Үі сынып.Музыка, «Атамұра»
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат арқылы жүзеге асырылады.6 сыныптың музыка оқулығында кәсіби Қазақстан композиторларының шығармаларымен кәсіби музыка өнері жайында берілген тақырыптар ашылып түрлі музыкалық сауатын меңгерту жүйелі түрде қарастырылған. Бұл сыныпта музыкалық таным оқу жүйесін әрі қарай дамытып , аспаптық , вокалдық кәсіби музыкаға бағыттап , күрделі жанрларды да қамтиды . Сондай – ақ күрделі жанрларға барар жолда қазақ өнеріндегі және әлемдік деңгейдегі тарихи даму кезеңдеріне тоқталады 6 сыныптың басты тақырыбы жыраулық ,жыршыдық дәстүр . Оқушылар ақын – жыраулардың шығармашылығымен танысып , олардың терме , толғауларын тыңдап мазмұның талдайды және өздері де шығармашылыққа бет бұрады . Ақын жыраулардың өсиет сөзінің ізімен өздері де өлең шығаруға машықтанады . Сонымен қатар әлемдік эпостық жырлар мен туыстас тектеса аспаптар жайлы көптеген қосымша деректер берілген. Бұл қосымша деректер мен оқушылар жұмыс жасай отырып , қайталау сабақтарында мұғаліммен бірге талқылайды . І тоқсан «Сөзбен өрілген саз» . ІІ тоқсан «Музыка және сурет». ІІІ тоқсан «Өнер тұлғалары» ІҮ тоқсан «Жаңа заманның жаңа әні»
Хормен ән орындағанда музыкалық шығармалардың стильдік ерекшеліктеріне ,шығарманың динамикалық тыныс белгілерін түсіне отырып орындау.
Ән айту барысында ер балалардың дауыс мутациясына назар аудару.
Музыкалық сауаттылық бағытында
Музыкалық бейнелердің өнер түрлерімен байланысы арқылы әдебиетте проза мен поэзияда айшықталуы әдеби музыкалық сауаттылығын айшықтай түседі
Батыс еуропа музыкасының жанрлары –нактюрн,прелюдия,сюита,вальс,лендлер,матеник,камералық музыка және қазақ дәстүрлі күй өнеріндегі жанрлар – ақжелең, тойбастар,қосбасар, толғау т.б. танысады .
Эстрадалық аспаптар – бас гитара , соло гитара , синтезатор,ұрмалы аспаптармен танысады .
Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің 6 сынып оқушыларына арналған бағдарламаның ең маңызды және міндетті бөлігі – қазақ топырағында туған классикалық кәсіби музыканың ерекшеліктерімен жете таныстыру болып табылады . Әрине бағдарламаның күрделілігі музыка пәні мұғалімінің , теориялық , тәжірибелік кәсіби білім деңгейінің аса жоғары дәрежеде болуын талап етеді . Елімізде жас ұрпаққа кең ауқымды жан – жақты білім – тәрбие беру – уақыт талабы . Елімізді әлемдік деңгейдегі білім стандартына жеткізуге ұмтылсақ , бұл барлық сала мамандарына да соғатыны айқын . Сондықьан да музыка пәні мамандары да ұрпақ тәрбиелеуде өз білгендерін немесе білмегендерін толықтыра жеткізіп ,жұмыстана білуі керек.
