Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168 Кб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс № 7

Сабақтың тақырыбы: Биологияны оқыту әдістемесінің даму тарихы.

Сабақтың мақсаты: Биологияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен танысу.

Көрнекіліктер: оқулықтар, кесте.

Тапсырмалар:

1. Биологияны оқыту әдістемесінін пайда болуы.

2. Мектеп жаратылыстануы әдістемесінің XIX ғасырдан бергі дамуы.

Қысқаша мағлұмат

Биологияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы сыртқы қоршаған орта жағдайын игерумен байланысты жаратылыс тарихы ғылымынан басталады. Табиғатты бақылау және практикалық білімдер, одан соң ботаника мен зоологияның дамуы - ғасырлар бойы жинақталған деректер нәтижесі болды.

Әдістеменің алғашқы элементтері тірі табиғатты оқып үйрену мақсатгарының мәнін түсіну үшін оқу практикасында, пәннің мазмұнын және оны оқу тәсілдерін таңдап алуда туды.

Табиғат қүбылыстарына қатысты сұрақтар білім беру мазмұнына бұрыннан қосылып келгендігін мектеп жаратылыстануы тарихынан көруге болады.. Мектеп жаратылыстануының мазмұны алғашкы кезеңдерде ғылымнан алшақ болып, негізінен діни бағытта болды.

XVI - XVII ғасырларда негізге византиялық авторлардың шығармалары алынды. Көбінесе оларды аударулар мен қолдан - қолға бірнеше қайта көшірулер кезіндегі құнды материалдардың ғылымилылығының толық жойылуына себеп болды.

Жалпы алғанда мектептік білім беру, оның ішінде биологиялық білім беру Ф Бэкон (1561-1621) негізін жасаған ғылыми танымның әдіснамасы әсерінен болды. Оның негізгі идеялары мыналар:

-білімнің жалғыз қайнар көзі - сезімдік тәжірибе: барлық білім тәжірибеде негізделеді және сол арқылы (эмпиризм) беріледі; практикалық пайдасы (утилитаризм): «білім - күш»;

- тәжірибе жолымен табылған (индуктивизм), деректерді қорыту арқылы зандылықтарды аныктау;

- зейінді тек құбылыстар себебін тануға шоғырландыру (каузализм);

- күрделіні қарапайымға келтіру арқылы тану (редукционизм;)

Барлық осы ережелер бірімен-бірі тығыз байланысты және бір-бірін толыктырып тұрады.

Жаратылыстану пән ретінде Ресейде алғаш рет ХҮПІ ғасырдың соңында мектептерге енгізіле бастады. Жаратылыстану оқулығында алғаш қүрастыруға Василий Федорович Зуев шақырылды.

Осы оқулығында В.Ф. Зуев жаратылыстану пәндерінің оқылу ретін мынадай түрғыда аныктаған:

- қазбадағы патшалык (өлі табиғат);

- текке күнелтетін патшалық (ботаника); (Зуевтің кезеңінде өсімдіктер қыста «үсіп кететіндер» деп аталған).

- жануарлар патшалығы (зоология). В. Ф. Зуевтің осы оқулығы жаратылыстанудың пән ретінде басталуы болды. Ол жекелеген өсімдіктер мен жануарлардың сипаттамасын берді, олардың биологиясы, және адамның пайдалануы айтылды. Өсімдіктердің жа.сушалық» құрылысы туралы да айтылады. Оқулыктың осындай мазмұны жаратылыстануға деген қызығушылық тудырды және кең практиқалық мәліметтер берді. Оқулықта көптеген деректік материалдар келтірілген, онда 148 өсімдік және 157 омыртқалы жануарлар сипатталған, систематикаға жалпы еліктеусіз және қарапайым тілмен жазылғандықтан оқуға жеңіл болды.

Окулықта құдай туралы бір де сөз айтылмайды, діндарлық және фантастикалық жануарлар сипатталмайды. «Дене кұрьілысы бойынша адам баска аңдар сияқты жануар...» деп те В. Ф. Зуевтың жазғаны бар.

Сөйтіп алғаш рет ғылым мен мектептің оқу пәнінің айырмашылығы берілді және қарапайым оқу нысандарына әдістемелік таңдау жасалды.

В.Ф. Зуев жаратылыс тарихы оқытылуының практикалық мәселелерін шеше отырып, әдістеменің бірқатар проблемаларын айқындап берді: Ғъілым мен оқу пәнінің өзара байланысы; мазмұнның ғылымилылығы;

Оқу пәнінің құрылымы (қарапайымнан курделіге қарай, өлі табиғаттан өсімдіктерге дейін, онан соң жануарлар мен адамды оқуға); оқылатын нысанның монографиялық сипатталуьі; оқытудағы көрнекілік пен табиғи заттардың рөлі; оқытылатын материалға деген қызығушылыктың дамытылуы; ғылыми - жаратылыстык білімнің практикалык маңызы (оқудың өмірмен байланысты);

Орта және жоғарғы мектептегі оқыту әдістемесінің өзара байланысы. Сонымен академик В. Ф. Зуев Ресейде биологияны оқытудың әдістемесіне бастама салды және шын мәнінде оның негізін салушы болып есептеледі.

Жаратылыстанудың алғашқы әдістемесін 1840-шы жылдары Германияда мұғалім Август Любен жазды (1804 - 1873). А. Любен де тамаша чех педагогы М А. Коменский сияқты (1592 - 1670), жаратылыстануды оқу-қарапайымнан күрделіге қарай, белгіліден белгісізге қарай, нақтылыдан жалпылыға карай, яғни индуктивтік жолмен жүзеге асырылуы керек деп есептеді. .

Өзінің әдістемесінде ол оқуда мына мәселелерге көңіл аударуды ұсынады: - өсімдіктер флорасына қатысты танымда олардың көптүрлілігіне - осы көптүрліліктің негізінде жатқан бірлікті тану; өсімдіктер тіршілігін танып білу; өсімдіктер формаларының тіршілігін және көптүрлілігін тудыратын заттар мен күштерді танып білу.

Любеннің пікірі бойынша ботаникада барлық мүмкіндіктер бар, олар: сезімді, әсіресе көзді өткірлендіруге, дұрыс ойлауды жаттықтыруда, табиғаттағы әсемдікке және жалпы әсемдікке деген сезімнің оянуына, зерттеушілікке деген құлшынысының оянуы және осыдан туындайтын өзбеттілік құтқарушылық және өздігінен істеушілік».

А Любен жаратылыс тарихын оқытудың . пайдалы екенін жазды.

Жаратылыстануды оқытуды дұрыс жолға қоюдың тәрбиелік әсерінің зор екендігін атап көрсетті. Жаратылыстануды оқытуда мектепте және танымжорықтарда өздік (дербес) жұмыстардың маңызы зор деп санап оны бірінші орынға қойды, балалардың зерттеушілік дағдыларын дамыту қажеттігін айтты. Любеннің әдісі бойынша әуелі оқушылар жергілікті табиғаттан тандап алынған органикалық әлемнің жекелеген өкілдерімен танысады

Қазақстанда биологиялық білім берудің міндеттерін шешуде алғаш рет еліміздің аймағының этнолингвистикалық және экологиялық-географиялык жағдайларын ескеріп, оқушыларда натуралистік рефлексия тудыруға мүмкіндік жасайтындай тиімді әдістемелік жағдай жасайтын бірінғай биологиялық білім беру тұжырымдамасы (концепция) қажет болды.

Пысықтау сұрақтары:

  1. Биологияны оқыту әдістемесі қандай ғылымдармен байланысы бар?

  2. Биологияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуына үлес қосқан шет ел ғылымдарының еңбектері?

  3. Биологияны оқыту әдістемесі ғылымының Қазақстанда дамуы?

  4. Қазақстанда биологияны оқыту әдістемесінің дамуына дамуына үлес қосқан ғалымдар?