Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вариатив багдарлама-4.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Барлығы: 36 сағат

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты

  1. Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы

  1. Мектепке дейінгі жалпы білім беру бағдарламасы

  1. «Балбөбек» бағдарламасы Алматы -2006 жыл

  1. Л.И.Пензулаева

Физкультурные занятия с детьми 5-6 лет

  1. Жаттығу – денсаулықтың қайнар көзі

Шымкент – 2006 жыл

Құрастырушы-автор: Ә.О.Мукушева

Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,

№93 «Балапан» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы

Мектепалды даярлық тобына (сынып) арналған «Сиқырлы сандар» бағдарламасы ( Вариативтік компонент)

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану өте маңызды. Себебі, 5-6 жастағы балалар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді, берілген тапсырманы тез қабылдайды, зейін қойып, оны орындауға асығады.

Ұсынылып отырған «Сиқырлы қалам» вариативтік бөлік бағдарламасы балалардың бойына математикалық білімге деген қызығушылықты сіңіру және білімді өздігінен меңгеруге талпынуды дамыту мақсатында құрылған. Сонымен бірге базалық міндетті бөлімде баланың алған білімін одан әрі тереңдетіп, жетік меңгеруіне жағдай жасайды. Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемі арқылы бүлдіршіндер әр түрлі заттарды санауды үйренеді және жаттығады. Соның нәтижесінде «Қанша?» «Нешінші?» сұрақтарына жауап беріп, санау қажеттігін игереді.

Ойын түрінде берілген математикалық тапсырмаларды орындау нәтижесінде балалар заттардың екі тобын салыстыруды, артық, кемді анықтауды үйренеді. Оқу жылы барысында берілген білім «Математикалық эстафета» бөліміндегі тапсырмалар бойынша тексеріліп, қорытындыланады.

«Сиқырлы қалам» вариативтік бөлік бағдарламасында берілген тапсырмалар балалардың математикалық түсініктер мен ұғымдарды жеңіл игеруіне ықпал етеді деп ойлаймыз.

Мақсаты:

Қарапайым математикалық түсініктер бойынша алған білімдерін жетілдіру

Міндеттері:

  • Заттардың әр-түрлі топтарын санау, оның саны мен сапасын анықтау дағдысын жетілдіру;

  • Кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын жетілдіру;

  • Геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін кеңейту;

  • Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін қайталау, бекіту;

  • Алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану.

Мазмұны:

  • Түс және пішін

  • Сан және санау

  • Бүтін және бөлік

  • Геометриялық фигуралармен танысу

  • Қарапайым мысалдар мен тапсырмаларды орындауға жаттықтыру

  • 20-ға дейінгі сандарды санауға үйрету

  • Заттардың көлемдерін анықтау

  • Ауызша есептеу дағдыларын дамыту