- •I бөлім. Дамуында ауытқуы бар балалардың отбасында тәрбиеленуінің теориялық негізі.
- •1.1 Дамуында ауытқуы бар балалардың жалпы сипаттамасы
- •1.2 Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
- •1.3 Дамуында кемістігі бар балаларды оқытып тәрбиелеуде жанұя рөлі мен міндеттері
- •1.4 Дамуында ауытқуы бар балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері
- •II бөлім. Арнайы мектеп пен отбасының жұмыстарының ынтымақтастығы.
- •2.1 Ауытқуы бар балаларды әлеуметтік және медициналық педагогикалық түзеу мекемелері мен отбасының арасындағы байланыс
- •2.2 Дамуында ауытқуы бар балалар отбасында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған диагностикалық және түзету жұмыстары
- •2.3 Дамуында ауытқушылығы бар балаларды отбасында корррекциялық тәрбиелеудің міндеті мен формасы
- •2.4 Ауытқуы бар балаларды әлеуметтендіру және әлеуметтік оңалту жұмыстары
- •Қорытынды:
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- •Http://www.Rusnauka.Com/5_svmn_2013/Psihologia/7_129317.Doc.Htm
2.2 Дамуында ауытқуы бар балалар отбасында тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған диагностикалық және түзету жұмыстары
Педагогтар, тәрбиешілер мен ата-аналарға коррекциялық тәрбиелеудің негіздерін түсініп, оны ұтымды пайдалана білу оқыту-педагогикалық процесс барысында маңызды. Баланың жасы неғұрлым кіші болса оның жағдайы психикалық жарақатқа алып келуі мүмкін. Бұл баланы ерте жастан тәрбиелеу мен оқытудың дұрыс бағытты жүруі маңызды. Бұл үшін коррекциялық жұмыс барысында ата-ана мен бала және бала мен педагог қарым-қатынасы бағдарламасы жасалуда.
Осы уақытқа дейін ауыр кемістігі бар балалар оқуға қабілетсіз деп танылып, ол балалардың ата-аналарына баланы әлеуметтік қамтамасыз етілетін орындарға өткізуге кеңес берілді. Бірақ соңғы жылдары тәжірибелер көрсеткендей мүмкіншілігі шектеулі баланы ерте жастан қолға алып, тәрбиелеу әсіресе баланың анасының бала кемістігін түсініп, ерте жастан қолға алуы баланың қалыпты балалардың қатарына жақындауына мүмкіндік туғызады. Бұл жұмыстар кемістіктің ерте жастан анықталуына байланысты да өз нәтижесін береді. Медициналық-коррекциялық жұмыстың нәтижелілігі баланың отбасындағы жағдайлармен де тығыз байланысты. Әсіресе баланың сөйлеу тілі, психо-моторлы дамуы барасында баланың анасымен қарым-қатынасының орны маңызды екенін атап өткен жөн. Сондықтан да коррекциялық жұмыс барысында ананың арнайы мамандармен қатар баламен жұмыс жасауы маңызды. Ол жұмыстар арнайы мамандармен кеңесе отырып, баланың мүмкіншілігін ескере отырпы жасалынады.
Үйдегі коррекциялық жұмысты ұйымдастыру ата-ананың міндеті.Баланың күнделікті оқуы мен қол жеткізген табыстары маңызды. Сабақта бұл жұмысты арнай маман дефектолог атқарады.
Мұндай балаларды оқыту барысында олардың келесі ерекшеліктерін ескеру қажет: мүмкіншілігі шектеулі балалар қандай қызмет болса да тез шаршайды, оларға арнайы демалыстар қажет. Тағы да оларды оқыту барысында олармен арнай жеке жұмыс жүргізу қажет. Әсіресе бұл қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған балалармен жұмыста ескеру маңызды.
Баланы отбасында тәрбиелеу коррекциялық бағытта болуы қажет.
Отбасына көмек көрсету барысында оның негізгі бағыттарының бірі бала тәрбиесіне арнайы педагогикалық жағдайды қалыптастыру. Ата-аналар арнайы мамандар жағынан көмектер алып отырады.
Бұзылысты ерте және нақты анықтау баланың уақытылы коррекциялық көмек алуға мүмкіндік алады, бұған балалар және ата-аналар мұқтаж.
Ерте жастан көмек көрсету қызметі- бұл 0-3 жас аралығындағы ерекше көмекті қажет ететін бала мен оның отбасына қажетті көмек көрсетудегі кешенділік негізіндегі құрылым.
Ерте жастан көмек көрсету қызметінің негізгі мақсаттары келесідей:
Отбасының және ата-аналардың мәліметтік және әлеуметтік-психологиялық көмегі: ерекше көмекті қажет ететін бала дүниеге келгенде оның ата-анасы мен отбасына көмк көрсету; баланың ерекшеліктері мен оның дамуының оңтайлы жолдарын қарастыруда ата-анаға кеңес беру, қажетті көмекті ұйымдастыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жайлы, әлеуметтік жеңілдіктер мен м.ш.б.-ның мүддесін қорғайтын заңдармен таныстыру.
Бала мен отбасының басым және әлсіз жақтарын анықтау: баланың даму деңгейі (танымдық, ерік-жігер, қимыл-қозғалыс, тіл және өзіне-өзі қызмет көрсету жағы), баланың психикалық жағдайы мен оның отбасымен және ата-анасымен қарым қатынасының сапалық ерекшеліктері, отбасы мен баланың негізгі қажеттіліктерін анықтау;
Отбасында балаға ерте жастан көмек көрсету-отбасы мен балаға жеке көмек көрсету;
Қабылданған бағдарлама бойынша бала мен отбасына көмек көрсету;
Ерте жастан көмек көрсету, егер қажет болған жағдайда бағдарламаға өзгерістер енгізу.
Баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыру-баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыруды жоспарлау мен дайындау;
Баланы және оның отбасын басқа құрылымға ауыстыру.
Ертен жастан көмек көрсету бағдарламасы туралы ата-аналарға, қоғамдық ұйымдарға, мамандандырылған ұйымдарға хабар беру.
Ерте жастан көмек көрсету орталығының қызметкерлері: дәрігер-неонатолог, мұғалім-дефектолог, педагог-психолог.
Реабилитациялық жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі баланың негіздік психикалық процестерін дамыту болып табылады. Бұл қызметтердің дамуы баланың тәжірибе жинау барысында өте маңызды. Ол 75-100 аралығындағы интеллектісі бұзылған балаларда маңызды орын алады. Бұл бағдарлама арнайы психологиялық-коррекциялық ойындардан және қабылдауды дамытуға бағытталған жаттығулар жиынынан тұрады. Олар келесі психикалық функциялардың оңтайлы дамуына өз ықпалын тигізеді: танымдық қызметі, зейіні, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілі, тәртіп пен ерік-жігер сферасы.
Коррекциялық тәрбие-қоғамға бейімделуге мүмкіндік тудыратын сапаларды дамыту.Коррекциялық даму ақыл-ой және физикалық кемістіктерді жетілдіру мен психофизикалық жағдайды одан ары жақсарту.
Үйде оқытылатын бұл бағдарлама ата аналардың дайындығы мен белсенді қатысуларына негізделген. Бұл бағдарлама әр түрлі кемістігі бар, сонымен қоса церебральді сал ауыратын балаларға арналған ерте жастан көмек көрсету бағдарламасы. Ол үш жасқа дейінгі және одан да үлкен жастағы балалардың қимыл-қозғалыс аппаратын, сөйлеу тілін, танымдық қызметтерін және өзіне қызмет көрсетуін дамытуға арналған. Бұл жағдайда ата-ана мен педагогтың және басқа сала мамандарының серіктестігі негізге алынған.
Ата-ананың мұндай бағдарламаларға қатысу балалар мәселесінің мұндай аймағынан қаншалықты хабардар екенін білу мақсатында анкета толтырудан басталады.
Бағдарламаның болжауы:
- баланы оқыту бағдарламасын іске асыруға ата- ананың белсенді қатысуы;
- отбасымен жеке консультация жүргізу
- ата- аналардың баламен арнайы әдістемені қолдану арқылы жүргізілетін сабақтармен танысуы.
Аналарға баламен күнара 10-20 минут сабақ жүргізу үшін нақты оқу пособиясы ұсынылады. Анасы баланың физикалық іс-әрекетін бақылап, өзін -өзі ұстау үлгісін көрсете отырып баланың ақыл - ой қабілетін дамыта алады. Арнайы маман баламен ананың арасындағы байланысты орнату мақсатында маман отбасына аптасына 1-2 рет барып тұрады.
Әр түрлі ауырлық дәрежесіндегі дене және ақыл ой кемістігі бар балаларға арнайы бағдарламалар жасалып жатыр. Бұл бағдарлама кемістігі бар балалаарға қалыпты балалармен бірдей бір балалабақшада тәрбиеленуге мүмкіндік береді.
Оқытудың жаңа формаларын маман бірінші өзі өткізіп көреді, кейін ата-ананың баламен жұмысын бақылайды. Әр аптада ата-анаға нақты жұмыстың мақсаты мен қалыптасқан іс әрекеттерін жақсарту жұмыстары белгіленген таблица жасалынады. Осы таблицаға қарап ата-ана баласының күнделікті іс әрекетін және оқудағы жетістіктерінің нәтижесін талқылайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан оқытуға арналған шет елдерде жасалған «Каролина» және «Пор тадж» сияқты отандық модельдік араласулар қатер тобындағы сәбилерді ойын арқылы дамыту бағдарламасын жасап шығарған.
Дамуында ауытқуы бар балалардың отбасымен сауықтыру коррекциялық процесстерін жүргізетін мекемелердің формалары.
Жиі қолданылатын сауықтыру-коррекциялық процесстерінің формалары:
консультативті-ұсыныстық
ақпаратты
ата-аналарға арналған тәжірибелік сабақтар
ата-аналарға арналған домалақ үстелдер, семинарлар, конференциялар, клубтар.
бала және оның ата-анасымен жеке сабақ жүргізу
психотерапия және психокоррекциялық арттерапия
топтық сабақтар.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтағаннан кейін коррекциялық-педагогикалық-психологиялық жұмыстың және мамандар мен ата-аналардың бірлескен іс әрекетінің тиімді тәсілін таңдау керек.
Алдымен ата-аналардан педагогтың баламен жүргізілгент жұмысын бақылап ,сол жаттығуларды үйде қайталатуға талап қойылады. Кейбір отбасыларда аналары сабақтың барысында жүргізілетін ойын эпизодтарына қатысады: маман мен бала бір топта, ал анасы серіктестік рөлін ойнаса, кейін анасы мен маман өз рөлдерін ауыстырады.
