- •Мазмұны
- •Социологиялық зерттеулердің деңгейлері
- •Социологиялық зерттеудің кезеңдері
- •Зерттеу нәтижелері туралы есеп
- •Мемлекеттің жалпы белгілері
- •11.2.2.3 Қазақстанның дүние жүзі елдерінің саяси типологиясындағы алатын орнын анықтау
- •Конфедерацияның ортақ белгілері:
- •Саяси режим
- •Саяси режимнің сипаты мен белгілері
- •Авторитарлық саяси режим
- •Демократиялық саяси режим
- •Демократияның аса маңызды белгілеріне:
- •Халықтың өзінің билеу құқығын қалай жүзеге асыратынына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш тәсілін бөліп көрсетуге болады.
- •Саяси идеология типтері
- •Саяси идеологияның негізгі түрлері
- •11.2.2.1 Қазақстан саясатының функциясын, құрылымын, түрлерін анықтау.
- •Ішкі саясат бағыттары
- •Әлеуметтік институттар
- •11.3.1.2 Қазақстан қоғамын жіктеу.
- •Әлеуметтік шиеленіс
- •Әлеуметтік шиеленістің құрылымы
- •Әлеуметтік шиеленіс болмысы
- •Мәдениет элементтері
- •Мәдениет функциялары
- •Мәдениет институттары
- •Мәдени мұра
- •Мәдени мұра нысандарының түрлері
- •Мәдени мұраны сақтау бойынша іс-шаралар
- •Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:
- •Тұтынушылардың қанағаттануын қамтамасыз ету мақсаттары
- •Экономика тұрақтылығын, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері
- •Экономиканы басқару нысандарын, әдістерін, тетіктерін жетілдіру міндеттері
- •Геосаясаттың әдістері мен функциялары
- •Геосаяси қуат
- •Ғаламтор компютерлік желісін құру
- •Мегаполистердің өсуі
- •Стандарттау және біріздендіру
- •Әлем бойынша ағылшын тілін тарату.
- •Жаппай сананы бұрмалау
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
Авторитарлық саяси режим
Авторитаризм (лат. auctoritas - билік, ықпал; auctor - бастаушы, негізін қалаушы, автор) – барлық биліктің бір тұлғада (монарх, диктатор) немесе үстемдік етуші топта шоғырлануымен сипатталатын саяси режим.
Авторитаризм үшін биліктің жоғары орталықтандырылуы; қоғамдық өмірдің көптеген тараптардың мемлекеттенуі; басқарудың командалық-әкімшілік әдістері; билікке сөзсіз бағыну; халықтың өкіметтен бөлінуі; шынайы саяси оппозицияға жол бермеу; басылым еркіндігін шектеу тән.
Авторитарлық режимнің саяси құрылымы өкіметтің заң шығарушы, атқарушылық және сот деп шынайы бөлінуін көздемейді, ал ресми түрде өкіметтің барлық осы құрылымдары болуы мүмкін.
Авторитарлық режимдер кезінде конституция сақталады, бірақ декларативтік сипатқа ие. Сондай-ақ сайлау жүйесі де бар, бірақ ол көрсетімдік-жалған қызметті атқарады. Сайлау нәтижелері, әдетте, алдын ала анықталады және саяси режимнің сипатына ықпал ете алмайды.
Тоталитаризмге қарағанда авторитаризм кезінде барлық қоғамдық ұйымдарға жаппай бақылау болмайды. Идеологиясында, егер жүйеге зиян келтірілмесе, шектелген пікір алуандығына жол беріледі. Репрессияға негізінен режимге белсенді қарсы шығатындар ұшырайды. Бейтарап орындардағы тұлғалар жау деп саналмайды. Белгілі бір жеке құқықтар мен бостандықтар да бар, бірақ олар шектелген сипатқа ие.
Авторитаризм саяси жүйенің ең кең таралған бір түрі болып табылады. Өзінің сипаттамалары бойынша ол тоталитаризм және демократия арасындағы аралық орынды алады. Сондықтан да тоталитаризмнен демократияға өткенде және, керісінше, демократиядан тоталитаризмге өткенде туындауы мүмкін.
Демократиялық саяси режим
Демократия (грек. demos - халық және kratos - билік) – халық билігі немесе халықтың билеуі. Бұл мемлекет нысанындағы саяси режимде халық немесе оның көпшілігі мемлекеттік биліктің тасымалдаушысы болып табылады (саналады).
«Демократия» ұғымы көп қырлы. Демократия дегенді мемлекет құрылысының немесе ұйымдастырылуының нысаны мен басқару қағидаттары және халық билігін жүзеге асыруды көздейтін әлеуметтік қозғалыстардың сан алуандығы және өз тағдырын өздері шешетін азаматтардың өзі болып табылатын қоғамдық құрылым идеалы деп түсінеді.
Демократия басқаруды ұйымдастыру тәсілі мен нысаны ретінде кез келген ұйымда орын алуы мүмкін (отбасында, ғылыми бөлімде, өндірістік бригадада, қоғамдық ұйымдарда және т.с.с.).
Демократия еркіндікпен, теңдікпен, әділеттілікпен, адам құқықтарын сақтаумен, азаматтардың басқаруға қатысуымен байланыстырылады. Сондықтан да демократияны авторитарлық, тоталитарлық және биліктің басқа диктаторлық режимдеріне қарама-қарсы қоятын саяси режим ретінде қабылдайды.
«Демократия» сөзі социал-демократ, христиандық демократ, либерал-демократ және т.с.с. басқа сөздермен бірге жиі қолданылады. Бұл қандай да бір әлеуметтік қозғалыстардың демократиялық құндылықтарды ұстанатынын айқындау үшін жасалады.
Демократияның аса маңызды белгілеріне:
халықтың жоғары билігін заң жүзінде мойындау;
биліктің негізгі органдарының мерзімді сайлануы;
әрбір азамат билікке өкілдік етуші институттарды қалыптастыруға қатысуға құқылы болатын жалпыға ортақ сайлау құқығы;
әрбір азамат тек таңдап қана қоймай, сондай-ақ кез келген сайланбалы лауазымға сайлануға құқылы болатын азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуға құқықтық теңдігі;
дауыстардың көпшілігімен шешімдерді қабылдау және азшылықтық көпшілікке бағынуы;
атқарушылық билік қызметі үшін өкілдік етуші органдарды бақылау;
сайланған органдардың өз сайлаушыларына есеп беруі кіреді.
