Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет-ка неор.хим фарм 1-курс каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
424 Кб
Скачать
☆

6. Әдебиет:

  1. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К. «Бейорганикалық химия», Оқулық. Шымкент, 2007ж. 187-220 бет.

  2. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К., Серимбетова К.М., Бухарбаева А.Е. «Бейорганикалық химия пәнінен практикум», Шымкент, 2012ж, 106-125б.

  3. Піралиев С.Ж., Жайлау С.Ж. т.б, “Жалпы химия”, Алматы., 2003ж, 237-284б

  4. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. «Жалпы химия» Алматы, 1998ж, 544-581б.

  5. Аханбаев К.А. «Химия негіздері». Алматы, 1999ж.

  6. Өтелбаев Б.Т. «Химия» Алматы, 1998ж, 7-том.

  7. Остапкевич Н.А. «Бейорганикалық химия практикумы», Алматы, 1992ж, 106-124б.

  8. Дәрістер.

7. Бақылау:

1. Қандай ортада хромат, ал қандай ортада бихромат тұрақты? Олар түстері

бойынша қалай өзгешеленеді?

2. Неліктен манганаттардың жасыл түсі өздігінен және тез күлгін түске

өзгереді?

3. Неге мыс тұз қышқылымен сұйылтылған күкірт қышқылында

ерімейді?

4. Электрондық баланс әдісімен реакцияны теңестіріңіз:

а) Zn + NаNО3 + NаОН + Н2О → Nа2[Zn(ОН)4] + NН3

б) НgСІ2 + НСІ + SnСІ2изб. → Нg + Н2[SnСІ6]

5. Неліктен сынап (І), (ІІ) гидроксидтері түзілмейді?

6. Сынаптың «суб» деп аталатын қосылысы:

а) Нg(ОН)2 б) Нg(NО3)2 в) НgО г) Нg2О д) Нg

7. реакциясында

тотықсыздандырғыштың эквиваленттік факторы:

А) 1/3 В) 1/2 С) 1/4 Д) 1/5 Е) 1

8 Қай гидроксид сілтіде ериді:

А) Сr(ОН)2 В) Сr(ОН)3 С) Са(ОН)2 Д) Мn(ОН)2

9. 5г Сr2S3 суда еріткенде алынған тұнбаның массасы... тең.

А) 5,15г В) 1,03г С) 20,6г Д) 4,12г Е) 10,3г

10. Сr2О72- ионын сапалық реакциясында

... түзілуімен анықтайды.

А) жасыл түстің В) эфир қабатының көк сақинасының

С) түссізденуінің Д) газ көпіршіктерінің

11. FeCl3+H2SS+… реакциясында тотықтырғыштың эквиваленті... тең.

а) 1/2 б) 1/1 в) 1/3

12. Тұз қышқылында темірді еріткенде түзіледі:

а) FeCl3 б) FeCl2 в) FeOCl г) H(FeCl4) д) FeOHCl2

№12 сабақ

1. Тақырыбы: іііа – va топтардың р- элементтері, олардың қосылыстары мен қасиеттері.

2.Мақсаты: Студент IIIА – VА топша элементтері қасиеттерінің

өзгеруінің жалпы заңдылықтарын білуі тиіс.

3. Оқыту мақсаты: Студент құрамына IIIА – VА топша элементтері

кіретін заттардың химиялық әрекеттесу нәтижесінде

пайда болған өнімдерді алдын-ала болжау дағдыларын

үйренy керек.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. ЭПЖ бойынша III-А - VА топша элементтерінің сипаттамасы.

  2. Бор. Жай заттың химиялық активтілігі. Бордың қосылыстары.

  3. Бор ангидриді. Бор қышқылы, оның қасиеттері, тұздары.

  4. Алюминий. Жай заттың химиялық активтілігі, алюминийдің қосылыстары мен қасиеттері.

5. Көміртегі, кремний, германий, қалайы, қорғасынның мүмкін болатын

тотығу дәрежелеріне сипаттама беріңіз.

6. VА топша элементтер қосылыстарының қышқылды-негіздік және

тотығу-тотықсыздану сипатының өзгеруі.

7. Азот. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі бойынша жалпы сипаттама. Азот атомының электрон құрылымының орналасу ерекшеліктері. Азот негізіндегі бірлік заңы және тартылыс күштерінің бейнесі.

8.Азот молекуласының құрылысы. Әртүрлі тотығу дәрежелерімен қосылыстарының көптүрлілігі. Молекулалы азоттың активтілігінің төмен болу себебі.

9.Теріс тотығу дәрежелерімен қосылысы. Аммиак, гидразин, гидроксиламин. Аммиак және оның қасиеті мен қосылу, орын басу, тотығу реакциялары.

10.Азоттың оң тотығу дәрежелерімен қосылысы. Стереохимия және оксидтер, байланыс табиғаты. Қышқылды-негіздік, тотығу-тотықсызданудың екі жақтылығы. Азот қышқылы және нитрит-ионы.

11.Массасы 400г суда 700л аммиак ерітілді. Қалыпты жағдайдағы ерітіндідегі аммиактың массалық үлесін анықтаңыз.

12.Нитраттардың термиялық ыдырау өнімдерін жазыңыз:

а) Ca(NO3)2t б) Al(NO3)3t в) AgNO3t

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптармен жұмыс, есептер шығару, тест-бақылау