- •Ферроқорыту өнрекәсібінің даму тарихы және қазіргі күйі
- •2. Ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
- •1 Ферроқорытпалардың жіктелуі және қолданылуы
- •I. Үлкен ферроқорытпалар тобы (ірі тоннажды қорытпалар):
- •II. Кіші ферроқорытпалар тобы (кіші тоннажды ферроқорытпалар):
- •2 Ферроқорытпалар сапасына қойылатын негізгі талаптар
- •3 Қолданылатын тотықсыздандырғыштар түріне байланысты ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
- •4 Қолданылатын агрегат түріне байланысты ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
- •5 Технологиялық белгілер бойынша ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
- •3 Ферроқорыту үрдістерінің физика-химиялық негіздері
- •1 Ферроқорыту үрдістерінің термохимиясы
- •2 Оксидтер түзілуі реакциясының термодинамикасы
- •3 Карбидтер түзілу реакцияларының термодинамикасы
- •4 Ферроқорыту үрдістерінің термокинетикасы
- •5 Ферроқорыту үрдістеріндегі металдық ертінділер ролі
- •6 Ферроқорыту үрдістеріндегі қождар ролі
- •4 Кристалдық кремний электрометаллургиясы
- •1 Кремний мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Кремнийдің көміртегімен тотықсызданудың теориялық негіздері
- •3 Кристалдық кремний сұрыптары, қолдану облысы және шикіқұрам материалдарының сапасы
- •4 Ферроқорытпалар өндірісіндегі көміртекті тотықсыздандырғыштар
- •5 Кристалдық кремнийді балқыту технологиясы
- •6 Кремний карбидін өндіру технологиясы
- •5 Ферросилиций электрометаллургиясы
- •1 Ферросилицийдің сұрыптары, микроқұрылымы және қасиеттері
- •2 Ферросилицийді балқыту кезіндегі кремнийдің көміртегімен тотықсыздануының теориялық негіздері
- •3 Ферросилицийді балқыту және құю технологиясы
- •4 Ферроқорытпаларды балқытудың электрлік режимі
- •5 Ферросилицийді тазарту технологиясы
- •6 Ферросилиций өндірісінің қалдықтары мен оларды пайдаға асыру
- •7 Марганец қорытпаларының электротермиясы
- •1 Марганец пен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Марганецтің минералдары, кендері және концентраттары
- •Кесте 2 – Қазақстан Республикасының мемелекеттік балансындағы марганец кен орындары
- •3 Марганец қорытпаларының сұраптары мен өңдіру көлемдері
- •4 Жоғары көміртекті ферромарганец технологиясы
- •5 Ферросиликомарганец электротермиясы
- •6 Металдық марганец, орта және төмен көміртекті ферромарганец электротермиясы
- •8 Ферровольфрам электрометаллургиясы
- •1 Вольфрам мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Вольфрамның минералдары, кендері мен концентраттары
- •3 Ферровольфрамды көміртегісиликотермиялық әдіспен алу технологиясы
- •4 Ферровольфрамды алюмотермиялық әдіспен алу технологиясы
- •9 Ферромолибденнің силикоалюмотермиясы
- •1 Молибден мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Молибденнің минералдары, кендері мен концентраттары
- •3 Молибденит концентратын тотықтыра күйдіру
- •4 Ферромолибденді пештен тыс силикоалюмотермиялық әдіспен алу технологиясы
- •10 Феррованадий өндірісі
- •1 Ванадий мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Ванадийдің минералдары, кендері және концентраттары
- •3 Ванадий пентаоксидін өндіру технологиясы
- •4 Феррованадийді силикоалюмотермиялық әдіспен алу технологиясы
- •5 Феррованадийді алюмотермиялық әдіспен алу технологиясы
- •6 Ферросиликованадийді балқыту технологиясы
- •11 Ферротитан электрометаллургиясы
- •1 Титан мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Титанның минералдары, кендері мен концентраттары
- •3 Ферротитанды алюминотермиялық әдіспен алу технологиясы
- •4 Металдық титанның магнийтермиялық өндірісінің технологиясы
- •12 Ферроникель электрометаллургиясы
- •1 Никель мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Никельдің минералдары мен кендері
- •3 Ферроникельді алу және рафинадтау технологиясы
- •13 Түйіршіктелген ферросилицийді өндіру технологиясы
- •1 Балқымаларды диспергациялаудың теориялық негіздері
- •2 Ферросилиций сапасына қойылатын талаптар мен қолданылатын шикіқұрам матераилдары
- •3 Ферросилицийді балқыту
- •4 Ферросилиций балқымасын диспергациялау
- •5 Ферросилиций ұнтағын өңдеу
- •1 Бор мен оның қосылыстардың қасиеттері
- •2 Бордың минералдары мен кендері
- •3 Ферроборды балқыту технологиясы
- •4 Бор карбидін балқыту технологиясы
- •15.1 Цирконийлі ферроқорытпалар электротермиясы
- •1 Цирконий мен оның қосылыстарының қасиеттері
- •2 Цирконийдің минерадары, кендері мен концентраттары
- •3 Ферросиликоцирконийді алюминотермиялық әдіспен алу
- •4 Ферроалюминоцирконийді алюминотермиялық әдіспен алу
- •15.2 Электрокорунд электротермиясы
- •1 Корунд пен оның балқымаларының қасиеттері
- •2 Электрокорунд түрлері мен алу жолдары
- •3 Қалыпты электрокорунд алуға арналған шикізат және оған қойылатын талаптар
- •4 Қалыпты электрокорундты балқыту технологиясы
2. Ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
1. Ферроқорытпалардың жіктелуі және қолданылуы
2. Ферроқорытпалар сапасына қойылатын негізгі талаптар
3. Қолданылатын тотықсыздандырғыштар түріне байланысты ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
4. Қолданылатын агрегат түріне байланысты ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
5. Технологиялық белгілер бойынша ферроқорыту үрдістерінің жіктелуі
1 Ферроқорытпалардың жіктелуі және қолданылуы
Қазіргі замаңғы ферроқорытпалар электрометаллургиясы металдарды кендерден, концентраттардан және техникалық таза оксидтерден алуға мамандандырылған.
Ферроқорытпалар деп – негізінен болатты легірлеу, қышқылсыздандыру және модификациялау үшін қолданылатын темірдің Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесінің басқа элементтерімен (Sі, Мn, Сr, W, V, Ni, Мо, Со, Ті, Zr және т.б.) қорытпаларын атайды. Ферроқорытпалар қатарына, сонымен бірге, лигатуралар және модификаторлар да жатады.
Лигатура (ligatura (латын) – байланыс) – легірлеуші элементтерді сұйық металға еңгізу үшін қолданылатын қорытпа. Лигатураны, құрамына кіретін компоненттерді балқыту арқылы немесе сол компоненттерді кендер мен концентраттардан тотықсыздандыру арқылы алады. Лигатура құрамына кіретін кез-келген (әр-бір) металға қарағанда төмен балқу температурасына ие, онымен қорытпаларды легірлегенде ол тез ериді және элементтердің жоғалымдары азаяды.
Модификатор (modifiсо (латын) – түрлендіру) – мардымсыз аз мөлшері онымен өнделген металдың немесе қорытпаның құрылымы мен қасиеттерін елеулі өзгертетін заттарды атайды. Академик П.А. Ребиндердің (1898-1972 ж.ж.) жіктеуіне сәйкес модификаторлар екі топқа бөлінеді: беттік-белсенді заттар және инокуляторлар. Бірінші топтағы модификаторлар кристалданатын металдық балқымалардағы туынтектер бетіне адсорбцияланып, олардың өсуін тежейді де, сол арқылы құрылым ұсақталады. Екінші топтағы модификаторлар балқымада кристалдану орталықтарының түзілуін жеңілдетеді де, конструкциялық болаттар мен қорытпалар микроқұрылымын ұсақтайды.
Ферроқорытпалар өндірілетін көлеміне қарай «кіші» және «үлкен» топтарға бөлінеді.
I. Үлкен ферроқорытпалар тобы (ірі тоннажды қорытпалар):
Кремнийлі ферроқорытпалар: ферросилицийдің барлық маркалары және кристалдық кремний;
Марганецті ферроқорытпалар: жоғары, орта және төмен көміртекті ферромарганец, тауарлы және кайта өнделетін силикомарганец, металдық марганец, азотталған марганец және марганецті лигатуралар;
Хромды ферроқорытпалар: жоғары, орта және төмен көміртекті феррохром, тауарлы және қайта өнделетін ферросиликохром, металдық хром, азотталған феррохром және лигатуралар.
II. Кіші ферроқорытпалар тобы (кіші тоннажды ферроқорытпалар):
1) Ферровольфрам;
Ферромолибден;
Феррованадий;
Сілтілі жер металдарының қорытпалары: силикокальций, силикобарий, силикомагний, Fe-Sі-Мg-Са, Sі-Са-Ва-Fe, Sі-Ва-Fe, Sі-Ва-Sr және т.б. жүйелерінің кешенді қорытпалары;
Феррониобий және Ni-Nb, Nb-Ta-Fe, Nb-Ta-Мn-А1-Sі-Ті, Nb-Та-А1 жүйелерінің қорытпалары;
Ферротитан және Fe-Sі-Ті, Тi-Сr-А1, Тi-Сr-А1-Fe, Тi-Ni жүйелерінің қорытпалары;
Ферробор, ферроборал және борлы лигатуралар Ni-В, Сr-В, грейнал B-Sі-А1-Тi-Zr;
Алюминийлі қорытпалар: силикоалюминий, ферроалюминий, ферросиликоалюминий, Fe-А1-Мn-Sі, Fe-Мn-А1 жүйелерінің қорытпалары;
Сирек жер металдарының қорытпалары: СирЖМ-Sі, Се-Sі-Fe, СирЖМ-А1-Sі, СирЖМ-Ni-Sі;
10) Ферросиликоцирконий, ферроалюмоцирконий;
11) Ферроникель және феррокобальт.
Кіші тоннажды ферроқорытпалар аз көлемде өндірілгенімен жоғары құнымен ерекшелінеді. 1-кестеде қазіргі уақытта әлемдік нарықта қалыптасқан ферроқорытпалардың бағалары келтірілген.
Кесте 1 – Әлемдік нарықтағы ферроқорытпалардың орташа бағалары
Атауы |
Құрамы |
Баға, АҚШ $/тонн |
||
01.09.2008 ж. |
07.09.2009 ж. |
|||
Ферромолибден |
Mo 60% |
47 000 – 48 000 |
20 200 – 22 200 |
|
Феррониобий |
Nb 65% |
50 000 – 52 000 |
25 700 – 26 300 |
|
Ферротитан |
Ti 70% |
5 250 – 5 600 |
3 150 – 3 220 |
|
Феррованадий |
V 78-82% |
50 000 – 52 000 |
27 000 – 28 000 |
|
Ферровольфрам |
min. W 75% |
25 700 – 26 500 |
21 400 – 22 200 |
|
Феррохром жоғары көміртекті |
Cr 60%, C 6-8% |
3 250 – 3 400 |
1 340 – 1 450 |
|
төмен көміртекті |
Cr 65%, C 0,10% |
7 750 – 8 000 |
2 890 – 3 010 |
|
Хром |
Cr 98,5% |
12 000 – 14 000 |
7 000 – 7 500 |
|
Ферромарганец |
Mn 75% C 8,0% |
2900-3000 |
1 050-1 100 |
|
Ферромарганец |
Mn 78% C 8,0% |
3100-3200 |
1 150 – 1 200 |
|
Ферросилиций |
Si 75% |
Европа |
2 200 – 2 300 |
1 270 – 1 320 |
Қытай |
1 720 – 1 750 |
1 170 – 1 220 |
||
Силикомарганец |
Mn 65%, Si 17% |
Европа |
2 300 – 2 400 |
1 400 - 1 450 |
Қытай |
2 250 – 2 300 |
1 320 – 1 390 |
||
Ферроқорытпалардың негізгі компоненттері жетекші элементтер деп аталады. Элементтің тотықсызданып металға өту дәрежесі немесе басқаша айтқанда жетекші элементтің түсімі қолданылатын технологияның техника-экономикалық пәрменділігін және тиімділігін анықтайды. Құрамы мен шығу тегі әр-түрлі шикізаттан конструкциясы мен қуаттылығы әр-түрлі пештерде ферроқорытпалар өндірісі көрсеткіштерінің салыстырылуы және сарапталуы алынған ферроқорытпалар мөлшерін базалық тоннаға қайта есептеу арқылы жүргізіледі.
Базалық тонна – бұл құрамында жетекші элементтін немесе оның қосылысының белгілі бір мөлшері бар ферроқорытпалардың, кендердің немесе концентраттардың шартты бір тоннасы. Мысалы, ферросилицийдің 1 базалық тоннасы есебінде құрамында 45% Sі бар қорытпаның 1 тоннасы қабылданған. Cол сияқты хром кенінің 1 базалық тоннасы ретінде құрамында 50% Сr2O3 бар хром кенінің немесе концентратының 1 тоннасы қабылданған. Феррохромның 1 базалық тоннасы есебінде құрамында 60% Сr бар қорытпаның 1 тоннасы қабылданған, бірақ соңғы кездері «Казхром» ТҰК-ның кәсіпорындарында, әлемдік талаптарға сәйкес, барлық көрсеткіштер 1 тонна хромға есептеледі.
Ферроқорытпалардың негізгі бөлігі, жоғарыда айтылғандай, болатты легірлеу және қышқылсыздандыру үшін болат балқыту өндірісінде, сонымен қатар шойын мен қорытпаларды легірлеу және модификациялау үшін, дәнекерлегіш электродтарды дайындауда, химиялық қосылыстар өндірісінде, металдық конструкциялар мен құрылғыларды қорғағыш қаптамаларында бастапқы материал ретінде және пайдалы қазбаларды байытуда қолданылады. Ферроқорытпалар сонымен қатар аса таза заттар (элементтер мен қосылыстар) алуда бастапқы шикізат қызметін атқарады және металлотермиялық үрдістерде тотықсыздандырғыштар ретінде кеңінен қолданылады.
Көптеген ферроқорытпалар құрамында салыстырмалы көп мөлшерде темір кезедеседі. Бұл бастапқы шикізат құрамында жетекші элементпен қатар әрқашан темір оксидтерінің болуымен түсіндіріледі. Темір ферроқорытпалардың басым бөлігі үшін зиянды қоспа болып саналмайды, бұған қоса темір тотықсызданған жетекіш элементті еретіп оның белсенділігін және түзілген ферроқорытпалардың балку температурасын азайтады, бір-қатар ферроқорытпалардың тығыздылығын арттырады және болаттар мен қорытпаларды қышқылсыздандырғанда және легірлегенде жетекші элементтердің пайдалы қолданылуын арттырады. Темір негізіндегі ерітінділердің түзілуі кезінде жетекші элементтің тотықсыздануы төмен температураларда және толығырақ, яғни жоғары түсіммен жүруі мүмкін. Сондықтан темірді шикіқұрам материалдарына жоңқа немесе оксидтер түрінде арнайы қосады. Тотықсызданған элементтердің ферроқорытпалардағы құны таза элементтерден едәуір төмен.
