- •Балалардағы жөр *
- •Жтж балаларда
- •Кардиология
- •Балалардағы аллергиялық реакциялар
- •Оқыс жағдайлар кезіндегі диагностика және жедел көмек (cуға бату. Электрожарақат, үсік)
- •Гипертермия, гипотермия, балалардағы лихорадка. Бұзылыстар
- •Травмы у детей
- •4. Арқа жарақаты бар науқастарды қалқанда тасымалдау жүзеге асырылады: (1)
- •12 Жасар бала кеуде торының оқ дәрімен жарақаттануынан өте ауыр хәлде жатыр. Жедел тыныс жеткіліксіздігінің, шоктың клиникасы айқындалған
- •Балалардағы улану
- •Баладағы психикалық өзгерістер
Балалардағы аллергиялық реакциялар
#69
*! Анафилактикалық шок кезінде қолданылу керек:
*+ көк тамырға үлкен дозада гормондар енгізу, инфузионды терапия
* бұлшық етке кофеин - бензоат натрия және кордиамин
* бронхоспазмды жою мақсатында кеңірдекке интубация
*көк тамырға магнезия сульфат
*тері астына аминазин
#70
*! Анафилактикалық шок кезінде қолданылу керек:
*+ көк тамырға адреналина, көрсеткіш бойынша- мезатона
* бұлшық етке кофеин - бензоат натрия және кордиамин
* бронхоспазмды жою мақсатында кеңірдекке интубация
* көк тамырға магнезия сульфат
* тері астына аминазин
#71
*! Молниеносты форма анафилактикалық шоктың молниеносты формасына тән:
*+агональды тыныс, АҚ жедел түсу
*тұншығу, ыстығының көтерілуі, қорқыныш сезімі, жіп тәрізді пульс
*есекжем, Квинке ісіну , тері қышу
*аллергенді салған кезде жүрек пен тыныстың жедел тоқтауы
*бас ауруы, әлсіздік, ентігу, тахикардия
#72
*! Анафилактикалық шок кезінде қолданылу керек:
*+глюкортикостероитар, инфузионды терапия
* аминазин б/а
*кофеин и кордиамин к/т
* бронхоспазмды жою мақсатында кеңірдекке интубация
* көк тамырға магнезия сульфат
#73
*! Атопиялық дерматит – бұл
*+терінің зақымдалуымен жүретін созылмалы аллергиялық ауру
* тері қабатының жедел аллергиялық қабынуы
*терінің және тері асты шелмай қабатының жедел инфекционды ауруы
* химиялық заттармен жанасқандағы аллергиялық реакция
*терідегі эпизодты уртикальды бөртпелер
#74
*! Бір жастағы балаларда атапиялық дерматитке алып келетін сезімтал аллергендер:
*үй кенесі
*+сиыр сүті
*үй шаңы
*жануарлар
*дақылдар
#75
*!Есекжем мен ангионевротикалық ісік кезінде алғашқы көмек көрсетілмейді: /Квинке ісігі/
*+антибактериальды препараттар
*антилейкотриенді препараттар
*жүйелі глюкокортикостироидтар
*антигистаминді препараттар 1 ші ұрпақ
* антигистаминді препараттар 2ші ұрпақ
#76
*! 2 айлық баланың анасы жедел жәрдем шақырды. Баланың емшек сүтінен бас тартқанына шағымданды. Емізу барысында, 2-3 жұтым жасап, басын алып, жылайды. Бұл көрсеткіш неге тән:
*+ортыңғы катаральды немесе іріңді отит
*аллергиялық ринит
*жедел ринофарингита
*жедел бронхит
*пневмония
#77
*! Опиоидтармен улану кезіндегі антидот:
* налоксон
* пентазоцин
* прозерин
* дроперидол
* седуксен
#78
*! Инсекті аллергияға тән симптомдар:
*+шаққан жердегі ауру сезімі, гиперемия және терідегі ісіну,
*қатты бас ауру сезімі, А/Қ түсуі,
* ентігу, тұншығу, көруінің төмендеуі
* буын синдромы
* анурия.
#79
*! Лайелла синдромына тән негізгі белгілер:
* аяқ-қолдардағы ісіну отеки на нижних конечностях
*+ үлкен, эритематозды буллалар
* мазасыздық
*бас ауру
*құсу
#80
*!Есекжемнің негізгі белгілері:
*көмей ісіну
*тахикардия
*геморрагиялық бөртпе
* қатты бас ауру сезімі, А/Қ түсуі,
*+қышытатын бөртпелер
#81
*! Квинке ісінуі кезіндегі жедел көмек:
* димедрол, преднизолон
*пенициллин, димедрол
*седуксен, фуросемид
*адреналин, атропин
*антибиотиктер
Жедел инфекциялық аурулар
82.Өмірінің алғашқы күндері құрысулық ұстамалары байқалған нәрестеге жедел жәрдем бригадасын шақырды. Туысқандарының сөзінен: соңғы 3 күн бойы температурасы 39-40 гр. дейін көтерілген, тұрақты бас ауруына,жарықтан қорқу байқалған. Анағұрлым сәйкес диагнозды анықтаңыз:
*бас миының қатерлі ісігі
*+менингоэнцефалит
*полирадикулоневрит
*созылмалы субдуральді гематома
*эпилепсия
83.11 жастағы бала,үйде дайындалған консервіленген саңырауқұлақтарды қолданған. 5сағаттан кейін ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне,жұтынудың қиындауы,ауызының құрғауына,дауысының қарлығуына,көз алдының тұмандануы мен заттардың екі еселенуіне шағымданады. Анағұрлым сәйкес диагнозды анықтаңыз.
*тағамдық токсикоинфекция
*жедел гастрит
*салмонеллез
*+ботулизм
*энтерит
84. Бала 9 жаста,таңертең ішіндегі ауру сезімі,бір реттік құсу,көк шөп аралас 3 реттік сұйық нәжіс байқалды. Іш пальпациясында кіндік аймағы аурусезімді болды. Дене температурасы субфебрильді. Болжам диагнозыңыз.
*жедел гастрит
*жедел панкреатит
* жедел аппендицит
*+ жедел гастроэнтерит
* жедел энтероколит
85. Бала 6 жаста,жалпы әлсіздікке,іш аймағындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Өзін екінші күн ауру сезінеді.Дефекация 10-12 рет тәулігіне. Нәжісі шырыш және қан аралас.Дене температурасы 38,7 гр. Сол жақ мықын аймағы ауру сезімді. Сіздің болжам диагнозыңыз:
*жедел аппендицит
*тағамдық токсикоинфекция
*+жедел дизентерия
*салмонеллез
*холера
86.Бала 5 жаста,баланың анасы мынадай шағымдарға байланысты жедел жәрдем шақырды:тамақтан бас тарту,іштегі ауру сезімі,күніне2-4 рет сұйық нәжіс,құсу,бөртпелер. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта,интосикация симптомдары,терінің бозғылт болуы,папулезді бөртпелер, «қолғап» және «шұлық» симптомдары,эксикоз байқалмайды,күніне қою жасыл түсті көп мөлшердегі,жағымсыз иісті 3-4 реттік нәжіс. Мүмкін болатын диагноз:
*жәншау
*салмонеллез
*шигеллез
*+иерсионоз
*эшерихиоз
87.Желшешектің клиникасына анақұрлым тән
*интосикация
*дақты- папулезді бөртпелер
*+везикулярлы бөртпелер,гипертермия
*артқы лимфа түйіндерінің ұлғаюы
*менингиальді симптомдардың болуы және гипотермия
88.Менингококкцемия симптоматикасын көрсетіңіз
* менингиальді симптомдардың болуы және гипотермия
*+гипертермия,геморрагиялық бөртпелер,интоксикация
* дақты- папулезді бөртпелер,интоксикация
* везикулярлы бөртпелер, интоксикация
*сұйық нәжіс,эксикоз,токсикоз
89.Балалардағы 39гр.жоғары қызба кезінде қолдануға болмайды:
*+ацетилсалицил қышқылы
*парацетомол
*ибупрофен
*димедрол
*анальгин
90.Қызбамен, бөртпемен өтетін инфекциялық ауруларға жатады.
*оба
*орнитоз
*тырысқақ
*+іш сүзегі
*токосплазмоз
91. Ботулизмге тән белгілерге жатады:
*қалтырау,айқын терлегіштік
*шыдатпайтын бас ауру
*+дауыстың қарлығуы,жұтынудың бұзылуы,тыныс алудың қиындауы
*артралгия
*шүйде бұлшықеттерінің ригидттілігі
92.Іш сүзегінің орташа есеппен инкубациялық кезеңі
*бірнеше сағат
*5 күн
*+10-14 күн
*22-25күн
*1 ай
93.Менингококкты менингитке тән белгілер:
*тез естен тану
*+қатты бас ауру,жарықтан қорқу
* «жұлдызды» геморрагиялық бөртпелер
*гепатолиенальді синдром
*менингиальді симптомдардың айқын болмауы
94. Ерекше қауіпті инфекциясы бар науқасты анықтағандағы негізгі әрекеттерді атап өтіңіз:
*+науқас жайында аға дәрігерге айту, науқасты оқшаулау, госпитализациялау
* науқасты оқшаулау,науқас жайында полиция қызметкерлеріне айту
* науқасты оқшаулау, активті емханаға беріп жіберу
*жалпы палатаға госпитализацилау
*ем жайында ұсыныс беру
95. Бала,11 жаста. Лезде әлсіздікке,іштегі ауру сезіміне, көздің екі еселенуіне, бір реттік құсуға шағымданады. Анамнезнен белгілі,науқас кеше кешке қонақта тамақтанған еді. Осындай шағымдар тағы бірнеше адамда байқалады. Таңертең іште толғақ тәрізді ауру сезімі, жұтынудың қиындауы, ауыздың құрғауы, жалаң дауыс, көздің қарауытуы деген шағымдар пайда болды. Науқастың жағдайы ауыр,әлсіз. АҚ 110/70 мм.с.б., пульс мин. 90 рет. Сіздің диагнозыыз:
*тағамдық токсикоинфекция
*+ботулизм
*сальмонеллез
*менингококкты инфекция
*сіреспе
96. Бала,12 жаста, жедел ауырды, температурасы 39 гр. дейін көтерілді, қалтырау, миалгия,бас ауру, түнде галлюцинациялар, сандырақтау байқалды, жұқыншағында жеңіл катаральді синдром бар, басқа мүшелерде патология байқалмайды, парацетомол қабылдағаннан соң температурасы 37,5 гр. түсті. Түннің екінші жартысын тыныш ұйықтады. Неврологиялық статусында: ошақты симптоматика жоқ, менингиальді симптомдар теріс. Таңертеңге таман баланың жағдайы жақсарды, есі анық, субфебрилитет бар.
Сіздің алдын ала диагнозыңыз:
*+ЖРВИ,нейротоксикоз,деллириозды синдром
*жалықтыратын жағдайлардың неврозы
*энцефалиттік реакция
*жедел энцефалит
*тұмау
97. Дизентерияның клиникалық симптомдары:
*іш қату
*+тенезмдер
*бауырдың ұлғаюы
*көкбауырдың ұлғаюы
*оң жақ қабырға астында ауру сезімі
98.Инфекциялық-токсикалық шок патогенезіндегі бірінші фазаның басты факторы:
*жүрек индексінің төмендеуі
*+қан тамыр тонусының төмендеуі(ЖПҚҚ)
*АҚК (айналымдағы қан көлемі)азаюы
*АҚК көбеюі
*аталғандардың барлығы
ОЖЖ функциясының бұзылуы
99. Бас миының шайқалуы осылай білінеді:
*ликворда қаннның болуы
*бас ми затына нүктелі қан құюлулар
*+жалпы бас милық симптомдар
*анизокория
*ошақты сиптомдар
100.Эпилепсия емінің бастапқы сатыларында көк тамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізетін таңдау дәрілік препараттарын атаңыз:
*карбамазепин(финлепсин,тигретол)
*+диазепам(реланиум,седуксен,сибазон)
*лидокаин
*мепробат(ондаксин)
*тиопентал натрий
101.Бассүйек негізінің сынығына тән белгілер:
*мұрын мен құлақтан қан кету
*қабақ аймағына қан құйылу
*жалпы бас милық бұзылыстар
*мұрын мен құлақтан жұлын сұйықтығының ағуы
*+аталғандардың барлығы
102.Бассүйек ішілік гематоманың негізгі белгілеріне мынадан басқа барлығы жатады:
*психомоторлы қозу
*+менингиальді симптомдар
*аяқ-қолдың әлсіз парезі
*"жарқын" аралық
*анизокория
103.Ошақты симптомдарға осыдан басқа барлығы жатады:
*парездер
*сал ауруы
*сөйлеудің,сезінудің,көрудің,естудің бұзылысы
*эпилептикалық ұстамалар
*+бас ауру
104.Бассүйек-ми травмасы бар балада сөйлеп жатқан сөзге жауаптың болмауы,ауыртатын тітіркендіргішке көздің ашылуы, координациялық қорғаныш қимылдарының сақталуы, еріксіз зәр шығару байқалады.
Ес жағдайына баға беріңіз.
*орташа кереңдік
*терең кереңдік
*+сопор
*беткей кома
*терең кома
105. Спазмофилиясы бар балаларда діріл синдромы кезінде мынаны енгізеді.
*+кальций глюконат
*прозерин
*лидокаин
*анальгин
*атропин
106.Бала 2 айлық,перинатальді патологиямен невропатологтың есебінде тұрады. Соңғы кездері респираторлы инфекция фонында әлсіздік,солғындық пайда болды. Бүгін бала есінен танды,айтарлықтай ауырлады,діріл пайда болды. Жедел жәрдем дәрігері балаға геморрагиялық инсульт типі бойынша ми қанайналымының жедел бұзылуы деген диагноз қойып,аурухананың арнайы бөлімшесіне госпитализация жасады.
Геморрагиялық инсульт клиникасының дамуына не тән?
*себепсіз естен тану
*тәуліктің белсенді уақытында аурудың дамуы
*гипорефлексия,бұлшықет гипотаниясы,гемисиндром
*артериальді гипотания
*+аталғандардың барлығы
107.Балаларға көктамыр және бұлшықет ішіне диазепам,седуксен,реланиум ерітінділерін салғандағы бір реттік дозасын атаңыз
*1,0-1,2 мг/кг салм.
*0,05-0,1 мг/кг салм
*+0,3-0,5 мг/кг салм.
*0,8-1 мг/кг салм.
*0,01 мг/кг салм.
108. Балаларға көктамыр және бұлшықет ішіне 1% промедол ерітіндісін салғандағы бір реттік дозасын атаңыз
*0,01 мг/кг салм.
*0,05 мг/кг салм.
*+0,1 мг/кг салм.
*0,5 мг/кг салм.
*0,8 мг/кг салм.
109. Балаларға көктамыр және бұлшықет ішіне 50% анальгин ерітіндісін салғандағы бір реттік дозасын атаңыз
*0,05 мл/жыл өміріне
*+0,1 мл/жыл өмріне
*0,5 мл/жыл өмріне
*0,2 мл/жыл өмріне
*0,01 мл/кг салм.
110. Науқас,19 жаста, нейролептиктерді қабылдағаннан кейін жедел дискинетикалық бұзылулар дамыды. Осы жағдайда қандай препараттарды қолдану қажет?
*+реланиум,көктамыр ішіне
*лазикс,бұлшықет ішіне
*магний сульфаты,көктамыр ішіне
*галоперидол,көктамыр ішіне
* натрий оксибутираты,көктамыр ішіне
111.Бала себепсіз есінен танды. Жақындарының айтуынша, қантты диабетпен ауырады,соған байланысты инсулинді тері астына қабылдайды. Жағдайы ауыр,тері жамылғылары бозғылт, жиі терлейді. Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек үні көмескі,ритм дұрыс. Тамыр соғысы 90 ре/мин. АҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ,ауырсынусыз,бауыр қабырға доғасының шетіне сәйкес келеді. Сіздің диагнозыңыз:
*миокардтың жедел инфаркты,кардиогенді шок
*ишемиялық инсульт
*гипергликемиялық кома
*+гипогликмиялық кома
*геморрагиялық инсульт
112.Ашық бассүйек-ми жарақаты бар науқасқа ең бірінші жүргізіледі:
*тыныстық аналептиктерін енгізу
*+асептикалық таңғыш салу
*құрысуға қарсы препараттарды енгізу
* қолда бар заттармен иммобилизация
* наркотикалық анальгетиктермен жансыздандыру
113. Ашық бассүйек-ми жарақаты бар науқасқа ең бірінші жүргізіледі:
* қолда бар заттармен иммобилизация
*+асептикалық таңғыш салу
* тыныстық аналептиктерін енгізу
*қанды тоқтату
* наркотикалық анальгетиктермен жансыздандыру
114.Бассүйек-ми жарақаты кезінде анизокорияның пайда болуы әкеледі:
*госпитализацияға дейінгі этапта маңызы аз диагностикалық белгі
*бас миының соғылуын жоққа шығару
*субдуральді гематоманы жоққа шығару
*эпидуральді гематоманы жоққа шығару
*+бас миының шайқалуын жоққа шығару
115.Қанша балл Глазго шкаласы бойынша сопор жағдайына сәйкес келеді:
*5
*6
*8
*+10
*13
116. Эпилептикалық статус –бұл:
*Тонико-клоникалық құрысулар және еріксіз зәр шығарумен көрінетін бір ғана генерализацияланған ұстама
*тәулік ішіндегі 3 және одан да көп эпилептикалық ұстамалар
*10 минутқа созылатын генерализацияланған сипатқа тән ұстама
* Тонико-клоникалық құрысулар және апноэның пайда болуымен көрінетін бір ғана генерализацияланған ұстама
*+30 минутқа созылатын бір ғана ұстама немесе науқас есіне келмейтін ұстамалар сериясы
117.7 айлық бала,асфиксиямен туылған,екінші тәулікте омырауға салынған,емізіледі,салмағын жақсы қосуда. Қарап тексергенде – есі анық. Басы дөңгелек формалы;маңдай,кеңсірік үсті аймағында қан тамыр суреті күшейген,үлкен еңбегі жабық. Бас-ми нервтері – патологиясыз,диффузды бұлшықеттік гипотония,сіңірлік рефлекстер сақталған, D=S,басын 1,5 айынан бастап ұстайды,бұрыла алады,отырмайды,аяғын тіреуі әлсіз,еңбектеуге талпынысы жоқ.Болжам диагноз қойыңыз:
*ОЖЖ перинатальді зақымдалуы,кеш қайта қалпына келу периоды,қозғалыс бұзылысы синдромы
* ОЖЖ перинатальді зақымдалуы,кеш қайта қалпына келу периоды
*Вегето-висцеральді бұзылыс синдромы
* ОЖЖ перинатальді зақымдалуы,кеш қайта қалпына келу периоды,гипертензионды-гидрецефальді синдром
* ОЖЖ перинатальді зақымдалуы,кеш қайта қалпына келу периоды,құрысу синдромы
*+ ОЖЖ перинатальді зақымдалуы,кеш қайта қалпына келу периоды,миотониялық синдром
118.Балалардағы құрысу синдромының негізгі себебі болып табылады:
*фебрильді құрысулар
*эпилепсия
*біріншілік,екіншілік менингит
*бас-ми қан айналым бұзылысы
*+барлық аталғандар
119. Төменде аталғандардың қайсысы балалардағы құрысу синдромының қатерлі себебі болып табылмайды:
*бас ми ісінуі
*тыныс тоқтауы
*+мүшелердің посттравматикалық зақымдалуы
*қан айналысының декомпенсациясы
*шектен тыс тахикардия
120.8 жастағы бала,бас ауруына,бас айналуына,бір реттік құсуға,жүрек айнуға,жалпы әлсіздікке шағымданып клиникаға түсті.Анамнезінен дене шынықтыру сабағында басымен жерге құлаған,қысқа мерзімді есінен тану болған,ретроградты амнезия,неврологиялық статуста: екі жақты конвергенция бұзылысы,оң жақтық мұрын-ауыздық қатпардың тегістелуі,гипотония,D˃S,анизорефлексия,Бабинский симптомы оң жақтан,менингиальді симптомдар жоқ.4-6 тәулікте аталған неврологиялық симптоматика кері қайтты.Сіздің диагнозыңыз:
*+бас миының шайқалуы
*бас миының жеңіл дәрежелі зақымдалуы
* бас миының орташа дәрежелі зақымдалуы
* бас ми қан айналымының өтпелі бұзылысы
*вегетативті пароксизм
121. Бала 2 айлық,перинатальді патологиямен невропатологтың есебінде тұрады. Соңғы кездері респираторлы инфекция фонында әлсіздік,солғындық пайда болды. Бүгін бала есінен танды,айтарлықтай ауырлады,діріл пайда болды. Жедел жәрдем дәрігері балаға геморрагиялық инсульт типі бойынша ми қанайналымының жедел бұзылуы деген диагноз қойып,аурухананың арнайы бөлімшесіне госпитализация жасады.
Геморрагиялық инсульт клиникасының дамуына не тән?
*себепсіз естен тану
*тәуліктің белсенді уақытында аурудың дамуы
*гипорефлексия,бұлшықет гипотаниясы,гемисиндром
*артериальді гипотания
*+аталғандардың барлығы
122.Бала 11 жаста,биіктіктен құлағаннан кейін ес-түссіз жатыр.Жедел жәрдем дәрігері ауыр дәрежелі бас-ми жарақаты,бассүйекішілік гематома диагнозын қойып,профильді стационарға госпитализациялауға ұсыныс берді.
Бассүйекішілік гематоманың айқын клиникалық белгісі қандай?
*брадикардия
*АҚ түсуі
*Бабинский мен Брудзинский симптомы
*+анизокория
*Джексон эпилепсиясының ұстамасы
123. Бала 11 жаста,биіктіктен құлағаннан кейін ес-түссіз жатыр.Жедел жәрдем дәрігері ауыр дәрежелі бас-ми жарақаты,бассүйекішілік гематома диагнозын қойды. Ауыр дәрежелі бас-ми жарақаты бар балада өкпе жеткіліксіздігі күшейе түсті. Бас-ми жарақаты бар науқастарда өкпе жеткіліксіздігі кезіндегі негізгі әрекетті атаңыз.
*бронхиальді секрецияны төмендету мақсатында жүргізілетін шаралар
*наркотикалық анальгетиктерді қолдану
*тыныстық аналептиктерді тағайындау
*+өкпені жасанды желдендіру
*бронходилятаторларды қолдану
124.7 жастағы ұл бала,оң жақ бел аймағындағы жедел ауру сезіміне шағымданды.Қарап тексергенде: бала қозған,қолымен оң жақ қырын ұстап сеңделіп отыр.Тері және шырышты қабаттары бозғылт.Өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі,сырылдар жоқ.Жүрек тондары анық,ритмді. АҚ 90/55 мм.с.б. Іші кернелген,пальпациялау қиын.Үлкен дәреті қалыпты, кіші дәреті үш сағат алдын болған,зәрі ашық түсті.Мүмкін болатын диагноз:
*жедел пиелонефрит
*жедел аппендицит
*жедел холецистит
*жедел панкреатит
*+бүйрек шаншуы
125.Қыз бала 9 жаста, бел аймағындағы ауру сезіміне,зәр шығарудың жиіленуіне,дене температурасының 39 гр.дейін жоғарылауына шағымданды. Ауру анамнезінен: жоғарыда аталған шағымдарын суықтанумен байланыстырады.Өмір анамнезінен: бірінші жүктіліктен,нәрестелік кезеңі ерекшеліксіз,басынан өткізген аурулары- желшешек,қызылша,жиі ЖРВИ. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері және шырышты қабаттары бозғылт реңді,температурасы 38гр.,аңқасы қалыпты. Пастернацкий симптомы екі жақтан оң,оң жағында айқын.Зәр шығаруы жиі,зәрі бұлыңғыр. Төменде аталған симптомдардың қайсысы анағұрлым сәйкес келеді?
*жедел цистит
*бүйрек шаншуы
*жедел панкреатит
*жедел екі жақты пиелонефрит
*+созылмалы екі жақты пиелонефрит
126. 16 жастағы қыз бала оң жақ мықын аймағындағы сыздап ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі және шырышты қабаттары қалыпты түсті. Перифириялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар
жоқ. Жүрек тондары анық,ритмді.АҚ 110/70 мм.с.б. Іші жұмсақ,оң жақ мықын аймағы ауру сезімімен.Воскресенский,Ровзинг,Бартомье-Михельсон,Ситковский симптомдары теріс. Үлкен дәреті қалыпты,зәр шығаруы бос,зәрі бұлыңғыр. Төменде аталған диагноздардың қайсысы дұрыс:
*ішек шаншуы
*жедел аппендицит
*жедел пиелонефрит
*жедел сальпингоофорит
*+созылмалы пиелонефрит,асқыну кезеңі
127. 17 жастағы қыз бала, жиі және ауру сезімді зәр шығаруға шағымданады. Анамнезінде: алдын мұндай шағымдар болмаған. Бір апта алдын жыныстық қатынасқа түсе бастады. Қарап тексергенде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі және шырышты қабаттары қалыпты түсті. Перифириялық лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық,ритмді.АҚ 110/70 мм.с.б. Іші жұмсақ,ауру сезімінсіз.Ұрғылау симптомы екі жақтан теріс. Үлкен дәреті қалыпты,зәр шығаруы жиі,ауру сезімімен,зәрі бұлыңғыр. Төменде аталған диагноздардың қайсысы дұрыс:
*жедел цистит
*жедел пиелонефрит
*+дефлорационды цистит
*созылмалы цистит,асқыну сатысында
*созылмалы пиелонефрит,асқыну сатысында
128.Жедел гломерулонефрит кезіндегі бала күтімінде бақылау қажет:
*үлкен дәретінің сипаты
*АҚ
*жүректің жиырылу жиілігі
*тыныс алу жиілігі
*+ішкен және шығарылған сұйықтық көлеміне
Балалардағы «іш ауруы» синдромы кезіндегі жедел жәрдем
129.Травматикалық шок бар науқасқа госпитализацияға дейінгі этапта анағұрлым қажет көмек
*сынықтардың иммобилизациясы,стационарға тасымалдау
*сынық орындарын блокадалау,иммобилизация және стационарға тасымалдау
*жедел түрде стационарға тасымалдау
*+қан кетуді уқытша тоқтату,көк тамыр ішіне
*инфузионды терапия,тынысты ынталандыру
130.Нәрестелердегі жедел іш кебуі кезіндегі көмек құрамына кіреді:
*тамақтандыру техникасын бағалау
*+газ шығаратын трубканы енгізу және тазалау клизмасын жасау
*тамақтандырмауға кеңес беру
*кезектен тыс тамақтандыру
*анасымен дұрыс тамақтандыру техникасын сақтау жайында сұхбаттасу
131.Нәрестелердегі жедел іш кебуі кезіндегі жедел көмек
*әр 6 сағ. сайын тамақтандыру
*тамақтандыру техникасын бағалау
* кезектен тыс тамақтандыру
*+ішіне массаж жасау және ішіне жатқызу
* анасымен дұрыс тамақтандыру техникасын сақтау жайында сұхбаттасу
132.Бала 15 жаста,жедел медициналық көмекке кеш және түнгі эпигастрийдегі ауру сезіміне,қыжылға,жүрек айнуына,бас айналуына,вертикальді жағдайдағы күшейетін құлақтағы шуға,үлкен дәретінің қара түсті болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде жалпы жағдайы орташа ауырлықта,АҚ 110/70 мм.с.б. Іші жұмсақ,эпигастрий тұсында ауру сезімді. Бауыр қабырға асты тұсымен,шеті жұмсақ,ауру сезімінсіз. Анағұрлым сәйкес келетін диагнозды атаңыз:
*+он екі елі ішектің ойық жарасы,қан кетумен асқынған
*асқазанның ойық жарасы,пенетрациямен асқынған
*қақпаның декомпенсацияланған тыртықты стенозы
*асқазанның ойық жарасының малигнизациясы
*Мэллори-Вейс синдромы
133.Науқас Е. 45 жаста,жедел медициналық көмекке мына шағымдармен келді:майлы тағамды қабылдағаннан кейін оң жаққа иррадиацияланатын, оң жақ қабырға астындағы өткір ауру сезімі,жүрек айнуы,кекіру,көп ретті құсу. Қарап тексергенде науқас гиперстеникалық қалыпта,жоғарғы қабағында ксантамозды түйіндер көрінеді. Тілі ақ жабындымен жабылған,іші кепкен,пальпацияда оң жақ қабырға астында ауру сезімі,байқалмайтын бұлшықеттік қорғаныс. Ортнер,Кер,Мюссе,Мерфи симптомдары оң. Дұрыс диагнозды атаңыз.
*дивертикулит
*+өт-тас ауруы
*созылмалы панкреатит
*вирусты гепатит
*жедел аппендицит
134.Жасөспірім,сол жақ қабырға асты аймағынан соққы алған. Қарап тексергенде: бозғылт,тахикардия және гипотония байқалады. Перкуссияда көкбауыр ұлғайған. Іштің сол жақ аймағында ауру сезімі,іштің тітіркену белгілерінсіз.Анағұрлым сәйкес диагнозды анықтаңыз.
*іш қуысының зақымдануы
*тоқ ішектің көлденең бөлігінің жарылуы
*+көк бауырдың капсулаастылық жарылуы
*он екі елі ішектің жарылуы
*сол бүйректің зақымдалуы
135.Төменде аталған аурулардың қайсысында балалардағы асқазан-ішектік қан кету асқыну болып табылмайды?
* бейспецификалық ойық жаралы колит
*дивертикул
*асқазанның перфорацияланған ойық жарасы
*+пилоростеноз
*Крон ауруы
136. Жедел аппендициттің симптомдарына жатпайды:
*Ровзинг симптомы
*Воскресенский симптомы
*Ситковский симптомы
*Ортнер симптомы
*+Мендель симптомы
137. ЖРВИ кезіндегі іштегі ауру сезімі мынамен байланысты
*+бейспецификалық мезоаденит
*іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің зақымдануы
* іштің алдыңғы қабырғасының бұлшықеттерінің қажуы
*спленомегалия
*өкпенің төменгі бөлігінің 10-қабырғааралық нервтерімен және мықын аймағының иннервациясы
138.Науқас оң жақ бүйіріне жатқанда, оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімінің күшеюі – қай симптом?
*Ровзинг
*+Ситковский
*Воскресенский
*Бартомье-Михельсон
*Кохер-Волкович
139.Балалардағы аппендикулярлы перитонит кезіндегі маңызды белгілерді көрсетіңіз
*тахикардия
*қара нәжіс
*бас ауруы
*+іштің тік бұлшықеттерінің қатаюы
*әлсіздік
140. Шап-ұмалық жарықтың қысылуы кезіндегі жедел жәрдем дәрігерінің іс-әрекетін көрсетіңіз
*жарықтың шығып тұрған бөлігін дұрыстауға тырысу
*спазмолитиктерді енгізу
*тазалау клизмасын жасау
*+жедел түрде госпитализациялау
*анальгетиктерді енгізу
