Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
16. Дуниежузі тарихы .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
186 Кб
Скачать
☆

Түсіндірме жазба

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылуда:

  1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 миллион жыл бұрын - V ғасыр);

  2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);

  3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);

  4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).

«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанымен байланысты. Сондықтан да 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Оған қоса білім беру мазмұнының жаңа құрылымы қазіргі заман тарихын 8 және 9-сыныптарда (8-сынып – XX ғасырдың бірінші жартысы, 9-сынып – XX ғасырдың екінші жартысы - бүгінгі күнге дейін) бөліп оқытуды ұсынады. Қысқа хронологиялық шеңберлерге қарамастан осы кезеңдегі отандық және дүниежүзі тарихы бүгінгі күнгі әлем бейнесінің қалыптасуына елеулі түрде әсер еткен/әсер ететін оқиғаларға толы екендігімен негізделеді. Сондықтан да сол уақытта орын алған оқиғалар, құбылыстар, процестерді зерттеуге көбірек уақыттың берілуі білім алушылардың бойында Қазақстанның және жалпы әлемнің қазіргі заман проблемаларының мәні туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім мамұнына көшу кестесіне сәйкес тарих пәндері бойынша жаңа оқу бағдарламаларын енгізу барысында қолданыстағы және жаңартылған бағдарламаларының мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады.

Қолданыстағы оқу бағдарламалары

Жаңа оқу бағдарламалары

5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелері

5-сынып – ежелгі заман тарихы

6-сынып – ежелгі заман тарихы

6-сынып - ортағасырлар тарихы

7-сынып – ортағасырлар тарихы

7-сынып – жаңа заман тарихы

8-сынып – жаңа заман тарихы

8-сынып – қазіргі заман тарихы (ХХ ғасырдың бірінші жартысы)

9-сынып – қазіргі заман тарихы

9-сынып – қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін )

Алдағы уақытта жаңартылған білім беру мазмұнын кезең-кезеңмен енгізуде мазмұнының сабақтастығын сақтау мақсатында:

7-сыныпта 6-сыныптың (орта ғасырлар) жаңа бағдарламасы енгізіледі, бұл тарихи кезеңдерді оқытуда сабақтастықты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

8-сыныпта 7- сыныптың (жаңа кезең) жаңа бағдарламасы енгізіледі, бұл да тарихи оқиғаларды оқытуда сабақтастықты сақтауға мүмкіндік береді.

9-сыныпта 8-9- сыныптардың (қазіргі заман тарихы) мазмұнын қамтитын өтпелі бағдарлама енгізіледі.

Барлық жалпы білім беретін мектептерде 9-сыныптың өтпелі бағдарламасы екі оқу жылында қолданылатын болады.