- •Медициналық көмекті амбулаторлы жағдайда күндізгі ауруханада және үйде көрсету.
- •Алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызмет ету бөлімшелерінің штаттық нормативі.
- •Жалпы дәрігерлік тәжірибенің амск-і бөлімшелерімен жүргізілетін медициналық жұмыстың ең төменгі (минималдық) көлемі
- •1.Жалпы дәрігерлік тәжірибенің жұмыс мақсаты
- •2. Бірлестік және басқарулар
- •3. Ауруды алдын алу
- •4. Диагностика және ауруды емдеу
- •6.Эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету
- •7.Тұрғындарға әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету
- •Жалпы тәжірибедегі медбикенің міндетті қызметтері.
- •Жалпы тәжірибедегі мейірбикенің жұмыстары.
- •Бала денсаулығын қорғау жұмысын істейтін мейірбикенің қызметі
- •Мейірбике – акушерка қызметі
- •Ждт мейірбикенің құқығы
- •Ждт мейірбикенің жауапкершілігі
- •Ждт алғашқы тізімге алу құжаттары
- •Жтм өзіндік жұмысы.
- •Диспансерлеу
- •Тұрғындарды медициналық тексеру мен диспансерлеуді жоспарлау және ұйымдастыру.
- •Диспансерлеу топтары
- •Алдын алу.
- •Алдын алудың түрлері
Жалпы дәрігерлік тәжірибенің амск-і бөлімшелерімен жүргізілетін медициналық жұмыстың ең төменгі (минималдық) көлемі
1.Жалпы дәрігерлік тәжірибенің жұмыс мақсаты
жасына қарамай аймақ тұрғындарына медициналық көмекті бірлестіру және қадағалау;
бірлестікті-методикалық жұмыстарды аймақтарда жүргізу;
аймақтың құрамындағы тұрғындарға акушерлік көмек көрсету (акушерлік диагностика, акушерлік күтім көрсету, емдік-диагностика жүргізу, реабилитациялық жиын және салауатты өмір салты шараларын жүргізу);
аймақтық тұрғындарға жасына қарамастан мейірбикелік көмек көрсету;
медициналық пунктерімен, әйелдер консультациясы, консультативті-диагностикалық орталықтар және ауруханаларды қарастыру;
әлеуметтік патронаж жүргізу.
2. Бірлестік және басқарулар
аймақтық тұрғындарға амбулаториялық қабылдауларды жүргізу (дәрігерге дейін және дәрігерлік қабылдау);
шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек көрсету;
статистикалық есеп беру;
аяғы ауыр әйелдерге есеп және патронаж жүргізу (педиаторлық, акушерлік);
кешенді бақылау жиынын бірлестіру (диспансерлеу, патронаж);
жас балаларды бақылау шараларын бірлестіру;
жедел және созылмалы ауруларда пациенттерге үйде бақылау жүргізу.
3. Ауруды алдын алу
аймақтық тұрғындардың салауатты өмір салты бағдарламасының айқындалуы;
ана және бала денсаулығын қорғау жиынның айқындалуы, туберкулез, ЖИТС-ті таратуды тоқтату шараларын жүргізу;
тұрғындарға (ауруға және сауға) әртүрлі салауатты өмір салтын сақтау аспектісінде жұмыс жүргізу (дұрыс тамақтану, физикалық белсендік т.б);
санитарлық клубтардың, денсаулық сақтау мектептерінің жұмыстарын бірлестіру;
жас балалардың патронажі;
жас өспірім қыздар және әйелдер арасында алдын алу жиын өткізу;
жанұя құру жоспарында консультация беру.
4. Диагностика және ауруды емдеу
клиникалық протокол бойынша диагностикалық манипуляциялар өткізу;
диагностикалық тексеріске пациентке жолдама беру;
динамикалық түрде тексеріс жүргізу;
жұқпалы аурулардың диагностикасы;
дәрігерге дейінгі кабинетте диагностикалық манипуляцияларды жүргізу, медбикелік диагностика;
қауіпті мәнбірлердің диагностикасы;
акушер кабинетіндегі диагностикалық манипуляциялары, акушерлік диагностика;
емді тағайындау және бақылау;
шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және дәрігерлік көмек көрсету;
үйде және күндізгі ауруханада медбикелік күтім жүргізу;
үйде және күндізгі ауруханада акушерлік күтім жүргізу;
шұғыл жағдайларда акушерлік көмек көрсету;
сау ананы босандыру (ауруханада және үйде).
5. Реабилитациялық көмек
клиникалық хаттама бойынша реабилитациялық шараларды бірлестіру және бақылау;
санаторлық – курорттық емге жолдама беру.
6.Эпидемияға қарсы режимді қамтамасыз ету
жұқпаға қарсы қолданатын шараларды сақтау;
жұқпа ауруларын уақытында тауып емдеу;
жұқпа ошағында эпидемияға қарсы жиын өткізу;
санитарлық активтің жұмысын бірлестіру.
7.Тұрғындарға әлеуметтік - психологиялық көмек көрсету
әлеуметтік патронаж жүргізу;
психологиялық көмек көрсету;
денсаулық сақтау мектептерінің жұмысын бірлестіру.
