Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
І тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

Алдын алудың түрлері

Алғашқы алдын алу – бұл медициналық және медициналық емес іс шаралардың кешені, дамудың жалпы барлық регионалдық, әлеуметтік, жас мөлшерлік, профессионалдық мәні басқа топтар мен индивидтардың денсаулықтарының дамуының қалыпты күйініш ауытқуының алдын алуға бағытталған.

Алғашқы алдын алуға кіреді:

адам ағзасы үшін маңызды факторларға әсер ету шарасы (атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, ауыз су, тамақты сапасы мен құрамы, еңбек шарты т.б) , экологиялық және санитарлық гигиеналық скрининг жүргізу. Салауатты өмір салтың қалыптастыру, соның ішінде:

1. Тұрақты түрде әсер ететін ақпаратты- насихаттау жүйесін құру, денсаулық пен оған әсер ететің жағымсыз мәнбірлер туралы және оларды азайтудың әсері мүмкіндігі жайлы халықтың барлық категорияларының білімін арттыруға бағыттаған.

2. Санитарлық – гигиеналық тәрбиелеу.

3. Темекі шегудің таралуынан, ішімдікті пайдалануды азайту, есірткі мен есірткі заттарды пайдаланудың профилактикасы.

4. Халықты дене тәрбиесіне, туризмге және спортпен шұғылдануға тарту, бұл сауықтыру түрлерін оларға тиімді кекідігіне талпыну:

- Соматикалық және психикалық аурулардың дамуына іс шаралар жасау және маманды шартталған жарақаттарды, оның ішінде бақытсыздық оқиғаларды жол-көлік жарақатының мүгедектігінің дамымауына, сонымен қатар өлім жағдайларының болатынын ескеру.

- Алдын алу медициналық тексеруден өткенде іс шаралар қолдануға кері әсері бар қауіпті мәнбірлердің сатысын төмендету.

Алғашқы алдын алудың тексеру түрлері:

1. жұмысқа не оқу орнына қабылданғанда;

2. әскери қызметке шақырғанда, кіргенде;

3. қоршағандарға қаупі әсері бар мамандыққа кіргенде экспертизалық тексеру;

4. әлеуметтік маңызы бар аурулары- онкологиялық жүрек қан тамырлары, туберкулез т.б ерте тануға;

5. жалпы тамақтану, сауда, балалар мекемелерінің жұмысшыларын кең таралған аурулардың таралуының алдын алу мақсатында декретивті контингенттерн тексеруі;

6. халықтың әр түрлі топтарына иммунопрофилактика жүргізу.

7. денсаулыққа кері әсері бар мәнбірде болатын адамдарға сауықтыруды медициналық және медициналық емес сипаттамалы іс шараларды жүргізу.

Екіншілік алдын алу - медициналық, әлеуметтік, санитарлық – гигиеналық, психикалық және басқа іс-шаралар кешені, аурулардың өршіуін, аурудың қатерін болдырмауға, өмір қызметін шектеуге, соның ішінде аурулардың қоғамдағы адаптациясын, еңбек қабілеттілігінің төмендеуін бақылап іс шаралар жүргізуге бағытталған.

Екіншілік алдын алуға кіреді:

1. Бағытты санитарлық –гигиеналық тәрбие, оның ішінде жеке және топтық кеңес беру, пациенттер мен олардың жанұясына нақты ауруды түрімен жалпы аурулар туралы сұрақтарға жауап беру, сонымен қатар өткізу.

2.Денсаулықтың жай күйі динамикасын бағалап мақсатында диспансерлік медициналық тексерулер жүргізу; аурудың дамуын оған сәйкесті емдеу сауықтыру іс әрекеттерін жүргізуге көлемін анықтау; профилактикалық емдеудің және сауықтырудың курстары, соның ішінде емдік тамақтану, емдік дене тәрбиесі, медициналық массаж және сауықтырудың емдеу профилактикалық әдістемесі, санитарлы курорттық емдеу;

3.Медициналық тұрғыда денсаулықтың күйінің өзгеруіне психологиялық тұрғыдан азаптаушысы, ағзаның қажеттілігінің өзгерген мүмкіндігін дұрыс қабылдауды қалыптастыру.

4.Мемлекеттік жанамалық, медицина - әлеуметтік сипаттағы іс шаралар өзгермелі қауіпті мәнбірлердің әсерін төмендетуге бағытталған, қалған еңбек қабілеттігі мен әлеуметтік адаптация мүмкіндігін сақтау, аурулар мен мүгедектердің өмір қызметінің оптималды шартын туғызу.

Үшіншілік алдын алу (синонимы - реабилитация) - денсаулықты қалпына келтіру –- психологиялық, педогогикалық әлеуметтік іс шаралар кешені, көптеген өмір қызметін компесациялауға және нығайтуға, жөнелтілген функцияны қалпына келтіру әлеуметтік және мамандық статусты толығымен қалпына келтіруге бағытталған. Медицинадағы алдын алуда мейірбикелердің ролі ерекше. Олардың функциясын дәрігерлік нұсқаулар шектемеуі керек. Оған белсенді, халықпен жұмыс жасау. Жанұяның әлеуметтік статусын біле отыра оның әр мүшесінің денсаулық жағдайын білу, аурудың даму ерекшелігі және оның өтуі сеніммен беделге ие болып, ол тек ғана координациялық қызметпен ғана айналыспайды. Сонымен қатар нақты әр жанұя үшін қажетті ошағы аурулар мен оның мүшелері үшін олардың өмір шартына сәйкес, мейірбикелік күтімнің жоспарын іске асырады, олар ерекше назар бөледі, профилактика іс-шараларды жүзеге асырады.

Алдын алу шаралардың оған қоса мейірбикелердің амбулаторлық емханалық үрдістерінің өтуіне (емшекпен емізуге, гипертониялық аурулардың профилактикасында) қатысады. Мейірбикелік ұжымның алдын алу іс - шараларына және стационарда өткізілуіне мейірбикенің маңызы орасаң зор. Мейірбикенің істеген іс - әрекеті мейірбикелік істің өткізілуіне әсерін тигізеді (көбінесе өкпе қабынуында). Осыған орай стационарлар мен амбулаторлы - емханалық этаптар арасында қажеттілері: науқас жалпы тәжірибелі дәрігердің қағидаларын орындау, өзінің жаңа білім қалпын қаруландыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және оны бағалай білу.

Мейірбикелердің алдын алу істеген іс - әрекеті нәтижесінде амбулаторлық – емханалық және стационарлық үрдіс кең мағыналы болуы мүмкін, ол тек дәрігерлер көмегімен ғана қортылмайды, медбике – ағартушылық жұмыспен оқытылады. Салауатты өмір қалыптастыру, аурулардың денсаулығын сақтауға медбикелердің қосатын үлесін бағалау өте қиын. Мейірбикелердің мамандығының жоғары болуына ұқыптылық, белсенділік, науқастармен сыйласу және өзін сыйлау бұл салада үлкен үлес қосады. Демікпе, қант сусамырыі, артериалды гипертензиямен ауыратын науқастарға мейірбикелердің өзіндік жұмысының маңызды бөлігі болып табылатыны оның педогогикалық әсері. Соңғы мақсат әрбір мейірбикелердің науқастарда аурудың қалыпты өтуі, өмір сапасын қалыптастыру және асқынулардың санын төмендетуі болып табылады. Мейірбикелердің тапсырмасы болып аурудың этиопатогенезін және асқынуларын, оның медикаментозды немесе медикаментозды емес емдеу мүмкінділігін, шұғыл жағдайда науқастың өзінің жағдайын бақылау және жағдайы ауырлағанда өзіне – көмек көрсетуін оқыту әдісі. Сонымен қатар медбикенің өзі мүмкіншілігі жұмыс режимімен демалуды қалыпты бақылау, квалифицирленген кеңес беру, рационалды тамақтануға, әртүрлі жастағы физикалық күштің түсуіне, сондай және тағы басқа патологиялардыц қосатын үлесі зор. Мейірбикелердің алдын – алу жұмыстарына кіретіндер: жанұя жоспары, бұған қоса жоспарланбаған жүктілікті ескерту, жоспарланған қалаулы баланың болуы.

Осы жоғарыда көрсетілген медициналық жұмысын жүргізе алу үшін мейірбике ішкі ағзалар ауруларының себептерін, әсер ететін қауіпті мәнбірлерін, сырқаттың клиникалық бейнесін, диагностикасын, ем қағидаларын және де аурулардың алдын алу шараларын білу керек.