Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы,кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы.
Бірінші өндірістік практиканы Орал қаласында Зачаган кентінде орналасқан «Құмаршық» тойханасында өттім. «Құмаршық» тойханасы 2013 жылы 1 желтоқсанда ашылды. Құмаршық - бір жылдық өсімдік. Биіктігі 20-100 см, желісі 3,5-5,5 мм түксіз, үлпілдек қанатты. Тұқымының ұзындығы 1,3-2мм, түсі қызыл. Құмды жерлерде өседі. Қой, түйе жейді, сүрламге де салынады. Тұқымынан ұн, май алынады. Ертеде Құмаршықты құнды әрі нәрлі тағам ретінде пайдаланған. Құм тоқтату үшін де егіледі. Бөкей ордасы, Жаңақала, Қаратөбе аудандарында кездеседі. Тойхананың жұмыс жасау уақыты 12.00-2.00. Тойхана – қонақтарға түрлі тағамдарды, сусындарды, кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ фирмалық және даярлануы күрделі тағамдардың ауқымды мәзірін ұсынатын тамақтандыру мекемесі болып табылады.Тойхана сервистік бөлме, үлестірме бөлмесі, ыдыстарды жуу бөлмесі жәнебанкет залынан тұрады.«Құмаршық»тойханасы- ол үйлену тойларды, мерейтойлар, құдалық, туған күн, салтанатты кештер және кез-келген ерекше оқиғаларды өткізуге арналған мейрамхана.Жарық және кең залда 120 адам орналасады.Мейрамхана интерьеріне келетін болсақ стилі көзді тартып, мейрамханада көбірек уақыт өткізуге қалауыңызды туғызады. Мейрамхананың кулинарлық бағыты классикалық стильде.Ас мәзірі қазақ тілінде ұсынылады.Қауіпсіздік техникасы сақталған,барлық жерде төтенше жағдай кезінде дабыл орнатылған. Сонымен қатар гардероб, қол жуатын бөлме, әжетхана бөлмелері бар.Сервизді бөлме ыдыстарды, аспаптарды, дастархандарды сақтау және даяшыларға беру үшін жабдықталған. Ол асханалық ыдыстарды жуу бөлмесінің жанында орналасқан. Бұл жерде шкафтар және стеллаждар сөрелерде ыдыс, аспаптар орналасады. Мейрамханада асханалық ыдыстарды жуу бөлмесі ыдыстар мен аспаптарды жууға арналған. Жуу бөлмесі сервизді бөлменің жанында және банкет залымен, үлестірме бөлмесімен ыңғайлы байланыста. Негізгі ыдыс жуу бөлмесінің құралы - ванналар және ыдыс жуу машиналары. Бұл жерде стакан жуу үшін арнайы щеткасы бар машиналар қолданылады. Кептіргіш шкафтар, стеллаждар таза ыдыстарды қою үшін пайдаланылады. Қонақтарға қызмет көрсету кезінде ыдыстарды подносқа жинайды немесе арнайы арбаға салады. Ыдысты жумастан бұрын қалдық тағамнан босатады және өлшемі бойынша жууға жібереді.Келушілерге арнайы дайындықтан өткен даяшылар қызмет көрсетеді.Сусындар мен тағамдарды жоғары білікті аспазшылар дайындайды. Мейрамхана қызметкерлері тарапынан жеке гигиена ережелері қатаң сақталады. Шкафтар асханалық киімдер мен жеке киімдерге арналған бөлме бөлінген. Қызмет көрсетушілер бірдей киім киеді.Ас мәзірі тұтынушыға түсінікті жазылған.
Кешкі уақыттардағы мейрамхананың сыртқы түрі дұрыс жарықтандырылған. Мейрамханаға кіретін есік бір уақытта қарама – қарсы бағыттағы қозғалыстағы, яғни кіру және шығуды қамтамасыз етілген.
Кіретін есіктің жоғарғы жағында жабық қалқа бар. Себебі олар жаңбырлы не қарлы күндері келушілер қолшатырларын қағып, аяқ киімдерін тазалап алуға мүмкіндік береді. Есіктің құрылысы ашылу кезінде қиындық тудырмайды. Мейрамханада кіре берісте металл торлар бекітілген, олар аяқ киімді тазалауға арналған. Мейрамхана энергияның барлық түрлерімен қамтамасыз етілген, яғни жылумен, тоңазытқыш, желдеткіш, газ плита, электр қуатымен. Кәсіпорынның түрін, класын, атын, жұмыс істеу тәртібін, көрсетілетін қызмет түрлері жазылған белгісі бар.Есікке ілінетін хабарламаларды металдан немесе органикалық шыныдан жасайды. Мейрамхана вестибюлінде жарық табло құрылған, ол арқылы залдағы орындар көрініп тұрады. Гардероб – вестибюльде орналасқан, металл ілгіштермен жабдықталған. Ілгіш саны кәсіпорындағы орын санымен тең. Дәретханаларда ыстық және салқын су, айна, ауа озонаторлары, сұйық сабын бар.
«Құмаршық» мейрамханасының ішкі көрінісі сурет-1 көрсетілген
