Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций по КСМ РА 240316 оконч+.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
363 Кб
Скачать
☆

Зерттеу нәтижелері туралы есеп

Зерттеу нәтижелері бойынша есептің құрылымы көбіне негізгі ұғымдардың операцияландырудың логикасына сәйкес келеді, бірақ әлеуметтанушы осы құжатты дайындағанда дедукция жолымен жүріп, біртіндеп социологиялық деректерді көрсеткіштерге айналдырады. Есептегі бөлімдердің саны, әдетте, зерттеу бағдарламасында құрылған гипотезалар санына сәйкес келеді. Алдымен, басты гипотеза бойынша есеп беріледі.

Есептің бірінші бөлімі, әдетте, зерттелген әлеуметтік мәселенің өзектілігіне қысқаша негіздемені, зерттеу параметрлерінің сипаттамасын (іріктеме, ақпаратты жинау әдістерін, қатысушылардың санын, өткізу мерзімдерін және т.с.с.) қамтиды. Екінші бөлімде зерттеу обьектісінің әлеуметтік-демографиялық белгілері (жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы және т.б.) бойынша сипаттама беріледі. Кейінгі бөлімдер бағдарламада келтірілген гипотезаға жауаптарды іздеуді қамтиды.

Есептің бөлімдері қажет болса параграфтарға бөлінуі мүмкін. Әрбір параграфты қорытындымен аяқтаған орынды. Есептің қорытындысын жалпы қорытындыларға негізделетін тәжірибелік ұсынымдар түрінде берген жөн. Есеп 30-40 немесе 200-300 бетте баяндалуы мүмкін. Бұл зерттеу материалының көлеміне, мақсаттарына және міндеттеріне байланысты.

Есепке берілетін қосымшада зерттеудің әдіснамалық және әдістемелік құжаттар қамтылады: бағдарлама, жоспар, құралдар, нұсқаулықтар және т.с.с. Сонымен қатар қосымшада есепке енбеген кестелер, графиктер, жеке пікірлер, ашық сұрақтарға берілген жауаптар келтіріледі. Олар келесі зерттеу бағдарламаларын өткізгенде пайдаланылуы мүмкін.

3-тезис. Мемлекеттің анықтамасы, оның белгілері және функциялары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

11.2.1.1 мемлекеттіліктің басты белгілерін талдау;

11.2.1.3 Қазақстан мемлекетінің негізгі функцияларын, жүзеге асыру формаларын, әдістерін жіктеу

МЕМЛЕКЕТ БОЛМЫСЫ

Мемлекет – қоғамды басқаруды жүзеге асыратын және сонда тәртіп пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін саяси билік ұйымы. Мемлекетте қоғамның қалыпты қызметін қамтамасыз етуге арналған қоғамды басқарудың арнайы аппараты (тетігі) бар. Ол белгілі бір аумақ шекарасында тұратын барлық адамдарға түпкілікті билікті жүргізеді және ең алдымен, тәртіпті сақтап, ортақ мәселелерді шешуді және ортақ игілікпен қамтамасыз етуді басты мақсат етеді. Ол қоғамда егеменді үкіметке ие бола отырып, адамдардың өмір тіршілігін басқарады, әр түрлі әлеуметтік топтар және таптар арасындағы қатынастарды реттейді, қоғамның тұрақтылығына және өз азаматтарының қауіпсіздігіне жауапты болады. Мемлекет – тұрақты институт, ал үкіметтер келеді және кетеді.

Бірнеше мәнмәтіндерде «мемлекет» ұғымы «ел» ұғымының мағынасына жақын ұғым ретінде қабылданады, алайда бұл олай емес. Ел – мәдени-географиялық ұғым. Бұл термин, әдетте, аудан, климат, табиғи аймақтар, халық, ұлттар, діндер және т.с.с. туралы айтқан жағдайда қолданады. Мемлекет – саяси ұғым және қандай да бір елдің саяси ұйымдастырылуын – оны басқару нысанын және құрылысын, саяси режимін және т.с.с. білдіреді.

Құрылымы жағынан мемлекет биліктің үш: заң шығарушы, атқарушы және сот тармағын көрсететін мекемелердің және ұйымдардың тармақталған желісі түрінде болады. Мемлекет келесі элементтерді қамтитын күрделі ұйымдасқан құрылымға ие: заң шығарушы мекемелер, атқарушы - басқарушы органдар, сот жүйесі, қоғамдық тәртіп және мемлекеттік қауіпсіздік органдары, әскери күш және т.б. Мұның барлығы мемлекетке қоғамды басқару функцияларын орындап қана қоймай, сондай-ақ жекелеген азаматтарға да, үлкен әлеуметтік бірлестіктерге (таптарға, қауымдарға, ұлттарға) қатысты да мәжбүрлеу функцияларын орындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік билік егеменді болып табылады, яғни мемлекет ішіндегі барлық ұйымдарға және тұлғаларға қатысты жоғарғы билік болып табылады, сондай-ақ өзге мемлекеттерге қатысты тәуелсіз, дербес болып келеді. Мемлекет – бүкіл қоғамның, азаматтар деп аталатын оның бүкіл мүшелерінің ресми өкілі.