- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •3. Жамбыл облысының табиғаты, климаты, топырағы
- •4.1. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •4. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері, өсіру технологиясы
- •4.2. Өсіру технологиясы
- •5. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
- •5.1. Еңбекті қорғау
- •5.2. Қоршаған ортаны қорғау
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.2. Өсіру технологиясы
Оңтүстік аймақтарда шырайгүлді өсіру аса қиындықты тудырмайды. Егер күзде тұқымының толық пісіп-жетілуіне мүмкіндік жасаса және ерте көктемде суарып отырса, жылу түсісімен егін көгі пайда болады. Олар тез өсіп дамиды, көшеттен егілген өсімдіктерді қуып жете алады, себебі оны бір орыннан екінші орынға көшірген жоқ. Олар бір орында қаулап шыққандықтан, тек берік, ірі болып өсіп тұрғандарын қалдырады.
Өсімдікті грунттарға отырғызу ерте көктемнен басталып, қазан айына дейін жалғаса береді. Бәрінен бұрын, қар ерігеннен кейін мамыр айының бірінші және екінші декадасында жаздықтарды көшеттей бастайды. Оларды отырғызатын топырақтарды алдын ала дайындайды, жаздықтар мен көпжылдықтар үшін топырақты жақсы өңдеп, бетін барынша тегістейді. Өсмідік аралығы өсімдіктің биіктігі мен көлеміне қарай анықталады. Бір жылдық гүлді өсімдіктерді барынша жақын орналастыра береді.
ЖЖЖЖЖЖЖЖААААААААААААААЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗЗ
Жансая!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
??????????????
Аулада гүл өсіру үшін алдымен жерді дұрыс таңдап алған жөн. Тегіс және күн сәулесі жақсы түсетінжерге егілетін гүлден нәтиже күтуге болады. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктеріне, қоршаған ортаға талабы бойынша, сорттарына қарай гүлзарлардан үшбұрыш, төртбұрыш, трапеция, бесжұлдыз, т.б. пішіндер жасауға болады.
Себілетін өсімдіктердің биіктіктерін, сабақтарының қалай жайылып, төселіп, өрмелеп өсетіндігін ескеру қажет, биік өсетіндері аласа өсетіндерді қалқаламайтындай, ал жайылып өсетіндері тік өсетіндерге кедергі жасамайтындай болу керек. Гүлзарлардың жиектеріне жағалай енін 20-25 см етіп көк шөп еккен дұрыс, ол әрі сән берсе әрі күн сәулесін жақсы түсіруге көмектеседі.
Гүлзарларды арнайы өлшеуішпен есептей отырып жасайды. Гүл себетін жерге құнарлы топырақты алдын ала дайындайды. Ол үшін күзде жерді аударып, арамшөптерден тазартып, тыңайтқыштар шашады. Көктемде қайтадан аударып, тыңайтқыш шашып, гүлзарлар аласарып қалса топырақ қосып биіктетеді.
Аулада өсірілетін гүлдер бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық және сәндік бұталар деп бөлінеді.
Бір жылдықтар: цинния, хош иісті темекі, космея, шырайгүл, бір жылдық астра, календула, настурция.
Екі жылдықтар: қожағай, шерменгүл, қоңыраугүл.
Көп жылдықтар: флекс, астра, пиязшықты өсімдіктер, інжугүл, қара қоғар, желайдар, гладиолус, георгина, канна, троллиус, ромашка, пион, т.б.
Торф - өте жеңіл, борпылдақ, суды жақсы сіңіреді, өте баяу ыдырайтын органикалық қалдықтардан түзіледі, оны батпақты жерлердегі ыдыраған, шіріген торфтан дайындайды. Торфты құммен, шым топырақпен араластырса топырақтың ылғал сіңіргіштігі мен құнарлылығын арттырады және оған майда тұқымдарды себеді.
Өсімдік өсіретін топырақтың 10 - 20 % құм болу керек, ол топыраққа ауаны жақсы өткізетін болғандықтан өсімдіктерді вегетативтік жолмен көбейтерде қалемшелерін алдымен құмға отырғызады. Құм түйірлерінің ірілеу болғаны дұрыс, құмды өзен мен көлдерден алады. (өсімдік өмір езегі)
Торф бойында барлық қоректік эліменттер ішінде азот көп мөлшерде кездеседі. Торф жай әсер ететіндіктен, оның әсері 4-5 жылдан кейін байқалады. Оның құрамындағы азотты температураны жоғарылату арқылы (+60°С) тиімді қолдануға болады. Бұл компостағы торфты пайдаланғанда жүзеге асырылады. Қолданылатын азот мөлшері 0,25-0,3 кг / 100 кг торф қатынасында артады. Торф топырақ құрамындағы қоректік элементтер мөлшерін арттырып, оның құрылымын жақсартады. Топырақ барынша борпылдақ, жылы болып, ауа өткізгіштігі жоғарылайды. Сондықтан да топыраққа құрамында ең аз мөлшерде қоректік элементтері бар торфты салу ұсынылады. Топырақ құнарлылығы жақсы болатын болса (3%), онда торфты пайдалану тиімсіз саналады. Торфты жыл мезгілдерінің кез-келгенінде қолдануға болады. Топырақ бойындағы органикалық заттарды арттыру үшін, шамамен 1 шаршы м-ге 12-15 кг қажет болады. Көп жағдайда торфтың өзін органикалық тыңайтқыш ретінде қолдану тиімсіз келеді, оны басқа да биологиялық тыңайтқыш түрлерімен араластырып қолдану керек, және оның жай еритінін ескере отырып 1 % мөлшерде әк қосу қажет. (энциклопедия цветы)
