Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
вариатив багдарлама-4.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

( Вариативтік компонент)

Кіріспе

Еңбек тәрбиесі – ол баланың еңбек етуге деген психологиялық даярлығын, еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру, сонымен бірге еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгерту болып табылады.

Бала бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинский: «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек…Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет»- деп жазады. . Еңбек тәрбиесі отбасында әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашылығында көптеген міңдеттер атқарады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуіне мүмкіншілік болады.

Еңбек баланың адамгершілік, ақыл-ой, физикалық, эстетикалық дамуының ең бір басты факторы. Осы сатыда қалыптасқан дағды баланың одан әрі дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, меңгеретін білім, білікті белсенді түрде қабылдауы мен түсінуіне мүмкіндік тудырады. Ұсынылып отырған бағдарлама балалардың еңбек әрекетіне қатысуға қызығушылығын дамыту мақсатын көзейді.

Мақсаты:

Балалардың еңбек етуге деген қызығушылықтарын және даярлықтарын жетілдіру

Міндеттері:

  • Балалардың белсенділік, іскерлік және еңбекті құрметтеу қасиеттерін дамыту;

  • Жұмыс барысында табиғи материалдарды орынды қолдану іскерліктерін жетілдіру;

  • Ұйымдастырушылық қабілеттерін, ұжымдық еңбекте ынтымақтастық сезімдерін дамыту.

Мазмұны:

  • Қағазбен жұмыс

  • Табиғи және қалдық материалдармен жұмыс

  • Өз қалаулары бойынша жұмыс

  • Шығармашылық көрме

Тақырыптық жоспар үлгісі

Айы

№

Тақырыптар

Мақсаты

Сағат саны

Уақыты

Пайдаланған әдебиеттер

Қы ркүйек

1.

«Қағаздан не құрастырылады?»

Балаларды қағаз түрлерімен, қасиетімен, олардан не жасауға болатынымен таныстыру

1

«Балақай» бағдарламасы

Ортаңғы топ «Жебе» баспасы,

2007ж.

2.

«Мысық пен тышқан»

Балаларды кепкен жапырақтармен ұқыпты, таза жұмыс жасауға жаттықтыру

1

3.

«Саңырауқұлақ» оригами

Қағаз, оның пайдалануы туралы түсінік беру. Шаршыны тең екіге және қиғашынан бүктеуге үйрету. Баланың ой-қиялын, кеңістікте орналастыра білу дағдысын дамыту

1

«Зерек бала» бағдарламасы

4

«Жұлдызқұрт»

Балаларға жер жаңғақты, ағаш жапырағын, бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауға үйрету

1

Қазан

5.

«Күзгі өнімді жинауға арналған себет» Оригами

Өз қолдарымен қағаздан әр - түрлі бұйымдар жасауға үйрету. Шаршы қағазды теңестіре, тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

1

6.

Тасбақа

Балаларды пайдалануға жарамсыз заттармен: жаңғақ қабығы мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауға жаттықтыру

1

7.

Кірпі

Балаларды пайдалануға жарамсыз заттармен: шишкалар мен ермексазды біріктіре отырып жұмыс жасауға жаттықтыру

1

8.

Балық

Балаларды қағазды екі бүктеп, арнайы сызылған жолдармен пішінді қиып алуға үйрету

1

Қараша

9.

Гүлдер. Қағаздан біріктіру

Өз қолдарымен қағаздан әр түрлі гүлдер жасауға үйрету. Шаршы қағазды теңестіре, тігінен, көлденеңнен бүктеу дағдыларын жетілдіру

1

10.

Шырпы қораптарынан машина жасау

Пайдалануға жарамсыз заттардан машина жасауды үйрету. Баланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру

1

11.

Сандықша

Пайдалануға жарамсыз заттардан, қорапшалардан сандықша жасап, әшекейлеуге үйрету

1

12.

«Жол белгілері»

Пайдалануға жарамсыз заттармен жұмыс

Балалардың құрастыруға деген қызығушылықтарын арттыра отырып, ой-қиялдары мен шығармашылықтарын дамыту және алдарына мақсат қоя білуге үйрету

1

Желтоқсан

13

Рамкалар жасау

Балаларға жарамсыз заттарды, дәндерді рамаға ұқыпты жапсыра білуге жаттықтыру

1

14.

Шырша

Пайдалануға жарамсыз заттардан шырша жасауды үйрету. Баланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру

1

15.

Пайдалануға жарамсыз материалдармен өз бетінше жұмыс

Балалардың өз қалаулары бойынша жұмыс жасау

1

16.

Жаңа жылдық безендіру

( Түрлі-түсті қағаздармен жұмыс)

Қағаз, желім, қайшымен жұмыс істеу дағдыларын бекіту. Қиылған дайын үлгі қалыптар бойынша пішінді қиып, бір-біріне таза, ұқыпты желімдеуге үйрету. Бір-біріне қуаныш сыйлауға жұмылдыру

1

Қаңтар

17.

Аққала

Балаларға қағазды умаждау арқылы домалақтап, бір-біріне желімдеп, аққала жасату

1

18.

«Қуыршақ» театры

(Қолтырауын Гена, Чебурашка)

Пайдалануға жарамсыз заттардан ойыншықтар жасауды үйрету. Баланың ой-қиялын дамыту, шығармашылықпен әрекет етуге баулу, бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуге дағдыландыру

1

19

Пингвин

Балаларға пластикалық бөтелке мен ермексаздан пингвин жасауды үйрету

1

20

Өз бетінше жұмыс

Балалардың өз қалаулары бойынша жұмыс жасау

1

Ақпан

21

Үй

Балаларға пластикалық ыдыстардан, пенопластан әр түрлі заттар жасауға үйрету

1

22

Досыма арналған альбом

Қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Тік төртбұрышты қағазды тең екіге бүктеу және бір-біріне желімдеу әдіс- тәсілдерін меңгерту. Альбомды әшекейлету арқылы көркемдік талғамдарын дамыту. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу

1

23

Көңілді шеберхана

Қағаздан әр түрлі ойыншық жасау тәсілдерін үйретуді жалғастыру. Дөңгелектеу арқылы конус жасауға үйрету. Дайын жұмыстарды өздері бағалай алуға үйрену

1

24

Ит

(Табиғи материалдармен жұмыс)

Жануарлардың бейнесіне сәйкес табиғи материалдар таңдай алуға үйрену. Бастаған істерін аяқтауға дағдыландыру

1

Наурыз

25

Аналарға сыйлық

( Құттықтау ашық хат)

Қалың қағаз бетіне жұмсақ мочалканы (губка) алма пішініне ұқсатып қиып, желімдеп, бетіне ине қадағыш жасау

1

26

Көбелек

( Табиғи материалмен жұмыс)

Балаларды табиғи материалдармен таныстыру. Жұмыс істеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Ойыншық жасау барысында дене бөліктерін салыстыра білуге үйрету. Әдемілікке баулу

1

27

Қамшы өру

Әр түсті үш жіпті өруді және оның ұштарын бекітіп, таяқшаға байлауды үйрету. Өз қолдарымен бұйым жасауға деген қызығушылықтарын арттыру. Еңбек нәтижесіне жетуге тәрбиелеу

1

28

Құстар ұясы

Балаларға пластикалық ыдыстан ұя жасауды үйрету

1

Сәуір

29

Желкенді қайық

Жаңғақ қабығына ермексазды толтыра отырып, дайын таяқша жапырақты қадап бекіту

1

30

Ұшақ

Балаларды қағазды бекітудің қарапайым әдістерімен таныстыруды жалғастыру. Бүктеу кезінде қарама-қарсы қабырғалары мен бұрыштарының сәйкес келуін қадағалап отыруға үйрету

1

31

Табиғи материалдармен жұмыс

Балалардың өз қалаулары бойынша жұмыс жасау

1

32

Үйрек

(Оригами)

Саусақ бұлшық еттерін және баланың ой-қиялын дамыту; Қағазды әр түрлі әдіспен бүктеуге жаттықтыру

1

Мамыр

33

Көгершін

( Оригами)

Қағазбен жұмыс істеудің әр түрлі тәсілдерін үйретуді жалғастыру; Саусақ бұлшық еттерін жетілдіру

1

34

Мимоза тармақшалары»

Дөңгелек түрдегі заттарды қия білуге, бөліктерден құрастыра білуге үйрету. Саусақтарының бұлшық еттерін жетілдіру

1

35

Кеме

( Оригами)

Балаларды қағаздан бұйымдар жасауға үйретуді жалғастыру. Қағазды бүктеу, жазу арқылы саусақтарды әр түрлі ұсақ қимылдарды жасауға үйрету. Балалардың байқағыштығын, зейінін дамыту

1

36

Шығармашылық көрме ұйымдастыру

Балалардың жыл бойы жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастыру

1

36 сағат

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы

2. Ортаңғы топқа арналған «Балақай» бағдарламасы

3. З.В.Лиштван

Конструирование

4. Т.С.Комарова

Занятия по изобразительной деятельности в детском саду

Москва «Просвещение» -1991

5. Р.С.Буре, Г.Н.Година

Учите детей трудиться

Москва «Просвещение» -1981

6. Ғаламтордан алынған материалдар

Құрастырушы-автор: Г.Ә.Досымова

Облыстық оқу орталығының шығармашылық топ мүшесі,

№32 «Қызғалдақ» балабақшасының әдіскері, Қызылорда қаласы

ІІ-сәбилер тобына арналған «Дидактикалық ойындар» бағдарламасы