- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •3. Жамбыл облысының табиғаты, климаты, топырағы
- •4.1. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •4. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері, өсіру технологиясы
- •4.2. Өсіру технологиясы
- •5. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •5.1. Еңбекті қорғау
- •5.2. Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
Жылыжай биті. Жасыл түсті, жұмсақ терімен қапталған болып келеді, жапырақ шырынымен қоректенеді, оның әсерінен өсімдікте теңбіл пайда болады. Бит шырыншық бөліп шығарады, ол қара зең тудырады. Өсімдікке жиі су шашып тұрыңдар, әсіресе жазда.
Жұлдыз құрт. Бұл зиянкестер үй жағдайларында сирек, ал күн түсіп тұрған жерлер мен жылыжайларда жиі кездеседі. Жапырақтың бетіне саңылау қалдырады. Оларды лақтырып тастап, өсімдікті химикаттармен өңдейді. Қажетінше қайта өңдеу керек.
Цикломенді кене. Бұл зиянкес өрмекші тәріздес кене, ол цикламен, сенполия, қазтамақ өсімдіктерін зақымдайды. Нәтижесінде өсімдік өсуін баяулатады, жапырақтары оралып, қыртыстанып қалады, гүлдері пішіндерін өзгертіп түсіп қалады. Зақымданған өсімдіктерді өртеу керек.
Уховёртка. Зиянкес бөлме өсімдіктері мен бақша өсімдіктерін зақымдайды. Күндіз олар көрінбейді, ал түнде олар жапырақтар мен гүлдерін жейді, соның нәтижесінде оларда саңылау пайда болып жиектері қисық болады. Түнде жапырақ пен гүлдің астында тығылып жатқан зиянкестерді жинап оларды жою керек.
Жұмыр құрт. Бұл паразитті құрттардың бірнеше түрі бар, олардың кейбіреулері хризантема мен баданалы өсімдіктердің тамырларын жеп қояды, ал кейбіреулері тамырлардың ісініп кетуіне әкеліп соғады. Егер де бұл зиянкес өсімдікте болса, онда бұл өсімдікті өртеп жіберіндер.
Ақұнтақ құрттары. Бұл зиянкестер түкпен қапталған және ақшыл болып келеді. Олар сабаққа жабысады және субтропикалық пен тропиктік өсімдіктердің жапырақтарына тығылады, шырынын сорып жапырақтың сарғаюына әкеліп соғады. Оларды спиртке батырылған мақтамен сүртіңдер.
Өрмекші қызыл кене. Шағын өрмекші тәрізді зиянкес, ол жапырақтың төменгі жағын зақымдайды. Ол өсімдік шырынымен қоректенеді, ал ол сары дақтың пайда болуына әкеліп соғады. Күнделікті су шашу зақымдануын тоқтатады. Егер де өсімдік қатты зақымдалған болса, онда оны өртеп жіберген дұрыс.
Тамырдың ақұнтақ құрттары. Ақұнтақ құрттарынан айырмашылығы бұл зиянкес өсімдіктің кактус және басқа да суккуленттердің тамырын зақымдайды. Тамырларын жақсылап қараңыз, әсіресе өсімдікті топыраққа отырғызар кезінде. Қиыршық тастарға, топыраққа химикат құйыңдар.
Сымыр. Өсімдік жабысқақ болып келеді, онда ісіп тұрған қоңыр түсті қорғаныш балауыз дискі пайда болады. Оның астына ұрғашы сымыр ұрпақ әкеледі. Өсімдікті спиртке батырылған мақтамен сүрту керек. Қатты зақымданған өсімдіктерді өртеуге тура келеді.
Бітелер. Бұл ұсақ қоңыр қанатты зиянкестер, аяқтары ақшыл түсті. Олар бір өсімдіктен екінші өсімдікке қонады, жапырақ пен гүлдің шырынымен қоректенеді, оның салдарынан өсімдікте күміс түсті жолақ пен дақ қалады. Гүлдер сола бастайды. Бұндай жағдайға әсіресе құрғақ жердегі өсімдіктер ұшырайды. Өсімдікке бірнеше рет су шашу қажет.
Аққанаттар. Бұл кішкентай ақ түсті бунақдене күйе көбелекке ұқсас. Өсімдіктің айналасында ұшып жүреді. Жас даралары жасыл түсті болып келеді және өсімдік сөлімен қоректенеді. Шырыштық бөледі, ол қара зеңнің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл зиянкесті жою оңай емес. Ол үшін өсімдікті жүйелі түрде химикаттармен өңдеу қажет.
Қара сирақ. Бұл ауру негізінен өсімдік қалемшелерін зақымдайды, әсіресе қазтамақты. Сабақтың негізі жұмсарып қарая бастайды. Аурудың таралуына дымқыл, салқын қиыршық тастар әсер етеді. Қатты зақымдалған өркендерді жойып жіберу керек.
Ботритоз. Бұл ауру өсімдіктердің жұмсақ бөліктерінде сұр дақтардың пайда болуына әкеледі, әсіресе гүлдер, жас жапырақтар, өркендер зардап шегеді. Бұзылған мүшелерін кесіп, тіршілігін жойған гүлдерді алып тастаңыз және өсімдікті фунгицидпен өңдеңіз. Өсімдіктің айналасында ауа ағымын күшейтіңіз.
Жалған ақұнтақ ауруы. Аурудың бұл түрінде жапырақтың екі бетінде ақ дақтар пайда болады. Сабағы мен гүлдері зақымданады. Ауырған бөлігін алып тастаңыз, бөлмені жиі желдетіңіз, ауа құрғақ болу керек.
Тамыр шірігі. Бұл аурумен көбіне пальма, кактус және тағы басқа суккуленттер ауырады. Өсімдік сола бастайды, оның жапырақтары сарғаяды. Ауру себептері топырақтың ұзақ уақыт өте ылғалды болуында.
Тат кеселі. Зиянкес саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік кеселі. Бұл ауру бөлме өсімдіктерін сирек зақымдайды. Күн сәулесі түсетін әйнекті гүл-жайда өсетін өсімдіктерді де тат кеселі зақымдайды. Жапырақта қара немесе сұр түсті тозаңның сақиналары пайда болады. Бүлінген жапырақтарды жинап алып жағып жіберіңдер. Ауа ағының күшейтіп өсімдікті фунгицидпен өңдеңдер.
Вирустар өсімдіктерде ауруларды қоздыратын өте ұсақ организмдер. Бұл аурудың жиі кездесетін белгілері: өсімдіктің өсуін баяулатады, жапырағында дақтар мен жолақ сызықтар пайда болады. Оны емдеу мүмкін емес, бірақ вирус ауруларын тасымалдайтын зиянкестердің пайда болуын бақылау керек.
