Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
І тарау.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

Ждт мейірбикенің құқығы

1.Еңбекті ұйымдастыру жұмыстарына керекті дәрі-дәрмек, саймандар және таңу материалдарымен қамтамассыз ету, сұраныстарына өз үлесін қоса алады.

2.Емдеу және алдын алу ұйымдастыру жұмыстарына қатысуы.

3. 5 жылда 1 рет білімін жетілдіру.

Ждт мейірбикенің жауапкершілігі

Өзінің мамандық жұмысының орындалуына, медициналық көмек көрсетілуіне және науқас денсаулығына зиян келтіруі немесе өліміне заң алдында жауапты.

Ждт алғашқы тізімге алу құжаттары

  1. Амбулаторлы науқастың медициналық картасы –025/”У”.

  2. Сәбидің даму тарихы – 112/”У”.

  3. Жүкті және босанған әйелдің картасы –111/ ”У”.

  4. Жүктіліктің алмастыру картасы –113/”У”.

  5. Жұқпалы аурулар, улану, екпенің кері әсері туралы- 053/”У” бойынша шұғыл хабарламаны береді.

  6. Туберкулез, венерологиялық аурулар, трихофития, микроспора, фавус, қотыр, трахома, психикалық аурулар және алғашқы аурулардың өмірде қойылған диагнозы туралы 089/”У” арқылы хабар береді.

  7. Жұқпалы ауруларды есепке алу журналы.

  8. Науқасқа бірінші рет қойылған диагнозы: рак және басқа да қатерлі ауруларды- 090/”У” бойынша хабарлайды.

  9. Амбулаториялық науқас талоны –025/”У”.

  10. Әскерге шақырылушының емдік картасы –053/”У”.

  11. Дәрігерді үйге шақырушының кітабы –031/”У”.

  12. Үйде босануға көмектесуге арналған журнал –032/”У”.

  13. Жұмысқа жарамсыздығы туралы қағазды тіркеу кітабы –036/”У”.

  14. Уақытша жұмыстан науқас баланы күтуге арналған анықтама –138/”У”.

  15. Өлім туралы дәрігерлік куәлік –106/”У”.

  16. Учаскелік мейірбикенің үй аралап есепке алу туралы дәптері –116/”У”.

  17. Процедураларды есепке алу журналы –029/”У”.

  18. Санитарлық ағарту жұмысын тіркеу журналы -038/”У”.

  19. Емхана мен үйге келуі туралы есепке алу –039/”У”.

  20. Қортынды диагнозды тіркеуге алу үшін статистикалық талоны –025/”У”.

Жтм өзіндік жұмысы.

Жалпы тәжірибедегі мейірбикенің өзіндік жұмысының негізгі формасы болып ауруларға үйінде белсенді патронаж өткізу және емханаға өзіндік қабылдау, науқасқа екпені егу.

Науқасқа белсенді патронаж. Мейірбикенің өзіндік жұмысының негізгі бөлімі үйге бару болып табылады. Науқастарды патронажға тіркеу дәрігермен өткізіледі. Бұл көбіне созылмалы ауруларда, аурулардың асқынған кезеңінде болады. Патронаж кезінде ЖТД науқасты мейірбикемен бірге қарайды. Бұл кезде жағдайының ауырлығы анықталады, аурудың негізгі белгілері талқыланады, белгіленген емдері, дәрі-дәрмектердің әсер ету механизімі, күтілген терапиялық нәтижесі, осы және басқа жағдайдағы мейірбикенің тактикасы. Патронаж кезінде мейірбикенің тапсырмасына науқастың жағдайын бақылау, емдәм және төсек тәртібін сақтауы, дәріні дұрыс қабылдауы кіреді.Мейірбикелік патронаждың өте қажетті компаненті науқасқа өзіндік жағдайын бақылауға, жағдайы нашарлағанда өзіне көмек көрсетуін үйрету. Науқастың жанұясының мүшелеріне күтімнің қабылдануы мен ережелерін үйрету, қарапайым медициналық манипуляцияларыды дәрігерге дейінгі көмекті көрсету.Бір мезгілде жүргізілетін жұмыс түсіндірілуінде жанұя мүшелерінде ауру дамымауы үшін санитарлық ағарту жұмыстарын өткізеді.

Науқастың халі ауырлаған кезінде, әлеуметтік жағдайлар мен госпитализацияға алынбауында, науқастың өзінің бас тартуы кезінде стационар үйде ұйымдастырылады. Кәдімгі патронаждан үйдегі стационардың айырмашылығы мейірбике науқастарға интенсивті көмек береді, көк тамырға тамшымен құйылатындар және басқа екпелер, бактериологиялық тексеруге материалдар жинау, ЭКГ түсіру және т.б

Емханада науқасты мейірбикенің өзінің қабылдауы электрограф, тонометр, көздің ішкі қысымын анықтайтын таблица, салмақ өлшейтін тараз, бой өлшенетіні бар бөлмеде өткізіледі. ЖТМ өзіндік қабылдануының қажетті бөлімі болып диспансерлік аурулармен жұмыс істеу жатады.