлы Отан Соғысынан кейін ғана кеңінен таралды. Ресей елінде әлеуметтік медицинаның алғашқы кафедрасы 1998 жылы Мәскеу Мемлекеттік Әлеуметтік Университетінде(МГСУ) ашылды. Қазіргі таңда шет елдердегі сияқты Ресей елінде де әлеуметтік медицина қарқынды дамуда. 2001 жылы маусым айында Париж қаласында әлеуметтік медицина бойынша 4-ші Халықаралық Конгресс болды (1-ші 1998 ж). Ол ЮНЕСКО және Франция президенті Жак Ширактың ұйымдастыруымен өтті. Әлеуметтік медицина бірнеше бағыттар бойынша дамуда: көпшілік медицина, қоғамдық медицина және әлеуметтанулық бағыт. Әліде екі пеницентарлы және әскери медицина бағыттары өңделуде.
1. Көпшілік медицина. Негізінен көпшілік медицина дәрігерлері заңды тұлғалармен жұмыс істейді. Ол еңбек ұжымының денсаулығымен, еңбек ұжымы мүшелерінің қалыптасуы, олардың психосоматикалық статустарының социометриялық өзгерістерінің болжалануы мәселелерімен айналысады. Көпшілік дәрігердің басты міндеті – қандай жағдайда да еңбек ұжымындағы атмосфераны бірқалыпты деңгейде сақтау.
2. Қоғамдық медицина. Қоғамдық дәрігерлер жеке физикалық тұлғалармен жұмыс істейді. Адамдардың қоғамдық дәрігеріге баруының негізгі себептері – адамның бір ауруға шалдыққан, жеке қайғылары, бір зорлық-зомбылыққа ұшыраған, террор болған жағдайлардан кейінгі туындаған қиыншылықтар мен мәселелер.
Қоғамдық дәрігер сонымен қатар, клиенттің қоғамдағы әлеуметтік, психосоматикалық статусы өзгерген жағдайда, отбасында қиыншылықтар – бала тәрбиесі, қартайған ата-ананың денсаулық жағдайлары, қызметіне байланысты туындаған мәселелерде – қызмет орнын ауыстыру, қызмет шені төмендеуі немесе жауапкершіліктің артуы және т.б, тұрғылықты жеріне байланысты – қоныс ауыстыру, жаңа көршілермен, жаңа заңдылықтарды меңгеру сияқты өмірлік мәселелер туындаған кезде қажет болады.
3. Әлеуметтанулық медицина. Бұл бағыт ең алдымен медицина , медициналық генетика, медициналық электрондық технологиялар салаларында бірқатар ғылыми жетістіктерге жетуге байланысты дамыды. Олар: клондау, адам организмінің мүшелерін трансплантациялау, табиғи емес жолмен бала тудыру, және т.б.
4. Пеницентарлы медицина. Бұл бағыт төмендегі салалар бойынша қызмет етеді:
жабық қоғам – бас бостандығынан айырылған адамдар отыратын орындар(түрме);
қылмыскер болып туғандар;
агрессия мен зорлықтың әлеуметтік және психосоматикалық факторларының байланысы;
түрмелердегі адамдардың қарым-қатынасы мен өзара байланыстарының заңдылықтары;
Әскери әлеуметтік медицина. Клиникалық медицина көз қарасы бойынша дені сау, бірақ өмірге бейімделу және өмір сүру сапасы төмен адамдарды емдеумен айналысады.
Әлеуметтік медицинаның шығу тарихы. ХХ жүзжылдықтағы медицина және қоғам.
Эхнатон перғауыны кезіндегі Египет.
Эхнатонтың – Аменхотеп 4 (1368-1351 б.э.д) тек дін саласында ғана емес, сонымен қатар медицина саласында да ұлы реформатор болғаны бәрімізге белгілі. Ол сол уақыттағы сиқыршыларды(колдун), магтарды, шамандарды елдің денсаулығымен айналысқандары үшін қатты қудалаған, ол дәрігерлердің мәртебесін көтерді. Эхнатонның кезінде Египетте халықтың денсаулығы мемлекеттің ең басты қазынасы болды. «Денсаулық» және «ауру» деген ұғымдардың мағыналары ашылып көрсетілді.
Гиппократ әлеуметтік дәрігер ретінде.
Кез келген дәрігер Гиппократ (460-370 б.э.д) жайында жоқ жегенде төрт нәрсені біледі:
Гиппократ антын,
Гиппократ маскасын,
Гиппократ шапкасын,
Гиппократ темпераменттерін.
Гиппократ тек бір құдай – Асклепияға (римдік Эскулап) ғана табынған, осыдан дәрігерлерді «асклепиидтер» (эскулаптар) деп атау қалыптасқан.
Халифтердің басқаруы: Ибн Сина (Авиценна) әлеуметтік дәрігер ретінде.
Адамзат тарихында ешқашан қоғамда дәрігерлердің лауазымы мен әлеуметтік маңыздылықтың жоғары болған басқару формасын білген жоқ. Осы шақта медицина дәстүрлі, ғылыми дисциплина ретінде қалыптасады.
Ибн Сина медициналық этика және деонтология туралы пікірлердің ғылыми және дәрігерлік нұсқасын жасайды. Халифтер кезінде дәрігерлер ең бірінші әскери дәрігерлер ретінде қалыптасады.
Клиникалық әлеуметтік медицина: әртүрліліктегі ортақтық.
Әлеуметтік патология: социопатия
Қазіргі уақыттағы әлеуми-биологиялық мәселелер және медицина
Әлеуметтік қорғау, психологиялық қорғау және клиника
Әлеуметтік психосоматиканың негізгі категориялары. Профилактикалық және превентивті медицина
Әлеуметтік патология: социопатия
Әлеуметтік медицинаны оқып-зерттеу оның іс-әрекетінің клиникалық медицинаның іс-әрекетінен айырмашылығын анықтаудан басталады. Бұл айырмашылықтар механикалық емес, құрылымдық болып табылады. Әлеуметтік медицинаны клиникалық медицинадан бөліп тұрған құрылымды - әртүрліліктегі ортақтық түсінігі арқылы анықтауға болады. Яғни, клинкалық медицинаның пациенті - әлеуметтік медицинаның болашақ пациенті, ал әлеуметтік медицинаның пациенті клиникалық медицинаның бұрынғы немесе болашақ пациенті болып табылады.
Әлеуметтік медицина ғылыми институттары және құрылымы бар жеке дисциплина ретінде жұмыс істемейтін елдерде оның функцияларын екі медициналық бөлімшелер атқарады: әлеуметтік гигиена және әлеуметтік психотрия. Екіншісі өз алдына қойылған талаптарға толық жауап бере алмағандықтан, яғни қоғамдық денсаулықты сақтауды дұрыс қанағаттандыра алмағандықтан (ал әлеуметтік гигиена тек ұсақ мәселелерді шешумен ғана айналысады), аралас мамандықтардың көмегіне жүгінеді. Олардың ішінде психоанализ жасайтын психотерапия, әлеуметтік конфликтерді коррекциялаумен айналысатын психология және т.б.
Біздің қоғамда болып жатқан және қоғамдық денсаулық пен қоғам денсаулығына (сонымен қатар, жеке адамға, топтарға, жұмыс барысында біріккен, үй жайына байланысты біріккен адамдардың тобына ) кері әсерін тигізетін жағдайлардың барлығы социопатияны туғызады. Бұл социопатияның ең кең тараған себептерінің бірі.
Өмірде адамдардың кез келген мазасыздануы мен қайғыруының өзінің емдеу жолдары мен «емханасы» болады. Бұл жерде «емдеудің» бір жолы – «пациенттің», дұрысырақ – клиенттің – әлеуметтік мәртебесін өзгерту. Социопатияға ұшыраған жанға әлеуметтік дәрігер керек. Социопаттар қатарына күнделікті ішкіштер, псевдодипсомандар, медикаменті препараттарға тәуелді жандар, яғни барлық дамыған капиталистік елдерде пайыздық көрсеткіші өте жоғары болып келетін созылмалы ауруларға ұшырағандар да жатады.
Мысалы АҚШ, англия, Германия, Жапония және басқа экономикасы жақсы дамыған мемлекеттерде созылмалы ауруларға ұшырағандарды «емдеуге» осы елдердің медициналық саласына бөлінген мелекеттік бюджеттің 75 % - ы кетеді.
Барлық социопаттардың әр қайсысы әр түрлі болғанмен, оларды біріктіріп тұратын белгілері болады. Біреулерінде ол - бір қайғылы жағдай болса, енді біреулерінде өз-өздерін қалыптастыра алмағандықтан фрустрацияға ұшырағандар болады. Елде социопаттардың көбеюі – үлкен амнистия жарияланғаннан кейін, қарулы күштердің қысқартылуынан кейін болып жатады. Яғни, пенитенциарлы және әскери дәрігерлердің клиенттері де көбейеді.
Халықтың соғыс нәтижесінде шығындануы, яғни қашқындар мен босқындардың, көшуге мәжбүр болғандардың есебінен де социопаттардың көбеюі анықталған. Техногендік және табиғи катакклизмалар да социопаттарды туғызады. Дегенмен, социопаттардың көбеюінің басты себебі, сонау замандарда пайда болған чума да, холера да емес, ол – соғыс. Мысалы, қазіргі уақыттың өзінде де АҚШ пен Канада елдерінде Вьетнам соғысынан кейін миллиондаған адамдардың моральды сынуы, олардың жартысынан көбі Вьетнамда болмаса да қатты қайғыға салынған. Вьетнам синдромы соғыс аяқталғаннан кейін көп жылдар бойы қайтпады. Ресей елінде Шешен соғысынан кейін неше мүгедек болатынын санауға әлі ерте, және шешен синдромы бізде қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Қазіргі таңда социопаттардың көбеюінің кеңінен тараған себебі – терроризм және адамдарда кепілдікке алу. Осындай синдромдардың таратушысы болып жүрген социопаттар әрине клиникалық дәрігердің және психиатрдың пациенттері болып табылады.
Социопаттардың көбісі жүрек, тыныс алу мүшелерінің, ас қорыту мүшелерінің, бауыр және бүйрек, периферлік жүйке жүйелерінің ауруларына ұшырайды. Олай болса, оларды әрине терапевтер, ортопедтер, нефрологтар және невропатологтардың емдеумен айналысатыны белгілі. Олардың әр қайсысы өз әдістері арқылы социопаттардың мәселелерін шешуге тырысады. Социопатия – ең біріншіден социопаттардың өздеріне қауыпты, себебі, олар қатты қиналған кезде өздерінің өмірілерін қиюға да барады.
Әдеби жанрлардың қаһармандарының ішінде социопаттар қатарына Макбет, Гамлет, Фауст, Евгения Гранде, Евгений Васильевич Базаров, Чайльд Гарольд, Евгений Онегин, Григорий Александрович Печорин және т.б. жатқызуға болады.
Социопатияға екі мысал.
Әлеуметтік медицинаның осы ең бұрмаланған түсінігіне тағы бірнеше мысал келтіру арқылы талдайық. Автор Чернобыль оқиғасы болған кейін бірінші күннен бастап-ақ 50 пациент адамға тәжірибие жасады. Содан социопатияның төмендегідей белгілері анықталды. Радиациялық жарақаттар ауыр болмаса да, Чернобыльде болған адамдардың барлығы тұлға ретінде тіпті өзгеріп кеткен. Ішпейтін адамдар алкоголиктер қатарына қосылған, жақсы отбасылар ажырасып кеткен, көп адамдар жұмыс орындарын ауыстырған, көбісі мамандықтарын ауыстырып жіберген, 50 жасқа келгендер өздерін қатты қартайғандар қатарына жатқызып, жүруге қиналып немесе қимылдауға жарамай мүгедектік анықтамалар жасатқан, жиі-жиі ауыратын болған, тіпті дәрігерлер олардан ешбір аурулардың белгілерін таппаса да олар өздерін аурулар санаған. Олардың көбісінің ойлары тек келе жатқан өліммен болған, олар өздері қашан өледі, соны күткен.
Клиникалық тәжірибеден емес, нақты өмірден алынған тағы бір мысал. Автор дәрігерлерден тұратын отбасын 20 жыл бойы зерттеген. Отбасында олар екі ұл баланы тәрбиелейді. Олар да өз ата-бабаларынан келе жатқан дәстүрді жалғастырмақшы-болады. Алайда, үлкен ұлы медициналық институтты бітіріп, үйленгеннен кейін жол аптынан қайтыс болады. Екінші ұлы да төрт жылдан кейін медициналық институтты тәмәдап, үйленеді, бірақ та ол да жол апатынан қаза табады. Ата-анасы бұл қайғылы жағдайларды үлкен шыдамдылықпен бастан өткізеді. Олар психиатр немесе басқа да дәрігерлердің көмегіне жүгінбеді. Әкесі (55 жас) мінезі лезде өзгеріп кетті: жүрегі жұмсақ, ақкөңіл, басқа адамдарға деген қарым-қатынсы өте тиянақты (арақ ішпейтін, темекі тарпайтын) адам өте қатыгез, агрессивті, қызметінің бабын пайдаланып басқа адамдарға қысым көрсеткіш адам бейнесіне ауысты. Бұл іс-әрекеттерінен кейін оның бойындағы өзгерістерді психопатиялық белгілер деп атауға болар еді, дегенмен де бұл социопатия белгілері болып табылады.
1996 жылы Мадрид қаласында Х конгресс өтеді. Этика комитеті негізгі 5 тақырып бойынша талдау жасау керек деп шешті.
Эвтаназия. Дәрігердің ең басты міндеті пациенттің денсаулығын жақсарту, қайғысын жеңілдету, өмірін құтқарып қалу болып табылады. Психиатр өз пациентерімен жұмыс істегенде өте сақ болу керек, себебі, олардың ішінде өз сөздеріне жауап бере алмайтындар, іске жарамсыздар және ес білмейтіндер де болуы мүмкін. Өйткені олар кішкене сөздерді көтере алмай өлімге барулары да мүмкін. Психиатр пациентінің көңіл күйін де бірден анықтай алуы керек, мысалы онда депрессия болған кезде.
Қинау. Психиатр қандай жағдайда болмасын, пациентті қинау ісіне қатыспауы керек, тіпті оны жоғарғы билік талап етсе де.
Өлім жазасы. Ешқашан да психиатр өз пациентіне заңды түрде қабылданған жазалау ісіне немесе оны іске жарамды деп баға берген кезде қатыса алмайды.
Жыныстық селекция. Психиатр ешқашан өз пациентінің жыныстық селекция мақсатында жүктілігінің тоқтатылуы жайында шешім қабылдағанға қатыса алмайды.
Мүшелерді трансплантациялау. Шешім қабылдау кезінде психиатрдің ролі донорға қатысты мәдени, әлеуметтік, діни, отбасылық ақпарат анықтау. Психиатр пациенттің шешім қабылдауына бұйрық бермеуі керек, немесе оны ьбір нәрсеге байланысты үгіттемей керек, яғни пациент шешімді өз еркімен қбылдауы керек. Қандай жағдай болғанда да психиатрлар өз пациентерін қолдап отырулары керек және олардың өзін-өзі бағалауын жоғарлатуы керек.
Қазіргі таңдағы әлеуми-биологиялық мәселелер және медицина..
Медицинаға (дұрысырақ - әлеуметтік медицинаға) қатысты әлеуми-биологиялық мәселелер - әлеуметтік-генетикалық мәселелер болып табылады. Шынымен-ақ қандай саладағы дәрігер маман болмасы, оларды бір сұрақ қызықтырады: қаншама ауру туғаннан (биологиялық), және қанша ауру жүре келе (әлеуметтік) пайда болады.
Евгеника эволюциялық теориялар негізінде пайда болды. Оның басты ұстанымы - адам тек жануарлар патшалығының бір мүшесі болып қана табылады. Евгеника адамдарды бір-бірінен ажыратып тұратын ерекше белгілердің тұқымқуалаушылығын зерттейді.
Әлеуметтік қорғау, психологиялық қорғау және клиника.
Қоғам қалай құрылса да онда бәрібір де бақытсыз, жалғыз басты, өкпелеген, қаңғыбастар және т.б. кездеседі. Бұны тарихтан көреміз. Осы жерде біз біздің пәнімізге (әлеуметтік медицинаға) тән қорытынды шығарамыз: әлеуметтік қорғау әлеуметтік құрылудың маңызды бөлігі.. Олай болса, әлеуметтік қорғау (институт ретінде) қандай мемлекет , саясат және билік түрі болмасын аса қажет. Әлеуметтік қорғауға деген қажеттілік бұрынғы заманан қалыптасқан. «Әлеуметтік медицина» сөзін ең алғаш Оноре де Бальзак «Кузина Бетта» романында кіріспе сөзінде қолданған. Ол өзін әлеуметтік дәрігер деп атаған.
Қазіргі таңда «психологиялық қорғау» түсінігіне әр түрлі философиялық және ғылыми анықтамалар берілген. «Псимхологиялық қорғау» түсінігінің негізіне үш негізгі теорияларды айтуға болады: 1) И.П.Павлов (психологиялық қорғау шартты және шарттсыз рефлекстердің байланысы; ао американдық нұсқада ол бихевиоризм теориясы); 2) З. Фрейд (Анна Фрейд өңдеген) психологиялық қорғау - саналы және санасыз адамдардың қарым-қатынасы мен байланыстары; 3) А.А.Ухтомский (батыстық нұсқаларда бұл когнитивизм және интеракционизм; С.Москвичи, А. Тэджфел және т.б. концепциялары) психологиялық қорғау – біздің психикамыздың бидоминаттылығы мен бимодальдылығы, оның механизмдері – индукция, имтация, интуиция.
Қоғамдық денсаулық сақтау саласы – интегралды теориялық-қолданбалы ғылым, халықтың денсаулығына әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерін зерттейді және тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін мемлекеттік, қоғамдық және медициналық іс-шаралар жүйесін дәйектейді. Барлық деңгейдегі дәрігерлер ӛздерінің жоғары білікті клиникалық дайындығымен қоса қоғамдық денсаулық сақтау саласының мемлекеттік мақсаттары мен міндеттерін нақты білуге тиіс, себебі олар саланың сырттай және іштей тиімділігін кӛрсететіндер болып келеді. Сондықтан, адами құндылығына максималды инвестиция жасау ұстанымы бойынша қазақстанның қоғамын тұрақты дамыту бағытында және нацияның жоғары деңгейдегі денсаулығын арттыру мақсатында бар ресурстарды тиімді пайдалану үшін денсаулық сақтау жүйесін дамыту стратегиясы мен тактикасын бүтіндей және жүйелі түрде ұғыну қажеттілігі туындайды. 5
Пәннің мақсаты: қоғамдық денсаулықтың және денсаулық сақтау жүйесі дамуының негізгі заңдылықтары туралы базалық кәсіби кӛз-қарастар қалыптастыру.
Пәннің міндеттері: қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласын бағалау және басқару әдістемелеріне үйрету; қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласын талдауда жүйелік ұстанымдар қолдануға үйрету; қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді шешуге дайын болуға үйрету.
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша:
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
Әлеуметтік медицина
Әлеуметтік медицина тарихы..
Әлеуметтік медицины пәні құрылымы.
Әлеуметтік медицина зерттеу объектісі.
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау анықтамасы.
Денсаулық компоненттері..
Денсаулық деңгейлері..
Әлеуметтік медицина пәнінің негізгі бөлімдері..
Әлеуметтік медицина пәнінің негізгі әдістері.
Медициналық статистиканың негізгі әдістері.
Қауіп-қатер факторлары, топтары, анықтамасы.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Денсаулық сақтау саясаты.
Цель: Студенттерді ДС саясатымен таныстыру және ДС жүйесі туралы ақпарат беру.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат: 1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету; 2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі; 3) ана мен баланы қорғау; 4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету; 5) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы; 6) медициналық көмектің қолжетімділігі; 7) медициналық көмектің сапасын ұдайы арттыру; 8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету; 9) медициналық көмек көрсету кезінде денсаулық сақтау ұйымдарының қызметінің сабақтастығы; 10) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету; 11) отандық медицина мен фармацевтика ғылымын мемлекеттік қолдау, профилактика, диагностика, емдеу және медициналық оңалту, жаңа дәрілік заттар мен технологиялардың инновациялық әзірлемелері саласындағы ғылым мен техниканың озық жетістіктерін және технологияларды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы әлемдік тәжірибені енгізу; 12) ерікті өтемсіз донорлықты көтермелеу; 13) отандық әзірленімдерді және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуды мемлекеттік қолдау; 14) азаматтардың денсаулық сақтау құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы; 15) денсаулық сақтаудың халықтың сұранысын, мұқтажын қанағаттандыруға және өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарлылығы; 16) саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесу; 17) халықтың денсаулығын, дәрілік заттардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларына жатқызу; 18) қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың қолжетімділігін қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүргізіледі.
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша:
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
ҚР ДС саясатының мақсаты..
ҚР ДС міндеттері.
ҚР ДС қағидаттары.
ДСМ рөлі.
ДСЖ басқару міндеттері.
ДС нормалық құқықтық жетілдіру.
№ 3 дәріс
Тақырыбы: Денсаулық сақтау ұйымы. Анықтамасы. Міндеттері. Денсаулық сақтау Министрлігінің құрылымы.
Мақсаты: ДСМ құрылысымен таныстыру, студенттерді ұйымдастырушылық бағытымен таныстыру.
Денсаулық сақтау жүйесінің құрылымы 1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. 2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады. 3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
1. Денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады. 2. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан тұрады. 3. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалардан тұрады. Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторында емдеуге тыйым салынатын аурулар тізбесін уәкілетті орган айқындайды.
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша:
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
“Денсаулық сақтау” анықтамасы.
Денсаулық сақтаудың негізгі міндеттерңі.
Мемлекеттік ДС көрсеткіштерін 4 негізгі көрсеткіштері бойынша қарастыру(ДДҰ).
Денсаулық сақтаудың негізгі қағидаттары..
Денсаулық сақтауды қамтамасыз етуші көздері.
ДСМ құрылымы..
7. Программные задачи всех участников системы здравоохраненияДС жүйесінің қатысушыларының бағдарламалық міндеттері..
№ 4 дәріс
Тақырып: Медициналық көмек көрсетудің құрылымы.
Мақсаты: Студенттерге ҚР-да көрсетілетін медициналық көмек түрімен таныстыру.
Медициналық кӛмектің түрлері Медициналық кӛмектің негізгі түрлері:
1) дәрігерге дейінгі медициналық кӛмек;
2) білікті медициналық кӛмек;
3) мамандандырылған медициналық кӛмек;
4) жоғары технологиялы медициналық кӛрсетілетін қызмет;
5) медициналық-әлеуметтік кӛмек болып табылады.
Дәрігерге дейінгі медициналық кӛмек 1. Дәрігерге дейінгі медициналық кӛмек - аурулардың профилактикасы мақсатында, сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина қызметкерлері кӛрсететін медициналық кӛмек. 2. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық кӛмекті медициналық білімі жоқ, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті даярлықтан ӛткен адамдар (парамедиктер), сондай-ақ зардап шегушілердің ӛмірін құтқару мақсатында ӛзге де адамдар кӛрсетуі мүмкін. 3. Дәрігерге дейінгі медициналық кӛмектің түрлері мен кӛлемін уәкілетті орган белгілейді.
Білікті медициналық кӛмек
1.Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері кӛрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып кӛрсететін медициналық кӛмек білікті медициналық кӛмек болып табылады.
2.Білікті медициналық кӛмектің түрлері мен кӛлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мамандандырылған медициналық кӛмек
1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар кӛрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып кӛрсететін медициналық кӛмек мамандандырылған медициналық кӛмек болып табылады.
2. Мамандандырылған медициналық кӛмекті денсаулық сақтаудың кӛпбейінді ұйымдары консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық кӛмек нысанында кӛрсетеді.
3. Мамандандырылған медициналық кӛмектің түрлері мен кӛлемін уәкілетті орган және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
БМСК-ің негізгі мақсаттары.
БМСК-ің жасалу этаптары.
Аулдағы денсаулық сақтаудың негізгі даму бағыттары.
Стационарлы көмектің негізгі бағыттары.
Профилактика, емдеу және диагностиканың стандартталуы.
Ана және балалықты қорғау.
Жедел медициналық көмек.
№ 5 дәріс
Тақырып: Отандық денсаулық сақтаудың заманауи проблемалары және оның даму перспективалары.
Мақсаты: Студенттер заманауи Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі туралы білуі тиіс.
Интеграция қызметтерінің негізінде денсаулық сақтау жаңғырту Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасының жобасында денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін одан әрі дамытудың негізгі қағидаттары, жаһандық шақыруларға қарсы әрекет ету бойынша жаңа міндеттер белгіленген. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі отбасылық медицина қағидаттарын енгізумен бастапқы медициналық-санитарлық көмекті одан әрі басым дамыту мен жаңғырту негізінде денсаулық сақтаудың барлық қызметтерін интеграциялау болмақ, ол жалпы практика дәрігерлері арқылы жүзеге асырылатын болады. Перспективада заманауи білімді меңгерген, кең бейінді мамандар ретінде жалпы практика дәрігерлері емханалардың бейіндік мамандары үшін ғана емес, сондай-ақ стационарлардың мамандары үшін де емдеу үдерісінің үйлестірушілеріне айналады. Медициналық көмектің толыққанды интеграциясы мен сабақтастығы, көрсетілетін әр түрлі қызметтер мен ресурстардың қайталануын болдырмау үшін стационарлық мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидалары мен тәртібін жетілдіру қамтамасыз етілетін болады. ЖММК ұсынуды стандарттауды енгізумен жоғары мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамытудың жаңа тәсілдері жасалып шығарылады, бұл қызмет көрсету үшін ұйымды аккредиттеуден міндетті түрде өткізуді қарастырады. Қолжетімділігі мен сапасын арттыру медициналық көмек Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру үшін медициналық ұйымды басқарудағы негізгі элементтердің бірі пациенттерді қолдау қызметі болуы тиіс, оларды кезеңдер бойынша құру қазірдің өзінде басталды. Алматы қаласы денсаулық сақтау саласында дербес қызметтер қазір 69 ұйымда, саll-орталықтар – 10 ұйымда құрылды, бірыңғай өңірлік саll-орталық ұйымдастырылды. Мыналар: Ұлттық скринингтік бағдарламаны одан әрі жетілдіру; артериялық гипертония, қант диабеті мен созылмалы жүрек ауруларын басқару бағдарламаларын енгізу; электрондық денсаулық сақтаудың техникалық инфрақұрылымын қалыптастыру; денсаулықтың электрондық төлқұжатын енгізу жалғастырылатын болады. «Денсаулық» бағдарламасының басты бағыты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қаржыландырудың көпарналы жүйесі бар, көрсетілетін қызметтердің Бірыңғай төлеушісі базасында кезеңдер бойынша енгізу болмақ. Денсаулық сақтауды қаржыландыруға мемлекетпен қатар жұмыс беруші мен қызметкер де қатысатын болады. Жекеменшік сектор мен мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамытуды белсенді ынталандыру МЖӘ тетіктері бойынша өткізілетін, оның ішінде қызмет бейіні тұрақты сақталған жағдайда мемлекеттік меншік объектілерін бұдан кейінгі жекешелендіру мүмкіндігімен сенімгерлік басқаруға беру негізінде объектілер тізбесін қалыптастыруды көздейді. Бұл жұмыс Алматыда басталып та кетті. Дәрілік заттардың қолжетімділігіне, сапасы мен қауіпсіздігіне және оларды ұтымды қолдануға, отандық фармацевтикалық өндірістің дамуына кепілдік беру мақсатымен дәрімен қамтамасыз етудің Ұлттық саясаты іске асырылатын болады. Бұл саясатты іске асыру шараларының кешеніне: дәрілік заттарды орталықтандырылған сатып алу, логистика мен бірыңғай дистрибьютор функцияларын конкурстық негізде өңірлендіру және мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік қағидатында бәсекелік ортаға кезеңдер бойынша беру; 2018 жылға қарай қызметін Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асыратын барлық дистибьюторларды GDP стандарттарына міндетті түрде көшіру енгізілген. Дәрілік заттардың экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар белгіленген ең жоғары көтерме және бөлшек сауда бағасы және импорттаушылардың валюталық тәуекелдеріне қарамастан, жеткізулер көлемі бойынша міндеттемелер негізіндегі бағаларға тұрақты мониторингке негізделетін болады. Бұл шаралар денсаулық сақтау ұйымдарына оңтайлы бағалар бойынша сенімді және сапалы дәрілік қамтамасыз етуді иеленуге мүмкіндік береді.
Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
Жаңа қоғамдық денсаулық сақтаудың ұқсамайтын ерекшеліктері.
Қоғамдық денсаулық сақтау қандай жаңа позицияларды қарастырады?
Жаңа денсаулық сақтаудың жаңа даму бағыты.
Ғаламдық таралып кететін қандай қауіпті аурулар бар?
Жаңа денсаулық сақтаудың Қазақстанда дамуы проблемалары мен артықшылықтары.
Денсаулық сақтауды басқару жүйесі қандай бағыттарды қамтамасыз етіп отыруы тиіс?
№ 2 Кредит
№ 1 дәріс
Тақырып: Халық денсаулығы. Аурушаңдылықтың негізгі түрлері, әдістері, және шығу көздері.
Мақсаты: Студенттерді аурушаңдылықтың негізгі түрлері, әдістері, және шығу көздерімен таныстыру.
Аурулық – халық арасында аурудың таралуы.
Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа, бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.
Жалпы аурулық (таралуы) – бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиынтығы.
Нақты аурулық (дәлелденген аурулық) – бұл қаралу кезіндегі плюс медициналық тексеру кезіндегі аурулық минус медициналық тексеру кезінде расталмаған аурулық. Нақты аурулықтың деңгейін анықтау өте қиын.
Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық (патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық өзгерістердің жиынтығы.
Аурулықты зерттеудің негізгі әдістеріне жатады:
- емдеу-профилактикалық мекемелерге өз бетімен қаралуы бойынша
- өлім себептері мәліметтері бойынша (Өлім туралы дәрігер куәлігі (106/у)
- медициналық тексеру мәліметтері бойынша (профилактикалық тексерулерді тіркеу картасы (131/у)
Денсаулықты және аурулықты зерттеудің қосымша әдістерін сурастыру (анкеталық немесе интервьюлік) әдісі жатды.Анкеталық әдісті кейбір ауруларды анықтау үшін,мысалы жүректің ишемия ауруларын және осы аурудың қатер топтарын қалыптастыру үшін халықты жалпылай тексерудің бірінші кезеңінде қолдануға кеңес береді.Басқа статистикалық зерттеулер тәрізді аурулықты зерттеу әдістері жаппай және таңдамалы болады.Жеке территориядағы немесе оның жеке топтарында халық аурулығын зерттеу әдісін таңдау зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай анықталады.
Халық аурулығын бағалау үшін 1000. 10000, 100000 тұрғынға есептеліп шығарылған орташа жылдық халық санына қатысты аурулар саны ретінде есептелген көрсеткіштер қолданылады. Аурулықта себеп-салдарлық байланысты анықтау үшін халықтың құрамын (жасы, жынысы, жанұя жағдайы, әлеуметтік статусы және т.б.) ескеру қажет.
Сонымен, осы аталған үш әдісті жалпылау арқылы нақты (дәлелденген) аурулықты - өз бетімен қаралуы бойынша аурулық, медициналық тексеру кезінде анықталған аурулықпен толықтырылу және өлім себебі бойынша аурулықты анықтауға болады.
Денсаулық және аурулықты зерттеудің қосымша әдісіне сұрастыру (анкеталық немесе интервьюлік) әдісі жатады. Анкеталық әдісті кейбір ауруларды анықтау үшін, мысалы жүректің ишемия ауруларын және осы аурудың қатер топтарын қалыптастыру үшін халықты жалпылай тексерудің бірінші кезеңінде қолдануға кеңес береді.
Әрбір ауру сәйкесінше тіркеу мен есепке алудың қабылданған талаптарына сай міндетті түрде тіркеуге алынады.
Өз бетімен қаралу бойынша аурулықты тіркеу медициналық көмекті қажет еткен пациенттің қаралу орнына сәйкес жүргізіледі:
- амбулаторлық-емханалық ұйымдарға қаралғанда – амбулаторлық науқастың медициналық картасы (025/у), қорытынды (анықталған) диагноз тіркелген статистикалық талон (025/2у), амбулаторлық пациенттің статистикалық картасы (025-05у).
- стационарда - стационарлық науқастың медициналық картасы (003/у), аурудың стационардан шыққан картасы (066/у)
- диспансерге – венерологиялық ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/у), саңырауқұлақ ауруы бар науқастың медициналық картасы (065/1у), туберкулезбен ауыратын науқастың медициналық картасы (081/у)
- жедел жәрдемге – жедел және шұғыл медициналық көмекті шақыру картасы (110/у), медициналық көмек станциясының жолдама парағы (114/у).
Ауру жағдайларын жалпы қабылданған тіркеумен қатар, кейбір аурулар белгілі бір себептерге байланысты арнайы тіркеуді қажет етеді:
- эпидемиға қарсы шараларды қажет ететін жұқпалы аурулық. Жұқпалы аурулық, тамақтан немесе жедел кәсіби улану, екпеге ерекше реакция (058/у) кезінде жедел хабарлама санитарлық-эпидемиологиялық бақылау орталығына 12 сағат ішінде жіберіледі және Жұқпалы ауруықты тіркеу (060/у) журналында тіркеледі. Осы журналдағы жазу негізінде жұқпалы аурулардың қозғалысы есебі жасалады.
- маңызды эпидемиялық емес аурулық кейбір әлеуметтік-маңызды аурулар туралы ақпарат береді және осындай аурулардың анықталуы кезінде өмірінде бірінші рет анықталған белсенді туберкулез, жыныс жолы арқылы берілетін инфекция, трихофития, микроспория, фавус, қышыма, трахома, психикалық аурулар туралы Хабарлама (089/у); өмірінде бірінші рет анықталған рак немесе басқа қатерлі ісік ауру туралы Хабарлама (090/у); өмірінде бірінші рет анықталған нашақорлық туралы Хабарлама (091/у) толтырылады.
- уақытша еңбекке жарамсыздық аурулығы жұмысқа шықпауға себеп болған ауруларды зерттеуге және экономикалық шығындв анықтауға мүмкіндік береді.
Конец формы
Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
«Халық денсаулығы» түсінігі.
«Қоғамдық денсаулық » түсінігі.
«Аурушаңдылық» түсінігі.
БДДСҰ-мен айтылғандай қоғамдық денсаулық көрсеткіштері.
Аурушаңдылықты зерртеу себептері.
Аурушаңдылықтың деңгейлерін өзгерті себептері.
Паталогия типтері.
Аурушаңдылық анализі кезідегі әдістері немесе шығу көздері.
Аурушаңдылықты анализдеу кезінде қандай көрсеткіштер көрінеді немесе табылады?
№ 2 дәріс
Тақрыбы: Физикалық даму.Физикалық даму деңгейлерін анықтайтын негізгі факторлар
Мақсаты: Физикалық дамумен студенттерді таныстыру.
Қазіргі таңда, физикалық даму, халықтың және жеке адам денсаулығының негізгі көрсеткіші ретінде қарастырылады. Физикалық даму дегеніміз, адам ағзасының морфологиялық және функционалдық комплексін айтамыз (олар: дененің формасы, тығыздығы, пішіні және т.б.).
Физикалық даму, келесі параметірлерді көрсетеді: антропометриялық (дене салмағы, дене ұзындығы және т.б.); соматоскопиялық (дене бітімі, тургор, аяқтардың пішіні, кеуденің пішіні және т.б.); физиометриялық (пульс, дем алу жиіліктері, өкпенің өмірлік сыймдылығы, артериалдық қысымының көрсеткіштері және т.б.).
Денсаулық сақтау саласында, антропометриялық өлшемдер ақпаратты болғандықтан, қарапайым және қолжетерлік болғандықтан, туылғаннан бастап, ересектікке дейін міндетті. Антропометриялық өлшемдер деректері, вариациялық – статистикалық талдаудан өтіп, олардан вариациялық қатарлар, регрессия теңдеулер және т.б. өлшемдер құрастырылады.
Соматоскопиялық зерттеулер кезінде, дене пішініне көңіл аударғаны жөн (балалардың габитусын байқау ғана емес), олар жалпыға танымал критерилер - нормостеникалық, гипертоникалық, гипостеникалық дене бітімінің типтері; атлетикалық (бұлшық еттік тип), тыныстық, аралық және т.б. Дене бітімінің анықтау және бағалау негізінде, антикалық заманнан бері дамып келе жатқан медициналық бағыт – биотипология деп аталады. Гиппократпен анықталған, дене бітімдерінің клиникалық типтерін үлгі ретінде алып, биотипология қазіргі таңда, анатомиялық және физиологиялық, әсіресе нейроэндокриндік констеляциялардың қалпімен санасады (Н.Ленде – ұзартылған астенический, гиперстеникалық, қысқартылған астеникалық немесе гиперстеникалық типтер және т.б.). Дене бітімін анықтаумен бірге, терінің, шырышты қабаттың қалпін (түсі, құрғақтылық, ылғалдылық және т.б.), тері тургорын (тері қатпарын) және тағы басқа белгілер.
Алынған мәліметтер сигмальды бағалаумен, арнайы физикалық дамудың кестелермен, әр-түрлі жас кезеңдеріне жүргізіледі.
Балалардың арасында осындай көзқарас, солардың ішінен нормаға сәйкес және ауытқулары бар балаларды анықтау керек. Соматикалық типтің 5 түрі бар: 1) дамудың және бойдың баяу типі; 2) дамудың баяу типі 3) дамудың және бойдың орта типі; 4) дамудың шапшаң типі; 5) дамудың және бойдың шапшаң типі. Осы типологияның негізінде морфологиялық статустың және жыныстық даму деңгейінің байланысы жатыр. Әдістемеге сәйкес, баланың физикалық даму деңгейін, стандарттармен салыстыру. Балалардың жастық даму темптері бағаланады. Бала мен жасөспірімдердің денсаулығын зерттегенде, регрессия кестесі бойынша бойдың, салмақтың, кеуденің шеңберінің көрсеткіштерін бағалау әдісі кеңінен таралған. Жеке көрсеткіштердің индивидуалды белгілері әр-түрлі: мысалы, адамдардың бойы бірдей болғанымен, салмағы және кеуде шеңберінің көрсеткіштері кең шамаларда ауытқуы мүмкін. Индивидуалдық көрсеткіштердің әр-түрлік өлшемін, регрессияның сигмасы сипаттайды, ол регрессия коэфицентін санағанда қолданылады (дене салмағының, дене ұзындығына қатынасы, көбейтілген корреляция коэффицентіне). Регрессия коэффицентін білсек, регрессия сигмасын және регрессия теңдеуін қолданып, регрессия шкаласын құруға болады. Осы есептеу принциптерін қолданып, физикалық даму стандарттары құрылады, олар бала бойының саламағына, кеуде шеңберіне, отырғандағы бойын және т.б. көрсеткіштерді бір – біріне қатынасын салыстыра аламыз. Регрессияны зерттеулерде қолданып, белгінің шамасы өзгергенде, басқа белгінің өзгеруінің шамасына байланысты.
Қазіргі заманда, цетильдік әдіс қолданыста. Бұл әдістің регрессия мен сигмалды ауытқу әдістерінен айырмашылығы, мұнда кесте 10 белгілерден құралған, белгілер морфологиялық статусты айқын көрсетеді және келесі көрсеткіштерді анықтай алады: физикалық статустың үйлесімдігі, баланың семіруге шалдыққаны, бала ағзасының функционалдық қалпі мен қан – тамыр тонусының өзгеруі. Центильдік кестелер баланың жынысы және жасы бойынша құралған, сондықтан жас тобына жатқызу үшін, бала жасын күніне дейін анықтау керек. Балалардың физикалық дамуын анте- және перинаталды кезеңдеріндегі жағдайларына байланысты. Токсикозбен және әр-түрлі дерттермен ауырған әйелдерден, даму ақаулығы бар балалар саны 1,5 есе көп, күні жетпей туылғандар – 3 есе, босану іс – әрекетінің патологиясы кезінде туылғандар арасында – 4 есе. Өндірісте жұмыс істеген ата – аналарда, қалыпты балалардан, даму ақаулығы балалар 2 есе артық кездеседі. Темекі тартатын, алкоголь ішетін әйелерде, даму ақаулығы бар балалар 4 есе артық туылады, әкелерде 2 есе.
Артық салмағы бар балалар, педиатрлардың назарын аса қажет етеді. Гиподинамия, жасанды тамақтадыру және тұқым қалаушылық бейімділік, артық салмақ пайда болуының негізгі факторлары. Теңгерімсіз тамақтану да, сол факторларға жатады. Соңғы жылдарда, биологиялық құндылығы бар азық – түліктердің (ет, сұт, балық) тұтынуы қысқарды, ал нан және картоп өнімдерін тамаққа пайдалануы ұлғайып барады. Көбінесе, бала рационы көмірсулардан, энергетикалық құндылығы төмен және нәрлігі төмен тағамдардан тұрады. Семірудің I және II дәрежесі бар балалар жиі аурутындарға жатады және жедел аурулар ғана емес, созылмалы аурулардың жиі пайда болуына әкеліп соғады, ол ауруларды – семірудің серіктері деп атайды. Олар: гипертоникалық типті вегетативті – қан тамыр тонусының құбылмалылығы, созылмалы тонзиллит, артериалдық гипертензия, дене бітімінің бұзылуы, табанжалпақтық, асқазан мүшелерінің аурулары және қант диабеті.
Қазақстанда тамақ өндірісі, қарқынды дамып бара жатыр. Алматы облысында, 2010 жылы Қазақ тағамтану академиясының "Амиран" зауытың тұсау кесері өтті, зауыттың қуаттылығы 2,7 мың тонна. Мұнда, балаларға арналған, сүт өнімінің 8 түрі бар: қышқылсүт қоспасы, ірімшік пастасы, дәнді ірімшік, бала йогурты, сарысу және сарусыдың негізінде жасалған сусын, ботқаны жасауға арналған сүт, 10 пайыздық кілегей. Ана мен бала үшін жасалған өнім – Казақ тағамтану академиясының ғалымдары мен инвесторлардың ынтымақтастықтың жемісі. Өнімнің жасалуында, табиғи және жоғары сорттық сүттің шипалы қасиетін пайдаланады.
Қортындылап айтқанда, халықтың физикалық дамуының параметрлерін, диспансерлеу үрдісі кезінде бағаланады, бұл ғылыми жағынан дәлелденген. Физикалық даму қалпін толық және сауатты зерттегенде, ауру сипатын тез арада білуге болады
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша:
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
Физикалық даму
Физикалық денсаулық туралы жалпы мағлұмат
Физикалық дамуды бағалаудың негізгі параметрлері
Функционалды жағдайдың көрсеткіштері
Физикалық дайындалу
Физикалық дайындық
№ 3 дәріс
Тақырыбы: Халық денсаулығының көрсеткіштері.
Мақсаты: Халық денсаулығының көрсеткіштерімен танысу.
Денсаулық сақтаудың негiзгi көрсеткiштерiнiң серпiнi денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенiнiң дәлелi. Мәселен, 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн (бұдан әрi - ТМККК) қаржыландыру көлемi 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейiн көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының, ТМККК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейiн кезең-кезеңмен жеткiзуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлiнген болатын.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығыстар көлемi де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейiн өскен.
Мембағдарламаны iске асырған уақытта төсекпен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10 мың адамға шаққанда 70,2-ге дейiн төмендеген (2005 ж. - 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер саны тек 2 330 бiрлiкке азайды. Сонымен бiрге стационарға емдеуге жатқызылған 30 %-ға дейiнгi науқастар стационарлық емге мұқтаж емес; жедел медициналық көмектi шақырту саны (2005 ж. 4 658 971-ден 2008 ж. 4 978 393-ке дейiн), оның iшiнде негiзсiз шақыртулар саны (тиiсiнше 126 756-дан 189 498-ге дейiн) көбейген.
Стационарды алмастыратын технологиялардың дамығандығы байқалады. Мәселен, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанындағы күндiзгi стационарда 445 145 науқас (2005 ж. - 278 813), ауруханалардағы күндiзгi стационарда - 64 081 науқас (2005 ж. - 56 728), үйдегi стационарларда 158 758 науқас (2005 ж. - 155 480) емделген. 2009 жылы амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы - 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы - 6,6 деңгейде қалып отыр.
Қазiргi таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесi (бұдан әрi - ДБАЖ) енгiзiлдi. Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында Министрлiк 2004 жылдан бастап «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және ұтқыр медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны iске асырып келедi. Соған байланысты қазiргi таңда 14 өңiрде ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгiзiлуде. Телемедицина сеанстары түрлi бейiндегi мамандардың қатысуымен телеконференция түрiнде өткiзiледi: 2009 жылы 13 өңiрде 10 611 телемедициналық консультация өткiзiлдi.
Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң жаңа мемлекеттiк нормативiне өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн iске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi әзiрлендi және бекiтiлдi, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желiсiн реттеуге, көпбейiндi ауруханалар желiсiн құруға, БМСК-ның қолжетiмдiлiгiн, бiрiншi кезекте ауыл халқы үшiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесiне кезең-кезеңмен ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесiн, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетiлдiруге, медициналық ұйымдардың қызметтерiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазiргi уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрi - Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететiн бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты кiредi. 2011 жылы тағы бiр объект - Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында бiрқатар iргелi проблемалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әсiресе бастапқы медициналық-санитариялық көмектi дамытуда қосымша салымдарды қажет етедi. ТМККК қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан (2003 ж. 64,8 млрд. теңгеден 2009 ж. 464,1 млрд. теңгеге дейiн), ол да қосымша шығыстарды қажет етедi. Негiзгi проблемалар тек ресурстардың жеткiлiксiздiгiне байланысты емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне де байланысты болып отыр, яғни қазiргi таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиiмдiлiгiне емес, желiнiң қуаттылығын ұстауға бағдарланған.
БМСК-тi қаржыландырудың тиiмдi тетiктерi: ынталандыру төлемдерiне қаржыландырудың болмауы (44%), нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiрмеу, заңды тетiктердiң болмауы (25%); денсаулық сақтау менеджерлерiн нашар даярлау (6%) себептi жеткiлiксiз пайдаланылады.
Бұдан басқа, тариф белгiлеудiң объективтiк емес қолданыстағы жүйесi, мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары дербестiгiнiң төмендiгi мен бiлiктi менеджерлердiң болмауы медициналық қызметтердi ұсынушылардың бәсекелестiгiн дамытуды тежейдi.
Медициналық қызметтерге қол жеткiзудiң әркелкiлiгi мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен, Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазiргi таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл елiмiздiң әртүрлi өңiрлерiндегi пациенттердiң сапалы және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетiмдiлiгiн айтарлықтай қиындатады. Өңiрлер бойынша ресурстарды әркелкi бөлу де байқалады. Мәселен, 2009 жылы ТМККК-ге арналған шығыстарды жұмсау бiр тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден 21 289 теңгеге дейiн құрады.
Осыған байланысты өңiрлiк денсаулық сақтау мәселесi аса көңiл бөлудi талап етедi, сондықтан Мембағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң бiрi қаржыландыруды, медициналық көмектi өңiрлiк теңестiру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әдiл қол жеткiзуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Қазiргi таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудiң жеткiлiксiз деңгейi проблемалы мәселе күйiнде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемдi медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша 51,69 %-ды құрайды. Елдiң бiрқатар өңiрлерiнде медициналық көмек көрсететiн ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) бейiмделген үлгiдегi емес үй-жайларда орналастырылған, 400-ден астам (4,3 %) денсаулық сақтау ұйымы авариялық ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бiрiншi буынында жалпы дәрiгерлiк практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамуда.
Бұдан басқа, нормативтiк талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтiнi байқалады. Бюджеттiң болмауына байланысты «Арнайы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы iске асырылмай отыр.
Медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу деңгейi төмен күйiнде қалып отыр, олардың жұмысының түпкiлiктi нәтижесiне негiзделген еңбекақы төлеуге сараланған тәсiл жоқ. Бұдан басқа, жер жерлерде, әсiресе ауылдық өңiрлерде бiлiктi кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл республиканың ауыл халқын медицина қызметтерiмен қамтамасыз етудi қиындатады.
БҰДЖ-ның белсендi енгiзiлуiне қарамастан қазiргi таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейi, медициналық қызметкерлердiң арасындағы компьютерлiк сауаттылық деңгейiнiң төмендiгi және емдеу-профилактикалық үдерiстi автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.
Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткiзу жөнiнде нақты жұмыстар жүргiзiлдi. Медициналық және фармацевтикалық бiлiм берудiң нормативтiк базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсiби бағытқа негiзделген және әлемдiк озық тәжiрибеге сүйенген медициналық жоғары бiлiм берудiң жаңа бағдарламалары iске асырылуда. Мемлекеттiк медициналық жоғары оқу орындары соңғы 10 жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды, жоғары оқу орындарының 85 %-ы үлкен дербестiк алып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар статусына ауысты. Бiлiм берудiң инновациялық технологияларын енгiзу жұмыстары кезең-кезеңiмен жүзеге асырылуда. Құрылған оқыту-клиникалық орталықтары студенттер мен интерндердi клиникалық даярлықтан өткiзуге мән беруге мүмкiндiк туғызып отыр. Медициналық бiлiм берудiң дүниежүзiлiк федерациясы ұсынған сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негiзделген базалық медициналық бiлiмдi институциялық аккредиттеудiң ұлттық стандарттары әзiрлендi. Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде медицина кадрларының бiлiктiлiгiн шетелде арттыруға, шетелдiк жетекшi мамандарды Қазақстан Республикасына тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға көп көңiл бөлiндi.
Денсаулық сақтау саласын бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету мәселесi өзектi проблема күйiнде қалып отыр. Бүгiнгi таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрiгер еңбек етедi. Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуi есебiнен жоғары бiлiмi бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бiтiрушiлер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсiресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрiгер кадрларымен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңiрлерi бойынша дәрiгер кадрларды бөлудiң теңсiздiгi өте жоғары болып сипатталады және кейбiр өңiрлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейiн құрайды.
Кадрлардың «қартаю» үрдiсi байқалады. Салаға жас мамандардың келуiнiң ұлғаюына қарамастан, олардың үлесi жеткiлiксiз және дәрiгер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендiгi және уәждемелiк тетiктердiң болмауы салдарынан ЖОО-ны бiтiрушi түлектердi жұмыспен қамту деңгейi 87 %-дан аспайды.
Медицина кадрларының санаттылық деңгейiнiң жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететiн медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушiлердi қанағаттандырмайды.
Денсаулық сақтау саласындағы ғылым саласы дүниежүзiлiк стандарттардан айтарлықтай артта қалып отыр, отандық ғылыми өнiмнiң бәсекелестiкке қабiлетсiздiгi мен қажет етiлмейтiндiгi байқалады. Көрсетiлген мәселенi шешу үшiн 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы iске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетiлдiру iс-шаралары басталды. Бiрқатар ғылыми ұйымдар зор дербестiкке қол жеткiзу үшiн шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мәртебесiне ауысты. Ғылыми-бiлiм беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелдi медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур университеттерiнде ғылыми зерттеулер менеджментi бойынша оқудан өттi. Халықаралық басылым беттерiнде рецензияланған жарияланымдар көбейiп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметiн рейтингтiк бағалау жүйесi әзiрлендi.
Қабылданған шараларға қарамастан, кадрларды даярлау сапасы, жұмыс iстеп жүрген мамандардың бiлiктiлiк деңгейi, БМСК көрсететiн персоналдың тапшылығы, iрi қалалардағы медицина қызметкерлерiнiң аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсiптiк медициналық бiлiм алған медицина қызметкерлерi санының теңсiздiгi, жұмысқа деген уәждемелiк ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғалудың жеткiлiксiздiгi, ғылыми зерттеулердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi, инновациялық жетiстiктердiң жоқтығы
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед. вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
«Жеке денсаулық» түсінігі.
«Топтық денсаулық» түсінігі.
«Қоғамдық денсаулық» түсінігі.
Қоғамдық денсаулық потенциалы
Қоғамдық денсаулық индексі
Халық денсаулығының медициналық көрсеткіштері
Халық денсаулығының медико-демографиялық көрсеткіштері
Перинатальды өлім
Нәрестелік өлім
Халықтың өсуі
Алдағы өмірдің орташа ұзақтығы
Халықтың қартаю көрсеткіштері
Халықтың механикалық қозғалыс көрсеткіштері
Ауру көрсеткіштері
Мүгедектік көрсеткіштер
Физикалық даму көрсеткіштері
№ 4 дәріс
Тақырыбы: ҚР халқының денсаулық сақтауының заманауи концепциясы
Мақсаты: ҚР халқының санитарлы-эпидемиологиялық қамтамасыздығымен,медициналық индустия және отандық фармацевтиканың дамуымен,халық денсаулығын сақтау саясатымен студенттерді таныстыру.
Соңғы жылдары халықтын денсаулық сақтау саясаты аймағында қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп көп шығынға әкелмейтін, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіздігі көптеген себептерге байланысты, актуальды мәселе болып табылады. Заманауи технологиялардың медициналық көмек көрсетуде, өз кезегінде адамзаттың кең қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жеткіліктілігін шектеп тез арада құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкеліп соғады. Стационарларда көмек көрсету этаптарында, көптеген дамыған елдерге ұқсас халықтың денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге, үміттендіретін нәтиже бермейді. Денсаулық сақтау жүйесін реформалау осыған байланысты дүние жүзіндегі осы саланың дамуына негізгі бағыт алды.Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және халықтың денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Осы қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады. Денсаулық — мақсат емес, ол әл- ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау.Ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласы, мемлекеттің араласу , денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибелік жұмыстардың сапалы жүзеге асруына мүмкіншілікті іске асырады. Мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуін іске асыру. Дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстары мен менеджментте, сонымен қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орынды алуына жеткілікті болуы тиіс. Қоғамдық денсаулықты денсаулықты ңығайты мақсатында , аурушылдықты алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану мақсатын нығайту бағыттардың бірі болып есептеледі. Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «Денсаулық барлықтары үшін XXI ғасырда» саясаты бойынша ДДҰ қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастыру.негізгі құрамдас бөлігі болып: материальды-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, біріншілік медико-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті,адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын жоғарылату, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді, сонымен қатар ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негігі мәселе ретінде білім беруді жақсарту, оны іске асыру. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті және қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша педагогакалық қызметін ғылыми превенция негізінде іске асыра алатын мамандарды дайындау, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, қоғамдық денсаулық сақтау саласы мамандарының теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету мамандардың толық және сапалы ғылыми-педагогикалық білім алуы, дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және іске асыруда олардың басым орынды алуына жеткілікті болуы тиіс. Оқыту мен зерттеу қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ауқымды ғылыми, білім беру және әдістемелік дайындықты іске асыру. Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің академиялық икемділігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша негізгі кілті болып есептеледі.денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарының дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.
Әдебиет:
Негізгі:
Решетников А.В., Шаповалова О.А. Здоровье как предмет изучения в социологии медицины: учебное пособие. – М., 2008. – 64 с.
Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – М.: Медицина, 2007 – 416с.
Қосымша
Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник для студентов мед.вузов/ Под ред. В.А. Миняева, Н.И. Вишнякова. – 4-е изд. – М.: МЕД пресс-информ, 2006. – 528с.
Сестринское дело. Административно-управленческие дисциплины: Учебное пособие / Под ред. Г.П. Котельникова. – Ростов н/Д:
Артюнина Г.П., Игнатькова С.А. Основы медицинских знаний: Здоровье, болезнь и образ жизни: Учебное пособие для высшей школы. – М.: Академический Проект; Фонд «Мир», 2006. – 560с
Социальная энциклопедия: А.П. Редкая, Г.Н. Горкин, Е.Д. Катульская и др. – М., БРЭ, 2000. – 438 с.
Тель Л.З. Валеология: учение о здоровье, болезни и выздоровлении: В 3т. – М.: Астрель, 2001. – 432с.
Черносвитов Е.В. Социальная медицина: Учеб. Пос. для студ. Вузов. – М.: ВЛАДОС, 2000.
«Старшая медицинская сестра», Журнал, МЦФЭР – Казахстан, Алматы.
Журнал «Главная медицинская сестра», Москва.
Журнал «Сестринское дело». Москва.
Журнал «Медсестра», Москва.
Бақылау сұрақтары:
Азаматтардың денсаулығын сақтау аймағында ҚР саясатының Мемлекеттік принциптері
Дәрі саясатының негізгі тапсырмалары
Дәрілік заттарды экономикалық және физикалық қолжетімділікпен қамтамасыз ету
Заманауи медициналық жабдықтармен денсаулық сақтау жүйесін қамсызандыру
Отандық фармацевтикалық және медициналық индустрияның дамуы
Халықты санитарлы-эпидемиологиялық қамсыдандыру
№ 5 дәріс
Тақырыбы: Медициналық ғылым және білім Медициналық кадрлар
Мақсаты: ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық ғылымның дамуы,әлеуметтік және еңбек қатынастарымен әсерлі түрде студенттерді таныстыру
Жалпы ережелер:
1) ғылыми-ақпараттық алмасу жөніндегі іс-шаралар – конгресстер, съездер, конференциялар, семинарлар, симпозиумдар, пленумдар нысандарында және басқа да нысандарда жүргізілетін ғылыми, ғылыми-практикалық және практикалық сипаттағы ақпараттармен алмасуға бағытталған іс-шаралар;
2) жұмыс оқу бағдарламасы – үлгілік оқу бағдарламасының міндетті компоненті негізінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және бекітетін, міндетті компонент пен таңдамалы компонент пәндері бағдарламаларының мазмұнын ашатын бағдарлама;
3) жұмыс оқу жоспары – мамандық бойынша үлгілік оқу жоспары негізінде қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым әзірлейтін және бекітетін құжат;
4) кадрларды қайта даярлау – тиісінше басқа медицина немесе фармацевтика мамандығын меңгеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
5) кадрлардың біліктілігін арттыру – бұрын алынған кәсіби білімін, іскерлігін және дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру нысаны;
6) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – біліктілікті арттыру және қайта даярлау нысанында іске асырылатын, кадрлардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жүзеге асырылатын оқыту процесі;
7) өзіндік білім алу – кадрлардың барлық кәсіби қызмет ету бойына өз бетінше жаңа теориялық білім алуына және бұрын алынған білімдерін жетілдіруіне бағытталған оқыту процесі;
8) пәннің бағдарламасы (силлабус) – қосымша білім беруді іске асыратын ұйым бекіткен оқытылатын пәннің сипаттамасы, мақсаты, міндеттері, қысқаша мазмұны, әрбір сабақтың (аудиториялық және аудиториядан тыс) тақырыбы мен ұзақтығы, оқытушының талаптары, бағалау өлшемдері мен қағидалары және әдебиеттер тізімі қамтылған тыңдаушыларға арналған оқу бағдарламасы;
9) практика арқылы оқыту (жұмыс орнындағы тағылымдама) – денсаулық сақтау ұйымдарында жаңа практикалық дағдыларды үйрену және бұрын үйренген дағдыларды жетілдіру;
10) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымда оқуға тіркелген маман;
11) үздіксіз кәсіби дамыту – пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін қолдауға және дамытуға бағытталған оқыту процесі;
12) үлгілік оқу бағдарламасы – үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентінің әрбір пәні бойынша меңгерілетін білімнің, іскерліктің және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын бағдарлама;
13) үлгілік оқу жоспары – оқытылатын пәндердің тізімі мен көлемін, оларды оқыту тәртібі мен бақылау нысанын регламенттейтін үлгілік оқу бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылатын құжат;
14) сертификатты цикл – жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) медициналық білімі бар тыңдаушыларға, біліктілік санатын алуға үміттенген мамандарға арналған біліктілікті арттыру циклі;
15) семинар, тренинг/мастер-класс – кадрлардың біліктілігін арттырудың теориялық және практикалық түрі;
16) симуляциялық технологиялар – нақты, соның ішінде шұғыл жағдайларға барынша жақындатылған, клиникалық және басқа жағдайларды модельдеуде негізделген, нақты шешімдерді жедел түрде қабылдауды, қайталанатын жағдайларды өңдеуді қамтитын кадрлардың дағдысын бағалау және оқытудың заманауи технологиялары;
17) маманның үздіксіз кәсіби даму жүйесіндегі сынақ бірлігі – кәсіби қызметінің белгілі кезеңі үшін үздіксіз кәсіби дамуына себепші іс-шараларға маманның қатысу көлемін өлшейтін біріздендірілген шартты бірлік;
18) сынақ бірлігін жинау жүйесі – соңғы бес жыл ішінде үміткердің үздіксіз кәсіби дамуындағы іс-шараларға қатысуын сомалық есепке алу жүйесі.
3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау қосымша білім берудің негізгі нысаны болып табылады.
4. Пациенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кадрлар біліктілігінің кәсіби деңгейін қолдау және дамыту қосымша білім берудің негізгі мақсаты болып табылады.
5. Кадрларға қосымша білім берудің міндеттері:
1) медицина және фармация саласының жаңа теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын алудағы және бар теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жаңартудағы кадрлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру;
2) алынған теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды практикада қалыптастыру, бекіту және жинау;
3) практикалық денсаулық сақтау саласына ғылыми дәлелдерге негізделген диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін енгізу болып табылады.
