Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет-ка неор.хим фарм 1-курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
424 Кб
Скачать
☆

7. Бақылау:

1. KMnO4 неліктен күшті тотықтырғыш болып табылады?

2. Неліктен №2 тәжірибеде KMnO4 тотықсыздану өнімі түрліше?

3. Қандай ортада KMnO4 тотықтырғыштың қасиеті күшті болады?

4. Не үшін нитридтер тотығу-тотықсызданулық екіұдайлылық қасиетін

көрсетеді?

5. РО2- ионда фосфордың тотығу дәрежесі … тең.

а) -3 в) +3 с) -1 д) +1 е) +2

6. Тотығу процесі:

а) с)

б) д)

7. Екі жақтылық тотығу тотықсыздану қасиет … көрсетеді.

а) Nа2S в) К2FеО4 с) NаNО2 д) СО2 Е) F2

8. К2Сr2О7 реакциясында Сr2(SО4)3 айналу кезіндегі эквиваленттік факторы …

тең.

а) 1/2 в) 1/3 с) 1/6 д) 1 е) 5

9. реакцияда тотықтырғыш

коэффициенті ... тең.

а) 2 в) 4 с) 6 д) 8 е) 10

№9 Сабақ

1. Тақырыбы: Кешенді қосылыстардың алынуы және қасиеттері.

2. Мақсаты: Студент кешенді қосылыстардың негізгі құрылыс теориясын мен олардың түзілуін білуі тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Студент кешен түзу реакциясындаға қосылыстардың

қасиеттерін болжауды үйренуі керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Кешенді қосылыстардың құрылысы.

  2. Кешен түзуші мен лиганда арасындағы химиялық байланыстың табиғаты қандай?

  3. Кешенді қосылыстарды қалай алады? Мыс амиакатын алудың реакция теңдеуін жазыңыз.

  4. Кешенді қосылыстардың тұрақтылығын қандай шамамен анықтайды?

[Cr(NH3)2СІ]+ кешенді қосылысының тұрақсыздану константасын жазыңыз.

  1. Кешенді қосылыстарды қалай алады? Мыс амиакатын алудың реакция теңдеуін жазыңыз.

  2. Келесі кешенді қосылыстарды атаңыз:

К2[Cu(СN)4]; [Zn(Н2О)2(NH3)2]СІ2; Nа2[Рt+4(СN)-14СІ2-2]

  1. Кешенді қосылыстардың биологиялық рөлі және фармацияда қолданылуы.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: кіші топпен жұмыс,

зертханалық жұмыс.

Зертханалық жұмыс

1-тәжірибе. Кешенді қосылыстардың алынуы.

а) Мырыш амиакатының түзілуі.

1мл мырыш ацетаты ерітіндісіне мырыштың негіздік тұзының ақ тұнбасы түскенше амиактың судағы ерітіндісін баяу тамшылатып қосыңыз. Кейін осы тұнба ерігенше аммоний гидрототығының концентрлі ерітіндісін тамызыңыз. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.

б) Мыс амиакатының түзілуі.

Мыс сульфатының 1мл ерітіндісіне мыстың негіздік тұзы түскенше амиак ерітіндісімен әрекеттестіріңіз. Алынған тұнбаға ерігенше амиак ерітіндісінің артық мөлшерін құйыңыз.

2-тәжірибе. Кешенді қосылыстардың диссоциациясы.

Сынап (ІІ) нитраты ерітіндісінен сынауыққа 1мл құйыңызда, оған тұнба түскенше калий бромидінің ерітіндісін тамызыңыз. Кейін тұнбаны калий бромидінің аз мөлшерінде ерітіңіз. Алынған ерітіндіні калий иодидінің ерітіндісімен әрекеттестіріңіз. Мұнда сынап (ІІ) иодиді тұнбаға түседі. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңыз.

3 -тәжірибе. Хром ІІІ аквокешендерінің гидраттық изомериясы.

Екі сынауыққа хром хлоридінің бірнеше кристалдарын салыңыз да екеуіне де 10 тамшыдан су қосыңыз. Бірінші сынауықты жылытқышта қыздырыңыз. Ерітіндінің түсі қалай өзгергенін байқаңыз. Хром аквокешендерінің қайсысы бөлме температурасында тұрақты? Келтірілген изомерлердің рационалдық атауын беріңіз.