Іү сынып. «Атамұра»
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту үдерісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС 1.4.002-2012) негізінде, ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 және 2012 жылғы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта мектептің оқу бағдарламалары 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат арқылы жүзеге асырылады.4 сынып бағдарламасы бойынша оқушылар төмендегідей бағыттармен танысады .Музыкалық сауаттылық бағытында – жанр түрлерін. Халық және кәсіби музыкаға жататын жанр бағыттарын;Ұлттық музыкалық мәдениеттің белгілі өкілдерін;Симфониялық оркестр құрамына жататын аспап атауларын;Әлемге танымал театр атауларын;Республикамыздың негізгі концерттік және театр мекемелерін;Туған өлкесінің музыкалық дәстүрін және өз елінің музыкалық өміріне байланысты оқиғаларды;Білетін музыкалық шығармаларды ажыратып , олардың ұлттық ерекшелігін анықтай білуге үйренеді .Жалпы халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, туысқан халықтар музыкасына құрметпен қарауға баулып оқушылардың шығармашылық ойлауымен қиялын дамытуға бағытталған. 4 – сыныптағы музыка оқулығы алдыңғы сыныптардағы жүйелі сабақтастықты жалғастыра отырып ,бастауыш буында берілетін көлемді тақырыпты қорытындылайды. «Музыка» оқу пәнінің алдына қойған мақсат – міндеттерін ,басты бағыттарын ,мазмұнын ашып көрсетуге арналған музыка сабағының ерекшеліктерін ескере отырып ,балаларды шығармашылыққа жетелейтін нақты әдіс – тәсілдер мен жолдары қарастырылған . Алдыңғы сыныптарда қазақ халқының ән – күй , шығармаларымен , жалпы ұлттық музыка мәдениетімен танысқан болса , бұл сыныпта І тоқсан «Ұлы ұстаздар көші» , ІІ тоқсан «Еуропа музыкасының шыңы симфониялық оркестр» ,ІІІ тоқсан «Еуропа опералық театрларына саяхат» , ІҮ тоқсан «Қазақстан халықтарының музыкалық өнері» атты көлемді тақырыптармен қорытындылайды. Пәнаралық байланысқа тоқталсақ:
1.Қазақ тілі : сөздің және музыкалық интонацияның байланысы.
2.Әдебиеттік оқу : тілді дамыту : әннің мәтініне көңіл бөлу .
3.Бейнелеу өнері: музыкадағы табиғат құбылыстарын бейнелеу.
4.Еңбекке баулу: оқушылардың қолдан жасалған бұйымдарын көрнекілік ретінде пайдалану.
5. Дүние тану : табиғат бейнесін музыка тілімен салыстыру .
6. Математика : қарапайым математикалық ұғымдарды музыкалық шығармаларды талдауда қолдану .
7. Дене шынықтыру : ритмикалық қозғалыстарға музыкалық сүйемелін пайдалану . Музыкалық ойындар .
4 сынып оқушыларының өздігінен жұмыс істеу қабілеті өсе түсуіне байланысты тақырыптарды меңгертуге арналған тапсырмалар мен жұмыстар түрлері де кеңейтілген.
