- •Қызылорда -2013 жыл
- •Қызылорда -2013 жыл
- •Мазмұны
- •Түсіндірме жазба
- •( Вариативтік компонент)
- •Тақырыптық жоспар үлгісі
- •( Вариативтік компонент)
- •Тақырыптық жоспар үлгісі
- •( Вариативтік компонент)
- •Тақырыптық жоспар үлгісі
- •Ортаңғы топ балаларына арналған «Бүлдіршіндердің шығармашылығын дамыту» бағдарламасы ( Вариативтік компонент)
- •Тақырыптық жоспар үлгісі
- •Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларға арналған «Таза ауадағы шынықтыру» бағдарламасы ( Вариативтік компонент)
- •Тақырыптық жоспар үлгісі
- •Барлығы: 36 сағат
- •Мектепалды даярлық тобына (сынып) арналған «Сиқырлы сандар» бағдарламасы ( Вариативтік компонент)
- •Тақырыптық жоспар үлгісі
Тақырыптық жоспар үлгісі
Апта |
Кіріспе бөлім |
Негізгі қимылды жаттығулар |
Қимылды ойындар |
Ойын шарты |
Қорытынды бөлім |
Сағат |
|||||
2 |
3 |
|
4 |
5 |
6 |
|
|||||
І |
Саппен жүру, жүгіру. Аяқты бір-біріне қатарластыра қойып жүру. Шашырай жүру, жүгіру, белгі бойынша тоқтау. Қолмен әр түрлі қимыл жасай жүру |
1.Жүгіру (30 м)
2.Ойын жаттығуы «Допты қақпаға домалат» футбол ойынына дайындық |
«Аюдың апанында» |
Балалардың ашық алаңда еркін ойнауына жағдай жасау. Алаңның бір бұрышында аюдың апаны. Екінші бұрышында балалар, аю ұйықтап жатқанда олар жиде тереді, өлең жолдарын айтады, егер шуласа аю оянады. Ұсталған бала бір ойын жібереді |
«Доп кімде?» жай қимылды ойын. Ойыншылар шеңбер бойымен тұрады. «Жүргізуші» таңдалады. Тәрбиеші шеңбер сыртымен бір баланың қолына допты ұстатады. Балалар допты сырттай бір - бірінің қолына бере шеңбер бойымен жүргізеді. Жүргізуші тапқан кезде «Қол» деп айтқан бала қолында доп бар ма, жоқ па көрсету керек. Тапса ұтқаны |
1 |
|||||
ІІ |
|
1.Тенис добын межеге дәлдеп лақтыру 2.Үлкен допты қабырғаға лақтырып, қағып алу |
«Мысық пен тышқан» ойыны |
Мысық пен тышқан тағайындалып, қалған балалар бір-бірінің қолын ұстап, шеңбер жасап тұрады. Тышқан шеңбердің ортасында, ал мысық сыртында, балалар өлең айтып қолдарын көтергенде мысық тышқанды қуады. Ұстаса ұтқаны |
Жүру барысында тыныс алу жаттығуларын жасау |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.Бір орнынан ұзақтыққа секіру
2.Волейбол сеткасынан бір-біріне доп лақтыру |
«Қуыспақ» ойыны |
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Әр баланың белдігіне қыстырылған лента бар. Ортаға қуушы бала тұрады. Тәрбиеші «1,2,3, ұстап кәні көрші»-дегенде балалар шашырай қашады. Ұстаушы қуып балалардың лентасын алып қоюға тырысады. Тәрбиеші «1,2,3 шеңберге тұр тез» дегенде орындарына келіп тұрады. Лентасы жоқ бала ұтылады |
Жүру барысында бағыт өзгерту |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1.Қапшықты ұзақтыққа лақтыру
2.Үлкен допты қабырғаға ұрып, жерге тигізіп қағып алу |
«Әсем бейне жаса» |
Тәрбиеші белгісі бойынша балалар шашырай жүгіреді, бубеннің ұруы кезінде балалар жүрген жерінде тоқтап, ерекше бейінде қатып қалуға тырысады. Тәрбиеші балалардың бейнесін мадақтайды |
Тізені бүге жүру шеңбер бойымен |
1 |
|||||
Қазан айы |
|||||||||||
І |
Саппен алаңның шеттерімен жүру. Екі қатармен жылдамдықты қоса жүру. Шеңберге тұру |
1.10-15 см биіктіктен секіру 2. Допты кеуде тұсынан 2 қолымен лақтыру |
«Аю мен аралар» ойыны |
Балалар екі топқа бөлінеді: аралар, аюлар. Ауланың бір бөлігінде аралардың омартасы, екнші бұрышта аюлар апаны, ортада көгал. Аралар шалғынға бал жинауға кетеді, сол кезде аюлар бал ұрлайды. Тәрбиеші «аралар қайтады» дегенде аюлар қашады, кімнің үстіне араның қолының ұшы тисе сол бір ойынды жібереді |
Ойын: «Сиқырлы шыршалар» |
1 |
|||||
ІІ
|
|
1.Қапшықты оң қолымен ұзақтыққа лақтыру 2.Допты екі қолымен басынан асыра лақтырып, қағып алу |
«Аңшы мен қояндар» ойыны |
Бір бала «Аңшы» болып таңдалады, қалғаны қоян. Олар бұталар арасында тығылып секіріп жүреді, ал аңшы із қарайды. «Аңшы» деген сөзге қояндар үйлеріне қашады, ал аңшы доп лақтырады, кімге тисе сол ұсталғаны |
Ирелеңдеп жүру «Бұлақ ағады» |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.Бір орнында тұрып екі аяқпен алма-кезек секіру 2.Кішкентай допты межеге лақтыру |
«Өз түсіңді тап» ойыны |
Балаларға қолдарына әр түрлі түсті ленталар таратылады, олар жұптарымен тұрады, әуен ойналғанда шашырай жүгіреді. Ал тоқтағанда әр қайсысы өз жұптарын тауып тұра қалулары керек |
Жұппен жүгіру |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1.Кедергілер: -20 м жүгіру; -доға астынан өту; - тепе-теңдікті сақтай отырып, жыланша ирелеңдеп жүру |
«Өз жұбыңды тап» ойыны |
Бұл ойында балалар екі қатарға тұруды үйренеді, тез ойланып өз жұптарын табуға тырысады |
Эксперимент «Тыныс алу» (балаларға ауызбен және мұрынмен ауа толтырып демалғызып, мұрынымен тыныс алудың дұрыс екенін түсіндіру) |
1 |
|||||
Қараша айы |
|||||||||||
І |
Саппен алаң шетімен жүру. Екі сапқа бөлініп жүру, бағыттарын өзгерте. Екі қатармен қарама қарсы бағытта жүгіру |
1.Көлбеу заттың үстімен жоғары шығу-жүгіре, төменде жай қадаммен. 2.Бағытын тездете жүріп доға астынан өту |
«Қарамақ» ойыны |
Ойыншылар үлкен шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші ортада тұрады, қолындағы ұзын жіпте қапшық байланған. Ол жібін айналдыра шеңбер бойымен жүргізгенде балалар аяқтарын тигізбей секіріп тұруы керек. Кімге тисе сол қармаққа ілінгені |
2,3 қатармен бастаушының соңынан жүріп үйрену |
1 |
|||||
ІІ |
|
1.Бір орнынан ұзақтыққа секіру
|
«Аққу-қаздар» ойыны |
Ойыншылар ішінен қасқыр мен бақташы таңдалып алынады. Балалардың қалғаны қаз болады. Алаңның бір жағы бойына сызық сызылады, оның сыртында қаздар жүреді. Ол олардың жатын орны. Бақташының қаздарының дауысын естіп қасқыр оларды ұстауға тырысады. |
Қолды еркін жібере жүру |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.Бір қолмен қапшықты ұзақтыққа лақтыру 2.Ойын жаттығуы «Келесі бетке допты ала жүгір» (футбол элементі) |
«Әсем бейне жаса» |
Тәрбиеші белгісі бойынша балалар шашырай жүгіреді, бубеннің ұруы кезінде балалар жүрген жерінде тоқтап, ерекше бейінде қатып қалуға тырысады. Тәрбиеші балалардың бейнесін мадақтайды |
Шашырай жүру |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1.Жүгіріп келіп ұзақтыққа секіру
2.Ойын жаттығуы «Пас» (футбол ойыны элементі) |
«Өрт сөндіруші және оқушылары» қимылды ойыны |
Балалар алаңда өрмелеуші ойындарға қарама- қарсы орналасады - бұлар өрт сөндірушілер. Тәрбиеші белгісі бойынша 1- қатардағылар гимнастикалық қабырғаға өрмелеп, жоғарыдағы қоңырауды сылдырлатады. Бұл ойында қауіпсіздік қатаң сақталу қажет |
Жай қимылды ойын: «Ұшты, ұшты!» Балалар шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиешінің «Ұшты, ұшты .....» деп айтылған сөздерінде ұшатын жәндіктер, құстар т.б айтылса қолдарын жоғары көтеріп шапалақтайды. Егер ұшпайтын заттар айтылса қолдарын төмен түсіреді
|
1 |
|||||
Желтоқсан айы |
|||||||||||
І
|
1.Аяқты теңестіре қойып жүру 2.Аяқты өкшеден бастап баса жүру. 3.Бірінің ізінен бірі баса үлкен қадам жасай жүру |
1.Қос аяқтап алға жылжи секіру
2.Жүгіру 1 минут |
«Көңілді балалар» ойыны |
Балалардан қуушы таңдалып, қалған бала алаңның екінші шетінде тұрады, олардың міндеті екінші қарсы беттегі сызыққа қуушыға ұстатпай жету. Ұсталған бала ұтылады |
Сырғанай жүру |
1 |
|||||
ІІ |
|
1.Жүгіру 1,5 минут
2.Мұзды жолда сырғанау |
«Доп кімде?» жай қимылды ойын |
Ойыншылар шеңбер бойымен тұрады. «Жүргізуші» таңдалады. Тәрбиеші шеңбер сыртымен бір баланың қолына допты ұстатады. Балалар допты сырттай бір- бірінің қолына бере шеңбер бойымен жүргізеді. Жүргізуші тапқан кезде «Қол» деп айтқан бала қолында доп бар ма, жоқ па көрсету керек. Тапса ұтқаны |
Шаңғышы қимылымен жүру |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.Үйілген қар төмпешігінен секіру 2.Қарлы кедергілердің арасынан өту |
«Қақпаға тигіз» ойыны |
Балалар алдарындағы межеге қапшық лақтырып тигізеді |
Жүру «Конькишілер» |
1 |
|||||
ІҮ
|
|
1.Мұзды жолда сырғанау 2.Қарды алысқа лақтыру |
«Кім аз секіреді» ойыны |
Бұл ойында балалар екі қатарға тұрып қашықтыққа секіріп жарысады |
Ашық алаңда әр-түрлі ойын алаңдарының арасымен жүру. |
1 |
|||||
Қаңтар |
|||||||||||
І |
1.Тапталып сырғанақ болған қарлы жол үстімен жүру 2.Қар домалақтарынан секіру, шашырай жүгіру |
1.Шаңғымен алдыға жылжи жүру қимылын жасау. 2.Қар үйінділерінен секіру (40 см) |
«Пингвиндер» қимылды ойыны |
Балалар 2-3 қатарға тұрып тізелеріне қапшықты қыстырып, доғаға дейін секіріп барады, қайтарда қапшықты алып қайтады
|
Әр түрлі бедерлі жерлермен жүру |
1 |
|||||
ІІ |
|
1.Шанамен ойнаймыз
|
«Доп кімде?» жай қимылды ойын |
Ойыншылар шеңбер бойымен тұрады. «Жүргізуші» таңдалады. Тәрбиеші шеңбер сыртымен бір баланың қолына допты ұстатады. Балалар допты сырттай бір- бірінің қолына бере шеңбер бойымен жүргізеді. Жүргізуші тапқан кезде «Қол» деп айтқан бала қолында доп бар ма, жоқпа көрсету керек. Тапса ұтқаны |
Поровозша жүрейік |
1
|
|||||
ІІІ |
|
1.Шанамен ойнаймыз
2. Қарды алысқа лақтыру |
«Қу түлкі» ойыны |
Балалар шеңбер бойымен тұрады, ал тәрбиеші шеңберді айнала жүріп білдіртппей бір баланы түртеді. Сосын «Қу түлкі қайдасын?» деп айтқан ол ортаға шыға келеді. Балалар қашады, ол ұстайды. Ойын осылай жалғаса береді |
Ашық алаңда әртүрлі ойын алаңдарының арасымен жүру |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1.Кім қарды дәлдікке лақтырады 2. Төмпешіктен сырғанау |
«Аю мен аралар» ойыны |
Балалар екі топқа бөлінеді: аралар, аюлар. Алаңның бір шетінде аралардың омартасы, екінші бұрышта аюлар апаны, ортада көгал. Аралар шалғынға бал жинауға кетеді, сол кезде аюлар бал ұралайды. Тәрбиеші «аралар қайтады» дегенде аюлар қашады, кімнің үстіне араның қолының ұшы тисе сол бір ойынды жібереді |
Қар түйіршіктерінің арасымен жүру |
1
|
|||||
|
|
|
|||||||||
Ақпан |
|||||||||||
І |
1.Екі қатармен «жыланша» ирелеңдеп жүру 2.Екі аяқпен алма-кезек алдыға жылжи секіру 3.Әртүрлі бедерлермен жүру |
1.Екі аяқты қосып биік қар төмпешегінен секіру (20 см) 2.Сырғанақ жолмен жүру |
«Қызыл мұрын Аяз» |
Ортадан бір бала Аяз болып таңдалып, өлең жолдарын айтып келесі беттегі үйлерге ұмтылады. Егер Аяздың қолы тисе, сол бала мұз болып қатады. Топпен ойын |
Жай жүріс, қолды жанға сермей |
1 |
|||||
ІІ |
|
1.Шаңғымен бір-бірін итере ойнау 2.«Кім шанамен алысқа сырғанайды» ойыны |
«Қарамақ» ойыны |
Ойыншылар үлкен шеңбер құрып тұрады. Тәрбиеші ортада қолындағы ұзын жіпте қапшық байланған, ол жібін айналдыра шеңбер бойымен жүргізгенде балалар аяқтарын тигізбей секіріп тұруы керек. Кімге тисе сол қармаққа ілінгені |
Шаңғымен жүру қимылдарын көрсете жүру |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.«Кім алысқа сырғанайды?» ойыны 2.Қар үстіндегі сызылған жолақшадан секіру |
«Үйсіз қоян» ойыны |
Балалар айнала тұрып, әрқайсысы өз айналасына шеңбер сызып алады. Бір балаға шеңбер жетіспейді. Тәрбиеші белгісі бойынша шашырай жүгіреді. «Үйлеріңді табыңдар» деген белгіге балалар тез өз үйлеріне орналасуға тырысады. Шеңбер жетпеген бала «үйсіз қоян» аталады |
«Жыланша ирелеңдеп» жүру |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1. Қарды жолақшамен домалату 2.Екі аяқпен алма-кезек секіру |
«Қу түлкі» ойыны |
Балалар шеңбер бойымен тұрады, ал тәрбиеші шеңберді айнала жүріп білдіртпей бір баланы түртеді. Сосын «Қу түлкі қайдасың?» деп айтады, ол ортаға шыға келеді. Балалар қашады, ол ұстайды. Ойын осылай жалғаса береді |
Қолды бос жібере жүру |
1 |
|||||
Наурыз |
|||||||||||
І |
Саппен алаң шетімен жүру. Екі сапқа бөлініп жүру, бағыттарын өзгерте. Екі қатармен қарама қарсы бағытта жүгіру |
1.«Аққан судан секіру» 2.Кеглиді ұрып құлату |
«Жапалақ» ойыны |
Бір бала «жапалақ» болып сайланады, қалғандары жәндіктер. «Түн» дегенде жапалақ ұшады, жәндіктер қозғалмай тұруы керек, ал «күн» дегенде ұшпайды. |
Шашырай жүгіру |
1 |
|||||
ІІ |
|
1.Қапшықты алысқа лақтыру 2.Бөшкені құлату |
«Жыл құстары» ойыны |
Залдың бір бөлігінде балалар-құстар, екінші жағында заттар-биік жартастар (гим.орындық т.б) Құстар қанаттарын жайып ұшады, тәрбиеші «дауыл» дегенде олар орындықтарға мініп отырады. Ойын осылай жалғасын табады |
Ирелеңдеген жолмен жүру |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.Қашықтыққа секіру 2.Шиыршыққа дәл түсіру |
«Өз жұбыңды тап» ойыны |
Бұл ойында балалар екі қатарға тұруды үйренеді, тез ойланып өз парларын табуға тырысады
|
Шашырай аяқты көтере жүгіру |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1.Қос аяқпен 90 градусқа айнала секіру
2.Ирелеңдеп зат арасымен жүру |
«Белгі беру» қимылды ойыны |
Балалар шеңбер бойымен тұрады, тәрбиеші 1 рет ысқырса жүреді, 2 ретте жүгіреді, шатасқан бала ойыннан шығады
|
Шашырай жүгіру |
1 |
|||||
Сәуір |
|||||||||||
І
|
Саппен алаңның шеттерімен жүру. Екі қатармен жылдамдықты қоса жүру. Шеңберге тұру |
1.Қос аяқтап алға жылжи секіру
2.Жүгіру 1 минут |
«Жыл құстары» ойыны |
Залдың бір бөлігінде балалар- құстар, екінші жағында заттар-биік жартастар (гим.орындық т.б) Құстар қанаттарын жайып ұшады, тәрбиеші «дауыл» дегенде олар орындықтарға мініп отырады. Ойын осылай жалғасын табады |
Жаттығуды еркін қимылдармен аяқтау |
1 |
|||||
ІІ
|
|
1. 1 орыннан 70см-100 см дейін секіру 2. Екпінмен келіп кубикті құлату |
«Бақшадағы қояндар» ойыны |
Балалар тең екі топқа бөлінеді. Алаңға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбер ортасында қояндар, сыртында аңшылар. Аңшылар шеңбер сыртында кішкентай доппен қояндарды аулауға тырысады |
«Жыланша ирелеңдеп» жүру |
1 |
|||||
ІІІ |
|
1.30 м қашықтыққа жүгіру 2.Ойын алаңдарына өрмелеу |
«Жұпты қуыспақ» ойыны |
Балалар екі қатарға бөлінеді, өздеріне жұптарын белгілейді, арақашықтық 3-4 қадам, «қаш» деген белгімен 1-қатар қашады, екіншісі өз жұптарын қуып, ұстауға тырысады. Ойын алмасып жүргізіледі |
Аяқтың ұшымен жүру |
1 |
|||||
ІҮ |
|
1.Жүру барысында бағыт өзгерте жүру 2.Қос аяқпен секіру |
«Теңіз толқиды» ойыны |
Бір бала «жүргізуші» болып сайланады, қалған балалар өз шеңберлерінде тұрады, жүргізуші «Теңіз толқиды» деп бір баланың қолынан ұстап жүреді айнала, қалғандары соңынан жалғаса ереді. Қайтадан «Теңіз тынышталды» дегенде өз орындарын табады |
Тізені жоғары көтере жүгіру |
1 |
|||||
Мамыр |
|||||||||||
|
1.Қолмен әртүрлі қимыл жасай жүру. 2.Тізені жоғары көтере жүру, жүгіру |
1.Қашықтыққа секіру құмда 2.Сапта тұрып оңға, солға бұрылу |
«Жерде қалма» ойыны |
Тәрбиеші «ұстаушы» таңдайды. Барлық балалар шашырай жүгіреді. Тәрбиеші «ұста» деген белгісіне балаларды ұстауға тырысады, ал қалған балалар жерден биік заттардың үстіне мініп алулары керек |
Ирелеңдеп жүру |
1 |
|||||
|
|
1.«Кеглиді құлат» ойыны |
«Зырылдауық әткеншек» ойыны |
Балалар жіптен ұстап шеңбер жасап тұрады, өлең жолдарын айтумен айналады: «Жаймен, жаймен, Айналады әткеншек, Айнала, айнала Жүгіреді әткеншек Тыныш, тыныш асықпаңдар, Тоқтатыңдар әткеншекті |
Сызылған сызықтан жанымен секіру |
1 |
|||||
|
|
1.Межеге лақтыру 2. Ұзындыққа секіру
|
Эстафеталық сайыс |
Балаларды 2 топқа бөліп, сайыс ұйымдастыру |
Балалар деңгейін бағалау |
1 |
|||||
|
Жүгіру, жүру |
Эстафеталық сайыс |
80-120 метр арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен кезектестіру |
Балалар деңгейін бағалау
|
1 |
||||||
