Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мпб лаб 24.04 законченный.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168 Кб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс №4

Тақырыбы: «Биология» пәнінен жылдық, тақырыптық сабақтардың жоспарларын құру

Сабақтың мақсаты: 8-9 сыныптарға арналған «Биология» пәніне жылдық, тақырыптық, жоспарын құруды үйрену.

Көрнекіліктер: Оқулықтар, оқу бағдарламалары және т.б.

Тапсырма

1. 8-9 сыныптарға арналған оқу бағдарламаларының көмегімен жылдық жоспар құру.

2. 8-9 сыныптарға арналған биология пәнінен күнтізбелік-тақырыптық жоспар құру.

Қысқаша мағлұмат:

8-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Адам және оның денсаулығы» бөлімін оқып білу болып табылады. Алдымен ұлпа жасушасының, мүшелер және мүшелер жүйесінің, тұтас организмнің құрылысы туралы білімдерді қамтитын жалпы мәселелер қарастырылады, одан кейін организм қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуі оқылады. Адамның биологиясын барлық қырынан қарап зерттеу анатомия, морфология, физиология, адам гигиенасы, салыстырмалы цитология және гистология арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар қоршаған ортада және адамның тіршілігінде жүріп жатқан заңдылықтар мен процесстер (зат және энергия алмасу, онтогенез) туралы білімді меңгеру, күрделі емес тәжірибе-эксперименттік мәселелер шешу; салауатты өмір салты түсінігін меңгеру, оқыған материалына талдау жасап, жіктеп, кесте құрып, сызбанұсқалар құрастырып үйрену; ақпаратпен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін оқып үйрену, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін игеру және адамның жасушасы, мүшелер және мүшелер жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

9-сыныпта биологияны оқудың ерекшелігі «Жалпы биология негіздері» бөлімін оқып білу болып табылады. Биологияны оқытудың негізі – тірі организмдердің жалпы құрылымдық ұстанымдарын меңгеру, «Жердегі тіршіліктің пайда болуы» туралы түсінік қалыптастыру; «эволюция ілімі, генетика және селекция негіздері, организмдер мен ортаның арақатынасы» туралы білім беру, сонымен қатар тірі организмдердің негізгі құрам бөліктері және қасиеттері туралы біліктіліктерін қалыптастыру, тірі организмдер жасушасының құрылысы мен қызметі, реттелуі және гомеостаз, көбейуі мен дамуы ұғымдары бойынша Жалпы биология білімдерін оқушылар меңгереді. Биология пәнін оқыту арнайы кабинетте, оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және зертханалық аспаптар, ғаламтор, техникалық оқыту құралдармен жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады. Білім берудің негізгі орта деңгейінде оқушылардың жеке дамуы жалғасады, игерген білімдерін табиғатты тиімді пайдалануға және табиғатты қорғауға медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология салаларында пайдалануы іске асырылады. Оқушылар тәжірибе жүзінде салауатты өмір салты және адам гигиенасы бойынша білімдерін пайдаланады; тіршіліктің мәнін ең жоғарғы құндылық ретінде түсінгенін көрсетеді.

Пысықтау сұрақтары:

1.Жылдық күнтізбелік жоспар дегеніміз не ?

2.Тақырыптық жоспар қалай құрылады?

3.8 сынып «Биология» оқулығы қанша сағатқа бөлінген?

3. 9 сынып «Биология» оқулығы қанша сағатқа бөлінген ?

Зертханалық жұмыс № 5

Тақырыбы: Жаратылыстану-математика бағатындағы 10-11 сыныптарға жылдық, тақырыптық сабақтардың жоспарларын құру

Сабақтың мақсаты: жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11 сыныптарға арналған «Биология» пәніне жылдық, тақырыптық, жоспарын құруды үйрену.

Көрнекіліктер: Оқулықтар, оқу бағдарламалары, күнтізбелік тақырыптық жоспар және т.б.