Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция по ТТ ПФ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

5 Ферросилиций электрометаллургиясы

1 Ферросилицийдің сұрыптары, микроқұрылымы және қасиеттері

2 Ферросилицийді балқыту кезіндегі кремнийдің көміртегімен тотықсыздануының теориялық негіздері

3 Ферросилицийді балқыту және құю технологиясы

4 Ферроқорытпаларды балқытудың электрлік режимі

5 Ферросилицийді тазарту технологиясы

6 Ферросилиций өндірісінің қалдықтары мен оларды пайдаға асыру

1 Ферросилицийдің сұрыптары, микроқұрылымы және қасиеттері

Ферросилиций қатарына темір-кремний жүйесі қорытпаларының үлкен тобы кіреді. Ферросилиций сұрыптарын үш топқа бөлуге болады: төмен кремнийлі (8-25% Si), орташа кремнийлі (45-75%) және жоғары кремнийлі (75-92% Si). Қазіргі уақытта ферросилиций ГОСТ 1415-93 немесе ISO 5445:1980 стандарттары бойынша өндіріледі.

Кесте 1 – Ферросилицийдің химиялық құрамы, ГОСТ 1415-93 (ISO 5445-80)

Марка

Массалық үлесі, %

ИСО

ГОСТ

Si

Al

P

S

C

Mn*

Cr*

Ti*

FeSi10

ФС10

8,0 - 13,0

< 0,2

0,15

0,06

2,00

3,0

0,8

0,30

FeSi15

ФС15

14,0 - 20,0

< 1,0

0,15

0,06

1,50

1,5

0,8

0,30

FeSi25

ФС25

20,0 - 30,0

< 1,5

0,15

0,06

1,00

1,0

0,8

0,30

FeSi45

ФС45

41,0 - 47,0

< 2,0

0,05

0,05

0,20

1,0

0,5

0,30

FeSi50

ФС50

47,0 - 51,0

< 1,5

0,05

0,05

0,20

0,8

0,5

0,30

FeSi65

ФС65

63,0 - 68,0

< 2,0

0,05

0,04

0,20

0,4

0,4

0,30

FeSi75Al1

ФС75

72,0 - 80,0

< 1,0

0,05

0,04

0,15

0,5

0,3

0,20

FeSi75Al1,5

72,0 - 80,0

1,0 - 1,5

0,05

0,04

0,15

0,5

0,3

0,20

FeSi75Al2

72,0 - 80,0

1,5 - 2,0

0,05

0,04

0,20

0,5

0,3

0,30

FeSi75Al3

72,0 - 80,0

2,0 - 3,0

0,05

0,04

0,20

0,5

0,5

0,30

FeSi90Al1

ФС90

87,0 - 95,0

< 1,5

0,04

0,04

0,15

0,5

0,2

0,30

FeSi90Al2

87,0 - 95,0

1,5 - 3,0

0,04

0,04

0,15

0,5

0,2

0,30

Fe-Si жүйесінде бір қатар силицидтер түзіледі: Fe3Si (14,28% Si); Fe2Si (20,0% Si); Fe5Si3 (23,18% Si); FeSi (33,46% Si) және FeSi2 (50,15% Si).

Fe-Si-С жүйесінде құрамында <23,18% Si бар қорытпалар таза графитпен, ал >23,18% Si құрамдас қорытпалар кремний карбидімен тепе-теңдікте болады. Fe-Si жүйесінің қорытпаларында көміртегінің ерігіштігіне кремнийдің әсері ферросилиций стандарттарында ескерілген.

Сурет 1 – Fe-Si жүйесінің күй диаграммасы

Сурет 2 – FeО-SiО2 жүйесінің күй диаграммасы

Fe-Si жүйесінің қорытпаларында көміртегінің ерігіштігі температураның артуымен өсе түседі. Пештен шығарылған қорытпалар жоғары температураға ие 1600-1800ºС. Шөміште қорытпа температурасының төмендеуінен сұйық ферросилицийдегі көміртегінің ерігіштігі төмендейді, нәтижесінде кремний мөлшеріне байланысты қорытпа құрамынан графит немесе кремний карбиді бөлінеді. Сондықтан графиттің немесе кремний карбидінің қалқып шығуының шарттарын жақсарту үшін ферросилицийді құяр алдында шөміште біраз уақыт ұстау қажет.