- •1 Салық органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері
- •1.1 Салық қызметін ұйымдастыру принциптері, құрамы, құрылымы
- •1.2 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің салық комитеті
- •1.3 Жергілікті салық органдарының қызметі
- •2 Салық органдары қызметінің қазіргі жағдайын талдау
- •2.1. Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсумдерді талдау
- •2004-2005 Жж. Мемлекеттік салықтар мен төлемдердщ респуолика
- •2.2 Салықтармен бюджетке төленетін басқа міндетті телемдердің түсуінің қазіргі жағдайын талдау (оқо мысалы негізінде)
- •2005 Жылғы негізгі салық түрлерінен түскен түсімнің жалпы көлемі
- •2004-2005 Жж. Салықтар мен төлемдердің республика бойынша түсімдері
- •2005 Ж. Оңтүстік Қазақстан облыс бойынша салықтар мен алымдардың
- •2004-2005 Ж I -тоқсан бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының кірісінің орындалу көрсеткіштері
- •3 Салық органдарының қызметін ұйымдастырудағы әлемдік тәжірибе және олардың тиімділігін арттыру жолдары
- •3.1 Салық органдарының қызметін жетілдірудегі шетел тәжірибесі
- •3.2 Салық органдарының қызметінің тиімділігін арттырудағы мәселелер және оны шешу жолдары
2 Салық органдары қызметінің қазіргі жағдайын талдау
2.1. Республикалық бюджет деңгейінде салықтық түсумдерді талдау
Мемлекеттік бюджетке 2005 жылда 1022,3 млрд. теңге түсті. Ал салықтық түсімдер 965,801 млрд. теңгені, салықтық емес түсімдер - 565,5 млрд. теңгені қүрады.
2005 жылдың 1 қаңтарына Республикалық бюджетке түскен түсімдер көлемі 2063 млрд. теңгені қүрады, бүл 2003 жылдың тиісті кезеңінің (565,3 млрд. тенге) деңгейінен 27,7 % артық. 2003 жылдың тиісті кезеңімен (541,6 млрд. тенге) салыстырғанда кредиттерді есепке алғандағы шығыстар 42%-га өсті жөне 2004 жылдың 1 қаңтарына 768,9 млрд. теңгені құрады. Бюджеттің тапшылығы 46,9 млрд. тенге деңгейінде анықталды.
Есепті кезеңде Республикалық бюджеттің 89,9%-ын табыстар (соның ішінде салықтар 93%) қүрады. Түсімдер көлеміндегі ресми трансферттер үлесі 8%. Шығындардың негізгі бөлігі 35,2 % әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік қызметтер - 21,5% үлесінде.
Осы кезең ішінде жергілікті бюджетке түскен түсімдер 1047,78 млрд. теңгені, кредитті есепке алғандағы шығыстар 479,1 млрд. теңгені қүрады, бүл
2004 жылдың осы кезеңіне карағанда тиісінше 26% және 21,4% артық (түскені 386 млрд.тенге, кредитті есепке алғандағы шығыстар 394,5 млрд. тенге). Бюджет профециті 7,2 млрд. тенге деңгейінде анықталды. 2005 жылдың 1 қаңтарына жергілікті бюджетке түскен түсімдердің қүрылымындағы табыстар 73,1% (соның ішінде 96,7% салық түсімдері) ресми трансферттер 25,3 % қүрайды.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қарамағында жататын табыстар бойынша 2004 жылы 44,7 млрд. теңгеге артуымен 106,6%-ға орындалды. 642,7 млрд. теңге болжамымында мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес төлемдер 687,3 млрд. теңге түсім түсті, яғни жалпы табыс көлемінің 93,7%-ын қүрады.
Республикалық бюджетке болжам бойынша 20637006 мың. теңгеден аса 21166042,Змың. түсті. Болжам 102,6%-ға орындалды. Жергілікті бюджетке болжам бойынша 10477865 мың. жоспарланған болса, 11315963 мың. түсті. Болжам 108%-ға орындалды.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарамағына жататын
2005 жылы табыстардың жалпы түсімдері 3215405 мың. теңгені қүрады. Осы себептен 2004 жылмен салыстырғанда түсімдер артығымен 110,0%-ды құрады. Өйткені берілген көрсеткіштер 2004 жылға қарағанда негізгі экспорттық позицияға экспорттық бағалық коньюктура мейлінше жағымсыз әрекеттердің арқасында қол жеткізілді. Бұл әкімшіліктендірудің артуы және салықтардың жинатуының үлғаюуы бойынша қабылдаған шаралардың тиімділігін көрсетіп отыр. Болжамның артық орындалуы мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігінің, барлық негізгі бөлімдерімен қамтамасыз етіледі.
Кесте 1
Мемлекеттік және Республикалық бюджеттің орындалуын салыстырмалы
талдау
млн.теңге
Бюджет Статьясының Аталуы |
Мемлекеттік бюджет |
Республикалық бюджет |
||||||
бір жылға бекітіл ген бюджет |
2005 жылда ғы орын далуы |
Бюд жеттің орын далу % |
2005ж 2004ж % қаты насы |
Бір жылға бекі Тілген Бюд Жет |
2005 жыл дағы орын далуы |
Бюд жеттің орын далу % |
2005ж 2004ж % қаты насьт |
|
Түсімдер |
774204 |
821153 |
106,1 |
110,0 |
525404 |
565275 |
107,6 |
115,9 |
Табыстар |
757616 |
807845 |
106,6 |
110,1 |
465613 |
505702 |
108,6 |
129,3 |
Салықтық |
700091 |
750777 |
107,2 |
118,1 |
415011 |
456219 |
109,9 |
145,6 |
түсімдер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескерту: ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі
Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы корпорациялық табыс салығы бойынша болжам артығымен орындалып 103,3 % құрап отыр. Ал 2004 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 122,7% көтерілген. Бұл өндіріс көлемінің өсуімен түсіндіріледі.
Кесте 2
1999-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасының бюджеті
|
1999 |
2000 |
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 |
Жалпы табыс |
219395 |
242961 |
398592 |
598746 |
746612 |
821160 |
1022300 |
Салықтық түсімдер |
159836 |
178124 |
330267 |
524058 |
635792 |
752785 |
965194 |
Ескерту: ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі
Жоғарыдағы кесте көрсеткіштердің соңғы жылдағы өсуінің негізгі себептеріне келесілері атап айтсақ болады: 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 2794,4 млрд. тенге болды, бұл 2004 жылғы қаңтар-желтоқсандағыдан 8,8%-ға артық, Өндірістің көлемі 2003 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде 8,8% , өңдеу өнеркәсібінде 8,9% , электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде 7,1% өсті. 2004 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы әнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 606,7 млрд тенге болып, 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 1,4% артты. Есепті кезеңде бөлшек тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 928,4 млрд. тенге болып 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанымен
салыстырғанда 10% артты.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз жылдары бюджет жүйесінің
барлық құрылымы өзгеріске ұшырады. Прогрессивті салық жүйесі құрылады,
ол инфляциялық процессті үстап түру мемлекеттік бюджеттің дефицитін табу
үшін өндіріс пен экономиканы көтеруге бағытталған.
1992 жылы бағаларды либерализациялау 1993 жылы айналымға ұлттық валюта теңгені енгізу, жеке меншік құқығын беру. Инфляциялық процестер мұнын бәрі мемлекеттік бюджеттің әр-жылда өзгеру сипатын көрсетті.
2005 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бюджетіне түскен түсім көлемі 1022,3 млрд. теңге (27,4%) болды.
Есеп берген кәсіпорындар мен үйымдардың деректері бойынша 2004 жылы қаржылық нәтиже табыс есебінде 52,1 млрд. теңге сомасында қалыптасты, бүл 2002 жылғыдан 11,1% көп. Пайдалылық деңгейі - 13,5%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 38,6% болды.
2005 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 978,1 млрд. теңгені құрады (2004 жылдың 1 қаңтарында-672,4 млрд. теңге). Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде орта және үзақ мерзімді кредиттер үлес - 62,2%, шет ел валютасындағы кредиттердің үлесі -55,5%. 2004 жылдың 1 қаңтарында банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 731,2 млрд. теңгені құрады, бүл 2004 жылдың 1 қаңтарындағыдан 21,2% көп, соның ішінде халықтың депозиттері (салымдары) тиісінше - 335,4 млрд. теңге болды, бүл 2003 жылдың тиісті кезеңдегісінен 33,8% көп.
2005 жылдың 1 қаңтарына кірістер бір жылға бекітілген бюджетке қатысты 102,6%-ға орындалған оның ішінде салықтық түсімдер 104,2%- ды құрайды. Салықтық түсімдердің құрылымындағы негізгі үлес корпорациялық табыс салығына тиеді 28,8%. Корпорациялық табыс салыры бойынша салықтық түсім 2003 жылы өткен жылмен салыстырғанда 30,4%-ға көбейген. Бүл өндірістің өсуімен, кәсіпорынның қаржылық қатынастарының жоғарылауымен байланысты, мүның барлығы кәсіпорынның бюджетпен уақытылы есеп айрысуын қамтамасыз етеді.
Негізгі салықтар мен төлемдер бөлімінде табыстарды қарастыру кезінде заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының үлесі елеулі түрде артып отырғанын төмендегі кестеден көруге болады. Бұл өз кезегінде салықтың әкімшіліктендіру деңгейімен өндірістің, сауда операцияларының көлемінің артуымен түсіндіріледі.
Кесте 3
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің жалпы ішкі өнімнің
пайыздық көрінісі
|
2001 |
2002 |
2003 |
2004 |
2005 жыл |
Жалпы табыс |
19,8 |
23,0 |
23,0 |
21,7 |
25,7 |
Салықтық түсімдер |
16,4 |
20,2 |
19,6 |
19,9 |
24,0 |
Ескерту: ҚР статистикалық агенттігінің мәліметі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлімінің 80 пайыз шамасы салықтардан түсетін түсімдерден қүралады.
Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мәліметі бойынша бюджетке салық түсімдері құрылымында 2004 жылда түсімдердің негізгі бөлігі корпоративтік табыс салығынан (31,2%) жэне қосылған қүн салығынан (17,3%) түскен. Ал 2005 жылда бұл көрсеткіштер яғни, корпоративтік табыс салығы 32,5%-ды жэне қосылған қүн салығы 17,6%-ды қүраған. 2005 жылда корпоративтік табыс салығы 2003 жылға қарағанда 3,4%-ға кебейген, қосылған қүн салығы 3,9%-ға азайған, элеуметтік салық 2005 жылда бюджетке салық түсімдерінің 14,2% -ын қүрастырған, бүл 2004 жыл мен салыстырғанда 2,4%-ға азайған.
Мемлекеттік табыс кестесі 2000-2004 жж.
Сурет 1.
Мемлекеттік бюджеттің 2004 жылмен 2005 жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімнің 13,1 пайызға артқанын көруімізге болады. Оның ішінде бюджеттің табыс бөлігіне келетін болсақ, 2004 жылы салықтың түсімдер 1186137 млн теңгені құрды, яғни 13,2 пайызға кебейді, оның ішінде: заңды тұлғалардан алынатынкорпорациялық табыс салығы 382814млн теңгеге, жеке табыс салығы-98535 млн. теңгеге, әлеуметтік салық 167995 млн. теңгеге тең болды (кесте 4).
Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС, мемлекеттік төлем, консулдық жинақтар, су жэне орманды пайдалану төлемдері және жэне т.б. салықтар бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер жоспары орындалмады.
Кесте 4
