- •Биологияны оқыту әдістемесі пәнінен зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •5В011300-"Биология"мамандығы бойынша
- •3 Кредит
- •Мазмұны
- •Лекция: 15 сағат
- •Зертханалық жұмыс № 1
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 3
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №2
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №4
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс № 7
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 9
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №11-12
- •Тапсырма:
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №15
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №16
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 17
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №18
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №19
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №20
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №21
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №22
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №23
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 24
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс № 25
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №26
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №27
- •Тапсырмалар:
- •Зертханалық жұмыс №28
- •Тапсырмалар:
- •10 «Б» сыныбына арналған қолданбалы курстың
- •Зертханалық жұмыс №29
- •Тапсырмалар:
- •В.Ф. Шаталовтың тірек конспектісі
- •Зертханалық жұмыс №30
- •Тапсырмалар:
- •Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
Лекция: 15 сағат
Зертханалық сабақ: 30 сағат
ОБӨЖ: 45 сағат
БӨЖ: 45 сағат
Пәндік құзіреттіліктер төмендегідей сипаттарға ие
Биологияны оқыту әдістемесінің тұжырымдамалық және теориялық негіздерін, оның педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылықтарын, даратылыстануды оқыту әдістемесінің даму тарихы мен жолдарын игерген;
Орта білімнің ерекшеліктерін түсінеді, әр жастағы балаларға білім беруде сабақтастықты іске асыратын құралдарды меңгерген;
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың әдістерін, тәсілдерін, технологиясын меңгерген;
Бақылаулар мен тәжірибелер нәтижелерін педагогикалық тұрғыдан талдау әдістерін және компьютерлік үлгілеуді қолдануды игерген,
Оқу нәтижесіне бағытталған педагогикалық іс-әрекеттер алгоритмін қолданады.
Пәнді оқыту үшін пререквизиттер тізімі:
Ботаника (систематика, өсімдіктер физиологиясы, анатомиясы);Зоология (омыртқасыздар және омыртқалылар);Жануар және адам физиологиясы;Генетика, Цитология. Эволюциялық ілім, Биохимия, Биологияға кіріспе, Педагогика.
Пәнді оқыту үшін постреквизиттер тізімі:
Салыстырмалы психология
Әлеуметтік экология
Педагогикалық практика
Пәнаралық байланыстар:
«Психология», «Педагогика», «Философия»
Зертханалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Биологияны оқытудағы ҚР жалпыға міндетті мемлекеттік стандарт, типтік бағдарламалар, оқу бағдарламаларының құрылымы
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының жалпыға білім беру стандарты, типтік бағдарлама, оқу бағдарламаларының құрылымымен танысу, талдау.
Көрнекіліктер: ҚР Мемлекеттік стандарты, типтік бағдарлама, әдістемелік нұсқаулар, оқулықтар т.б.
Тапсырма
1.Мемлекеттік стандартты талдау, сараптау
2.Типтік, оқу бағдарламаларды талдау
Қысқаша мәлімет
Білім берудің Мемлекеттік стандарты дегеніміз-осы саладағы мемлекеттік норма ретінде қабылданатын параметрлер жүйесі. Білім мазмұнының құрамы мен құрылымы, оқу жүктемесінің көлемі, оқушылардың дайындық деңгейі, оқу нәтижелерінің өлшемдері.
Оқу бағдарламасы әр оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білім мазмұны мен мөлшерін, білік пен дағдыларды және оқу жылдары бойынша бөлінген бөлімдер мен тақырыптардың мазмұныны анықтайтын құжат болып табылады. Сонымен қатар бағдарламалар мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекетін анықтайтын нормативтік құжат. Бағдарлама білім мазмұны арқылы оқыту мақсаттары жүзеге асырылатын нормативтік құжат белгісі түрінде және сабақта м ұғалімнің сол мазмұнды ашатын қызмет құралы ретінде болуы тиіс. Бағдарламаға қойылатын жалпы талаптарға олардың толықтығы, нақтылығы, процессуалдық сипаты жатады.
Толықтық дегеніміз алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін жеке тұлғаны дамыту, оны оқушылардың ақыл-ойының дамуы мен тығыз байланыстырып, ең соңында негізгі көрсеткіштер ретінде алған білімді қолдана алу және қосымша білім алу біліктерін ескере отырып, бағдарламаға барлық қажетті және жеткілікті мазмұн элементтерін енгізу болып табылады.
Нақтылық дегеніміз бағдарламаны құрал ретінде пайдаланып, берілген мазмұнды нақты оқу процесіне енгізу жолдарын көрсететін барлық элементтердің нышандары, сипаттаулары, байланыстары.
Процессуалдық деп білім мазмұнының оқыту процесі мен бірлігін көрсететін бағдарламаның құрылымы түсініледі, барлық элементтерінің жүйелі орналасуы мен өзара байланысын, оларды меңгерудің іс-әрекеттік жағын, оқытудың негізгі мақсаттарына жетудің дәйекті кезеңдерін, белгілі мөлшерде әдістерді, оқытуды ұйымдастыру формалары мен құралдарын айқындайды.
Пысықтау сұрақтары:
Білім берудің Мемлекеттік стандарты дегеніміз не?
Мемлекеттік стандарттың қолдану саласы?
Типтік бағдарламалар дегеніміз не?
Оқу бағдарламалардың құрылымы қандай ?
